Ескерту. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 20.08.2014 N 35-211 шешімімен.
Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексі 373-бабының 2-тармағына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талдықорған қаласының коммуналды базарының біржолғы талонының құнын қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім алғаш рет жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы М. Мырзағалиұлы
Облыстық мәслихат хатшысы
Алматы облыстық мәслихатының
2006 жылғы 4 қазанындағы N 31-229
"Талдықорған қаласындағы
коммуналдық базарда біржолғы
талонының құнын белгілеу
туралы" шешіміне
қосымша
Өткізетін тауарлардың түрлері бойынша коммуналдық базарда жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондар құны.
Өткізетін тауар түрлері |
Бір жолғы талонның күндік құны |
Ет өнімдерін өткізу оның ішінде: 1) құстан басқа ет өнімдері сөреден автомашинадан 2) құс: сөреден автомашинадан |
60 100 40 50 |
Балық өнімдері сөреден автомашинадан |
50 80 |
Сүт өнімдері сөреден автомашинадан |
20 50 |
Көкөніс, жеміс-жидек және басқа сол сияқты тауарлар сөреден контейнерден, 6 шаршы метрге дейін контейнерден, 6 шаршы метрден жоғары қолдан жүк автомобилі, 10 тоннаға дейін жүк көтеретін жүк автомобилі, 10 тоннадан жоғары жүк көтеретін жеңіл автомобилі |
20 50 100 10 100 200 80 |
Басқа да азық-түлік тауарлары сөреден контейнерден, 6 шаршы метрге дейін контейнерден, 6 шаршы метрден жоғары автомашинадан қолдан |
50 100 200 100 30 |