Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.06.27 N 44/431 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 8 бабының 3 тармағының 5 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің "Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы" 2006 жылғы 18 қаңтардағы N 19 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 26 мамырдағы N 7/75 "Қалалық мәслихаттың регламентін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі - 1533, "Балқаш өңірі" газетінің 2004 жылғы 16 маусымдағы N 54 санында, "Балхашский рабочий" газетінің 2004 жылғы 16 маусымдағы N 45 санында жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген қалалық мәслихаттың Регламенті келесі мазмұндағы 16-1 тармағымен толықтырылсын:
"16-1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы N 19 "Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы" Жарлығын орындау мақсатында қала әкімі өзіне жүктелген міндеттердің және сұрақтардың орындалуы туралы қалалық мәслихаттың депутаттары алдында өзінің құзырлылығы шеңберінде жарты жылда бір рет есеп береді. Есептің қорытындысы және оны талқылау бойынша қалалық мәслихаттың шешімі қабылданады.".
Сессия төрағасы
Қалалық мәслихаттың хатшысы