Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.04.2009 № А-5/184 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
" Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы", " Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды сұраған азаматтардың (отбасылардың) материалдық жағдайын зерттеу жөніндегі учаскелік комиссиялар (бұдан әрі - комиссия) туралы Ереже бекітілсін (1-қосымша).
2. Комиссиялардың атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы және отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау туралы қорытындысының нұсқасы бекітілсін (2, 3-қосымшалар).
3. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындамау туралы уәкілетті орган шешімінің нұсқасы бекітілсін (4,5-қосымшалар).
4. Ақмола облысы әкімдігінің "Әлеуметтік көмек көрсету бойынша ведомствоаралық учаскелік комиссиялар туралы ережені бекіту туралы" 2006 жылғы 3 наурыздағы № А-2/84 қаулысының күші жойылсын.
5. Осы аталған қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ. Бекмағамбетовке жүктелсін.
6. Осы қаулы Ақмола облысының әділет департаментінде тіркелген сәттен бастап күшіне енеді және 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қатысты деп саналады.
Облыс әкімі
БЕКІТІЛГЕН
Ақмола облысы әкімдігінің
19/04/2006 ж.№N a-4/134 қаулысымен
Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді, 18 жасқа дейінгі
балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды сұраған
азаматтардың (отбасылардың) материалдық жағдайын зерттеу
жөніндегі учаскелік комиссиялардың ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті, он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны беруді сұраған азаматтардың (отбасыларының) материалдық жағдайын зерттеу жөніндегі
учаскелік комиссия (бұдан әрі-комиссия) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.
2. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының " Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246, " Балалы отбасыларына берілетін жәрдемақылар туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы N№63 заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңын іске асыру шаралары туралы" 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 , "Қазақстан Республикасының "Балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Заңын іске асырудың кейбір шаралары туралы» 2005 жылғы 2 қарашадағы N 1092 қаулыларын, осы Ережені басшылыққа алады және өз жұмысын ашықтық, жариялылық және алқалық негізде құрады.
3. Комиссия тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің шешімімен құрылады. Ол комиссияның төрағасы, хатшысы және мүшелерінен құралады. Комиссияның құрамына жергілікті өкілетті басқарма органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, меншіктік кооперативтік жайлардың (пәтер) иелері, поселкенің, ауылдың (селоның) тұрғындары, ұйымдардың және уәкілетті білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, құқық қорғау органдарының қызметкерлері кіреді.
4. Комиссия өз жұмысын қоғамдық бастама негізінде жүзеге асырады.
2. Комиссияның міндеттері мен қызметтері
5. Комиссияның негізгі міндеттері мен қызметтері мыналар:
1) Уәкілетті органдарға әлеуметтік көмек көрсетуге оның атаулылығын арттыруға және қаржының көмекке мұқтаж отбасыларына жіберілуіне жәрдемдесу.
2) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) және (немесе) он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны (бұдан әрі - балаларға берілетін жәрдемақы) беруді сұраған азаматтардың (отбасыларының) материалдық жағдайын зерттеу.
3) Азаматтарды зерттеу жұмысын жетілдіре түсу бойынша ұсыныстар дайындау.
3. Комиссияның құқықтары
6. Тиісті мемлекеттік органдардан зерттеуді жүргізуге қажет мәліметтерді сұрату.
7. Комиссияның отырыстарында комиссияның жұмысына қатысты мәселелер бойынша комиссия мүшелерін, мемлекеттік органдардың лауазымды қызметкерлерін (жауапты өкілдерін) басқа да ұйымдарды тыңдау.
8. Белгіленген тәртіпте комиссия құрамын өзгерту туралы ұсыныстар енгізу.
9. Комиссияның жұмысына қатысты мәселелерді шешу бойынша комиссияның құрамына кірмеген мемлекеттік органдардың өкілдерін, басқа да ұйымдарды тарту.
4. Комиссияның міндеттері мен жауапкершілігі
10. Комиссия міндетті:
1) атаулы әлеуметтік көмекті, 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы берудің қажеттілігі туралы қорытынды шығаруға;
2) атаулы әлеуметтік көмекті алуға үміткер азаматтардың (отбасыларының) материалдық жағдайын олардың тұрғылықты жеріне шығып зерттеу;
3) Даулы жағдайлар туындаған кезде (отбасы құрамының, материалдық жағдайының өзгеруі, жасырын табыстарының болуы, әлеуметтік көмекті нысанасыз қолдану және т.б.) бес күннің ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің тапсырмасы бойынша (істе құжаттар толық болған жағдайда) әлеуметтік көмекті, балалар жәрдемақысын беруді сұраған азаматтардың (отбасылардың) материалдық жағдайын қосымша зерттеуді жүргізеді және қорытынды дайындап, оны жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкіміне тапсырады. 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы берген кезде зерттеу актісі қажет болған жағдайда ғана жасалады. Зерттеу барысында комиссия мүшелері өтініш берушінің көмек сұрауының себептерін анықтайды. Мұнда келесі жағдайларға көңіл бөлінеді: отбасының құрамы және саны; отбасының жұмыс істейтін мүшелерінің саны; еңбекке жарамды жастағы жұмыс істемейтін мүшелерінің саны - олардың жұмыспен қамтылмау себебі; отбасында еңбекке жарамды, бала күтумен айналысып отырған мүшесінің бар екендігі; отбасында кәмелетке толмаған балалардың және күтімге мұқтаж адамдардың бар екендігі (мүгедектер, қарт адамдар, аурулар); тұрғын жайдың бар екендігі, саны (пәтер, жер үй); пайдалануға жарамды автокөліктің бар не жоқ екендігі.
