Қалалық мәслихаттың регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2004 жылғы 26 мамырдағы N 7/75 шешімі. Қарағанды облысының әділет Департаментінде 2004 жылғы 2 маусымда N 1533 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007 жылғы 27 маусымдағы N 44/431 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.06.27 N 44/431 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 9 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қалалық мәслихаттың регламенті бекітілсін (қоса берілген).
      2. Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестіріне 527 нөмірімен енгізілсін "Қалалық мәслихаттың регламенті туралы" қалалық мәслихаттың 2001 жылғы 17 қазандағы N 16/158 шешімінің күші жойылсын.

      Сессия төрағасы

      Қалалық мәслихат хатшысы

2004 жылғы 26 мамырдағы
"Қалалық мәслихаттың регламентін
бекіту туралы" N 7/75 шешіміне
қосымша

Қалалық мәслихаттың Регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 9 бабына, сессияда бекітілген мәслихат регламентіне сәйкес жасалып:
      1) мәслихаттың сессияларын, оның органдарының мәжілістерін дайындау және өткізу;
      2) оларға мәселелер енгізу және қарау;
      3) мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау;
      4) депутаттардың сауалдарын, шешім жобаларын қарау;
      5) дауыс беру тәртібін, аппарат жұмысын ұйымдастыру, басқа да рәсімдік және ұйымдастыру мәселелерін белгілейді.
      Регламент мәслихат жұмысының ұйымдастыруының басқа да мәселелерін белгілейді. Регламент ережелері мен заңдар арасындағы келіспеушілік пайда болған жағдайларда соңғылар пайдаланады.
      2. Қалалық мәслихат - қаланың халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган. Оның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және өзге де заңнамаларымен реттеледі. Сонымен қатар мәслихат қызметі шешімдерді коллективтік, емін-еркін талқылау және қабылдауына, оларды орындауда дербес жауапкершілігіне, заңдылық, жариялыққа, құрған органдар және сайланған қызметтік лауазымдардың өзінің алдында есеп берушілігіне негізделеді.

2. Қалалық мәслихаттың сессияларын дайындау және өткізу

      3. Мәслихат қызметінің негізгі нысаны - мәслихат сессиясы. Онда мәслихат құзыретіне заңдармен белгіленген мәселелер шешіледі.
      Бұқаралық ақпарат құралдары сессия шешімдері туралы халықты хабарландырады.
      Сессияларды басқару және дайындауын қамтамасыз ету сессия төрағасына, мәслихат хатшысы мен аппаратқа жүктеледі.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2006.12.20 N 38/371 шешімімен.
      4. Мәслихаттың бірінші сессиясының алдында дайындау жұмыстарын өткізу үшін сессия шақырылуына бір күн қалғанға дейін депутаттар өкілдерінің жиналысы өткізіледі, оның құрамына депутаттардың жалпы санының екіден бірі кіреді.
      Жиналыста бірінші сессияның күн тәртібі және оны жүргізу тәртібі, сессия төрағасы, мәслихат хатшысы және тексеру комиссия төрағасы қызметтеріне кандидатуралары, сессиялардың жұмыс органдарының құрамы: секретариат, редакциялық және есептеу комиссиялары жөнінде ұсыныстар жасалады. Тұрақты және тексеру комиссияларды құру мәселелері, екінші сессияның күн тәртібі мен төрағасы кандидатурасы талқыланады.
      Бірінші кезектен тыс сессияны өткізген кезде бірінші сессияның төрағасы болып кезекті сессияның төрағасы болады, ал екінші кезектен тыс сессияны өткізген кезде сессия төрағасының міндеттерін мәслихат хатшысы атқарады.
      бұқаралық ақпарат құралдарында жариялану депутаттарды өндірістік қызметтерінен босатуға негіз болып саналады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2006.12.20 N 38/371 шешімімен.
      5. Сессияның күн тәртібі мәслихаттың болашақ жұмыс жоспарының негізінде, сессия төрағасы, мәслихат хатшысы, тұрақты және өзге комиссиялары, депутаттық топтар мен депутаттар, қала әкімі енгізген сұрақтардан құрылады.
      Сессияның күн тәртібі талқыланған кезде толықтырылып өзгертілуі мүмкін. Мәслихат күн тәртібін бекіту туралы шешім қабылдайды.
      Сессияның күн тәртібі және жүргізу тәртібі бойынша мәслихаттың тікелей мәжілісінде енгізілетін ұсыныстар секретариатқа жазбаша тапсырылады немесе сөйлеген сөздерінде айтылады. Жазбаша ұсыныстарды сессия төрағасы түскен кезек бойынша оқиды.
      Күн тәртібіне түскен сұрақтар бойынша дауыс беру сессияда әрбір сұрақ бойынша жеке жүргізіледі.
      Егер мәслихатқа сайланған депутаттардың басым көпшілігі сұраққа дауыс берсе, ол күн тәртібіне енгізілді деп саналады.
      6. Сессияға енгізілетін сұрақтарды сапалы дайындау үшін мәслихат хатшысы дер кезінде сессияны дайындау жөніндегі мәслихат хатшысы бекітетін шаралар жоспарын құрастырады.
      7. Мәслихат сессияларына Қазақстан Республикасының Парламентінің, облыстық мәслихат депутаттары, қала әкімі, сессияда жұмыстары қаралатын мемлекеттік органдардың, кәсіпорын, мекеме және ұйымдардың басшылары мен қызмет адамдары шақырылады. Сессияларға сонымен қатар қала прокуроры немесе оның орынбасары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады. Мәслихат өзінің шешімімен жеке мемлекеттік органдарының және қоғамдық бірлестіктердің кейбір басшыларына кеңесші дауыс құқығымен сессияға қатысуға рұқсат береді. Әрбір сессияға шақырылғандардың тізімін сессия төрағасы мен мәслихат хатшысы белгілейді.
      Мәслихат мәжілісінде шақырылған адамдарға мәжіліс залында арнайы орындар бөлінеді. Шақырылған адамдардың мәслихат сессиясы жұмысына кірісуге құқығы жоқ, қолдау немесе қолдамауын көрсетпеуге міндетті, тәртіп сақтап, сессия төрағасының нұсқауларына бағыну қажет. Шақырылғандарға депутаттардың рұқсатымен сұрақтардың талқылануына қатысуға болады.
      Депутат емес адамды тәртіпті өрескел бұзған жағдайда сессия төрағасының өкімі немесе сессияға қатысып отырған депутаттардың көпшілігінің талабы бойынша мәжіліс залынан шығарып жіберуге болады.
      Сессия төрағасы мәжілістерді ашып, жабады, баяндамашы мен сөз сөйлеушілерді жариялайды, шешім жобаларын дауысқа салады, депутаттардың отырыста қарастырылып жатқан сұрақтар бойынша ұсыныстарын оқиды, өзінің атына түскен сұрақтарға, өтініш пен ұсыныстарға жауап береді, анықтамалар береді, мәжіліс залында тәртіпті қамтамасыз етеді, депутаттар дауыс беру үшін ұсынған сұрақтарды дауысқа салады. Отырыс кезінде сессия төрағасы талқыланатын сұрақтар бойынша депутаттардың сөйлеген сөздеріне түсініктеме беруге құқығы жоқ.
      Сессия төрағасы ынтымақтастық жағдайды қалыптастыруға, қарастырылатын сұрақтар бойынша әр жақтардың позицияларын жақындастыруға ықпал етеді. Ол тұрақты комиссиялар, депутаттық топтармен ала ауыздықтарды жою мақсатында кеңестер өткізеді, қажет кезінде депутаттардың келісімімен комиссиялар, депутаттық топтар арасындағы келіспеушілікті жою үшін келістіруші комиссияны құрады.
      Мәслихат сессиясы төрағасының шақыруы бойынша жергілікті атқарушы органдар басшылары, тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында орналасқан ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдары мәслихаттың күн тәртібі бойынша ақпараттар беру үшін мәслихат сессиясына келуге міндетті.
      8. Қалалық мәслихаттың таңертеңгілік мәжілістері сағат 10-нан 14-ке дейін бір үзіліспен, түскі мәжілістер - сағат 15-тен 19-ға дейін өткізіледі. Мәслихат отырыстарды басқа уақытта өткізу жөніндегі шешімді қабылдау мүмкін. Сессия төрағасы өз ынтасымен немесе депутаттардың дәлелденген ұсыныстары бойынша қосымша үзілістерді жариялауға мүмкіндігі бар. Сессия отырысының соңында депутаттардың қысқаша, 2-минутқа дейінгі, өтініштер мен мәлімдемелері үшін 15 минут уақыт бөлінеді, олар бойынша жарыссөздер ашылмайды.
      9. Мәслихат отырыстарында баяндама үшін уақыт 30 минут шамасында, қосымша баяндама үшін - 15 минутқа дейін, жарыссөздерге қатысушыларға - 10 минутқа дейін, кандидатураларды талқылағанда - 3 минутқа дейін, отырысты жүргізу тәртібі, дауыс беру себептері бойынша сөз сөйлеу, анықтама және сұрақтар үшін - 2 минутқа дейін.
      Сессия жұмысында әрбір 2 сағат сайын 20 минуттық үзілістер көзделеді.
      Керекті жағдайларда сессия төрағасы отырысқа қатысып отырған депутаттардың көпшілігінің келісімімен сөз сөйлеу үшін уақытты ұзарту мүмкін. Баяндамашы мен қосымша баяндамашы сұрақтарға жауап береді. Егер сөз сөйлеуші өзіне бөлінген уақыттан асып кетсе, төраға оның сөзін үзеді немесе ерекше жағдайларда депутаттардың келісімімен қосымша 2-3 минут береді.
      Сөз сұрау туралы өтініштер жазбаша түрде секретариатқа сессия төрағасының атына беріледі, секретариат оларды түскен ретімен тіркеп, сессия төрағасына береді. Сессия төрағасы сөйлеу үшін сөзді депутаттың ауызша өтініші арқылы да бере алады.
      Қалалық мәслихат депутаты бір сұрақ бойынша екі реттен артық сөйлеуге мүмкіндігі жоқ. Депутаттық сұраулар, анықтама үшін сөйлеген сөздер және сұрақтарға жауаптар жарыссөздер деп саналмайды. Сөйлеу құқығын басқа депутатқа беруге рұқсат етілмейді.
      Жарыссөздер сессияға қатысып отырған депутаттардың көпшілігі ашық дауыс беру арқылы қабылдаған шешім бойынша тоқтатылады. Жарыссөзді тоқтату жөніндегі сұрақтар қойылғанда сессия төрағасы жазылған және сөз сөйлеген депутаттар туралы ақпарат беріп, кім сөз берілгенін талап етіп отырғанын айқындайды.
      Егерде депутаттарда немесе жарыссөзге жазылғандарда жарыссөз тоқтатылған себептен сөз сөйлеуге мүмкіндігі болмай қалса, онда олар өз сұраулары бойынша олардың сөз сөйлеу мәтіндері сессия хаттамасына енгізілуі қажет.
      Қала әкімі, қалалық мәслихат хатшысы сөзді кез келген уақытта, тек регламент шамасында ала алады.
      Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша күйінде қойылады. Жазбаша сұрақтар сессия төрағасына беріліп, мәслихат мәжілісінде жария етіледі.
      10. Қалалық мәслихатта жұмыс мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Депутат, егер басқа тілде сөз сөйлеймін десе, ол туралы мәслихат хатшысын алдын ала хабардар етеді.
      11. Қалалық мәслихаттың сессиясында сөз сөйлеуші өз сөзінде депутаттар мен өзге адамдардың ар-намысына тиетін өрескел, балағаттау сөйлемдерді пайдаланбауға тиіс, бар болып тұрған конституциялық құрылысты күшпен құлатуға және басқа заңсыз әрекеттерге шақыру, біреу-міреудің атына дәлелденбеген айып тағуға құқығы жоқ. Осы талаптарға бағынбаған сөз сөйлеушіге сессия төрағасы ескерту жасайды, кейін сөзден айырады.
      Қалалық мәслихаттың мәжілісінде сессия төрағасының рұқсатынсыз ешкім сөз сөйлеуге құқығы жоқ. Осы ережені бұзған адам ескертусіз сөзден айырылады.
      Сессия төрағасының рұқсатынсыз ешкімде сөйлеуге құқылы емес. Бұл ережені бұзғандар ескертусіз сөзден қағылады.
      12. Сессия секретариаты депутат санынан ашық дауыс беру арқылы сайланады. Секретариат сөз сөйлеушілерді жазып, сөз сөйлеймін деушілердің жазылуын ұйымдастырады, депутаттардан түскен депутаттық сұрауларды, анықтамалар, мәлімет, өтініш, ұсыныстарды және басқа құжаттарды тіркейді, сессия атына түскен үндеулермен жұмыс ұйымдастырады, отырыстарды қамтитын өзге де функцияларды атқарады.
      Секретариат төрағаға депутаттардан түскен ұсыныстарды, жарыссөзге жазылғандар туралы мәліметтерді және депутаттардың басқа бастамаларын тапсырады.
      13. Ашық дауыс беру арқылы тақ құрамды есептеу және редакциялық комиссияларды сайлайды, олардың мүшелерінің көпшілігі - депутаттар, қала әкімі аппаратының және басқа қалалық ұйымдардың қызметшілері сайлануы мүмкін. Редакциялық комиссияның құрамы қарастырылған сұрақтың спецификасы, ескеріліп құрастырылады.
      Редакциялық комиссия кезекті сессияға да сайлануы мүмкін. Сессия секретариат, есептеу және редакциялық комиссияларды сайлау туралы шешімдерді қабылдайды.
      14. Шешімдер, басқа құжаттар мәслихат мәжілістерінде ашық дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының басым дауысымен қабылданады. Жасырын немесе ашық дауыс беру:
      1) қала әкіміне сенімсіздік білдіру;
      2) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заңының 19 және 24 баптарына сәйкес қалалық мәслихаттың хатшысын сайлау кездерінде өткізіледі.
      3) аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының мүшелерiн сайлағанда.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2006.12.20 N 38/371 шешімімен.
      15. Ашық дауыс беру кезінде есептеу комиссиясы дауыстарды санайды. Жасырын дауыс беру кезінде комиссия дауыс берудің барлық барысын ұйымдастырып, оның қорытындысын шығарады. Есептеу комиссиясы өз құрамынан комиссия төрағасы мен хатшысын сайлайды, оның шешімдері ашық дауыс беру кезінде басым дауыспен қабылданады.
      Ашық дауыс берудің алдында сессия төрағасы дауысқа түсетін ұсыныстар санын белгілейді, оларды оқиды.
      Ашық дауыс берудің қорытындылары дауыстарды санамай-ақ басым көпшілігімен қабылдануы мүмкін, егер депутаттардан қарсылық болмаса.
      Жасырын дауыс берудің уақыты мен орнын, өткізу тәртібін есеп комиссиясы регламентті негізге алып белгілейді, оны есептеу комиссиясының төрағасы хабарлайды.
      Бюллетеньдер дауыс берудің алдында таратылады, олар есеп комиссиясының бақылауымен белгіленген үлгімен мәжіліске қатысып отырған депутаттар санына тең мөлшерде дайындалады. Белгіленбеген үлгідегі бюллетеньдер жарамсыз деп табылады. Депутаттар әрбіреуі жеке және тек дауыс беру кезінде ғана дауыс берулері керек.
      Сайланған депутаттардың жалпы санының жартысынан көп дауыс жинаған кандидаттар, лауазым адамдар ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы сайланған, бекітілген, қызметтен босатылған деп саналады.
      Осы реттерде комиссиялар, олардың төрағалары мен мүшелері сайланып, бекітіліп, босатылады.
      16. Жасырын дауыс берудің қорытындылары бойынша есептеу комиссиясының барлық мүшелері қол қойған және мәслихат шешімімен бекітілген хаттамаларды жазады. Дауыс беру немесе дауыстарды санау кезінде қателіктер табылғанда мәслихат шешімі бойынша қайта дауыс беру өткізіледі.
      16-1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы N 19 "Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы" Жарлығын орындау мақсатында қала әкімі өзіне жүктелген міндеттердің және сұрақтардың орындалуы туралы қалалық мәслихаттың депутаттары алдында өзінің құзырлылығы шеңберінде жарты жылда бір рет есеп береді. Есептің қорытындысы және оны талқылау бойынша қалалық мәслихаттың шешімі қабылданады.
      Ескерту. Регламент 16-1 тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2006.04.26 N 32/301 шешімімен.

3. Қалалық мәслихаттың актілерін қарау және қабылдау, бюджетті, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту

      17. Қалалық мәслихат шешімдер қабылдайды. Шешімдер сайланған депутаттардың жалпы санының басым дауысымен қабылданады, егер басқасы заңмен немесе регламентпен белгіленбесе.
      Мәслихат отырысына қатысып отырған депутаттардың басым дауыстарымен процедуралық сұрақтар бойынша шешімдер қабылданады, оларға: дауыс берудің түрін таңдау, сұрақты талқылауға берілетін уақытты белгілеу, жарыссөздерді жалғастыру немесе тоқтату жөнінде шешімдерді қабылдау, шешім жобаларын негіз ретінде қабылдау, мәслихаттың өтініштері мен үндеулерін қабылдау.
      18. Шешім жобалары, басқа актілер сессия аралығында сессия төрағасына немесе мәслихат хатшысына сессия алдында 15 күнге дейін, ал талқылауды талап ететін сұрақтар бойынша - 30 күнге дейін кешіктірілмей тапсырылады.
      Қарауға қабылданған оларды дайындағандардың қолдары бар шешім жобаларын сессия төрағасы немесе мәслихат хатшысы тұрақты комиссияларға қарауға және ұсыныстарды дайындауға жібереді. Сонымен қатар тұрақты комиссияның біреуіне мәслихат актісінің жобасы бойынша қорытынды жасау, сессияға қосымша баяндама дайындау, тексеру және қосымша ақпарат жинау тапсыруға болады.
      18-1. Қалалық мәслихатқа жолданатын шешім жобасы бойынша материалдар қосуы тиіс:
      1) мемлекеттік және ресми тілдегі шешім жобасын;
      2) қалалық бюджетке түсімдердің қысқаруын немесе шығындардың көбеюін көздейтіндігі туралы мәліметтер, болжанатын нәтиже және негізгі жағдайлардың, оның міндеті, мақсаты туралы толықтырылған сипаттамасы, нормативтік құқықтық актілердің нормаларына сәйкестігіне сілтеме бойынша шешімнің қабылдаудың керектігі және негізі көрсетілген түсіндірме хатын;
      3) мүдделі органдармен келісуін.
      Ескерту. Регламент 18-1 тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2006.12.20 N 38/371 шешімімен.
      19. Егер сессияға сұрақты дайындауға қатысып отырған тұрақты комиссиялар арасында келіспеушілік туса, комиссия төрағалары мен сессия төрағасы оларды жою үшін шара қолданады, қалып қойған келіспеушіліктер мәслихатқа жеткізіледі.
      20. Сұрақты сессияда қараған кезде, қағида бойынша, баяндама тыңдалады, ал керек болса жетекші тұрақты комиссияның, басқа тұрақты комиссиялардың, жұмыс топтардың және уақытша комиссиялардың қосымша баяндамасы тыңдалады. Қосымша баяндаманың тезистерімен немесе шешім жобасы бойынша жасалған қорытындылармен келіспейтін тұрақты комиссиялар, комиссияның және жұмыс топтардың жеке мүшелері өз пікірлерін қаралатын сұрақ бойынша жүргізілетін жарыссөздер басталғанша айтуларына болады.
      21. Депутаттар мен шақырылған адамдар баяндаманы, қосымша баяндаманы және тұрақты комиссияның шешім бойынша қорытындысын талқылайды, ұсыныстар мен ескертулерді шешім жобасына түзету ретінде айтады. Жобаларға түзетулер ауызша немесе жазбаша ұсынылатын өзгертулер мен толықтырулардың анық тұжырымдамасын беріп, шешім жобасының мәтініндегі орнын көрсетіп тапсырылады. Осы талаптарға сәйкес келмейтін түзетулер қарауға қабылданбайды.
      22. Депутаттар тұрақты немесе редакциялық комиссиялардың шешім жобасының түзеуіне қатысуға, олардың қарауына қосымша ұсыныстар мен түзетулерді жазбаша күйінде жіберуге мүмкіндіктері бар. Комиссия мәслихатқа қабылданбаған және қабылданған түзетулердің дәлелдерімен жөнделген жобаны ұсынады. Комиссия баяндамасында жобаға кірген және қабылданбаған ұсыныстар көрсетіледі, түзетулерді қабылдау немесе қабылдамаудың cебептері дәлелденеді.
      23. Шешім жобасына түзетулер бар болған кезде дауыс беру келесі кезекпен өткізіледі:
      1) ұсынылған (түзетілген) жоба негіз ретінде қабылданады, оны қабылдамаған жағдайда одан арғы дауыс беру тоқтатылады;
      2) дауысқа міндетті түрде барлық негіз ретінде қабылданған жобаға енгізілмеген түзетулер салынады, шешімге депутаттардың басым көпшілігі дауыс берген түзетулер ғана енгізіледі;
      3) қабылданған түзетулер ескерілген шешім толығымен дауысқа салынады. Қабылданбаған шешім жобалары және оларға жасалған түзетулер бойынша өтіп жатқан сессияда қайта дауыс беру өткізілмейді.
      24. Түзетулер жеке-жеке дауысқа салынады, олардың дауысқа салу кезегін сессия төрағасы белгілейді. Бірінші кезекте басқа түзетулерді қабылдау-қабылдамауды белгілейтін түзетулер дауысқа салынады. Бір-бірін жоққа шығаратын түзетулер бойынша дауыс берудің алдында оларды сессия төрағасы оқып береді, түзетуді енгізгендер оның мағынасын түсіндіруге немесе дауыс берудің алдында алып тастауға құқылы. Мәслихат сессиясы мен тұрақты комиссиялар, мәслихат хатшысы мен аппараты қабылдаған шешімдер мен басқа құжаттарға қайсы бір түзетулер енгізуге рұқсат етілмейді. Сессия хаттамалары сессиядан кейін екі айдан кеш емес уақытта басылуы қажет.
      25. Қалалық мәслихаттың жалпыға бірдей міндетті маңызы бар, ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдерін заңдарда белгіленген тәртіпте Қарағанды облысы бойынша әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуіне жатады және тіркеуден кейін мәслихат хатшысы оларды орындаушылар мен лауазымды адамдарға мәлімет үшін жібереді, баспасөзде жарияланады.
      26. Қаржылық жылға арналған қалалық бюджеттің жобасын қала  әкімдігі қалалық мәслихаттың қарауына облыстық бюджеттің қабылдауынан кейін екі апталық мерзімнен кешіктірмей тапсырады.
      Қалалық бюджеттің жобасы тұрақты комиссиялардың біріккен отырысында қала әкімі, басшылардың қатысуымен қаралады.
      Қала әкімдігі мәслихатқа тұрақты комиссиялардың ескертулері мен толықтырулары ескерілген қалалық бюджеттің жобасын тұрақты комиссиялар қарағаннан кейін келесі екі күннің ішінде тапсыруы қажет.
      Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2006.12.20 N 38/371 шешімімен.
      27. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қалалық бюджетті нақтылаған кезде оны шақыру туралы шешімді қабылдағаннан кейін екі күн ішінде бюджет жобасын тұрақты комиссияларда және қалалық қаржы бөлімінде талқылау жұмыстары жүргізіледі.
      28. Қала әкімдігі есеп жылынан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей қалалық мәслихатқа өткен қаржылық жылдың қалалық бюджеттің орындалуы жөнінде жылдық есеп туралы түсініктеме хатты қосымшаларымен қалалық мәслихаттың сессиясында бекітуге тапсырады.
      Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2006.12.20 N 38/371 шешімімен.
      29. Қалалық мәслихат әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарлары мен бағдарламаларының және қалалық бюджеттің орындалу барысын бақылап, осы сұрақтар бойынша қала әкімиятінің есептерін тыңдайды.

