Ескерту. Тақырыбында, кіріспесінде және 1-тармағында: «(село)» сөзі алып тасталды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 21.05.2015 № 148 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 21.05.2015 № 25/390 бірлескен қаулысымен және шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ақтау қалалық мәслихаты мен Ақтау қаласы әкімінің Өмірзақ кентін "ауыл" санатына жатқызу туралы ұсынысын қарай отырып, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 3-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ және облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Өмірзақ кенті "ауыл" санатына жатқызылсын.
2. Осы шешім мен қаулы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
Облыс әкімі
Облыстық мәслихат хатшысы