Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 19 ақпандағы N 2/242 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді шектеу мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 10 қаңтардағы
Заңына
сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 9 наурыздағы "Алматы қаласында қызметтің кейбір түрлерін лицензиялау туралы" 2005 жылғы 9 наурыздағы N 1/127 қаулысына (Алматы қаласының ҒӘділет департаменті 2005 жылғы 8 сәуірде N 647 рет санымен тіркеп, Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында қызметтің кейбір түрлерін лицензиялау туралы"»2005 жылғы 9 наурыздағы N 1/127 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 11 қарашадағы N 5/765 қаулысына енгізілген өзгертулер және толықтырулармен бірге "Вечерний Алматы"»газетінің 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 78-79 (10144-10145) санында және "Алматы Ақшамы" газетінің 2005 жылғы 5 мамырдағы N 50 санында жарияланған) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
1) аталмыш қаулының 1-қосымшасы мынадай мазмұндағы 17), 18) тармақшалармен толықтырылсын:
"17) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), сату және қолдану жөніндегі қызмет;
18) ветеринария саласындағы қызметке: мал дәрігерлік мәндегі дәрі-дәрмектерді өндіру мен сатуға; мал дәрігерлік мақсатқа арналған дәрілік заттарды, биологиялық дәрілерді сатуға; мал өнімдері мен шикізаттарын мал дәрігерлік-санитариялық сараптамадан өткізуге; мал дәрігерлік емдеу-профилактикалық қызмет.";
2) аталмыш қаулының 2-қосымшасында:
10 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Алматы қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті-заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауына (дайындауына), сақтауына, қайта өңдеу мен сатуына, сондай-ақ пестицидтерді (улы химикаттарды)өндіру (формуляциялау), сату және қолдану жөніндегі қызметке, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметке: мал дәрігерлік мәндегі дәрі-дәрмектерді өндіру мен сатуға; мал дәрігерлік мақсатқа арналған дәрілік заттарды, биологиялық дәрілерді сатуға; мал өнімдері мен шикізаттарын мал дәрігерлік-санитариялық сараптамадан өткізуге; мал дәрігерлік емдеу-профилактикалық қызметіне қорытынды береді.".