Абай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 23 сессиясының 2010 жылғы 17 маусымдағы N 23/278 шешімі. Қарағанды облысы Абай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 26 шілдеде N 8-9-84 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы мәслихатының 40 сессиясының 2011 жылғы 28 қарашадағы N 40/488 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы мәслихатының 40 сессиясының 2011.11.28 N 40/488 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" және 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Абай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін берудің ұсынылған Ережесі бекітілсін.
      2. Күші жойылды деп танылсын:
      1) Абай аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 8 тамыздағы 34 кезекті сессиясының N 34/335 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидаларын бекіту туралы" шешімі, (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне - 2006 жылғы 7 қыркүйекте N 8-9-22 болып тіркелген, "Абай-Ақиқат" аудандық газетінің 2006 жылғы 16 қыркүйектегі N 37 (3631) санында жарияланған);
      2) Абай аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 7 қазандағы 9 кезекті сессиясының N 9/105 "Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 8 тамыздағы 34 сессиясының N 34/355 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі, (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне - 2008 жылғы 20 қазанда N 8-9-48 болып тіркелген, "Абай-Ақиқат" аудандық газетінің 2008 жылғы 31 қазандағы N 43 (3736) санында жарияланған);
      3) Абай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 10 қыркүйектегі 16 кезекті сессиясының N 16/199 "Абай аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 8 тамыздағы 34 сессиясының N 34/355 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі, (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне - 2009 жылғы 15 қыркүйекте N 8-9-67 болып тіркелген, "Абай-Ақиқат" аудандық газетінің 2009 жылғы 25 қыркүйектегі N 41 (3784) санында жарияланған).
      3. Осы шешім оларды алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбе күн өткен соң күшіне енеді.

Сессия төрағасы
К. Қанжекеев
Абай аудандық
 
мәслихатының хатшысы
Б. Цай
КЕЛІСІЛДІ
 
"Абай ауданының жұмыспен
 
қамту және әлеуметтік
 
бағдарламалар бөлімі"
 
мемлекеттік мекемесінің бастығы
С. Ақсанов
2010 жыл 17 маусым
 
"Абай ауданының экономика
 
және бюджеттік жоспарлау
 
бөлімі" мемлекеттік
 
мекемесінің бастығы
Ж. Макенова

      
      2010 жыл 17 маусым

  Абай аудандық мәслихатының
2010 жылғы 17 маусымдағы
23 кезекті сессиясының
N 23/278 шешімімен
бекітілді

Абай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету
Ережесі

      Осы Ережелер Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі N 710 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифiнің көтерілуіне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін анықтайды.
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2010.12.23 N 31/385 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбе күн өткен соң күшіне енеді) шешімімен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) арнайы комиссия – тұрғын үй көмегін тағайындау (бас тарту) мәселелері бойынша дау, жанжал немесе қалыпсыз жағдайларды қарастыратын уәкілетті орган жанындағы комиссия;
      2) коммуналдық қызметтер – тұрғын үйде (тұрғын үй ғимаратында) көрсетілетін сумен жабдықтау, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, пеш жылуы, тұрғын үйді ұстау, қоқыстарды жою және лифтімен қамтамасыз ету қызметтері;
      3) кондоминиум – үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда, жылжымайтын мүлікке меншіктің нысаны;
      4) кондоминиум объектісі – жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің, дара (бөлек) меншігіндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардан және оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;
      5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу – ғимараттың (объектінің) негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін, қажет болған жағдайда құрылымдық элементтерін және инженерлік жабдықтау жүйелерін өзгертумен, ауыстырумен байланысы жоқ физикалық және моральды тозғандығын жою бойынша құрылымдық және ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралардың кешені;
      6) отбасы - заңнамада белгіленген тәртіппен бір мекен-жай бойынша бірге тұратын және тіркелген, отбасы құрамында тұратын некеден, туыстық, асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың басқа да үлгілерінен шығатын мүліктік және мүліктік емес құқықтармен және міндеттермен байланысатын тұлғалар тобы;
      7) отбасының жиынтық табысы – отбасының тұрғын үй көмегін тағайындауға келген тоқсанның алдындағы тоқсанда ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы сомасы;
      8) өтініш беруші (жеке тұлға) – жеке өз басының немесе отбасының атынан тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш беруші тұлға;
      9) төлем шоты – коммуналдық қызметтерді, тұрғын үйді ұстауға, телекоммуникация жүйелерінің қызметтеріне, күрделі жөндеуге және тұрғын үйді пайдалануға жалға алу ақысын төлеу құжаты (шот, түбіртек, хабарлама, анықтама және т.б.). Қызметті жеткізушілер электронды түрде немесе өтініш беруші қағаз түрінде ұсынады;
      10) тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) ұстау шығындары – жалпы жиналыстың шешімімен бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін эксплуатациялауға және жөндеуге кететін ай сайынғы жарналар арқылы үй-жай (пәтер) иелерінің шығындарының міндетті сомасы;
      11) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) – жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын жайды немесе оның бір бөлігін ақысын төлетіп тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға беру;
      12) уәкілетті орган – тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қалалар) атқарушы органы;
      13) шекті-мүмкін болатын шығын үлесі – отбасының айлық жиынтық табысына тұрғын үйді ұстауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға жұмсалатын жарналар, коммуналдық қызметтерді тұтыну, телекоммуникация желілеріне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну төлеміне, тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге жұмсалған шығындарының шекті мүмкін болатын деңгейінің қатынас пайызы.
      2. Аталған жерлерде тұрақты тұратын отбасыларға (азаматтарға) жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегі:
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға, күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеу үшін қаражат жинақтауға жұмсалатын жарналарға;
      тұрғын үй-жайдың иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға және қатты отынды алуға;
      тұрғын үй-жайдың иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен телекоммуникация желілеріне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге көрсетіледі.
      Тұрғын үй көмегіне есептелетін отбасылардың (азаматтардың) шығыстары жоғарыда аталған бағыттардың әрқайсысына шығыстар сомасы ретінде анықталады.
      Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға жұмсалатын жарналар бойынша өтініш иесінің шығындары тұрғын үй көмегін кезек кезегімен есептеу кезінде күрделі жөндеудің бір түрі бойынша ғана ескеріледі.
      3. Тұрғын үй көмегі, егер тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану ақысының шығындары өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданы нормасының шегінде болса, бірақ осы мақсаттарға жұмсалатын шығындардың мүмкіндік шегі деңгейінен асатын, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, отбасы бюджетіндегі тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді пайдалануға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге сонымен қоса, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы шығындарының нормативтері және нақты қолданыстағы жалпы ауданнан артпайтын болса беріледі.

2. Тұрғын үй көмегінің мөлшері

      4. Шекті мүмкін болатын шығындардың үлесі отбасының жиынтық табысына 13 % мөлшерінде белгіленеді. Абай қаласында тұрақты тұратын және орталық жылу жүйесі бар отбасыларға (азаматтарға) шекті-мүмкін болатын шығындар үлесі жиынтық табысқа 8 % мөлшермен белгіленеді.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2011.03.28 N 34/410 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбе күн өткен соң күшіне енеді) шешімімен.
      5. Тұрғын үй көмегі өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органмен келесі мөлшер бойынша беріледі:
      1) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормалары тұрғын үй заңнамасымен бекітілген отбасының әр мүшесіне ұсынылған тұрғын үй нормасына баламалы (18 шаршы метр). Көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғызбасты азаматтар үшін ауданның әлеуметтік нормасы - 30 шаршы метр; бірақ бір бөлмелі пәтердің ауданынан кіші емес;
      2) коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасы:
      бір адамға көлемдік газ:
      төлем шоттарын ұсына отырып, нақты шығындар бойынша, айына 8 килограммнан аспауы тиіс;
      бір адамға баллон газы:
      төлем шоттарын ұсына отырып, нақты шығындары бойынша, айына 10 килограммнан аспауы тиіс;
      қатты отын:
      жылу кезеңінің ұзақтығы – 7 ай;
      қатты отынды тұтыну, қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсына отырып, нақты шығындары бойынша, жылу кезеңіне бір отбасына 3 тоннадан аспауы тиіс;
      тұрғын үйдің 1 шаршы метр ауданын жылытуға көмір шығындары:
      1985 жылға дейін салынған тұрғын үй ғимараттары үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға 1-2 қабатты үйлер үшін 161 килограмм көмір (жылу кезеңіне есептегенде), 1 шаршы метр ауданды жылытуға-3-4 қабатты үйлер үшін 98 килограмм көмір (жылу кезеңіне есептегенде);
      1985 жылдан кейін салынған тұрғын үй ғимараттары үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға 1-2 қабатты үйлер үшін 125 килограмм көмір (жылу кезеңіне есептегенде), 1 шаршы метр ауданды жылытуға 3-4 қабатты үйлер үшін 72 килограмм көмір (жылу кезеңіне есептегенде).
      Тұрғын үй көмегін есептеу барысында статистика органдарының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы Қарағанды облысы Абай ауданында қалыптасқан көмір бағасы пайдаланылады.
      нақты шығындар бойынша, отбасына электр қуатын тұтыну айына:
      газ плиталарымен жабдықталған үйлерде 150 киловатт;
      электр плиталарымен жабдықталған үйлерде айына 250 киловатт;
      3) cуық суды, кәрізді, ыстық суды, қоқыс төккішті, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары (пәтер иелерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері және әрі қарай, басқарудың заңды үлгісін рәсімдегендер) тарифтерді бекітетін қызмет көрсетуші немесе орган бекіткен тарифтер негізінде белгіленеді;
      4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлері кезек кезегімен төленеді.
      6. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау, күрделі жөндеу және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға жұмсалатын жарналар, тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді тұтыну, телекоммуникация желілеріне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеу жалпы негіздер негізінде жүзеге асырылады.
      7. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсетуге абоненттік ақы тарифінің арту сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпте өтемақы төленеді.
      8. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға, күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеу үшін қаражат жинақтауға жұмсалатын жарналарға арналған шығыстар, коммуналдық қызметтерді тұтынуға және қатты отынды алуға арналған шығыстар, телекоммуникация желілеріне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға арналған шығыстар, тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге арналған шығыстардың сомалары арасындағы айырмашылық ретінде анықталады, яғни отбасына тұрғын үй көмегінің мөлшері келесі формула бойынша анықталады:
      Тұрғын үй көмегі = Отбасы шығыны - шекті мүмкін болатын шығындар.
      Шекті мүмкін болатын шығындар = Шекті мүмкін болатын шығындар үлесі х отбасының орташа айлық жиынтық табысы.
      Орташа айлық жиынтық табысы = 1 тоқсанға отбасының жиынтық табысы: 3 ай.
      9. Тұрғын үй көмегінің мөлшері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға, күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеу үшін қаражат жинақтауға жұмсалатын жарналарды, тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді тұтынуға және қатты отынды алуға, телекоммуникация желілеріне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге нақты аударылған сомадан артпау керек.

3. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу

      10. Тұрғын үй көмегін тағайындау, азаматтар тұрғылықты мекен-жайы бойынша тікелей уәкілетті органға немесе ауданның Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш (Ереженің 1 қосымшасы) берген кезде жүргізіледі және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
      5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
      6) жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
      7) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
      8) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      9) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      Құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері салыстыру үшін қоса беріледі, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады, ал құжаттардың көшірмелері жеке ісіне қоса тігіледі.
      11. Ұсынылған құжаттарды қарастыру нәтижелері бойынша уәкілетті орган бланк формаларын (2, 3, 4 қосымшалар) толтырады және тұрғын үй көмегін алушының жеке ісі қалыптасады. Тұрғын үй көмегін тағайындағаннан кейін отбасына тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шарт жасалады. Көрсетілген шарт тұрғын үй көмегін ұсынуға негіз болып табылады. Шарт екі дана болып құрылады, біреуі тұрғын үй көмегін алушыда сақталады.
      Уәкілетті орган ай сайын тұрғын үй көмегін есептейді, есеп өтініш иесіне беріледі.
      12. Отбасының құрамында бір мекен-жай бойынша тіркелген барлық тұлғалар ескеріледі, сондай-ақ:
      отбасы құрамында тіркелген, бірақ балалары, немерелері және басқа отбасы мүшелері бірге тұрмайтын (пәтер иелері кооперативінің (ПИК) анықтамасымен немесе тұрғылықты мекенжайы бойынша ауылдық округ әкімдігінің анықтамасымен расталады) зейнеткерлерге жәрдемақы осы Ереженің 5 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, жәрдемақы балалары, немерелері және басқа отбасы мүшелерінің табыстары есепке алынбай, өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін тұрғын үй аудандарының нормаларына сәйкес тағайындалады.
      Егер есепті айда отбасы құрамында өзгерістер болса, келген (кеткен) отбасы мүшелері келесі тоқсанның бірінші айынан бастап ескеріледі (ескерілмейді).
      Егер отбасының тұрғын үй көмегін алуға құқығы пайда болса, онда құқығы пайда болған уақыттан бастап есеп жүргізіледі.
      Егер отбасының тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоғалса, онда құқығы жоғалған уақытқа дейін есеп жүргізіледі (құқығы жоғалған күнді қоспағанда).
      13. Тұрғын үй көмегін алуға мынадай отбасылардың құқығы жоқ:
      1) жеке меншігінде бірнеше үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйлерін жалға беретін (жалдайтын) немесе жалдайтын отбасы;
      2) еш жерде жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмеген адамдар болса;
      3) келесі тұлғаларды қоспағанда:
      мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алушылар;
      күтімді қажет етеді деп танылған мүгедектерге күтім жасайтындар;
      туберкулездік, психоневрологиялық, наркологиялық диспансерлерде стационарлық және амбулаторлық емдеуде болып табылатындар;
      үш жасқа дейінгі баланы тәрбиелеу (бір немесе бірнешеу) және сондай-ақ төрт және одан да көп баланы – бірінші сыныпты ең кіші баланың аяқтауына дейін (бірақ 9 жастан үлкен емес) тәрбиелеумен айналысатын адамдар;
      4) жұмыс істемейтін және уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген N 1 және N 2 тізім бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алушылар болса;
      5) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда тіркелген жұмыс істемейтін отбасы мүшесі болса және ол жұмысқа орналасудан, немесе әлеуметтік жұмыс орнынан, немесе қоғамдық жұмыстан, немесе кәсіптік даярлаудан, немесе кәсіптік қайта даярлаудан, немесе біліктілігін арттырудан, немесе жастар тәжірибесінен бас тартса;
      6) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда тіркелмеген жұмыс істемейтін отбасы мүшесі болса және ол мерзімі 30 аптадан асатын жүкті әйел болмаса;
      7) егер отбасында: әскери қызметкер (жедел мерзімді қызметтегі әскери қызметкерден басқа), ішкі істер органдарының қызметкері, жедел-іздестіру, тергеу және өртке қарсы қызмет органдарының саптық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің, қаржы полициясы органдарының қызметкері бар болса.
      14. Тұрғын үй көмегі барлық қажетті құжаттарымен келген уақытта өтініш берген айдан бастап 6 ай мерзімге тағайындалады, тоқсан сайын отбасы табыстары және отбасы құрамы туралы мәліметтерді ұсынып отырады.
      Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу ресімдеудің алғашқы процедурасына ұқсас жүргізіледі.
      Тоқсан сайын табыстары туралы және отбасы құрамы туралы мәліметтер ұсынатын отбасыларға құжаттарды ұсынған күніне байланыссыз ай сайын, бірақ келісімшарттың әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін тұрғын үй көмегі тағайындалады.
      15. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде уәкілетті органдарға тұрғын үй көмегін алуға немесе тұрғын үй жәрдемақысының мөлшеріне әсер ететін жағдайлар туралы хабарлап отыру керек.
      16. Тұрғын үй көмегінің мөлшеріне әсер ететін жағдайлар өзгерген жағдайда, бұған дейін тағайындалған жәрдемақыларды қайта есептеу жүргізіледі.
      17. Қажеттілігіне қарай уәкілетті орган тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеруге құқығы бар (арнаулы комиссияның тапсырысы бойынша). Тексеру актісі тұрғын үй жәрдемақысын алушының жеке ісіне тіркеледі.
      18. Дау-жанжал туған кезде немесе сәйкес келмейтін жағдайлар болған кезде тұрғын үй жәрдемақысы туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте сот арқылы шағым арыз беруге болады.
      19. Тұрғын үй жәрдемақысын заңсыз алу немесе жоғары мөлшерде алу жағдайлары анықталған жағдайда тұрғын үй жәрдемақысын төлеу тоқтатылады. Заңсыз алынған сома еркін тәртіпте қайтаруға жатады, ал одан бас тартқан жағдайда заңнамада белгіленген тәртіпте қайтаруға жатады.
      20. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), қызметті жеткізушілерге және кондоминиум объектілерінің басқарма органдарына тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейдегі банктердің бөлімдері арқылы алушылардың дербес шоттарына, немесе кондоминиум объектісінің жеке банктік шотына соманы аудару жолымен жүзеге асырылады.
      Дербес шоттарға аудару үшін өтініш беруші келесі құжаттарды ұсынады:
      1. салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      2. әлеуметтік жекешелендіру коды;
      3. екінші деңгейлі банкте ашылған дербес шоты немесе карточкалық шоты.

4. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде жиынтық табысын есептеу тәртібі

      21. Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үмiткер отбасының жиынтық табысын (бұдан әрі – жиынтық табыс) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган (бұдан әрі - уәкiлеттi орган) есептейді. Жиынтық табысқа азаматтарды тіркеу кітабына сәйкес тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелген барлық тұлғалардың тұрғын үй көмегін тағайындауға келген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстары есептеледі.
      22. Есептi кезеңде құрамында өзгерiстер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде келген (кеткен) отбасы мүшесiнiң табысы келесі тоқсанның бірінші айынан бастап есепке алынады (есепке алынбайды).
      23. Жиынтық табысын есептеу кезінде тұрғын үй жәрдемақысына өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы (бұдан әрі – есепті кезең) Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде ақшалай немесе заттай түрде алынған табыстың барлық түрлері есептеледі.
      24. Егер отбасының бір мүшесі бір тоқсаннан аз жұмыс істесе, осы тоқсанда жұмыс істеген барлық уақыты отбасының жиынтық табысына есептеледі.
      25. Бір тоқсаннан астам уақытқа төленуге тиесілі табыс бiр мезгілде алынған кезде (оның iшiнде жалақы, алимент, зейнетақы, жәрдемақылар) жиынтық табысқа есептiк кезеңде алынған табыстың барлық сомасы есептеледі.
      26. Шетелдiк валютада алынған табыс Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасында және бухгалтерлiк есеп стандарттарында белгiленген тәртiппен валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледi.
      27. Орташа жан басына шаққандағы табыс отбасының тоқсан ішіндегі жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен белгіленеді.
      28. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде осы Ережелердің 34 тармағында көрсетілгендерден басқа Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептi кезеңде алынған табыстың барлық түрлерi есепке алынады:
      1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;
      2) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс;
      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түрiндегi табыс;
      4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
      5) өзге де табыстар.
      29. Еңбек төлемі, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыстар:
      1) жұмыс берушi еңбекақы ретiнде есептеген, атап айтқанда:
      жалақының барлық түрлерi, оның iшiнде кесiмдi, мерзiмдi, сондай-ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстеме ақылар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақысы сақталатын кезеңге қызметкерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетiн ақшалай соманы қоса алғанда, қаржыландыру көзiне қарамастан);
      демалыс уақытында сақталатын жалақы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн ақшалай өтемақы;
      ұйым (заңды тұлға) таратылған немесе жұмыс берушiнiң (жеке тұлғаның) қызметi тоқтатылған, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда, еңбек шартының бұзылуы кезiнде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленген мөлшерде төленетiн өтемақылар;
      уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңiндегi жалақы;
      маусымдық жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің жалақысы оны алған кезеңнен бастап отбасының жиынтық табысында есептеледі. Жалақы болмаған кезеңде ол жиынтық табысына есептелмейді;
      бала туғанда және жерлеуге берiлетiн жәрдемақылардан басқа, жалақы есептеу кезiнде ескерiлмейтiн және ұйым қаражатының есебiнен төленетiн басқа да төлем түрлерi;
      жал бойынша төленетiн еңбекақы;
      жұмыс беруші төлеген несие сомасы. Көрсетілген төлемдер несиені өтеудің белгіленген мерзіміне бөліп таратылады.
      Жиынтық табыстың құрамына, қызметкердің еңбек, қызметтік міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгені үшін заңнамалық актілеріне сәйкес төленетін бір жолғы төлемдер мен ай сайынғы сомалар қосылады.
      Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыстарды орындаушы тұлғалардың (мердігер және басқалар) кірістеріне шарттың іс-әрекеті кезіндегі барлық мерзім қосылады. Алынған кіріс орындалған жұмыс үшін шартпен қарастырылған айларға бөлінеді, және жиынтық кірісте есепті мерзімдегі айлар кіреді.
      2) әлеуметтiк төлемдер, атап айтқанда:
      Қазақстан Республикасының зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлерi, оларға өтемақы төлемдерi;
      мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар;
      жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттiк арнайы жәрдемақылар;
      арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар;
      18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақы;
      бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар;
      үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру;
      қаржыландыру көзiне қарамастан, оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, оқу орындарының басқа да тыңдаушыларына төленетiн шәкіртақы;
      жұмыс берушінің қаражаты есебінен әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жәрдемақы;
      бірінші, екінші топтағы жалғызiлiктi, бөгде адамның көмегiне мұқтаж мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларына қосылатын күтiмге арналған қосымша үстемеақылар мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының шешiмi бойынша бюджеттен берiлетiн басқа да тұрақты төлемдер.
      Әлеуметтік төлемдердің еңбек төлемі ретінде алынған кірістері олардың мөлшерлері туралы анықтамалармен расталады.
      30. Отбасының кәсiпкерлiктен және басқа да қызмет түрлерiнен түсетін жиынтық табысын есептеу кезiнде:
      1) өнiмдi (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан;
      2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлiктi сату кезiндегi құн өсiмiнен;
      3) шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде және шартты жер үлесi мен мүлiк жарнасынан алынған. Шаруа қожалығы мүшелерiнiң жиынтық табысын есептеу салық органдарына ұсынылатын, алынған табыс туралы декларацияда көрсетiлген ауыл шаруашылығы өнiмiн сатудан нақты алынған табыс ескерiле отырып жүргiзiледi. Бұл ретте жылдық табыс он екі айға бөлiнедi және оның тиiстi бөлiгi айқындалатын кезеңдегi жалпы жиынтық табысқа қосылады;
      4) өзiн-өзi жұмыспен қамтудан түскен табыс есепке алынады.
      Жекелеген азаматтарда жұмыс iстейтiн адамдар жалақысын шарттың көшiрмесiмен, жалға алушының анықтамасымен немесе өтiнiш негiзiнде растайды.
      Жекелеген азаматтарда шарт жасаспай жұмыс iстейтiн адамдардың жиынтық табысы олардың өтiнiштерi негiзiнде расталады.
      Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халықтың табысы жұмыс сипаты, жұмыс түрі, жұмыстарды орындау ұзақтығы және табысы көрсетілген, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін тұлғаның дәлелі (жазбаша өтініші) қоса берілген жазбаша өтiнiшпен расталады.
      Кәсiпкерлiк қызметпен арнаулы салық режимi жағдайында айналысатын адамдардың табысы бiржолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негiзiнде расталады.
      Шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде алынған табысты қоса алғанда, ресми расталмаған табыс әрбiр жұмыс iстеушiге шаққанда ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
      31. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алименттер жиынтық табыс құрамында есепке алынады:
      1) алименттер, сондай-ақ алимент төлеушiнiң жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттiң қосымша сомасы, отбасының жиынтық табысында олардың алынған уақыты бойынша есепке алынады;
      2) адамдардың, асырауындағыларды асырауға мiндеттi адамның тұрғылықты жерi туралы мәлiметтердiң болмауы себебiнен алимент өндiрiп алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, отбасының жиынтық табысы көрсетiлген адамның iздеуде жүргенi туралы тиiстi органдардан алынған құжаттар қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде есептеледi;
      3) бас бостандығынан айыру орындарында не уақытша ұстау изоляторында болған жағдайда балаларға алимент төленбейтіндігі туралы түзеу мекемесінің анықтамасы беріледі;
      4) егер алиментті төлеуші туберкулездік, психоневрологиялық, наркологиялық диспансерде емделіп жатса, онда емдеу мекемесінің анықтамасы беріледі;
      5) егер ата-анасының арасында неке бұзылмай, жұбайлардың бiреуiнен алимент өндiрiп алынса, осы жұбайы отбасымен бiрге тұрған кезде оның табысы отбасының жиынтық табысында толық есепке алынады.
      Жұбайлар бөлек тұрған жағдайда, отбасының жиынтық табысында алимент есепке алынады;
      6) егер баланың анасы (әкесі) баланың әкесімен (анасымен) тіркелген некеде тұрмаса, онымен бірге тұрмаса және алимент өндіріп алу туралы сот шешімі болмаса алиментті жиынтық табысқа есепке алмай есептеледi;
      7) балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алимент ұйымдардың аударылған алимент туралы анықтамаларымен не пошта аударымдарының алынған алимент туралы квитанциясымен, сондай-ақ сот органдарының алимент өндiрiп алу туралы шешiмi қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде расталады. Алимент бойынша 3 айдан астам кезең үшiн берешек пайда болғанда сот орындаушысының алимент бойынша берешектi айқындау туралы қаулысы ұсынылады.
      32. Жиынтық табыстың құрамына жеке қосалқы шаруашылықтан (саяжай учаскесінен алынған табысты ескермегенде), ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өсiруден, мал мен құс ұстаудан және өсіруден түскен табыс есептеледi:
      1) жиынтық табыста есепке алынатын жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылығы (гүл) өнiмдерiн өсiруден, мал мен құс ұстаудан және өсiруден алынған табыс өтiнiш берушiнiң кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi берген жеке қосалқы шаруашылығының болуы және мөлшерi туралы мәлiметтерiнiң негiзiнде әрбiр отбасы бойынша осы Ереженің 5, 6, 7 қосымшаларының негізінде есептеледi;
      2) жеке қосалқы шаруашылықта өсiрiлген гүл өнiмдерiн сатудан, сондай-ақ терiсi бағалы аңдар, ара, құс (тауық, қаз, үйректен басқа) өсiруден алынған табыс отбасының жиынтық табысына өтініш берушінің жазбаша өтiнiшінiң негiзiнде қосылады;
      3) бiр сотка жерден (бip бастан) өндiрiлген өнiмнiң құны өсiрiлетiн дақылдың орташа түсiмiн (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнiмдiлiгiн) 1 кг өнiмнiң орташа бағасына көбейту жолымен айқындалады. Табысты, шығынды айқындау үшін бір сотка жер (бір бас) өндірілген өнімнің құнынан (ocы Ереженің қосымшасына сәйкес) шығысының орташа деңгейi шегерiледi;
      4) табысты есептеу үшiн алдыңғы күнтiзбелiк жылдың өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнiмдерiне Қарағанды облысында қалыптасқан, Қарағанды облысының статистика басқармасының деректерінің негізінде Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұсынатын орташа жылдық бағалары пайдаланылады;
      5) малды (құсты) есептi кезеңде сату кезiнде жиынтық табысқа облыстық статистика органдарының деректерi бойынша тiрi мал нарығында қалыптасқан бағалар бойынша бiр жолғы табыс қосылады;
      6) жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыстарды есептеудің жеке нормативті карточкасы осы Ереженің 7 қосымшасына сәйкес өтініш берушінің деректерінің немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасының негізінде тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша уәкілетті органмен толтырылады.
      33. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде мынадай өзге де табыстар:
      1) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден және сатудан;
      2) бағалы қағаздардан;
      3) шетелдiк валютаны өткiзуден;
      4) асыл тастар мен бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлiк бұйымдарды және құрамында асыл тастар мен бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындыларын және антиквариатты сатудан;
      5) жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын сатудан;
      6) авторлық сыйақы түрiндегi;
      7) жылжымайтын мүлiктi, көлiк құралдарын және басқа да мүлiктi сыйға тарту, мұрагерлiкке алу түрiнде алынған;
      8) несиені (шағын несиені) пайдаланудан;
      9) қайтарымсыз алынған ақша түрінде;
      10) ақша салымдары және депозиттер бойынша сыйақы (мүдде) түрінде;
      11) ақшалай аударымдар түрінде;
      12) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, салымдар мен борышкерлiк бағалы қағаздар бойынша ұтыстарды қоса алғанда, лотереяларда ақшалай және (немесе) заттай түрдегi ұтыстар;
      13) туысқандарының және басқа да адамдардың ақшалай және заттай көмегiн қоса алғанда, мәлiмделген өзге де табыстар есепке алынады.
      Көрсетiлген табыс алынған уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтiнiшпен расталады.
      Орта білім беру, сондай-ақ жоғары және орта арнаулы білім беру жүйесінде ақылы негізде күндізгі бөлімде оқитын шәкіртақы алмайтын студенттердің жиынтық табысына ерікті айтылған табысы есептеледі.
      Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден алынған, ресми расталмаған табыс бiр айдағы ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
      Жылжымайтын мүлік пен көлік құралын сатудан алынған кіріс алынған күні бойынша бір жолғы жалпы жиынтық табысқа кіреді.
      34. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      2) тұрғын үй жәрдемақысы;
      3) жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы;
      4) баланың тууына байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
      5) жеке ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға арналған материалдық көмек.
      Егер жеке ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса, жиынтық табыс көрсетілген көмектің сомасын ескере отырып есептеледі.
      6) осы отбасында тұрмайтын отбасы мүшелерінің біреуіне төленетін алимент;
      7) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге баруға жолақысын төлеу;
      8) протездеу уақытында азаматтарды ұстау, қамтамасыз ету;
      9) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерде емделуге баруының жолақысының құнын төлеу;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін заттай көмек түрлері:
      дәрілік препараттар;
      санаторлық-курорттық емделу;
      протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);
      мүгедектерге бөлінген жүріп-тұру құралдары (арба-күймелер) және оңалтудың басқа құралдары;
      білім алу кезінде оқушыларды тегін тамақтандыру;
      11) ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
      12) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек;
      13) азық-түлік өнімдеріне бағалардың өсуіне байланысты аз қамтылған азаматтарға көрсетілетін ақшалай және заттай түрдегі көмек;
      14) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді төлеуге және ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласының мамандарына қатты отынға көмек көрсету.

  Абай ауданы бойынша
Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне
1 қосымша

Тұрғын үй көмегін тағайындау жөніндегі
Өтініш

      Өтініш иесін қосқанда, ______ адамнан тұратын менің отбасыма тұрғын үйді ұстау (жалдау, мемл. қордан тұрғын үйді жалға алу) және коммуналдық қызметтерді тұтыну бойынша шығындарды өтеуге жәрдемақы төлеуді өтінемін.
      Мен және менің отбасымның мүшелері, заңды және жеке тұлғаларға берілуі мүмкін табыстар жөнінде, отбасы мүшелерінің табыстары жөнінде ақпаратты ашуға өз рұқсатымызды береміз.
      Өтініш иесінің деректері:
       Т.А.Ә. ________________________________________________________
       Жеке куәлігінің деректері _____________________________________
       (туған күні, N және жеке куәлігінің берілген күні)
       СТН ___________________ Банк, Қазпошта шотының N ______________
       Табыс түрі (зейнетақы, еңбекақы, стипендия және т.б.) _________
       Өтініште көрсетілген басқа табыстарым жоқ.
       МЕКЕНЖАЙЫ: __________, _________________ көш.____ үйі___ пәтері тел. _________________
       Меншігі __________________________ Түрі _______________________
       (КСК, ЖКО және т.б.) (жеке меншік, мемлекеттік)
       Жалпы ауданы _________ текше м., қосымша ауданы________текше м., бөлме саны ___________
       Қолы _____________________
       Күні _____________________

  Абай ауданы бойынша
Тұрғын үй көмегін көрсету ережесiне
2 қосымша

Отбасы құрамы және тұрғын үйдің
жалпы ауданы туралы
анықтама

       Азамат (-ша) __________________________________________________
      _____________________________________________________________________
       (Т.А.Ә толық көрсетіледі)
      _______________, _______________ көшесі, _____үй, ___ пәтер мекенжайы бойынша тұратындығын растау үшін берілді. Отбасы құрамы _______ адам. Ауданы _________________ текше м.
       Жекешелендіру келісімшарты (сатып-алу және т.б.) N ____________
       Ордер N ___________ _______________________
       Пәтердің-үйдің басты иесімен (пәтер жалдаушымен) бірге тұрып жатқандар:
      __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      Анықтама азаматтарды тіркеу кітабының негізінде толтырылады.
       Маманның қолы _________________________
       Қабылдаған күні _______________________

  Абай ауданы бойынша
Тұрғын үй көмегін көрсету ережесiне
3 қосымша

Отбасы мүшелерінің кірістері туралы
анықтама

       1. Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. ____________________________________

Ай
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Кіріс түрі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Кіріс сомасы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
       2. Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. ____________________________________

Ай
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Кіріс түрі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Кіріс сомасы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
       3. Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. ____________________________________

Ай
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Кіріс түрі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Кіріс сомасы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
       Өтініш иесінің қолы _______________
       Күні ______________________________

  Абай ауданы бойынша
Тұрғын үй көмегін көрсету ережесiне
4 қосымша

Табиғи жағдайлары бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің
атауы

Реттік N
Әкімшілік-аумақтық бірлік
Табиғи зона
1
Абай ауданы
Қуаң дала

  Абай ауданы бойынша
Тұрғын үй көмегін көрсету ережесiне
5 қосымша

Азық-түліктік пайдаланылатын үй малдары мен құстарының жасы

Малдардың түрi
Өлшем бірлігі
Өнiм беру жағдайына жеткен мал төлiнiң және құстардың жасы
Iрi қара мал
ай
25
Қойлар мен ешкiлер
ай
12
Шошқалар
ай
10
Жылқылар
ай
16
Түйелер
ай
18
Жұмыртқалайтын құс
күн
195
Етті құс
күн
125

  Абай ауданы бойынша
Тұрғын үй көмегін көрсету ережесiне
6 қосымша

Дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетiн табысты есептеудiң нормативтiк карточкасы

      Өсімдік шаруашылығының өнiмi

Өнiм
Жердiң 1 соткасының орташа түсiмi, кг
Жердiң 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге
1 кг өнiмнiң орташа бағасы, теңге
1 соткадан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.)
1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-бағ.)
1
2
3
4
5
6
Бидай
 
 
 
 
 
Арпа
 
 
 
 
 
Қарамық
 
 
 
 
 
Жүгерi (жасыл салмағы)
 
 
 
 
 
Көп жылдық шөптер
 
 
 
 
 
Бiр жылдық шөптер
 
 
 
 
 
Картоп
 
 
 
 
 
Көкөнiстер
 
 
 
 
 
Бақшалар
 
 
 
 
 
Шекілдеуiк бақтары (алма, алмұрт және басқалары)
 
 
 
 
 
Сүйектi жемiс бақтары (өрiк, қара өрiк және басқалары)
 
 
 
 
 
Жидек дақылдары
 
 
 
 
 
Жүзім
 
 
 
 
 

      
      Мал шаруашылығының өнімi

Өнiм
1 бастан алынатын орташа өнiмдiлiк, кг (л)
1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге
1 кг өнiмнiң, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге
1 бастан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.)
1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ. - 3 бағ.)
1
2
3
4
5
6
Сүтті iрi қара мал (сүт)
 
 
 
 
 
Eтті iрi қара мал (сиыр еті)
 
 
 
 
 
Шошқалар (шошқа еті)
 
 
 
 
 
Қойлар, ешкілер ет/жүн
 
 
 
 
 
Жылқы (жылқы еті)
 
 
 
 
 
Түйе (түйе еті)
 
 
 
 
 
Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)
 
 
 
 
 
Етті құс (құс еті)
 
 
 
 
 

  Абай ауданы бойынша
Тұрғын үй көмегін көрсету ережесiне
7 қосымша

Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетiн табыс есебiнiң үлгі жеке нормативтік карточкасы

       Т.А.Ә. ________________________________________________________
       Үйiнiң мекен-жайы _____________________________________________

Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлерi
жер, сотка, мал басы, саны
жылына түсетiн табыс нормативi, теңге
жылына түсетiн табыстың барлығы, теңге
бiр тоқсанда түсетiн табыстың барлығы, теңге
Бидай
 
 
 
 
Арпа
 
 
 
 
Дәнi алынатын жүгерi
 
 
 
 
Күрiш
 
 
 
 
Қарамық
 
 
 
 
Картоп
 
 
 
 
Көкөністер
 
 
 
 
Бақшалар
 
 
 
 
Күнбағыс
 
 
 
 
Қант қызылшасы
 
 
 
 
Темекi
 
 
 
 
Шекiлдеуiк бақтары
 
 
 
 
Сүйектi жемiс бақтары
 
 
 
 
Жемiстер
 
 
 
 
Жүзiм
 
 
 
 
Көп жылдық шөп
 
 
 
 
Бiр жылдық шөп
 
 
 
 
Жасыл жемге берiлетiн жүгерi
 
 
 
 
Сүттi iрi қара мал
 
 
 
 
Еттi iрi қара мал
 
 
 
 
Шошқалар
 
 
 
 
Қойлар мен ешкілер
 
 
 
 
Жылқылар
 
 
 
 
Түйелер
 
 
 
 
Жұмыртқалайтын құс
 
 
 
 
Еттi құс
 
 
 
 
Жиыны: бiр жылғы табыс
 
 
 
 
Жиыны: бiр тоқсандағы табыс
 
 
 
 

      
      "____"_________ 20____ж. ____________________________________________ (өтiнiш иесінің қолы)
      _____________________________________________________________________
       (есепті жасаған адамның Т.А.Ә. және қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады