Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 11.04.2014 № 2/235 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, жергілікті халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалын қамтамасыз ететін, қатты тұрмыстық қалдықтардың жинақталу есебін реттеу және табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтардың жинақталу мөлшері бекітілсін.
2. Алматы қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 28 наурыздағы N 1/174 "Жеке адам басына бекітілген қатты тұрмыстық қалдықтардың жинақталу мөлшерін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Алматы қаласының Әділет басқармасында 2003 жылдың 28 сәуірінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 528 нөмірмен тіркелген, "Вечерний Алматы"» газетінде 2003 жылы 14 мамырда N№72 және "Алматы ақшамы" газетінде 2003 жылы 6 мамырда N 50 жарияланған).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.С. Сманқұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы Алматы қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы әкімі
Әкімдік хатшысы
Алматы қаласы әкімдігінің
2006 жылғы 20 желтоқсандағы
N 8/1514 қаулысымен бекітілген
Алматы қаласы бойынша қатты тұрмыстық
қалдықтардың жинақталу көлемінің мөлшері
Қалдықтың пайда болу көздері |
Өлшем бірлігі |
Есептік |
Жайлы тұрғын үйлер |
м 3/адам/жылына |
2,55 |
Тас көмірмен жылытылатын жайсыз тұрғын үйлер |
м 3/адам/жылына |
2,9 |
Мемлекеттік басқару органдарының әкімшілік ғимараттары |
м 3/адам/жылына |
0,2 |
Кеңсе ғимараттары (өнеркәсіптер, ұйымдар, мекемелер) |
м 3/жұмыс орны/жылына |
1,48 |
Мектептер* |
м 3/оқушы/жылына |
0,37 |
ЖОО және техникумдар** |
м 3/оқушы/жылына |
0,71 |
Ауруханалар* |
м 3/төсек орны/ жылына |
1,15 |
Емханалар |
м 3/келіп кету/ жылына |
0,02 |
Балабақшалар, ясли |
м 3/орын/жылына |
0,97 |
Қонақүйлер* |
м 3/төсек орын/жылына |
1,5 |
Азық-түлік дүкендері |
м 3/м 2 сауда ауданы/жылына |
1,4 |
Өнеркәсіп тауарлары дүкендері |
м 3/м 2 сауда ауданы/жылына |
1,2 |
Мейрамханалар |
м 3/отыратын орын/жылына |
2,8 |
Автосервис және тұрмыстық қызмет көрсету нысандары |
м 3/жұмыс орны/ жылына |
3,1 |
Базарлар* |
м 3/м 2 аудан/ жылына |
0,5 |
Түнгі клубтар |
м 3/орын/жылына |
2,0 |
Қойылымдық мекемелер (театрлар, кинотеатрлар, |
м 3/орын/жылына |
0,45 |
Спорт нысандары (стадиондар, фитнес-орталықтар, жаттығу залдары, бассейндер) |
м 3/адам/жылына |
3,1 |
Ойын-сауық нысандары (казино, ойын автоматтары залы) |
м 3/орын/жылына |
2,0 |
Мұражайлар, музыкалық салондар |
м 3/адам/жылына |
0,45 |
Қоймалар |
м 3/100м 2аудан/ жылына |
3,0 |
Саябақтар мен гүлзарлар* |
м 3/м 2аудан/ жылына |
0,56 |
Аумақтарды тазалау /сыпырым/ |
м 3/100м 2/жылына |
1,8 |
Ағаштардың қалдықтары |
м 3/ағаш/жылына |
0,8 |
Ескерту: * мәдени-тұрмыстық мақсаттағы және қоғамдық тамақтану нысандарын, үй-жайларды жалға алушыларды қоспағанда. Қатты тұрмыстық қалдықтардың (ҚТҚ) жинақталу мөлшері қалдықтардың нақты қалыптасу көздеріне арналған. Қалдықтардың қалыптасу көздеріне кіретін барлық қосымша нысандар, берілген мөлшерден бөлек есептелінеді.
** ҚТҚ-ның жинақталу мөлшеріне осы мекемелердің бүкіл қызметі кіреді.