Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009.10.27 № 198 шешімімен.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 53 және 63 баптары, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 және 7 баптары, Ақтөбе облыстық әкімінің 2000 жылғы 24 қаңтардағы N 12 "Жеңілдікпен жүретін азаматтардың құқығын қамтамасыз ететін Тәртіпті бекіту туралы" шешімі негіздерінде Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қалалық бюджет қаражаты есебінен қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүру жолақы жеңілдігі ішкі істер әскерлерінің және Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілеріне берілсін.
2. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
Сессия төрайымы
Мәслихат хатшысы