Алматы қаласы Әкімдігінің "Алматы қаласында қызметтің кейбір түрлерін лицензиялау туралы" 2005 жылғы 9 наурыздағы№N 1/127 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 11 қарашадағы N 5/765 қаулысы. Алматы қалалық әділет департаментінде 2005 жылғы 6 желтоқсанда N 680 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 19 ақпандағы N 2/242 қаулысымен

         Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 19 ақпандағы N 2/242 қаулысымен.
       
      Қазақстан Республикасының " Қазақстан  Республикасының мемлекеттік басқару мен бюджеттік қарым-қатынастар деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді шектеу мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 13-ІІІ және " Қазақстан  Республикасының лицензиялау жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 45-ІІІ Заңдарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі "Білім беру мекемелеріндегі қызметтен басқа, дене тәрбиесі-сауықтыру, спорт қызметін көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" N 786  қаулысын  жүзеге асыру мақсатында, Алматы қаласының Әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 9 наурыздағы "Алматы қаласында қызметтің кейбір түрлерін лицензиялау туралы" N 1/127  қаулысына  (Алматы қаласының Әділет басқармасы 2005 жылғы 8 сәуірде 647 рет санымен тіркеп, 2005 жылғы 19 сәуірде "Вечерний Алматы" және 2005 жылғы 5 мамырда "Алматы Ақшамы" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) аталмыш қаулының 1-қосымшасында:
      8) тармақша мынадай редакцияда баяндалсын:
      "8) ойын бизнесі саласындағы қызмет;";
      мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
      "16) дене тәрбиесі-сауықтыру және спорт қызметін жүзеге асыратын дене тәрбиесі-сауықтыру, спорт клубтарының, орталықтарының, секциялары мен басқа да ұйымдардың; бірінші, екінші және үшінші дәрежедегі спорт құрылғыларында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметін көрсететін заңды және жеке тұлғалардың; дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, одақтардың, ассоциациялардың (облыстық федерациялардың) қызметі.";
      2) аталмыш қаулының 2-қосымшасында:
      6-тармақтағы "ойынхана мен тотализаторларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі" деген сөз "ойын бизнесі саласында" деген сөзімен өзгертілсін;
      8 тармақ алынып тасталсын;
      11 тармақ "баллондар)" деген сөзден кейін мынадай сөздермен толықтырылсын: ", жылу қуатын өндіруге, беру мен таратуға (орнатылған жылу қуатының жалпы жиынтығы 100 Гкал/сағат болатын жылу энергиясының көздерінен)";
      мынадай мазмұндағы 12 тармақпен толықтырылсын:
      "12. Алматы қаласының дене тәрбиесі және спорт басқармасы- дене тәрбиесі-сауықтыру және спорт қызметін жүзеге асыратын дене тәрбиесі-сауықтыру, спорт клубтарының, орталықтарының, секциялары мен басқа да ұйымдардың; бірінші, екінші және үшінші дәрежедегі спорт құрылғыларында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметін көрсететін заңды және жеке тұлғалардың; дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, одақтардың, ассоциациялардың (облыстық федерациялардың) қызметіне шарт жасасуға.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің бірінші орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсін.

       Алматы қаласының
      Әкімі                      И. Тасмағамбетов

      Әкімдік хатшысы           К. Тәжиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады