Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «селосы», «селолық» деген сөздер «ауылы», «ауылдық» деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.02.2015 № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабына сәйкес, Бұланды, Целиноград, Сандықтау аудандарының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен қолдаухаттары негізінде және облыс әкімдігінің жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі облыстық комиссияның 2005 жылғы 22 желтоқсандағы шешіміне байланысты облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облысының келесі елді мекендерінің атаулары қайта аталсын:
1) Бұланды ауданы бойынша:
Даниловка ауылдық округінің Даниловка ауылы Алтынды ауылына;
Даниловка ауылдық округінің Богдановка ауылы Алакөл ауылына.
2) Целиноград ауданы бойынша:
Романовка ауылы және Романовка ауылдық округіне сәйкес Рахымжан Қошқарбаев ауылына және Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округіне.
3) Сандықтау ауданы бойынша:
Васильевка ауылдық округінің Острогорка ауылы Ұлан ауылына.
2. Осы шешім Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Облыстық мәслихат Облыс әкімі
сессиясының төрағасы