Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2009.12.11 N 5/803 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі "Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу Ережелерін бекіту туралы" N 696 қаулысына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 3 тамыздағы "Алматы қаласы әкімдігінің жанынан Алматы қаласының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия құру туралы" N 5/989 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 709 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 12 тамызда "Вечерний Алматы", "Алматы ақшамы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Жоғарыда аталған Қаулымен бекітілген Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Алматы қаласының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия туралы Ережедегі:
11 тармақтың 3 тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"3) құжаттарды әрі қарай қарау.";
15 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"15. Құжаттарды одан әрі қарау туралы шешім шығарылғаннан кейін Комиссия шешімнің көшірмесін:
1) Жер қатынастары басқармасына жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжатты ресімдеу үшін;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі "Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу Ережелерін бекіту туралы" N 696 қаулысының негізінде Алматы қаласының әкімдігімен құрылған қабылдау комиссиясына пайдалануға қабылдау актісін ресімдеу үшін;
3) "Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық төлқұжатты ресімдеу үшін жібереді.";
3 тарау келесі мазмұндағы 15-1 тармағымен толықтырылсын:
"15-1. Осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген құжаттарды ресімдеу аяқталғаннан кейін комиссия жария ету субъектісіне мәліметтерді жария етілген мүлік тізіліміне бір мезгілде енгізе отырып, жылжымайтын мүлікті жария ету туралы шешімді ресімделген құжаттармен бірге береді";
Жоғарыда аталған Қаулының қосымшасындағы Алматы қаласы әкімдігінің жанынан:
Әуезов ауданы бойынша |
|
Исахан Мырзаханұлы Қалықов |
Алматы қаласының Әуезов ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы |
Бостандық ауданы бойынша |
|
Қайрат Сатыбалдыұлы Қайқыбаев |
Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасының бас маманы; |
Жетісу ауданы бойынша |
|
Айбек Нұрғожаұлы Баймұрзаев |
Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасының бас маманы; |
Түрксіб ауданы бойынша |
|
Манап Отарбайұлы Мырзабеков |
Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасының бас маманы |
комиссиялар құрамына енгізілсін;
аталған комиссиялар құрамынан:
Әуезов ауданы бойынша - И. Қ. Айтқасымов;
Бостандық ауданы бойынша - Р. Қ. Ыдырысов;
Жетісу ауданы бойынша - С.И. Әбдісадықов;
Түрксіб ауданы бойынша - Т.Т. Тұрысбеков шығарылсын.
2. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ. Бүкеновке жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі
Әкімдік хатшысы