4. Мәслихаттың комиссиялары мен депутаттық топтар, лауазымды адамдары, бақылау функцияларды атқару

      30. Қалалық мәслихат бірінші сессиясында депутаттар санынан мәслихат хатшысын сайлайды, ол лауазымды адам, тұрақты негізде жұмыс істейді және оған есеп береді. Мәслихат хатшысы мәслихат қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі ағымдағы жұмысты атқарады.
      Оның негізгі лауазымдық функциялары Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 19 бабында және регламентте белгіленеді. Мәслихат хатшысы лауазымының кандидатураларын мәслихат депутаттары мәслихат сессиясында ұсынады. Ұсынылатын кандидатуралар саны шектелмейді. Кандидатураларды талқылау мәслихат шешімімен тоқтатылады. Егер кандидат жасырын дауыс беру нәтижесінде депутаттардың жалпы санының жартысынан көп дауысқа ие болса, ол мәслихат хатшысы лауазымына сайланды деп саналады.
      Мәслихат хатшысын сайлау туралы шешім қабылданады.
      Егер мәслихат хатшысы лауазымына екеуден артық кандидатуралар ұсынылған болса және олардың біреуі де сайлану үшін керекті дауыс санын жинамаса, ең көп дауыс жинаған екі кандидатура бойынша қайта дауыс беру өткізіледі.
      Егер қайта дауыс беру кезінде осы кандидаттардың біреуі де депутаттардың жалпы санының жартысынан көп дауыс жинамаса, жаңа кандидатураларды ұсынумен қайталанған сайлау өткізіледі.
      Мәслихат хатшысы лауазымынан босату жөніндегі ұсыныс сессияда мәслихат депутаттарының жалпы санының басым дауысымен енгізілу мүмкін.
      Сұрақ күн тәртібіне енгізілген кезде ашық дауыс беру өткізіледі. Мәслихат хатшысын лауазымынан мерзіміне дейін босатқан жағдайда жаңа хатшының сайлауы алдыңғы сайлауға ұқсас өткізіледі.
      Жыл сайын ең соңғы сессияда мәслихат хатшысының жұмысы туралы есеп тыңдалады.
      31. Мәслихат бірінші сессиясында өз өкілеттігі мерзіміне депутаттар санынан тұрақты комиссиялар құрады. Олар мәслихат құзыретіне жататын сұрақтарды алдын ала қарап, дайындайды, мәслихат шешімдерін, заңдарын өмірге өткізеді, өз құзыреті шегінде бақылау функцияларын атқарады. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелері ашық дауыс беру арқылы мәслихат сессиясында депутаттар санынан сайланады.
      Әрбір тұрақты комиссияның құрамы жеке-жеке дауысқа салынады. Мәслихат тұрақты комиссиялардың атаулары мен санын, олардың сандық және дербес құрамдарын төрағасын мәслихат депутаттарының ұсыныстары бойынша белгілейді.
      Тұрақты комиссиялардың қызметін ұйымдастыру, функциялары мен құзыреті Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 12-15 баптарына сәйкес анықталады.
      Тұрақты комиссиялардың қаулыларын орындамаған жағдайда немесе лауазым адамдар біле тұра әдейі жалған ақпарат бергенде комиссиялардың ұсынысы бойынша қалалық мәслихат хатшысы тиісті органға тәртіптік шараларды қолдану үшін ұсынысын тапсырады.
      Көпшілік тыңдауларды өткізу үшін депутаттар арасынан жұмыс тобы құрылады, тыңдауларды дайындауға мамандардың қатысуы мүмкін. Тұрақты комиссия бұқаралық ақпарат құралдар арқылы халықты алдағы көпшілік тыңдаулардың тақырыбын хабардар етуге, деректер жинауда көмек сұрауға құқылы, тыңдаулар аяқталғаннан соң олардың қорытындылары халыққа жария етіледі. Тыңдауларды дайындау барысында қалалық әкімияттың, оның бөлімдерінің, комитеттердің, департаменттердің, басқармалары мен басқа бөлімшелердің, құқық қорғау органдардың, банк, меншіктің барлық түріндегі кәсіпорын, мекеме және ұйымдардың басшылары тыңдауларды дайындау жөніндегі комиссиялар мүшелеріне олардың құзыретіндегі мәселелер бойынша қажетті ақпарат, деректер мен құжаттарды беруге міндетті, тек ҚР "Мемлекеттік құпиялар туралы" Заңы құпия деп белгілеген ақпараттардан басқасын.
      Көпшілік тыңдауларға тұрақты комиссия өзі белгілеген адамдарды шақырады. Оларға кеңесші дауыс құқығымен басқа тұрақты комиссиялардан қалалық мәслихат депутаттары, журналистер, азаматтар қатысуға құқылы көпшілік тыңдауларды дайындау және өткізу үшін жұмыс тобы барлық мүшелері қол қойған жазбаша қорытындыны дайындайды, онымен әкімшілік адамдардың танысуы қажет. Көпшілік тыңдаулар қорытындылары бойынша тұрақты комиссия қаулы қабылдайды. Егер көпшілік тындаудың барысында кездескен кемшілікті жою үшін қалалық мәслихаттың, қала әкімінің немесе республикалық органдардың қатысуы керек болса, онда комиссия қорытындысы және қаулысы осы органдарға жіберіледі. Көпшілік тындаудың қорытындысы бойынша комиссия қаулысы, өз құзыретінің шеңберінде қабылданған, қаланың атқарушы органдарының, оның бөлімдерінің, кәсіпорындардың және ұйымдардың лауазымды адамдардың және азаматтардың орындауы үшін міндетті. Тексеру комиссиясының жұмысын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 16-бабымен анықталады.
      32. Мәслихат депутаттары сессия төрағасына, мәслихат хатшысына қалалық әкимият аппаратына мекемелердің, ұйымдардың қала аумағында орналасқан кәсіпорын басшыларына мәслихаттың құзыретіне жатқызылатын мәселелер бойынша, қоғамдық мәні бар сауалдар беруге құқылы, олар сессияда жарияланады.
      33. Сауал жазбаша түрінде бірнеше депутаттар атынан енгізілетін болса, олардың фамилиялары мен сайлау округтарының нөмірлері көрсетілуі қажет, және де барлық депутаттар қол қоюлары керек. Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы атынан енгізілетін жазбаша сауалға сол комиссияның төрағасы қол қоюы тиіс. Тұрақты комиссия атынан сауал енгізілгені туралы шешім комиссия отырысында қабылданып, хаттамаға жазылады.
      34. Сессия басталар алдында енгізілген сауалдар сессия төрағасына, мәслихат хатшысына беріліп, оның отырысында сессия күн тәртібіне енгізу туралы сұрақ шешілер кезде қаралады. Жауапты беру мерзімі мен реті көрсетілген сауал түпнұсқасын мәслихат хатшысы адрестелген орган немесе лауазым адамға жібереді. Сессия өту барысында енгізілген сауалдар мәжілістің төрағасына тапсырылады. Сауалға түскен жауапты оқу үшін және оның кейін талқылау үшін мәслихат хатшысы сауал адрестелген мемлекеттік орган басшысын немесе оның міндетін атқарушы адамды сессияға шақырады.
      35. Сессияда қаралатын сұрақтармен байланысы жоқ сауалды мәслихат күн тәртібіне жеке сұрақ қып енгізеді, немесе сессия жұмысының аяғында арнайы бөлінген уақытта қаралады. Мәслихат күн тәртібін сауалдар мен сұрақтарға уақыт резерві қалатындай белгілеу қажет. Сауалға жауап беру үшін 15 минут, сұраққа жауап беру үшін - 5 минутқа дейін уақыт бөлінеді сессияда шешілуге тиісті басқа сұрақтармен байланысты сауалдар, күн тәртібіне енгізілмейді, жарыс сөз басталғанша төраға ол бойынша жария етеді.
      36. Сауал, егер ол тиісті емес мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға адрестелсе, қалалық мәслихат құзыретінің шектерінен шықса, немесе "Мемлекеттік құпиялар туралы" Заңға сәйкес мемлекеттік не қызметтік құпия болып табылатын ақпаратты беру, немесе тергеу органдарында қылмыстық істер бойынша мәліметтерді талап етсе, қабылданбауға тиіс. Жоғарыда айтылған себептер бойынша сауалдың қабылданбауын мәслихат жүргізеді, ал сессия аралығында - сессия төрағасы немесе мәслихат хатшысы. Мәслихат, егер қоғамдық мәні жоқ болса, депутаттардың үндеуін сауал деп санамауға тиісті. Бұл жағдайда ол депутаттың басқа жолданымдары қаралатын ретпен қарастырылады.
      37. Мәслихат сауалдың қарауын басқа сессияға көшіру мүмкін. Сессия күн тәртібін бекіткенше депутаттар енгізген сауалдарын кері шақырып алулары мүмкін. Сессия күн тәртібін бекіткеннен кейін сауалды қараудан алу мәслихат шешімімен ғана жүргізіледі. Жазбаша жіберілген сауалдар сессия хаттамасына тіркеледі.
      38. Депутаттық сауал адрестелген мемлекеттік органның басшысы немесе лауазымды адам, егер сауалда жауапқа берілетін уақыт мерзімі көбірек болмаса, осы сессияда қалалық мәслихат құзыретіне жататын сұрақтар бойынша жауап беруге тиісті. Сауалға берілетін жауап талқыланады. Сауал бойынша шешім қабылданады.
      39. Депутаттық сауал, оған жауап, сауал бойынша қабылданған шешім, олар туралы қысқаша ақпарат баспасөзде жариялану, радио бойынша хабарлану тиіс.
      40. Қалалық мәслихаттың депутаттары саяси партиялар фракциялары және өзге де қоғамдық бірлестіктер, депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы. Тексеру комиссиясының төрағасы және маслихат хатшысы депутаттық бірлестіктерге кіре алмайды.
      Депутаттық фракциялар мен топтарды тіркеу маслихат сессиясында жүзеге асырылады, келіп тіркелу тәртібімен жүргізіледі және тек ақпараттық сипатта болады.
      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2006.12.20 N 38/371 шешімімен.

5. Мәслихат қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету

      41. Мәслихаттың заңды тұлға құқығы болмайды.
      Сессия өткізу үшін, басшыларды, аппаратты және тұрақты комиссияларды орналастыру үшін тиісті ретпен қамтылған бөлмелер бөлінеді.
      42. Мәслихат пен оның органдарының қызметін қамтамасыз ету үшін, депутаттарға өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруға көмек көрсету үшін мәслихат аппараты құрылады. Мәслихат жыл сайын өз қызметін қамтамасыз етуге жұмсалатын шығыстар сметасын бекітеді. Мәслихат хатшысы мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      43. Қала сыртында тұратын депутаттарға сессияда, депутаттық комиссия отырыстарында болған уақыт үшін сөткелік ақша, жол шығыстары, тұрғын үй жалдаудың шығыстары қызмет іссапарларында болғандай төленеді.
      44. Депутаттар сайланған кенттерде, сайлау округтарында депутаттардың сайлаушыларды қабылдау үшін, олармен кездесулер өткізу үшін бөлмелер бөлінеді.
      45. Қалалық мәслихат өз өкілеттігінің мерзіміне тұрақты комиссия төрағаларының Кеңесін құрайды, оның құрамында: тұрақты және тексеру комиссия төрағалары, мәслихат хатшысы, кезекті сессияның төрағасы, мәслихат хатшысы ұсынған бір, екі немесе үш депутат.
      Мәслихаттың тұрақты комиссиялар төрағаларының Кеңесі кеңесші орган болып табылады, оның құрамы сессияда бекітіледі. Талқыланатын сұрақтар бойынша ол кепілдеме мен қорытынды қабылдайды.
      Тұрақты комиссиялар төрағаларының Кеңесі өз отырыстарын қажеттілікке байланысты өткізеді.
      Тұрақты комиссиялар төрағалары Кеңесінің отырыстарына жеке депутаттар, жергілікті атқарушы органдар басшылары, эксперттер және мамандар шақырылуы тиіс.
      Тұрақты комиссиялар төрағалары Кеңесінің отырыстарында: алда болатын сессиялардың күн тәртібінің сұрақтары; күн тәртібіне қосымша сұрақтарды енгізу үшін кепілдемелер; қалалық мәслихаттың құрылысы, штат кестесі мен шығыстар сметасының жобалары; сессияда қарастырылатын сұрақтардың дайындау барысы; сессия қарауына енгізілетін шешімдер, жолданымдар, өтініштер және басқа құжаттардың жобалары; депутаттардың қызметін қамтитын анықтама-ақпараттар; алдыда болатын сессиялар төрағалығына, редакциялық комиссияға, сессия сұрақтарын дайындау бойынша құрылатын жұмыс топтарына кандидатуралардың кепілдемелерін талқылайды.
      Тұрақты комиссиялар төрағалары Кеңесінің отырыстары қысқаша қалалық мәслихат аппаратының қызметшілерінің бірімен хаттамаға түсіріледі. Тұрақты және тексеру комиссиялардың төрағалары комиссияларының кезекті отырыстарында депутаттарды тұрақты комиссиялар төрағалары Кеңесінің отырыстарында қарастырылған сұрақтар мен қабылданған кепілдемелер жөнінде хабардар етеді. Төрағалар Кеңесінің жұмысына қалалық мәслихат хатшысы жетекшілік етеді.
      Ескерту. 45-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2006.12.20 N 38/371 шешімімен.

6. Сайлау комиссияларын құру тәртібі

      46. Сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу қалалық мәслихаттың шешімін қабылдау жолымен жүзеге асырылады, мұнда құрамды қалыптастыру саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде жүргізіледі.
      47. Сайлау комиссиясы мүшесінің босаған орнына осы сайлау комиссиясында өкілі жоқ саяси партия мен басқа да қоғамдық ұйымдардан ұсыныстар қабылданады. Босаған орынды басу процедурасы осы регламенттің 48, 49, 50 тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
      48. Сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі уақытша (бұдан әрі уақытша комиссия) комиссияны құру сайлау комиссияларын құру туралы баспасөз ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланғанға дейін кемі үш күн бұрын мерзімде қалалық мәслихат хатшысының өкімі негізінде жүзеге асырылады.
      Уақытша комиссияның құрамы депутаттардан және қалалық мәслихаттың аппараты қызметкерлерінен құрылады.
      Сайлау комиссиялары өкілеттігінің мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірмей қалалық мәслихат бұқаралық ақпарат құралдарына жаңа сайлау комиссияларын құру бойынша жұмыстың басталғандығы туралы хабарлайды. Хабарламада құруға жататын сайлау комиссияларының тізбесі, сайлау комиссияларының құрамына сайлау үшін ұсынылған кандидатуралар бойынша ұсыныстардың мерзімі мен тәртібі, осы ұсыныстар берілетін мекен-жай көрсетіледі.
      Сайлау органының тізбесі бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланғаннан бастап 30 күннің ішінде саяси партиялар және басқа да қоғамдық бірлестіктер ұсынылатын сайлау комиссиясын көрсете отырып тиісті формаға сәйкес кандидаттар тізімін жібереді, оған қоса:
      1) жоғарғы сайлау комиссиясының шешімінің көшірмесі, саяси партияның немесе басқадай қоғамдық бірлестіктің мәжілісінің хаттамасынан көшірме.
      2) саяси партияның немесе басқадай қоғамдық бірлестіктің, олардың бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі.
      3) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысатындығына келісетіндігі туралы сәйкес мәслихатқа өтініші және кандидат туралы өмірбаяндық деректер.

7. Сайлау комиссияларын сайлау және қалыптастыру

      49. Мәслихаттың уақытша комиссиясы саяси партия және басқа да қоғамдық бірлестіктерден, олардың құрылымдық бөлімшелерінен, жоғарғы тұрған сайлау комиссияларының құрылатын сайлау комиссиясының құрамына түскен кандидатуралар бойынша ұсыныстарды жинастыру және өңдеумен шұғылданады және қалалық мәслихаттың бекітуіне ұсынады.
      Сайлау комиссияларының құрамын дайындауда уақытша комиссия бірінші кезекте саяси партиялардан түскен ұсыныстарды басшылыққа алады.
      Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясының мүшелерінің (жеті) санына тең ұсыныстар түссе, уақытша комиссия мәслихаттың мәжілісіне осы сайлау комиссиясының құрамына дауыс беру туралы ұсыныс енгізеді. Егер мәслихат депутаттары нақты бір кандидатураға қарсылығын білдірсе, ол сол саяси партияны не қоғамдық бірлестікті танытатын кандидатураға ауыстырылады. Бұл рәсімді бір реттен артық жүргізбеу ұсынылады.
      Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясының мүшелерінің санынан (жетіден артық) артық ұсыныс болғанда, уақытша комиссия тиісті сайлау комиссиясын сайлау бойынша мәслихат сессиясына рейтінгілік дауыс беруді жүргізуді ұсынады. Уақытша комиссия әрбір депутат үшін дауыс беру бюллетенін дайындайды, осы кандидатураны қандай саяси партия енгізгені көрсетіледі.
      Бюллетеньге кандидатуралар саяси партиялардан ұсыныстардың келіп түсу кезектілігімен енгізіледі. Депутаттар бюллетеньге кандидатуралар тектерінің және саяси партиялардың атауларының оң жағында барлығы жеті квадратта (крест, галочка) белгі қояды. Алғашқы жеті орынға ең көп дауыс алған саяси партияның өкілдері сайланған болып саналады.
      Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің жетіден кем ұсыныс түскен кезде уақытша комиссия жетіспейтін кандидатуралар бойынша бос орындарға басқа қоғамдық бірлестіктер мен жоғарғы тұрған сайлау комиссияларынан ұсыныс енгізеді.
      50. Рейтингілік дауыс бергеннен кейін Есеп комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының төрағасын, орынбасарын, хатшысын сайлау жөніндегі сайлау комиссиясының ұйымдастыру мәжілісін жүргізетін сайлау комиссиясының мүшесін атайды. Бұл кандидатураны Есеп комиссиясы мәслихат депутаттарының берген көпшілік дауыстарының санына қарай анықтайды. Депутаттар дауысы тең болған жағдайда аталмыш кандидатура депутаттардың ашық дауыс беруімен анықталады.
      Аймақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясы құрылғаннан кейін кемінде жеті күн ішінде сайлау комиссиясының мәжілістерінде сайланады.
Қалалық мәслихат сайлау комиссияларының құрамдарын және өзгерістерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Жарияланатын материалдардың көлемі сол басылымның бір нөмірінде оның қосымшасымен бірге жарияланады.
      Ескерту. 50-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2006.12.20 N 38/371 шешімімен.

8. Депутаттардың өзара қатынастары және депутаттық әдеп Қағидалары

      51. Қалалық мәслихаттың депутаттарының тәртібінің моральдық критерийі болып жоғарғы адамгершілік принциптерінің, жақсылық идеалдарының, парасаттылық, әділдіктің және заңдылықтың жолын ұстаушылық болып есептеледі.
      52. Депутатқа өзінің қадыр-қасиетін сақтау және басқа депутаттардың қадыр-қасиетін, сондай-ақ депутаттық міндеттерін орындауына қатысты азаматтардың және лауазымды адамдардың қадыр-қасиеттерін құрметтеу керек. Құрамына өзі сайланған, қалалық мәслихатты, оның өзінің беделін түсіретін шағымдардан, іс-қыймылдан және қылықтан тартыну керек.
      53. Қалалық мәслихаттың депутаты бұқаралық ақпарат құралдарымен және лауазымды адамдармен, мемлекеттік органдармен өзара қатынастарда өзінің депутаттық статусын өзінің мақсатында пайдаланбауы тиіс.
      Ол сессияның, тұрақты комиссиялардың мәжілістерінің қалыпты жұмысына, сөйлеушілердің сөзін бөлуге, зәбірлеуге және қорқытуға құқықты емес.
      Депутат сессияларда және тұрақты комиссиялардың мәжілістерінде сөз сөйлегенде, бұқаралық ақпарат құралдарында, пресс-конференцияларда, митингілерде мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, азаматтардың қызметіне түсінік бергенде шүбасыз, тексерілген фактілерді ғана пайдалануы керек.
      Егер депутат көпшілік алдында сөз сөйлегенде шүбасыз емес немесе тексерілмеген фактілерді қасақана немесе абайсызда пайдаланса, депутат өзінің дөрекілігін мойындап мүддесіне және абройына нұқсан келтірген, депутаттардан, органдардан, адамдардан көпшілік алдында кешірім сұрауы керек.
      54. Депутатық әдепті сақтау және қалалық мәслихаттың депутаттарының өзара қатынастары туралы сұрақтарды қарау бюджет, адам құқығын қорғау, әлеуметтік сала бойынша тұрақты комиссиясымен жүзеге асырылады.
      Егер де депутат депутаттық әдепті бұзатын әрекет және сөз сөйлесе, онда оған депутаттық мін тағу қолданылады.
      55. Қалалық мәслихаттың сессиясына қатыспаған немесе сессия өткізіліп жатқан мезгілде сессия төрағасының рұқсатынсыз шығып кеткен депутат жоғарыда көрсетілген тұрақты комиссияға қатыспаудың немесе шығып кетудің себептері туралы түсініктеме береді.
      Ескерту. Регламент 8 тараумен толықтырылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2006.12.20 N 38/371 шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады