Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
Заңы
6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"
Заңы
11 бабының 3-4) тармақшыларына, Екібастұз қалалық мәслихаты (ІІІ сайланған ІІІ сессиясы) мен қала әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы "Екібастұз қаласының Көктөбе ауылын академик Әлкей Марғұлан атындағы ауыл етіп қайта атау туралы" N 3.21, 2004 жылғы 14 желтоқсандағы (ІІІ сайланған ІХ сессиясы) "Комсомол ауылдық округінің Комсомол ауылын тарату және оны деректер есебінен алып тастау туралы" N 3.135, 2004 жылғы 14 желтоқсандағы (ІІІ сайланған ІХ сессиясы) "Көктөбе ауылының N 1 бөлімшесін тарату және оны деректер есебінен алып тастау туралы" N 3.136, 2005 жылғы 24 мамырдағы (ІІІ сайланған ХІV (кезектен тыс) сессиясы) "Төтр Құдық елді мекенін поселке санатынан ауыл санатына жатқызу туралы" N 3.191 бірлескен шешімдеріне сәйкес, аталған елді мекендер тұрғындарының пікірлерін ескеріп, облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі
ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көктөбе ауылы академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылы деп қайта аталсын;
Павлодар облысы Екібастұз қаласының Көктөбе ауылының N 1 бөлімшесі кейіннен деректер есебінен алынып тасталып, таратылсын;
Екібастұз қаласының Комсомол ауылдық округінің Комсомол ауылы кейіннен деректер есебінен алынып тасталып, таратылсын;
Төрт Құдық елді мекен поселке санатынан ауыл санатына жатқызылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау және ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Сессия төрағасы
Облыс әкімі
Облыстық мәслихаттың хатшысы