4) Өтініш берушінің және оның отбасының материалдық жағдайын зерттеу комиссиямен азаматтардың жеке өміріне деген құрметті сақтай отырып, олардың абыройын кемсітпейтіндей жағдайда жүргізілуі тиіс.
5) Өтініш берушінің және оның отбасының материалдық жағдайын зерттеу отбасының ересек мүшелерінің біреуінің қатысуымен қолданыстағы заңнамада бекітілген мерзімде жүргізіледі.
6) Өтініш беруші өзінің материалдық жағдайын зерттеуді жүргізуден бас тартқан болса, акт жасалады және азаматтың әлеуметтік көмек және балалар жәрдемақысын алу құқығынан айырылғаны туралы қорытынды шығарылады. Бұл туралы уәкілетті органды және тиісті әкімшілік-аумақтық округтің әкімін хабардар етеді.
11. Учаскелік комиссияның мүшелері тиісті әкімшілік-аумақтық округтің әкіміне және (немесе) уәкілетті органға тапсырған зерттеу актісінде және қорытындыда жазылған ақпараттың нақты және шындыққа сәйкестігі үшін жауапты. Зерттеу барысында алынған ақпараттың құпиялылығын қатаң сақтай отырып қолданатындығына кепілдік береді.
5. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
12. Комиссияны тиісті әкімшілік-аумақтық округтің әкімімен тағайындалған төраға басқарады.
13. Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажет құжаттарды, материалдарды және комиссия отырысы өткізілген соң отырыстың хаттамасын комиссияның хатшысы ресімдейді.
14. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіліп отырады, ол туралы өтініш берушілерді алдын ала хабардар етеді.
15. Отырыстың күн тәртібі, оның өткізілетін жері мен уақыты комиссия төрағасымен комиссияның басқа мүшелерімен келісе отырып анықталады және нақтыланады.
16. Комиссияның шешімдері оның отырысына құрамының төрттен үші қатысқан кезде ғана заңды деп саналады.
17. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және ол үшін комиссия мүшелерінің көпшілігі дауыс берген болса, қабылданды деп саналады. Егер екі жақтың дауысы тең болса, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып танылады.
18. Комиссия шешімдері қорытынды түрінде ресімделеді және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкіміне немесе уәкілетті органға тапсырылады. Әлеуметтік көмекті тағайындау мәселесін шешуде дау, жанжал туындаған жағдайда тағайындау мәселесін шешу уәкілденген органмен бірлескен отырыстарда қаралады.
19. Комиссияның қорытындысы бойынша өтініш беруші уәкілетті органға немесе сотқа шағымдануы мүмкін.
6. Комиссия қызметінің тоқтатылуы
20. Комиссияның қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес тоқтатылады.
2 қосымша
Ақмола облысы әкімінің
19/04/200_ ж. N a-4/134
қаулысына
_______ ж. № _____ ҚОРЫТЫНДЫ
_________________ қаласының (поселкесінің) учаскелік комиссиясының
Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
туралы" Заңының негізінде атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы
___________________________________________________________________
(аты-жөні, тегі)
___________________________________________________________________
(отбасының құрамы)
___________________________________________________________________
(балалар туралы мәліметтер,саны 7 дейін,18 дейін, 18 асқан)
___________________________________________________________________
(балалардың оқуы, толық мемлекет қамқорлығындағы оқушылардың
саны, ЖОО оқитындардың соның ішінде коммерциялық топтарда
оқитындардың саны)
___________________________________________________________________
(отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтылуы
/немен айналысатыны көрсетіледі/)
Учаскелік комиссия, мына жұмыстарды жүргізіп:
(керегін белгілеу)
- отбасының құжаттарын қарап;
- отбасының материалдық жағдайын зерттеп;
- ұсынылған құжаттарды іріктеп, қайта қарап
___________________________________________________________________
(нақты қандай екенін көрсету қажет)
ШЕШТІ:
1. Отбасы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж, себебі
(толық негіздеме)
___________________________________________________________________
(комиссия мүшелерінің пікірлері)
___________________________________________________________________
2. Отбасы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж емес,
себебі (толық негіздеме)
___________________________________________________________________
(комиссия мүшелерінің пікірлері)
Комиссия төрағасы ___________ ___________________________________
Комиссия мүшелері ___________ ___________________________________
(қолы) (аты-жөні)
___________ ___________________________________
___________ ___________________________________
3 қосымша
Ақмола облысы әкімінің
19/04/200_ ж. N a-4/134
қаулысына
_______ ж. №N _____ ҚОРЫТЫНДЫ
________________ қаласының (поселкесінің) учаскелік комиссиясының
Қазақстан Республикасының "Балалы отбасыларына берілетін
жәрдемақылар туралы" Заңының негізінде атаулы әлеуметтік көмекті
тағайындау туралы _________________________________________________
(аты-жөні, тегі)
___________________________________________________________________
(отбасының құрамы)
___________________________________________________________________
(балалар туралы мәліметтер,саны 3 дейін,18 дейін, 18 асқан)
___________________________________________________________________
(балалардың оқуы, толық мемлекет қамқорлығындағы оқушылардың
саны, ЖОО оқитындардың соның ішінде коммерциялық топтарда
оқитындардың саны)
___________________________________________________________________
(отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтылуы
/немен айналысатыны көрсетіледі/)
Учаскелік комиссия, мына жұмыстарды жүргізіп:
(керегін белгілеу)
- отбасының құжаттарын қарап;
- отбасының материалдық жағдайын зерттеп;
- ұсынылған құжаттарды іріктеп, қайта қарап
___________________________________________________________________
(нақты қандай екенін көрсету қажет)
ШЕШТІ:
1. Отбасы балалы отбасыларына берілетін жәрдемақыға мұқтаж,
себебі (толық негіздеме)
______________________________________________________
(комиссия мүшелерінің пікірлері)
______________________________________________________
2. Отбасы балалы отбасыларына берілетін жәрдемақыға мұқтаж
емес, себебі (толық негіздеме)
______________________________________________________
(комиссия мүшелерінің пікірлері)
Комиссия төрағасы ___________ ___________________________________
Комиссия мүшелері ___________ ___________________________________
(қолы) (аты-жөні)
___________ ___________________________________
___________ ___________________________________
Күні _____________
4 қосымша
Ақмола облысы әкімінің
19/04/200 ж. N a-4/134
қаулысына
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша
________ ж. № _____ ШЕШІМ
Отбасының тіркеу N№_________ Өтініш Күні, N _________
Аты-жөні,тегі _________________________________________
Туған күні: _______________ӘЖК:_______________ СТН ____
Тұрғылықты жері (нақты):_______________________________
Отбасындағы адамдар саны:_______________
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N№246 II Заңының 2,7 баптарына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек отбасының ______ мүшесіне тағайындалсын. Төленетін атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері: _________ бастап _______дейін___________сомада.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін есептеу
Отбасының 200 _____ ж. _____ тоқсанындағы кірісі:
Еңбекақы _____________________________________________
Зейнетақы ____________________________________________
Әлеуметтік жәрдемақы__________________________________
Арнайы мемл.жәрдемақы_________________________________
Алименттер____________________________________________
Кәсіпкерлік қызмет ___________________________________
Қосалқы шаруашылық ___________________________________
Кірістің басқа түрлері _______________________________
Отбасының _____ тоқсанындағы жиынтық кірісі___________
Отбасының айлық орташа табысы_________________________
Кірісті есептегенде есептелді, __________адамға_______
Бір айдағы жан басына шаққандағы табыс________________
Кедейшілік шегі ______________________________________
Кедейшілік шегі мен жан басына шаққандағы кірістің айырмасы _____________________________________________
АӘК ай сайын тағайындау:
1. __________________________
2. __________________________
3. __________________________
АӘК мөлшері,отбасына ______________________________
Қанша адамға тағайындалған ________________________
Уәкілденген органның басшысы __________________
Маман __________________
5 қосымша
Ақмола облысы әкімінің
19/04/200 ж. N a-4/134
қаулысына
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындамау бойынша
________ ж. N№ _____ ШЕШІМ
Отбасының тіркеу N№_________ Өтініш Күні,№ _________
Аты-жөні,тегі_________________________________________
Туған күні: _______________ӘЖК:_______________СТН ____
Тұрғылықты жері (нақты):______________________________
Отбасындағы адамдар саны:_______________
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N№246
II Заңының 2, 7 баптарына сәйкес мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмек тағайындалмасын .
Себебі:_______________________________________________
______________________________________________________
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау
үшін есептеу
Отбасының 200 _____ ж. _____ тоқсанындағы кірісі:
Еңбекақы _____________________________________________
Зейнетақы ____________________________________________
Әлеуметтік жәрдемақы__________________________________
Арнайы мемл.жәрдемақы_________________________________
Алименттер ____________________________________
Кәсіпкерлік қызмет ___________________________________
Қосалқы шаруашылық ___________________________________
Кірістің басқа түрлері _______________________________
Отбасының _____ тоқсанындағы жиынтық кірісі___________
Отбасының айлық орташа табысы ________________________
Кірісті есептегенде есептелді, __________адамға_______
Бір айдағы жан басына шаққандағы табыс _______________
Кедейшілік шегі ______________________________________
Кедейшілік шегі мен жан басына шаққандағы кірістің айырмасы _____________________________________________
АӘК ай сайын тағайындау:
1. ________________________________
2. ________________________________
3. ________________________________
АӘК мөлшері,отбасына _____________________________
Қанша адамға тағайындалған _______________________
Уәкілденген органның басшысы ___________________
Маман _________________