Талдықорған қаласындағы коммуналдық базарда біржолғы талонының құнын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облыстық мәслихатының 2006 жылғы 4 қазандағы N 31-239 шешімі. Алматы облыстық Әділет департаментінде 2006 жылғы 13 қарашада N 1971 тіркелген. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2014 жылғы 20 тамыздағы N 35-211 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 20.08.2014 N 35-211 шешімімен.

      Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексі 373-бабының 2-тармағына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Талдықорған қаласының коммуналды базарының біржолғы талонының құнын қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім алғаш рет жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       М. Мырзағалиұлы

      Облыстық мәслихат хатшысы

Алматы облыстық мәслихатының
2006 жылғы 4 қазанындағы N 31-229
"Талдықорған қаласындағы
коммуналдық базарда біржолғы
талонының құнын белгілеу
туралы" шешіміне
қосымша

Өткізетін тауарлардың түрлері бойынша коммуналдық базарда жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондар құны.

Өткізетін тауар түрлері

Бір жолғы талонның күндік құны

Ет өнімдерін өткізу

оның ішінде:

1) құстан басқа ет өнімдері

сөреден

автомашинадан

2) құс: сөреден

автомашинадан

60

100

40

50

Балық өнімдері

сөреден

автомашинадан

50

80

Сүт өнімдері

сөреден

автомашинадан

20

50

Көкөніс, жеміс-жидек және басқа сол сияқты тауарлар

сөреден

контейнерден, 6 шаршы метрге дейін

контейнерден, 6 шаршы метрден жоғары

қолдан

жүк автомобилі, 10 тоннаға дейін жүк көтеретін

жүк автомобилі, 10 тоннадан жоғары жүк көтеретін

жеңіл автомобилі

20

50

100

10
 

100
 

200

80

Басқа да азық-түлік тауарлары

сөреден

контейнерден, 6 шаршы метрге дейін

контейнерден, 6 шаршы метрден жоғары

автомашинадан

қолдан

50

100

200

100

30

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады