Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2008.09.25 № 2385 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабы 7 тармақшасына сәйкес, қалалық канализация жүйесін пайдаланудағы жұмысын жақсарту мақсатымен, қоршаған ортаға теріс әсер ететін тазартылмаған өндірістік ағынды суларын жібермеу мақсатымен Қостанай қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қостанай қаласының канализация жүйесiн пайдалану Қағидасы" бекiтiлсiн.
2. "Қостанай қаласының канализация жүйесін пайдалану қағидасы" Қостанай қаласының әділет басқармасында тіркелсін.
3. 2005 жылғы 11 наурыздағы бекітілген Қостанай қаласы әкімдігінің № 255 "Қостанай қаласының канализация жүйесіне өндірістік ағынды суларды қабылдау қағидасының" күші жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары С.М. Тукеновке жүктелсін.
Қала әкімі
Қостанай қаласы әкімдігі
қаулысымен бекітілген
29 наурыздағы 2006 жылы
№ 593
Қостанай қаласының канализация жүйесін
пайдалану қағидасы
1. "Қостанай қаласының канализация жүйесімен пайдалану қағидасы" (бұдан былай қағида) жеткілікті тазартылмаған қалалық ағынды суларынан су қоймаларын қорғауды қамтамасыз етуге, қала канализация құрылыстары жүйесіндегі жұмыстарының бұзуын алдын алуға, қаланың канализация жүйесіне өндіріс ағынды суларын дұрыс қабылдауын ұйымдастыруда құрылыстарының қауіпсіздігі мен пайдалану жұмыстарының тиімділігіне бағытталған.
2. Осы Қағида 2003 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Су кодексiнiң, 1997 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңы негiзiнде әзiрленген.
3. Бұл Қағида қаланың канализация жүйесіне өндіріс ағынды суларды жіберуші барлық шаруашылық жүргізетін субьектілерге; олардың шаруашылық қызметі мен меншік түріне қарамастан міндетті болып табылады.
4. Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау Министрлігі берген қоршаған ортаны ластау рұқсатына сүйене отырып, қала канализация және су құбыры жүйесін пайдалануды жүзеге асыратын кәсіпорын (бұдан былай) су құбыры канализациялық шаруашылық кәсіпорын су ағызу мен өндіріс ағынды суларды қаланың канализация жүйесіне жіберуге шаруашылық жүргізуші субъектілермен типтік үлгіде шарт жасасады.
5. Су құбыры канализациялық шаруашылық кәсіпорны осы қағида талаптарын шаруашылық жүргізуші субъектілердің сақтауын қадағалауды жүзеге асыру міндетті, ал ол бұзылған жағдайда кінәлі адамдарға материалдық шығынды толық өтеу жөнінде талап қояды.
6. Өндірістік ағынды сулардың сапа сипаттамаларының негізгі түсініктері, терминдері мен анықтамалары:
1) Абонент-тұтынушы, таратылған жаппай қызмет түрлерінің шаруашылығымен пайдаланушы;
2) сатып алушы-кәсіпкер (заңды тұлға, фирма) жеткізушіге бір тауар жеткізуге, немесе басқа бір қызмет көрсетуіне тапсырыспен жүгінеді;
3) бас жобалаушы - фирма немесе ұйым мердігерлік келісім шарт бойынша кешенді өнеркәсіп немесе басқа объектіге жобалау жасайды;
4) СБAЗ - синтетикалық беттік әрекеттік заты;
5) рН - сутек көрсеткіші (орташа реакциясы);
6) ОХТ - оттегін химиялық тұтыну;
7) ОБТ - оттегін биологиялық тұтыну;
8) ЖШШ - жарамды шектеліп шоғырлануы;
9) СКШ - су құбыры канализация шаруашылығы.
2. Қала канализациясына өнеркәсіп
кәсіпорындарының ағынды суларын қабылдау шарттары
7. Қостанай қаласының канализация жүйесiне шаруашылық тұрмыстық ағынды сулар қолданылады. Өндiрiстiк қоқыс ағынды сулар қалалық канализация жүйесiне су шаруашылық ұйымының рұқсатымен, келiсiмiмен жалпы қалалық желiлерiнiң тазарту ғимараты, техникалық жағдайда егерде қоқыс ағынды суларға канализация жүйесi және имараттардың жағдайын бұзбаса, желiлерiнiң қауіпсiздiгiн, зиян заттектердi қолдамайды, осы әдiсте қолданылмайтын анықтау, зертханаға қолайлы өндiрiс және бақылау ұйымының қамтамасыз етедi.
8. Құрылыс, қайта жаңарту тарату, тоқтатып қою кәсiпорын басқа да имараттар, су объектiлерiнiң жағдайына әсер ететiн, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау орталық орындаушының қорытындысы жағдайы арқылы жүзеге асырылады, уәкiлеттi органның қолдануымен, уәкiлеттi органның саласындағы тұрғындарының санитарлық эпидемиологиялық жағдайын жақсартып, уәкiлеттi өнеркәсiп саласында қауiпсiздiгi жүзеге асырылады.
9. Қайта жаңарту объектiлерiнiң жаңа желiлерiне тыйым салынады, қамтамасыз етiлмеген имараттар мен құрылыстар есепке алынады, зиянды әсер ететiн, ластануы мен қоқысты тастауы, және де су тұтынушыларының құрал есебiмен ағынның тасталуы.
10. Қала канализация жүйесіне өндірістік ағынды суларының құрамында кездесетін:
1) құбыр, құдық, торларды бітейтін, немесе құбыр, құдық, тор қабырғаларына шөгіндірілетін заттар: (құм, гипс, каныга, металл жаңқалары және тағы басқа заттар);
2) құбыр материалдарын және канализация құрылыстарының бұзылуына әсер ететін заттар;
3) ағынды сулардың биологиялық тазартуына кедергі жасайтын шоғырландыру зиянды заттар;
4) қауіпті бактериялық ластау;
5) ерімейтін май, сондай-ақ смола мен мазут;
6) биологиялық "қатқыл" синтетикалық беттік әрекеттік зат;
7) тек минералдық заттар;
8) биологиялық қиын қышқылданатын органикалық заттар;
9) сілтілер, жанатын қоспалар, ерітілген газ тектес заттар, олар канализация жүйесі мен құрылыстарында жарылу қауіпі бар қоспа туғызуы мүмкін (бензин, диэтилді эфир, дихлорэтан,бензол және басқалары);
10) канализация жүйесі мен құрылыстарда улы газ құрайтыт заттар (күкіртті су тегі, көмір тегі қышқылы, жеңіл буланатын хош иісті көмір су тегі), жіберуге тиым салынады.
11. Сондай - ақ қала канализация жүйесіне:
1) температурасы Цельсий бойынша 400 градустан асатын рН, 6,5 - тен төмен, немесе 9,0 - ден жоғары өндірістік ағынды су;
2) шоғырланған маттық немесе текшелік қоспалар;
3) өндірістік ағынды суды лықсыта жіберу;
4) топырақ, құрылыстық және тұрмыстық қоқыстар, сондай-ақ басқа да өндірістік және шаруашылық қалдықтарын;
5) өндірістік үрдісте лайланбаған өндірістік ағынды су (нормалы таза).
12. СКШ кәсіпорындары үшін белгіленген, қала канализациясына өндіріс ағынды суларының құрамында лайлы заттардың шегінен шығатын қашыртқыларды су объектісіне жіберуге тыйм салынады.
1) РН 6-9;
2) өлшенген заттар 343,4;
3) ОХТ 478,4;
4) ОБТ 324,9;
5) аммоний азоты 18,9;
6) нитраттар 45;
7) нитриттер 3,86;
8) мұнай өнімдері 1,68;
9) эфирде еритін 25;
10) СБAЗ 1,03;
11) темір 0,9;
12) хлорид 350;
13) сульфаттар 630,2;
14) марганец 0,67;
15) фосфаттар 5,0;
Басқа лайлануларына ЖШШ балық шаруашылығы су қоймаларына ЖШШ деңгейінде белгіленеді.
Ескерту: ЖШШ заттарына жетуге өндіріс ағынды суларына таза, таза нормативті және басқа таза суларды араластыруға мүлдем тыйм салынады.
13. Қала канализация жүйесіне заттардың өзара әрекеттесуі арқылы эмульсия, улы газ және жарылғыш газ құруға әкеліп соқтыратын, сондай-ақ көп мөлшерлі ерімейтін заттар құрайтын (кальций немесе магний тұзы және сілті ерітінділері, сода және қышқыл су, натрий сульфиді және сілті, хлор, фенол және тағы басқа заттар) өндірістік ағынды суларды біріктіруге мүмкіндік берілмейді.
14. Өндірістік ағынды суды қала канализация жүйесіне ағызу кәсіпорыннан тысқары орналасқан бақылау құдығындағы міндетті қондырғымен дербес жіберу арқылы жүзеге асырылады. Әрбір су жіберген сайын ағынды судың шығынын және сапасын тұрақты бақылау үшін өндірістік кәсіпорындар және басқа да абоненттерде қажетті құралдар болуға тиіс (үлгі алатын автоматты құралдар, шығын өлшегіштер және қажет болса пломба салынатын автоматты құралдар). Бақылау құдықтарын кәсіпорын жасайды.
15. Егер өндірістік ағынды су мөлшері мен құрамы тәулік ішінде өзгеретін болса, өндірістік кәсіпорындар мен басқа да абоненттерде арнайы орташаландыратын ыдыстар қойылуға тиіс, олар өндірістік ағынды суды тәулік бойы бір мөлшерде ағуын қамтамасыз етуге тиіс.
3. Қала канализациясына су жіберу және
өндірістік ағынды суларын қабылдауының
шарттарын жасасу тәртібі
16. Өнеркәсіп кәсіпорындары қала канализациясына өндірістік ағын суды тек СКШ су жіберуге және ағынды суды қабылдауға шарты болған жағдайда ғана жібере алады.
17. Жаңа және қайта жаңартуға жататын өнеркәсіп кәсіпорындары канализация жүйесін жобалауға дейін кәсіпорын - тапсырыс беруші немесе оның тапсырмасымен бас жобалаушы СКШ жобаланатын нысанды қала канализация жүйесіне қосудың техникалық шарттарын алуға тиіс.
18. Өнеркәсіп кәсіпорнын қала канализация жүйесіне қосудың техникалық шарттары қала ағынды суының мөлшері мен сапалық көрсеткіштері бойынша канализация жүйесі қуатының резерві болған жағдайда беріледі.
19. Жүйе мен құрылысты жобалауға, жаңасының су жіберуіне техникалық шарттардың мазмұны, құрамы, беру тәртібі, келісуі және бекітілуі, сондай - ақ жұмыс істеп тұрған нысандарды кеңейтуі, қайта жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру мәселелері қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес белгіленген.
20. Егер шарт бойынша өндірістік ағынды суды қабылдағанда оны жаңа өнеркәсіптік кәсіпорында жергілікті тазарту қажет болса, онда СКШ бұл кәсіпорындарды ағын суды қала канализациясының тазарту орнына қабылдау үшін мүмкін болатындай дәрежеде тазартуды қамтамасыз ететін жергілікті құрылысты пайдалануға бергеннен кейін ғана қала канализация жүйесіне қосуға рұқсат береді.
21. Өндірістік кәсіпорыннан ағын суды ағызуға қажетті құжаттарды алғаннан соң СКШ бір ай мерзімде материалдарды қарайды және су жіберу мен өндірістік ағын суды қабылдауға шарт рәсімдейді.
4. Қала канализациясына өндірістік ағынды
су жіберудің бақылау тәртібі
22. Өнеркәсіп кәсіпорындары қала канализациясына жіберілетін өндірістік ағынды судың мөлшері мен сапасын тұрақты бақылауын жүзеге асырады, жүйелер мен имараттарды жұмысқа түзу жағдайында сақтауға міндетті.
23. Бақылау өндірістік ағынды суды тазарту жөніндегі жергілікті құрылыс кешеніне дейін және одан кейін, бақылау құдықтарынан ағынды судың құрамына талдау жасау арқылы жүзеге асырылады, сондай - ақ қала канализация жүйесіне жіберілген ағынды судың әр легінің мөлшерін бақылау құдықтарында өлшеу арқылы жүргізіледі.
24. Өнеркәсіп кәсіпорындары СКШ талап етуі бойынша ағынды судың көлемі, сапалық құрамы және әр ағызған сайын жіберу тәртібі жөнінен мәлімет беруге міндетті. Кәсіпорын басшысы берілген есептің дұрыстығына жауапты болады.
25. СКШ осы қағидаға сәйкес және белгіленген мерзімде өндірістік ағынды суды жіберудің сәйкестігіне қажетті бақылау жасайды.
26. Өнеркәсіп кәсіпорындары өндірістік ағынды су сапасы нашарланған жағдайда, адуын ағынның, апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының барлық жағдайында СКШ, сондай-ақ экология және биоресурстар аумақтық орган - дарға жедел хабарлауға және жағдайды жақсарту шараларын өткізуге тиіс.
27. Қала канализациясына өндірістік ағынды суларын жіберуді жүзеге асыратын өнеркәсіп кәсіпорындары СКШ тәулік бойында ағынды суларын бақылауына мүмкіндік жасап, қамтамасыз етуге міндетті, сонымен қатар қажетті құжаттарды, құрылғыларды, құралдарды пайдаланушы персоналды ұсынады.
28. Кәсіпорындарда тексеріске үлгі алу, тәуліктің кез келген уақытында жүзеге асырылуы мүмкін. Ағынды судың үлгісін талдауға алу "Жер беті сулары мен ағынды суларды химиялық талдауға алу жөніндегі нұсқаулыққа" сәйкес кәсіпорынның жауапты өкілімен бірге СКШ өкілі жүзеге асырады.
Егер автоматикалық сынамалағыш бақылау құдығында болмаған жағдайда, талдау сынамасы бір алынады. Сынамалар алыну жиілігі химиялық талдау сынамаларының кестесіне сәйкес регламенттеледі.
29. Сынамалар алынғанға белгіленген тәртіппен үш дана акт жасалады, оған СКШ және бақылаудағы кәсіпорын өкілдері қол қояды. Бір актімен бірнеше жіберілімнен алған үлгіні рәсімдеуге болады.
30. Алынған сынамалар сол күні Мемстандарт аттестациядан өткізген СКШ зертханасына өндірістік ластану бойынша талдау жасауға жіберіледі.
Yлгіні алушымен персонал талдау нәтижесінің дұрыстығына қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес жауап береді.
31. Абонент алынған сынама үлгісін бір уақытта тәуелсіз экспертизаға жіберуге құқығы бар.
32. Талдау жасауға талдау жұмысын орындау үшін қолданыстағы әдістемеде қарастырылған уақыт бөлінеді. Талдауды өткізу СКШ арқылы кесте бойынша жүргізіледі, ал кәсіпорындардың тапсырыс беруі бойынша - сол кәсіпорындар арқылы жүргізіледі. Ағынды суда ластағыш зат мөлшері көбейгені белгілі болса СКШ бірден кәсіпорында ластануды төмендетуге қажетті шара қолдануын немесе қала канализациясына ағынды су жіберуді тоқтатуын хабарлайды.
33. Талдау нәтижесі ЖШШ белгіленгеннен асып кетсе кәсіпорын ағынды суды қалалық канализацияға жіберуді тоқтатып, ластануды белгіленген шекке дейін төмендету үшін шұғыл шара қолдануға міндетті. Ластануға соқтырған себептер жойылғаннан кейін кәсіпорын үлгіні қайталап алуға тапсырыс береді.
5. Қостанай қаласының канализациясына
жүйесін пайдалану ережесі
34. Өнеркәсіп кәсіпорындары кәсіпорынның технологиялық үдерісінде пайдаланылатын және осы Қағидада көрсетілмеген өндірістік ағынды суды, реагенттерді және де басқа заттарды жіберуіне байланысты СКШ құрылыстарында пайда болған паттарда немесе қауіпті жағдайларға, Қағида белгіленген тәртіпті сақтамай су көздеріне жеткілікті тазартылмаған суды ағызғаны үшін жауапкершілікте болады. Өнеркәсіп кәсіпорнының Қағида талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.
35. Жаңа өнеркәсіп кәсіпорнын қалалық канализацияға қосу кезеңінде, экологиялық талаптарға жауап бермейтін, сондай-ақ тазарту құрылыстары аяқталмаған кәсіпорындарын пайдалануға енгізуге тыйм салынады.
36. Өнеркәсіп кәсіпорындары Қағида көрсетілген өндірістік ағынды суды ағызу талаптарды орындаған жағдайына, тазарту имараттарының тиімді жұмыс жүргізуіне СКШ кәсіпорны қала канализация жүйесінде техникалық жағдайымен, қағида бұзушыларды уақытында анықтап шара қолдануға жауап береді және бұл жөнінде қоршаған ортаны қорғау облыстық аумақтық басқармасына хабарлайды.
37. Егер ластайтын заттардың концентрациясы осы Қағидада белгіленген нормадан жоғары болған жағдайда СКШ кәсіпорны шекті шоғырлануынан асып кеткен ластануды тазарту үшін қосымша абоненттік төлем алады.
38. Қосымша төлем алуға негіз болып табылатындар:
1) ластағыш заттар жіберуге болатын деңгейден асып кеткен ағынды суды жібергені үшін қосымша төлем есебі;
2) ластанған заттардың ЖШШ асып кеткені көрсетілген талдаудың хаттамасы;
3) ағынды суды тексеру үшін алынған үлгіге акт.
39. Қосымша төлем есебі әрбір ағын су жіберу фактісіне жасалады. Кәсіпорын әрбір ағын су жіберуге кеткен шығынды көрсетпеген жағдайда қосымша төлем ағын судың барлық көлеміне барынша ластанған ретінде есептеледі.
40. Қосымша төлем кәсіпорын басшыларын қоршаған ортаға, жүйеге, құрылысқа және басқа нысандарға келтірген зиянның орнын толтыруға деген жауапкершіліктен босатпайды.
41. Осы Қағида тыйм салған ластайтын заттарды қала канализация жүйесіне жіберуді бірнеше рет қайталаған, әртүрлі себептермен өндірістік ағынды суға бақылауды қамтамасыз етпеген кәсіпорындар қалалық сумен қамтамасыз ету және коммуникация жүйесінен ағытылуы мүмкін.
42. ЖШШ кәсіпорын қала канализация жүйесіне келтірген зиянын төлеу үшін өнеркәсіп кәсіпорындарына белгіленген тәртіппен претензия мен талап қоюға міндетті.