Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 3 тамыздағы "Алматы қаласы әкімдігінің жанынан Алматы қаласының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия құру туралы" N 5/989 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 24 қазандағы N 7/1252 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2006 жылғы 1 желтоқсанда N 719 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы N 5/803 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2009.12.11 N 5/803 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі "Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу Ережелерін бекіту туралы" N 696  қаулысына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 3 тамыздағы "Алматы қаласы әкімдігінің жанынан Алматы қаласының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия құру туралы" N 5/989  қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 709 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 12 тамызда "Вечерний Алматы", "Алматы ақшамы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Жоғарыда аталған Қаулымен бекітілген Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Алматы қаласының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия туралы Ережедегі:
      11 тармақтың 3 тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "3) құжаттарды әрі қарай қарау.";

      15 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "15. Құжаттарды одан әрі қарау туралы шешім шығарылғаннан кейін Комиссия шешімнің көшірмесін:
      1) Жер қатынастары басқармасына жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжатты ресімдеу үшін;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі "Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу Ережелерін бекіту туралы" N 696 қаулысының негізінде Алматы қаласының әкімдігімен құрылған қабылдау комиссиясына пайдалануға қабылдау актісін ресімдеу үшін;
      3) "Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық төлқұжатты ресімдеу үшін жібереді.";

      3 тарау келесі мазмұндағы 15-1 тармағымен толықтырылсын:
      "15-1. Осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген құжаттарды ресімдеу аяқталғаннан кейін комиссия жария ету субъектісіне мәліметтерді жария етілген мүлік тізіліміне бір мезгілде енгізе отырып, жылжымайтын мүлікті жария ету туралы шешімді ресімделген құжаттармен бірге береді";
      Жоғарыда аталған Қаулының қосымшасындағы Алматы қаласы әкімдігінің жанынан:     

Әуезов ауданы бойынша

Исахан Мырзаханұлы Қалықов 

Алматы қаласының Әуезов ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы 

Бостандық ауданы бойынша

Қайрат Сатыбалдыұлы Қайқыбаев

Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасының бас маманы;

Жетісу ауданы бойынша

Айбек Нұрғожаұлы Баймұрзаев

Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасының бас маманы;

Түрксіб ауданы бойынша

Манап Отарбайұлы Мырзабеков

Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасының бас маманы

комиссиялар құрамына енгізілсін;
      аталған комиссиялар құрамынан:
      Әуезов ауданы бойынша - И. Қ. Айтқасымов;
      Бостандық ауданы бойынша - Р. Қ. Ыдырысов;
      Жетісу ауданы бойынша - С.И. Әбдісадықов;
      Түрксіб ауданы бойынша - Т.Т. Тұрысбеков шығарылсын.

      2. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ. Бүкеновке жүктелсін.

      Алматы қаласының әкімі

      Әкімдік хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады