Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012.07.11 № 01-30-1018 хатымен.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкімиятының "Бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орындарында мамандарды даярлаудың 2005-2006 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiту туралы" 2005 жылғы 26 мамырдағы N 171 қаулысына (N 1911, "Маңғыстау" газетінің 2005 жылғы 28 маусымдағы N 113 санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) қаулының қосымшасында "Баутино п.Маңғыстау политехникалық колледжі" деген 6 бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
3002002 |
Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану |
25 |
9 сынып |
қазақша |
3 ж. |
"Жиыны" жолындағы - "200" деген сан "225" ауыстырылсын;
2) "Маңғыстау политехникалық колледжiнiң филиалы" деген 7 бөлімдегі мына жол:
3002002 |
Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану |
25 |
9 сынып |
қазақша |
3 ж. |
алынып тасталсын;
"Жиыны" жолындағы - "100" деген сан "75" ауыстырылсын;
3) "Жаңаөзен мұнай және газ колледжi" деген 9 бөлімдегі мына жол:
3925002 |
Мұнай және газды қайта өңдей технологиясы |
25 |
11 сынып |
қазақша |
2 ж. |
алынып тасталсын;
"1814002 - Мұнай және газ кенорындарының геологиясы және барлау" деген жолдағы "25" деген сан "50" санына ауыстырылсын.
2. "Облыс әкімиятының "Бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орындарында мамандарды даярлаудың 2005-2006 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiту туралы" 2005 жылғы 26 мамырдағы N 171 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы" облыс әкімиятының 2005 жылғы 26 қазандағы N 303 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Г.С.Сейтмағанбетоваға жүктелсiн.
4. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Қ.Қөшербаев