Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2010.06.17 N 23/278 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы" Зандарына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысымен, Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министірінің 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-П "Атаулы әлеумеметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын белгілеудің ережесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2009.09.10 N 16/199 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
1. Ұсынылып отырған аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң күшіне енеді.
Сессия төрағасы Д. Қожабеков
Абай аудандық
мәслихатының хатшысы Б. Цай
"КЕЛІСІЛДІ"
"Абай ауданының еңбекпен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы С. Ақсанов
"Абай ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Ж. Мәкенова
"Абай ауданының тұрғын үй
коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі"
мемлекеттік мекемесі бастығының
міндетін атқарушы Е. Попова
"Абай ауданының қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы С. Садық
Абай аудандық мәслихатының
2006 жылғы 08 тамызда 34 кезектен
тыс сессиясының N 34/335 шешімімен
бекітілген
Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің
Қағидалары
Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысымен, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-П "Атаулы әлеуметтік көмек алуға үмітер адамның (отбасының) жиынтық табысын белгілеудің ережесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленген және аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібін анықтайды.
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2009.09.10 N 16/199 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
1. Осы Қағидада мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Тұрғын үй жәрдемақысы - тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметті тұтыну, төлем шығындарын қайтару үшін, сондай-ақ қалалық және ауылдық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылулары бойынша тұрғындардың аз қамтылған топтарына берілетін өтемақы;
2) отбасы - заңнамада белгіленген тәртіппен бір мекенжай бойынша бірге тұратын және тіркелген, отбасы құрамында тұратын некеден, туыстық, асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың басқа да үлгілерінен шығатын мүліктік және мүліктік емес құқықтармен және міндеттермен байланысатын тұлғалар тобы;
3) өтініш беруші (жеке тұлға) – жеке өз басының немесе отбасының атынан тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш беруші тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші);
4) жиынтық табыс – отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы сомасы;
5) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жөніндегі уәкілетті орган - қаланың, ауданның жергілікті атқарушы органы – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі - уәкілетті орган);
6) жәрдемақыны беру жөнiндегi уәкілеттi ұйым - екiншi деңгейдегi банктер немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар.
7) аудан тұрғындарына қызмет көрсету орталығы.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2009.09.10 N 16/199 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
2. Тұрғын үй жәрдемақылары тұрғылықты мекен-жайда тұрақты тұратын адамдарға мынандай жағдайда, егер тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметті тұтыну төлеміне шыққан шығын тұрғын үй алаңының мөлшері шегінде болса, нақты тұратын жалпы алаң көлемінен жоғары болмай және осы мақсатқа жіберілетін шығындар шегіндегі үлестен артпайтын отбасы бюджетінің коммуналдық қызметті тұтыну мен тұрғын үйді ұстауға, сонымен қатар қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына шыққан шығындар мөлшері болса ғана беріледі. Тұрғын үйді ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 13% мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленеді
Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2008.10.07 N 9/105 (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Көрсетілетін тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін анықтау
3. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органдарымен келесі мөлшерде беріледі:
1) өтемақымен қамтылған тұрғын үй алаңының нормалары тұрғын үй заңнамаларымен бекітілген (18 шаршы метр) отбасының әр мүшесіне ұсынылған тұрғын үй нормаларына балама, көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғызбасты азаматтар үшін - 30 шаршы метр; бірақ бір бөлмелі пәтердің ауданынан кіші емес.
2) бір адамға тұтынылатын коммуналдық қызметтер мөлшері:
газ:
орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталған жағдайда - бір адамға айына 8 килограмм;
орталықтандырылған ыстық су болмаған жағдайда – бір адамға айына 10 килограмм;
қатты отын:
1 шаршы метр алаңды жылытуға – 1-2 қабатты үйлер үшін 346 килограмм, 3-4 қабатты үйлер үшін 225 килограмм, 5 қабатты үйлерге 134 килограмм (барлық жылу беру мерзімін 7 ай деп есептегенде, бірақ 7 тонна қатты отыннан артық емес пешпен жылу беруге арналған тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау және төлеу 1 рет жүргізілсін).
Тұрғын үй жәрдемақысын есептеу барысында статистика органдарының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы облыстың қалалары мен аудандарында қалыптасқан көмір бағасы пайдаланылады.
отбасына электр қуатын тұтыну:
газ плитасы бар үйлерде - 150 киловатт;
электр плитасы бар үйлерде – 250 киловатт.
3) cуық суды, канализацияны, ыстық суды, қоқыс төккішті, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары (пәтер меншіктерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері және әрі қарай) басқару үлгісіне байланыссыз тарифтерді бекітетін органмен белгіленеді.
Ескерту. 3 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2008.10.07 N 9/105 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); 2009.09.10 N 16/199 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.
4. Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынудың төлемі жалпы негізде белгіленген мөлшерден жоғары жүргізіледі.
3. Тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау және төлеу тәртібі
5. Тұрғын үй жәрдемақылары осы елді мекенде тұрақты тұратын және үй иелері немесе пайдаланушысы болып табылатын (жалға алушы, жалдаушы) жеке тұлғаларға тағайындалады. Отбасы құрамында балалары, немерелері бірге тұратын, пәтер иесі болып табылатын зейнеткерлерге жәрдемақы балалары мен немерелері осы Қағиданың 3 тармағының 1 тармақшасына сәйкес өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін тұрғын үй аудандарының нормаларына сәйкес кірістерді есепке алынбай тағайындалады.
Ескерту. 5 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2008.10.07 N 9/105 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
6. Жеке меншігінде бірнеше үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйлерін жалға беретін (жалдайтын) немесе жалдайтын отбасылары тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтарын жоғалтады.
7. Егер де күтімді қажет етеді деп танылған мүгедектерге күтім жасайтын, 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеу (бір немесе бірнешеу) және сондай-ақ 4 және одан да көп баланы - бірінші сыныпты ең кіші баланың аяқтауына дейін (бірақ 9 жастан үлкен емес) тәрбиелеумен айналысатын адамдарды есепке алмағанда отбасында жұмыс істеуге қабілеті бар адамдар тұрса, еш жерде жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздығы жөнінде тіркелмеген және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алушы болып табылмайтын адамдардың тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтары жоқ.
8. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға тұрғын үй жәрдемақын алушысының қалалық телекоммуникация желісінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына төлем мен тұрғын үй жәрдемақы алуға үміткер отбасылардың шығындар деңгейінің айырмасы ретінде есептеледі.
9. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтер және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына нақты төлемақыны аудару сомасынан артуы тиіс емес.
10. Тұрғын үй жәрдемақысы қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз беріледі. Қолма-қол ақысыз төлемнің үлгісі – бұл тұрғын үй жәрдемақысының тең сомасына тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді ұстауға төлемді азайтады. Тұрғын үй жәрдемақысының сомасы комммуналдық қызметтерді жеткізушіге аударылады.
Қолма-қол үлгісі ақшалай төлем түрінде белгіленеді. Тұрғын үй жәрдемақысының төлемі жәрдемақылар төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдар бюджет қаражаты есебінен азаматтардың салымы бойынша есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тұрғын үй жәрдемақыларын төлеу формасын таңдау құқығы (қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз) алушыға беріледі.
11. Тұрғын үй жәрдемақысының төлемдерін қаржыландыру Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылады.
12. Уәкілетті орган тағайындалған тұрғын үй жәрдемақысының төлемдеріне қажеттілікті қалыптастырады және қаржы органдарына ай сайын тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жөнінде мәліметтер береді.
4. Тұрғын үй жәрдемақыларын беру мерзімдері
13. Тұрғын үй жәрдемақылары тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді бере отырып, өтініш берілген айдан бастап барлық қажетті құжаттармен бір жылға тағайындалады. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың қайта тіркелуі құжаттарды алғаш рет тапсырған рәсіміне сәйкес болады.
Тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді ұсынған отбасылар құжаттарды нақты тапсырған күннен бастап емес, тұрғын үй жәрдемақысын бір тоқсанға алады.
Ағымдағы тоқсан бойы отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді ұсынбаған отбасылар, себебіне қарамай, тұрғын үй жәрдемақыларын есептеу құжаттар ұсынылған айдан бастап жүргізіледі.
14. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар 15 күннің ішінде тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығына және мөлшеріне әсер ететін жағдайлар жөнінде уәкілетті органдарға хабарлауы керек.
15. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге рұқсат етілетін шығындар шегінің үлесі, коммуналдық қызметтердің тарифтері өзгерген жағдайда бұрында тағайындалған жәрдемақылар тиісті өзгерістер болған уақыттан бастап қайта тағайындалады.
16. Жәрдемақыға құқықтыларды анықтау кезде басқа қалаларда уақытша тұратыны тиісті құжаттармен дәлелденген адамдар есепке алынбайды.
5. Тұрғын үй жәрдемақыларын өтіну және есептеу тәртібі
17. Тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе аудан тұрғындарына қызмет көрсету орталығына келесі құжаттармен өтінеді:
1) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) тұрғын үйге құқығын анықтайтын құжаттардың көшірмесі (ордер, тұрғын үйдің жекешелендіргені туралы келісім-шарт, сату-сатып алу келісім-шарты, сыйға беру келісім-шарты, мұрагерлік құқығы жөніндегі куәлік, жалдау (жалға алу) келісім-шарты, меншік құқығын тану жөніндегі сот шешімі және басқалар);
4) отбасы құрамын (азаматтарды тіркеу кітабы, пәтердің карточкасы, үй кітабы) және тұрғылықты жерін анықтайтын құжаттың көшірмесі;
5) өтініш берушінің отбасы жағдайын анықтайтын құжаттың (неке туралы немесе некені бұзу туралы куәлік, жалғызбасты 65 жастан асқан адамдарды қоспағанда) көшірмесі;
6) отбасы мүшелерінің қызмет түрі жөнінде мәлімет (еңбек кітапшасының көшірмесі, жұмыс орнынан анықтама және басқалар);
7) тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге төлеу жөніндегі шығындар туралы мәліметтер (квитанция);
8) өтініш берушінің қалалық және ауылдық телекоммуникациялар желісінің абоненті екендігін анықтайтын (телекоммуникация қызметтерін қолданғаны үшін шотының квитанциясы немесе келісім-шарт) құжаттың көшірмесі;
9) отбасы мүшелерінің табысы жөнінде мәлімет;
10) жұмыссыздар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органның анықтамасын тапсырады;
Ескерту. 17 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2009.09.10 N 16/199 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
18. Құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі салыстырып тексеру үшін тапсырылады, одан соң түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
19. Қажеттілігіне қарай, уәкілетті органның тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеруге құқығы бар (арнайы комиссияның тапсырысы бойынша). Тексеру актісі тұрғын үй жәрдемақысын алушының жеке ісіне тіркеледі.
20. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесінде отбасына тұрғын үй жәрдемақысын беру жөнінде келісім-шарт жасалады. Келісім-шарт екі данада жасалып, оның біреуі тұрғын үй жәрдемақысын алушыда сақталады. Аталған келісім-шарт тұрғын үй жәрдемақысын беру үшін негіз болып табылады. Уәкілетті органмен ай сайын тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау есебі жүргізіледі, ол өтініш берушінің өтініміне қарай беріледі.
21. Дау-жанжал туған кезде немесе сәйкес келмейтін жағдайлар болған кезде тұрғын үй жәрдемақысы туралы мәселені шешу үшін уәкілетті орган жанындағы арнайы комиссияның қарауына енгізіледі. Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда жәрдемақыға үміткер тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте сот арқылы шешіп алуға құқығы бар.
21-1. Тұрғын үй жәрдемақысын заңсыз немесе күмәнді мәліметтер бойынша артық мөлшермен алған жағдайды анықтағанда, тұрғын үй жәрдемақысын төлеу тоқтатылады. Заңсыз алынған сома ерікті түрде қайтарылуы тиіс, ал бас тартқанда заңмен белгіленген тәртіпте.
Ескерту. Қағида 21-1 тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2009.09.10 N 16/199 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
6. Жиынтық табысты есептеу тәртiбi
22. Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үмiткер отбасының жиынтық табысын (бұдан әрi – жиынтық табыс) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган есептейдi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган).
23. Отбасының жиынтық табысын есептегенде отбасы құрамында бірге тұратын, шаруашылықты бірге жүргізетін және тұрғылықты бір жерде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Есептi кезеңде құрамында өзгерiстер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде келген (кеткен) отбасы мүшесiнiң табысы келесі тоқсанның бірінші айынан бастап есепке алынады (есепке алынбайды).
24. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде тұрғын үй жәрдемақысына өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы (бұдан әрi - есептi кезең) Қазақстан Републикасында және одан тыс жерлерде ақшалай немесе заттай түрде алынған табыстың барлық түрлерi есептеледі.
25. Егер отбасының бір мүшесі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, осы тоқсанда жұмыс істеген барлық уақыты отбасының жиынтық табысына есептеледі.
26. Бір тоқсаннан астам уақытқа төленуге тиесілі табыс бiр мезгілде алынған кезде (оның iшiнде жалақы, алимент, зейнетақы, жәрдемақылар және т.б. бойынша берешектер) жиынтық табысқа есептiк кезеңде алынған табыстың барлық соммасы есептеледі.
27. Шетелдiк валютада алынған табыс Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасында және бухгалтерлiк есеп стандарттарында белгiленген тәртiппен валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледi.
28. Орташа жан басына шаққандағы табыс отбасының тоқсан ішіндегі жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен белгіленеді.
7. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде есепке алынатын табыс түрлері
29. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептi кезеңде алынған табыстың мынадай барлық түрлерi есепке алынады:
1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыстар;
2) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыстар;
3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыстар;
4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыстар;
5) өзге де табыстар.
30. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
1) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
2) тұрғын үй жәрдемақысы;
3) жерлеуге арналған бiр жолғы жәрдемақы;
4) баланың тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы;
5) жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек.
Егер жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледi;
6) осы отбасында тұрмайтын отбасы мүшелерінің біреуіне төленетiн алимент;
7) азаматтардың тегiн немесе жеңiлдiкпен протездеуге баруға жол ақысын төлеу;
8) протездеу уақытында азаматтарды қамтамасыз ету;
9) азаматтардың елдi мекеннен тыс жерлерге емделуге жеңілдiкпен баруға жол ақысының құны;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін заттай көмек түрлері:
дәрілiк препараттар;
санаторийлiк-курорттық емдеу;
протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);
жүрiп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен мүгедектерге бөлiнген басқа да сауықтыру құралдары;
бiлiм алу кезеңiнде оқушыларды тегiн тамақтандыру.
11) ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
12) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкiне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетiлген көмек;
13) азық-түлік тағамдарына бағалардың өсуіне байланысты аз қамтылған азаматтарға ақшалай және азық-түлік түрінде көрсетілетін көмек.
Ескерту. 30 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2008.10.07 N 9/105 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
8. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрінде алынған табыс
31. Жиынтық табысты есептеу кезiнде отбасының мынадай (осы Ереженiң 30 тармығында көрсетiлгендерден басқа) түрде алынған табысы есепке алынады:
1) жұмыс берушi еңбекақы ретiнде есептеген, атап айтқанда:
жалақының барлық түрлерi, оның iшiнде кесiмдi, мерзiмдi, сондай-ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақысы сақталатын кезеңге қызметкерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетiн ақшалай соманы қоса алғанда, қаржыландыру көзiне қарамастан);
демалыс уақытында сақталатын жалақы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн ақшалай өтемақы;
ұйым (заңды тұлға) таратылған немесе жұмыс берушiнiң (жеке тұлғаның) қызметi тоқтатылған, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайда жеке еңбек шартының бұзылуы кезiнде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде төленетiн өтемақылар;
уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңiндегi жалақы;
маусымдық жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің жалақысы оны алған кезеңнен бастап отбасының жиынтық табысына есептеледі. Жалақы болмаған кезеңде ол жиынтық табысқа есептелмейді;
сақтандыру агенттерi мен брокерлерге төленетiн комиссиялық сыйақы;
бала туғанда және жерлеуге берiлетiн жәрдемақылардан басқа, жалақы есептеу кезiнде ескерiлмейтiн және ұйым қаражатының есебiнен төленетiн басқа да төлем түрлерi;
мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң ақшалай үлесiн қоспағанда, әскери қызметшiлердiң, оның iшiнде келiсiм-шарт бойынша қызмет өткерiп жүргендердiң және iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, сондай-ақ соларға теңестiрiлген азаматтар санаттарының үстеме ақылары мен қосымша ақылар ескерiлген ақшалай үлесi;
жалдау бойынша төленетiн еңбекақы;
жұмыс берушi төлеген несие сомасы. Көрсетiлген төлемдер несиені өтеудiң белгiленген мерзiмiне бөлiп таратылады;
2) әлеуметтiк төлемдер, атап айтқанда:
Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген тәртiппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлерi, олардың өтемақы төлемдерi;
мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайына және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар;
арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар;
жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттiк арнаулы жәрдемақылар;
мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;
бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар;
18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға арналған жәрдемақы;
үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек-балаларды материалдық қамсыздандыру;
қаржыландыру көзiне қарамастан, оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, басқа да оқу орындарының тыңдаушыларына төленетiн стипендия;
жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен берiлетiн әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақылар;
1, 2 - топтағы жалғызбасты, басқа адамның көмегiне мұқтаж мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларына қосылатын күтiмге арналған қосымша үстеме ақылар мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының шешiмi бойынша бюджеттен берiлетiн басқа да ұдайы төлемдер;
жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен көрсетiлетiн, қалаiшiлiк қоғамдық көлiкте жүруге берiлетiн материалдық (әлеуметтiк) көмек;
заңдарға және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес берiлетiн, осы Ереженiң 30 тармағында көрсетiлгендерден басқа, заттай көмек түрлерiнiң құны, сондай- ақ осы көмектiң орнына төленетiн сома;
осы бөлiмде көрсетiлген, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары, мекемелер мен басқа да ұйымдар белгiлеген барлық төлем түрлерiне өзге де үстеме ақылар мен қосымша ақылар.
32. Жиынтық табыстың құрамына қызметкер еңбек және қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде оның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы заңнамаға сәйкес жұмыс берушi төлейтiн бiр жолғы төлемдер мен ай сайынғы сома қосылады.
33. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша (қатар және басқа) жұмыстарды орындайтын адамдардың табысы келісім-шарт әрекет ететін бүкiл кезеңге есептеледі. Алынған табыс жұмысты орындау үшiн шартта көзделген айлардың санына бөлiнедi және есептi кезеңге келетiн айлардағы жиынтық табыста есепке алынады.
34. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша, оның iшiнде ғылыми, әдеби және өнер туындыларын және т.б. жасауға, шығаруға, орындауға немесе өзге де пайдалануға алынған, осы шарт есебiне аванспен төленетiн сый ақылар аванс берудiң бүкiл кезеңіне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады, ал қалған сома шарттың аванс бергеннен кейiнгi қолданылу кезеңiне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады.
35. Авторлық сыйақылар (шарттар болмаған кезде), сондай-ақ жаңалық ашқаны, өнердегі табыстары мен рационализаторлық ұсыныстары үшiн сыйақылар жиынтық табысқа сыйақы сомасын ол алынған айлардың санына бөлуден алынған үлес мөлшерiнде қосылады және есептi кезеңге келетiн айлардың санына көбейтiледi.
36. Еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыстар олардың мөлшерi туралы анықтамалармен расталады.
9. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен алынған табыстар
37. Жиынтық табысты есептеу кезiнде кәсiпкерлiктен және басқа да қызмет түрлерiнен:
1) өнiмдi (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан;
2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлiктi сату кезiндегi құн өсiмiнен;
3) шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде және шартты жер үлесi мен мүлiк жарнасынан;
Шаруа қожалығы мүшелерiнiң жиынтық табысын есептеу салық органдарына ұсынылатын, алынған табыс туралы декларацияда көрсетiлген ауыл шаруашылығы өнiмiн сатудан нақты алынған табыс ескерiле отырып жүргiзiледi. Бұл ретте жылдық табыс он екі айға бөлiнедi және оның тиiстi бөлiгi айқындалатын кезеңдегi жалпы жиынтық табысқа қосылады;
4) өзiн-өзi жұмыспен қамтудан түскен табыс есепке алынады.
38. Жекелеген азаматтарда жұмыс iстейтiн адамдар жалақысын шарттың көшiрмесiмен, жалға алушының анықтамасымен немесе өтiнiш негiзiнде растайды.
Жекелеген азаматтарда келісім-шарт жасамай жұмыс iстейтiн тұлғалардың жиынтық табысы олардың өтiнiштерi негiзiнде расталады. Бұл ретте жалақының заттай бөлiгi жиынтық табысқа нарықтық баға бойынша ақшалай баламада қосылады.
39. Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халықтың табысы жазбаша өтiнiшпен расталады.
40. Кәсiпкерлiк қызметпен арнаулы салық режимi жағдайында айналысатын адамдардың табысы бiр жолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негiзiнде расталады.
Шаруа (фермерлік) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде алынған табысты қоса алғанда, ресми расталмаған табыс әрбiр жұмыс iстеушiге шаққанда ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
10. Балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс
41. Балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент жиынтық табыс құрамында есепке алынады.
Алименттер, сондай-ақ алимент төлеушiнiң жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттiң қосымша сомасы жиынтық табысқа олардың алынған уақыты бойынша есепке алынады.
42. Адамдардың асырауындағыларды ұстауға мiндеттi адамның тұрғылықты жерi туралы мәлiметтердiң болмауы себебiнен алимент өндiрiп алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, отбасының жиынтық табысы көрсетiлген адамның iздеуде жүргенi туралы тиiстi органдардан алынған құжаттар қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде есептеледi.
43. Егер алиментті төлеуші бостандығынан айыру орындарында немесе уақытша ұстайтын изоляторда болса, онда түзеу мекемесінен балаларға алименттер аударылмайтындығы жөнінде анықтама ұсынылады.
44. Егер алиментті төлеуші туберкулездік, психоневрологиялық, наркологиялық диспансерде емделіп жатса, онда емдеу мекемесінің анықтамасы беріледі.
45. Егер төлеушi алимент төлеуден жалтарса, алимент жиынтық табысқа есепке алынбай есептеледi.
46. Егер ата-анасының арасында неке бұзылмаған болса, жұбайлардың бiреуiнен алимент өндiрiп алынса, егер жұбайы отбасымен бiрге тұрса оның табысы жиынтық табыста толық есепке алынады. Жұбайлар бөлек тұрған жағдайда, отбасының жиынтық табысында алимент есепке алынады.
47. Егер баланың анасы баланың әкесімен тіркелген некеде тұрмаса, онымен бірге тұрмаса және алимент өндіріп алу туралы сот шешімі болмаса алиментті жиынтық табысқа есепке алмай, есептеледi.
48. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алимент ұйымдардың аударылған алимент туралы анықтамаларымен не пошта аударымдарынан алынған алимент туралы квитанциясымен, сондай-ақ сот органдарының алимент өндiрiп алу туралы шешiмi қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде расталады. Алимент бойынша 3 айдан астам кезең үшiн берешек пайда болғанда, сот орындаушысының алимент бойынша берешектi айқындау туралы қаулысы ұсынылады.
11. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыс
49. Жеке қосалқы шаруашылығынан (үй малын, құс өсіруден, ауыл шаруашылығы (гүл) өнімдерін өсіруден) түскен табыс жиынтық табыстың құрамына қосылады.
50. Жиынтық табыста есепке алынатын жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылығы (гүл) өнiмдерiн өсiруден, мал мен құс ұстаудан және өсiруден алынған табыс өтiнiш берушiнiң кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi немесе басқа да құзыреттi орган растаған жеке қосалқы шаруашылығының болуы және мөлшерi туралы мәлiметтерiнiң негiзiнде әрбiр отбасы бойынша есептеледi.
51. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты уәкiлеттi орган осы Ереженің 1, 2, 3, 4 қосымшаларының негiзiнде есептейдi.
Жеке қосалқы шаруашылықта өсiрiлген гүл өнiмдерiн сатудан, сондай-ақ терiсi бағалы аңдар, ара, құс (тауықтан, қаздан, үйректен басқа) өсiруден алынған табыс жиынтық табысқа жазбаша өтiнiштiң негiзiнде қосылады.
52. Бiр сотка жерден (бip бастан) өндiрiлген өнiмнiң құны өсiрiлетiн дақылдың орташа түсiмiн (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнiмдiлiгiн) 1 кг өнiмнiң орташа бағасына көбейту жолымен айқындалады (ocы Ережеге 2 қосымшасына сәйкес) және шығыстардың орташа деңгейi шегерiледi.
53. Табысты есептеу үшiн алдыңғы күнтiзбелiк жылдың өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнiмдерiне облыста қалыптасқан, облыстық статистика органдары облыстық уәкiлеттi органға ұсынатын орташа жылдық бағалары пайдаланылады.
Малды (құсты) есептi кезеңде сату кезiнде жиынтық табысқа облыстық статистика органдарының деректерi бойынша тiрi мал нарығында қалыптасқан бағалар бойынша бiр жолғы табыс қосылады.
Жиынтық табыс жұмыс малы (жылқы, түйе және басқалары) мен бiр жыл iшiнде төлдемеген малдан (мәселен, қысыр сиыр) түскен табыс ескерiлмей есептеледi. Жеке қосалқы шаруашылықта көрсетiлген мал бiр жылдан астам ұсталса, табыс етті малдан түскен табыс ретiнде есепке алынады.
54. Осы Ереженің 3 қосымшасына сәйкес өнiм бермейтiн жастағы (төл) үй малынан, құстан түсетiн табыс ол сыйға тартылған немесе өткiзiлген (сату, сою және т.б.) жағдайда ғана есепке алынады. Төлдiң құны отбасының жиынтық табысына тiрi мал нарығында қалыптасқан, облыстық статистика органдары ұсынған бағалар бойынша қосылады.
55. Осы Ереженiң 51 тармағында көрсетiлгендерден басқа, үй малы, құс болған кезде жиынтық табыс табыстың жылдық сомасын он екi айға бөлу жолымен айқындалады. Шыққан сан есептi кезеңдегi айлардың санына көбейтiледi.
56. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс есебiнiң жеке нормативтiк карточкасын осы Ереженің 4 қосымшасына сәйкес балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң деректерi негiзiнде толтырады.
12. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын өзге табыстар
57. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде мынадай өзге де табыс есепке алынады:
1) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден;
2) бағалы қағаздардан (дивидендтер);
3) шетелдiк валютаны өткiзуден;
4) асыл тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлiк бұйымдарды және құрамында асыл тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындыларын және антиквариат сатудан;
5) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан;
6) авторлық сыйақы түрiндегi;
7) жылжымайтын мүлiктi, көлiк құралдарын және басқа да мүлiктi сыйға тарту, мұрагерлiкке алу түрiнде алынған;
8) несиені (шағын несиені) пайдаланудан;
9) қайтарымсыз алынған ақша;
10) ақша салымдары бойынша сыйақы (мүдде);
11) ақшалай аударымдар;
12) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлiк бағалы қағаздар бойынша ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және (немесе) заттай түрдегi ұтыстар;
13) туысқандарының және басқа да адамдардың ақшалай және заттай көмегiн (құн түрiнде) қоса алғанда, өзге де мәлiмделген табыс.
Көрсетiлген табыстар алынған уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтiнiшпен расталады.
Орта білім беру, сондай-ақ жоғары және орта арнаулы білім беру жүйесінде ақылы негізде күндізгі бөлімде оқитын шәкіртақы алмайтын студенттердің жиынтық табысына ерікті танылған табысы есептеледі.
58. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден алынған, ресми расталмаған табыс бiр айдағы ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
59. Алынған несиелердiң (шағын несиелердiң) сомасы жиынтық табыста есепке алынбайды.
60. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан алынған табыс оның алынған күннен бастап бірге жалпы жиынтық табысқа қосылады.
Басқа тұрғын үй (көлiк құралын) сатып алған жағдайда, жылжымайтын мүлiктi (көлiк құралын) сатудан алынған сома мен сатып алынған тұрғын үй (көлiк құралы) құнының арасындағы айырма отбасының жиынтық табысында есепке алынады.
Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді
ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету
үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және
қалалық телекоммуникация желілерінің
абоненттеріне телефон үшін абоненттік
ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы
берудің Қағидаларына
1 қосымша
Табиғи жағдайлары бойынша әкімшілік-аумақтық аудандардың атауы
N |
Әкімшілік-аумақтық бірлік |
Табиғи зона |
1 |
Абай ауданы |
Қуаң дала |
Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді
ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету
үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және
қалалық телекоммуникация желілерінің
абоненттеріне телефон үшін абоненттік
ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы
берудің Қағидаларына
2 қосымша
Қуаң дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы
Өсімдік шаруашылығының өнiмi
Өнiм |
Жердiң 1 соткасының орташа түсiмi, кг |
Жердiң 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге |
1 кг өнiмнiң орташа бағасы, теңге |
1 соткадан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.) |
1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ. 3-бағ.) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Бидай |
|||||
Арпа |
|||||
Қарамық |
|||||
Жүгерi (жасыл салмағы) |
|||||
Көп жылдық шөптер |
|||||
Бiр жылдық шөптер |
|||||
Картоп |
|||||
Көкөнiстер |
|||||
Бақшалар |
|||||
Шекілдеуiк бақтары (алма, алмұрт және басқалары) |
|||||
Сүйектi жемiс бақтары (өрiк, қара өрiк және басқалары) |
|||||
Жидек дақылдары |
|||||
Жүзім |
Мал шаруашылығының өнімi
Өнiм |
1 бастан алатын орташа өнімділік кг (л) |
1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге |
1 кг өнiмнiң, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге |
1 бастан өндірілген өнімнің орташа бағасы теңге (2-бағ. х 4-бағ.) |
1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-ағ.) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Сүтті iрi қара мал (сүт) |
|||||
Eтті iрi қара мал (сиыр еті) |
|||||
Шошқалар (шошқа еті) |
|||||
Қойлар, ешкілер ет/жүн |
|||||
Жылқы (жылқы еті) |
|||||
Түйе (түйе еті) |
|||||
Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа) |
|||||
Етті құс (құс еті) |
|||||
Жүзім |
Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді
ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету
үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және
қалалық телекоммуникация желілерінің
абоненттеріне телефон үшін абоненттік
ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы
берудің Қағидаларына
3 қосымша
Азық-түлік пайдаланылатын үй малдары мен құстарының жасы
Малдардың түрi |
Өлшем бірлігі |
Өнiм беру жағдайына жеткен мал төлiнiң және құстардың жасы |
Iрi қара мал |
ай |
25 |
Қойлар мен ешкiлер |
ай |
12 |
Шошқалар |
ай |
10 |
Жылқылар |
ай |
16 |
Түйелер |
ай |
18 |
Жұмыртқалайтын құс |
күн |
195 |
Етті құс |
күн |
125 |
Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді
ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету
үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және
қалалық телекоммуникация желілерінің
абоненттеріне телефон үшін абоненттік
ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы
берудің Қағидаларына
4 қосымша
Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетiн табыс есебiнiң үлгі жеке нормативтік карточкасы
Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә ________________________________________
Мекен-жайы ____________________________________________________
Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлерi |
жер, сотка, мал басы, саны |
жылына түсетiн табыс нормативi, теңге |
жылына түсетiн табыстың барлығы, теңге |
бiр тоқсанда түсетiн табыстың барлығы, теңге |
Бидай |
||||
Арпа |
||||
Дәнi алынатын жүгерi |
||||
Күрiш |
||||
Қарамық |
||||
Картоп |
||||
Көкөністер |
||||
Бақшалар |
||||
Күнбағыс |
||||
Қант қызылшасы |
||||
Темекi |
||||
Шекiлдеуiк бақтары |
||||
Сүйектi жемiс бақтары |
||||
Жемiстер |
||||
Жүзiм |
||||
Көп жылдық шөп |
||||
Бiр жылдық шөп |
||||
Жасыл жемге берiлетiн жүгерi |
||||
Сүттi iрi қара мал |
||||
Еттi iрi қара мал |
||||
Шошқалар |
||||
Қойлар мен ешкілер |
||||
Жылқылар |
||||
Түйелер |
||||
Жұмыртқалайтын құс |
||||
Еттi құс |
||||
Жиыны: бiр жылғы табыс |
||||
Жиыны: бiр тоқсандағы табыс |
200__ж. "__"_________ ______________________________________
(өтiнiш берушiнiң қолы)
____________________________________________________________
(есепті жасаған адамның Т.А.Ә. және қолы)