Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2008 жылғы 2 шілдедегі N 119 шешімімен
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексінің 3 бабының 2 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына сәйкес ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Алматы қаласындағы жасыл желектерді қорғау мен күту ережесі бекітілсін, қоса беріліп отыр.
2. ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының XV сессиясының "Алматы қаласындағы жасыл желектерді қорғау мен күту Ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 27 сәуірдегі N 143 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 660 рет санымен тіркелді, 2005 жылғы 16 маусымда - "Алматы ақшамы" N 67, 2005 жылғы 30 маусымда - "Вечерний Алматы" N 131-133 газеттерінде жарияланған) күшін жойды деп танылсын.
3. Осы шешім Алматы қаласы әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау экология және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Б. Біртанов) және Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Мұқашевқа жүктелсін.
ІІІ сайланған Алматы қаласы
мәслихаты ХХVІІ сессиясының
төрағасы, мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев
III сайланған Алматы қаласы
мәслихатының ХХVІІ сессиясының
2006 жылғы 21 желтоқсандағы
N 314 шешімімен бекітілген
Алматы қаласындағы жасыл желектерді
қорғау және күту ережелері 1.Жалпы ережелер
1. Осы ережелер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне , "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", " Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына, басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес әзірленді және барлық заңды және жеке тұлғалардың меншік нысандарына қарамастан Алматы қаласында жасыл желектерді қорғау және күту тәртібін белгілейді.
2. Жасыл желектерді қорғау және күту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен табиғатты пайдалануды реттеу жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, заңдарға сәйкес қала аумағының күтілуін бақылау жөніндегі міндеттерді атқаруға уәкілетті атқарушы органға (бұдан әрі уәкілетті орган), ал, күту мен қорғау жұмыстарын ұйымдастыру иеліктерінде жасыл желектері бар табиғат пайдаланушыларға жүктеледі.
3. Осы ережелерде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) жасыл желектерді амалсыз кесу - белгіленген тәртіппен түгендеуге, орман ауруларын зерттеуге және шаруашылық мақсаттар үшін пайдаланылуға жататын ағаштарды кесу;
2) дендрологиялық жоспар (дендрожоспар ) - көкжелектердің, алаңқайлардың, жолдардың, су айдындарының және сол сияқтылардың ашық учаскелерімен үйлесімде өсіп тұрған жасыл желектердің және отырғызуға жоспарланған ағаш-бұтақ өсімдіктерінің түрлік және сандық құрамы көрсетілген қала аудандарының шегінде жасыл желектерді отырғызу жоспары;
3) жасыл желектерді қорғау - жасыл желектерді, абаттандырылған аумақтар мен жасыл алқаптарды жасауға, сақтау мен түлетуге (оның ішінде жойылған немесе зақымдалған жасыл желектерді өтемдік қалпына келтіруге) бағытталған құқықтық, әкімшілік, ұйымдық және экономикалық шаралар жүйесі;
4) жасыл алқап - түрлік құрамына қарамастан кемінде 0,125 га кем емес аумақтағы 50 дана ағашы бар абаттандырылған аумақ;
5) жасыл желектер - азаматтық заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлік болып табылатын және қаланың бірыңғай жасыл қорын құрайтын табиғи өскен және жасанды егілген ағаш бұтақты және шөпті өсімдіктер;
6) жалпы пайдаланылатын жерлер - алаңдар, көшелер, жаяу соқпақтар, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, қала ормандары, бульварлар, суаттар, жағажайлар, зираттар және қала мұқтажын қанағаттандыру мақсатындағы өзге де нысандар (су құбырлары, жылыту трубалары, тазалағыш имараттары және басқа да жалпы пайдаланылатын инженерлік жүйелер) үшін алынған және арналған жерлер;
7) нысан (желек) жағдайының (тіршілік қабілетінің) коэффициенті (бұдан әрі - НЖК) - кесуге ұсынылған нысанның тіршілік қабілетін ескеретін, жасыл желектердің сапалық жәй-күйі, оның одан әрі өмір сүруінің әлеуетті қабілеті;
8) жасыл алқаптардағы ландшафтық кесу - құрғақ, шіріген ажары нашар және рекреациялық ықпалға төзімділігі төмен, ең әсем тұрақты тұқымның дамуына кедергі келтіретін және ағаш сапасын жақсарту үшін ағаштар мен бұталарды кесу;
9) жасыл желектердің орман ауруларына бейімділігін зерттеу - зиянкестердің (жәндіктердің) бар-жоғын арнайы зерттеу, ауру белгілері мен ошақтарының бар-жоғын, діңдерде, тамыр жүйесі мен бөрікбасында таз ауруларымен (паразиттермен) зақымдану белгілерінің бар-жоғын анықтау. Егер желектердің 50% астамы ауруларға шалдыққан болса, онда олар міндетті түрде санитарлық кесуге жатады;
10) абаттандырылған аумақ - табиғи өсімдіктер орналасатын жер учаскесі, жасанды жасалған саябақ кешендері мен нысандары, бульварлар, скверлер, көкжелектер, гүлзарлар және т.б.;
11) жасарту (сирету) - қаңқалы және жартылай қаңқалы діңдерді қатты қысқарту, ұзарған жерлерін сирету және реттеу, бас жағы мен бұталардың құрғау салдарынан өзінің ажарын жоғалтқан, сау діңді және сүңгекті жасарту үшін жарамды ересек ағаштардың кемінде 3,5 метр биіктіктегі діңдерін кесу;
12) жасыл желектерді күту мен қорғаудың осы ережелерін бұзғандығы үшін жауапкершілік - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік және экономикалық әсер ету шараларын қолдану;
13) жасыл желектерді қайта отырғызу - тігінен немесе көлденеңінен тамыр жүйесіне таралуы бойынша (1,8 метрден бастап одан биігірек) жерде соқтасымен бірге қайта отырғызудың жоғары технологиясын сақтай отырып, жасы І сыныптағы соқтасы бар (10 жылға дейін), сирек - жасы ІІ сыныпта (11 жылдан 20 жылға дейін) жапырақты және қылқан жапырақты өсіп тұрған ағаштар мен бұталарды қайта отырғызу;
14) ө темдік (кепілдік) отырғызу жоспары - рұқсат етілген санитарлық кесуге немесе амалсыз кесуге ұшыраған жасыл желектер көшеттерінің өтемдік көлемін отырғызу жоспары;
15) жасыл желектерді зақымдау - ағаш-бұтақ өсімдіктерінің бөрікбасына, діңіне, тамыр жүйесіне, шөпті өсімдіктердің жер үсті бөлігі мен тамыр жүйесіне өсімін тоқтатуға алып келмейтін залал келтіру. Тамыр жүйесінің механикалық зақымдануы, тамыр қыртысы тұтастығының, топырақ үсті жамылғысы тұтастығының бұзылуы және залалдық өзге де түрін келтіру зақымдану болып табылады;
16) Алматы қаласы жасыл желектерінің тізілімі - Алматы қаласының аумағындағы жасыл желектердің көлемі, түрі, түрлік құрамы туралы мәліметтердің жиыны;
17) санитарлық кесу - ауырған, зақымданған, құрғай бастаған және құрғаған ағаштары кесілетін, қала жасыл желегінің санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында жүргізілетін (іріктемелік, жаппай) кесу;
18) санитарлық қырқу - авариялық жағдай жасайтын (электр беру желілерінде, газ құбырларында жатқан, ғимараттың жамылғысын зақымдайтын, жол қозғалысына кедергі келтіретін) зақымдалған, қураған, құрғақ, ауру бұтақтарды қырқу;
19) іріктемелік санитарлық кесу - құрғаған, өлген, желден құлайтын, қардан құлайтын, қардан сынатын жастағы барлық сыныптағы ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ тамыры зақымдалған, сәрпіңке мен өзге де таз ауруларына шалдыққан ағаштарды кесу;
20) жаппай санитарлық кесу - көп мөлшерде желден, қардан құлаған, құрғаған және ауырған (ағаштардың 40% астамы) жасыл алқаптардың, саябақтардың, скверлердің белгілі бір алаңдарында жүргізілетін ағаштар мен бұталарды кесу;
21) жасыл желектерді жою - өсімінің тоқтауына алып келетін жасыл желектердің зақымдануы;
22) бөрікбастарды қалыптастыру - пішіндеуге келетін, жекелеген ағаштардың, бұталардың және жолдағы өсімдіктердің бұташалары мен ұзарған жерлерін оларға белгілі бір әсемдік беру мақсатында кесу.
4. Алматы қаласының аумағындағы барлық жасыл желектер, жеке үй құрылыстары мен саяжайларда және қала коммуналдық қызметтерінің қарауына жататын зираттар учаскелеріндегі өсіп тұрған жасыл желектерді қоспағанда, қол сұғылмайтын қалалық жасыл қорды құрайды.
5. Жасыл желектерді сақтау мен қорғау жөніндегі шаралар кешенін азаматтар, лауазымды және заңды тұлғалар меншік нысанына қарамастан жүзеге асырады.
6. Жобалық, құрылыс және шаруашылық қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережелерде белгіленген жасыл желектерді қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, жүзеге асырылады. Құрылыс, шаруашылық және өзге қызметтерді ұйымдастыруға арналған жоба алдындағы және жобалық құжаттамада топографиялық түсірілімге енгізілген жасыл желектердің күйі туралы толық және шынайы мәліметтер болуға тиіс.
7. Қала аумағындағы жалпы пайдаланылатын аумақтарда орналасқан жасыл желектерде, белгіленген тәртіппен келісілген қала дамуының бас жоспарына кіретін жер учаскелерін қоспағанда құрылыс салуға жатпайды.
8. Жалпы пайдаланылатын жерлердегі абаттандырылған аумақтарды дамыту уәкілетті органдардың келісімімен сәулет және қала құрылысы органдары қорытындысының негізінде қаланы абаттандырудың ұзақ мерзімді кешенді схемасына сәйкес жүргізіледі.
9. Жасыл желектерді амалсыз кесуге тек заңдарда белгіленген тәртіптермен ғана рұқсат етіледі.
ІІ. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті
жүзеге асыратын уәкілетті органның құзыреті
( жасыл желектерді күту және қорғау бөлігінде)
10. Уәкілетті органның құзыретіне мыналар кіреді:
1) Алматы қаласының аумағында жасыл желектерді санитарлық кесуге (іріктемелік, жаппай), амалсыз кесуге, қайта отырғызуға, бөрікбастарын қалыптастыруға, санитарлық қырқуға, ландшафтық кесуге, жасыл желектерді қайта отырғызуға рұқсаттарды ресімдеу және беру;
2) жасыл желектерді қалпына келтіру, күту, ұстау шараларының орындалуына бақылауды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
3) кепілді өтемдік отырғызу және жасыл желектерді күту жұмыстарының жүргізілуіне бақылау жасау.
III. Жасыл желектерді есепке алу, қорғау және күту
11. Жасыл желектердің барлық түрі есепке алуға жатады.
12. Алматы қаласында жасыл желектерді есепке алу тізілімге енгізіліп есепке алынатын нысан шекарасында орналасқан жасыл желектерді техникалық түгендеу арқылы жүргізіледі (4 қосымша).
13. Жасыл желектердің есебінің нәтижесін көрсететін құжат қала жасыл қорын құрайтын (аудандар шегінде) дендрожоспар болып табылады.
14. Жасыл желектерді түгендеуді тендерлік негізде мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.
15. 10-нан астам ағашы бар және амалсыз кесуге түсетін есептегі учаскелердің шегінде түрлік құрамын, сандық және сапалық күйін, жасын (диаметрін) ескере отыра жасыл желектерге түгендеу және орман ауруларына бейімділігіне тексеру жүргізу қажет. Оны тапсырысшы осы жұмыс түрлерін жүргізуге құқығы бар мамандандырылған ұйымдармен келісім бойынша жүргізеді.
16. Жасыл желектердің есебі мына мақсаттарда жүргізіледі:
1) Алматы қаласының аумағында жасыл желектердің саны мен сапасы және жәй-күйі туралы шынайы мәліметтерді алу және есебін жүргізу;
2) қаланың көгалдандырылған аумағын қорғау, сақтау және абаттандырылған аумақтарды дамыту саласындағы қала саясатының негізгі бағыттарын анықтау;
3) халықты, билік пен басқару органдарын қаладағы жасыл желектердің саны мен жағдайы туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.
17. Жасыл желектер тізілімін жүргізуді ұйымдастыру жұмыстары табиғат қорғау қаражаты есебінен жүргізіледі.
18. Жалпы пайдаланылатын жерлердегі жасыл желектерді күту мен қорғауды мына жағдайларды қоспағанда уәкілетті орган жүзеге асырады:
1) арнайы саябақтарда меншік иелеріне немесе меншік иесі өкілеттеген адамға;
2) тұрғын ықшам аудандарында, тұрғын үйлердің алдындағы көшелерде құрылыстан жаяусоқпаққа дейін - ішкі аула аумағы шегінде тұрғын үй қорының иелеріне;
3) өнеркәсіп кәсіпорындары аумақтары мен меншіктің өзге нысандарында, сондай-ақ бөлінген және бекітілген аумақтарда және санитарлық-қорғау аймақтарында - иелеріне немесе осы нысандарды пайдаланушыларға;
4) құрылыс үшін бөлінген аумақтарда - тапсырысшыға жүктеледі.
19. Жалпы пайдаланылатын жерлерде жүргізілетін жасыл желектерді күту мен қорғау жұмыстарын арнайы ұйымдар тендерлік негізде жүргізеді.
20. Уәкілетті органның рұқсатына сәйкес жүргізілген санитарлық кескендігі, амалсыз кескендігі үшін өтемдік қалпына келтіру жер учаскесінің сол аумағында үш есе көлемде биіктігі 2 метрден кем емес жапырақ тұқымдас, ал қылқан жапырақтылар үшін 1,5 метрден кем емес көшеттер отырғызу жолымен (І және ІІ сыныптағы сападағы) жүргізіледі. Санитарлық кесу және жасыл желектерді кесу жүргізілетін аумақта отырғызу үшін бос алаң болмаған жағдайда уәкілетті орган одан әрі өтемдік отырғызу жүргізу үшін белгіленген тәртіппен келісілген арнайы учаскелерді анықтайды.
21. Нысан жағдайының коэффициенті (НЖК) бойынша 4 және 5 сыныптағы авариялық жасыл желектерді кескен жағдайда әрбір зақымдалған жасыл желек үшін заңды және жеке тұлғалар биіктігі 2 метрден кем емес жапырақ тұқымдас 1 көшетті, ал қылқан жапырақтылар үшін биіктігі 1,5 метрден кем емес көшеттер отырғызу жолымен (І және ІІ сыныптағы сападағы) жасыл желектердің кепілді өтемдік отырғызылуын жүзеге асырады.
22. Апаттық ахуалдың пайда болуын - ұзақ тұрған (жасы үлкен) ағаштардың өздігінен құлауын болдырмау үшін (тіршілігі қысқа мерзімде жылдам өсетін: жасы 40-тан
асқан теректердің барлық түрі; жасы 20-дан асқан жемісті ағаштар; жасы 50 - ден асқан аласа шегіршін, вавилон қара шілігі) олардың бөрікбасының жағдайына қарамастан 4 және 5 санаттағы НЖК-ны қолдана отыра кесуге рұқсат етіледі (Алматы қаласы аудандары әкімдері аппараттарының, жасыл желектерге қызмет ету үшін тендерді ұтып алған арнайы ұйымдардың, Алматы қаласы құтқару қызметі, төтенше жағдайлар органдарының, заңды және жеке тұлғалардың алдын ала өтініштері бойынша). Желдің және табиғи сипаттағы өзге оқиғалардың нәтижесінде авариялық құлаған ағаштарды жинау, құлаған жерлерді өз уақытында санитарлық тазалау және ағаш қалдықтарын тасымалдау осы Ережелердің 19-20 баптарында көрсетілген тұлғаларға жүктеледі.
23. Өнеркәсіптік, азаматтық мақсаттағы ғимараттардан және жеке тұрғын үй құрылысынан кемінде 5 метр қашықтықта өсіп тұрған ағаштың бөрікбасы ғимарат үшін қауіп туғызса - жабынды, балконды, лоджияны бүлдіретін және тамырлары ғимарат іргетасын қирататын болса, оларды санитарлық қырқуға, амалсыз кесуге рұқсат 3.01-01-2002 Қазақстан Республикасы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес авариялық жасыл желектер ретінде беріледі.
24. Заңсыз кескен жағдайда жасыл желектерді өтемдік қалпына келтіру биіктігі 2 метрден кем емес жапырақ тұқымдас көшеттерін, сондай-ақ биіктігі кемінде 1,5 метрден кем емес қылқан жапырақты тұқым көшеттерін он есе көлемінде (І және ІІ сыныптағы сападағы) отырғызу жолымен жүргізіледі. Заңсыз кесу жүргізілген аумақта отырғызу үшін бос алаң болмаған жағдайда уәкілетті орган одан әрі өтемдік отырғызу жүргізу үшін белгіленген тәртіппен келісілген арнайы учаскелерді анықтайды.
25. Осы Ережелердің 24 тармағында көрсетілген жасыл желектерді кесу кезінде оларды қалпына келтіру осы Ережелердің 19 және 20 тармақтарында көрсетілген тұлғалардың қаражаттары есебінен жүргізіледі.
26. Жасыл желектерді өтемдік қалпына келтіруді жеке немесе заңды тұлғалар дербес немесе оларды одан әрі күтудің міндетті шарттарын сақтай отырып арнайы кәсіпорындармен шарт бойынша жүргізеді.
27. Бюджет қаражаты есебінен құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде (күрделі құрылыс, жолдарды, жаяу соқпақтарды, арық желілерін жөндеу және т.б.) олар аяқталысымен құрылыс жұмыстарын жүргізген ұйымдар жасыл желектерді қалпына келтіруге немесе жасауға (егер жобада көзделген болса) міндетті.
28. Қатты өскен немесе зақымдалған жасыл желек өздігінен құлаған кезде, кінәлі тұлғаларды анықтау мүмкін емес жағдайда жасыл желектерді қалпына келтіру белгіленген тәртіппен жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
29. Жасыл желектер механикалық зақымдалған немесе жол-көлік оқиғалары салдарынан жойылған жағдайда кінәлі тараптар осы Ережелердің 27 тармағына сәйкес үш есе көлемде зақымдалған немесе жойылған желектердің өтемдік қалпына келтірілуін жүргізуге міндетті.
30. Отырғызылған жасыл желектер өспеген жағдайда оның мүддесі үшін кесу жүргізілген тұлға жасыл желектерді қайта отырғызады және олардың әрі қарай күтілуін қамтамасыз етеді.
31. Қажетті күтіп-ұстау, жасыл желекті қалпына келтіру мүмкіндігінің жоқтығына, механикалық зақымдалуға, көшеттердің баяу өсуіне байланысты, отырғызылған жерде көшеттердің жоқтығының (ұрланған) анықталуына байланысты жасыл желектердің өспегендігі анықталған жағдайда (қурағандарын қоспағанда) оларды қалпына келтіру жасыл желектерді күту жауапкершілігі жүктелген тұлғалар есебінен жүргізіледі. Отырғызуды қалпына келтіру, уәкілетті органмен келісілген, мерзімі көрсетілген өтемдік қалпына келтіру жоспарына сәйкес жүргізіледі.
32. Құрылыс және өзге жұмыс түрлерін жүргізген кезде осы учаскедегі сақталуға жататын, кесуге немесе санитарлық қырқуға жатпайтын барлық жасыл желектер тиімді қорғауды қамтамасыз ететін арнайы қорғаныс қоршауларымен (ағаш-бұта өсімдігі діңінің, көшеттің, көкжелектердің, гүлзарлардың айналасына, қажетті жағдайда бөрікбастарды қорғау) механикалық және өзге зақымдалулардан қорғалуға тиіс.
33. Кепілді өтемдік отырғызулардың жүргізілуіне және оларды күту жұмыстарына бақылауды ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді.
ІV. Жасыл желектерді санитарлық кесу (іріктемелік, жаппай) амалсыз кесу, қайта отырғызу, бөрікбастарды қалыптастыру, санитарлық қырқу, ландшафтық кесу, сүңгегін тазалау
34. Жасыл желектерді санитарлық кесу (іріктемелік, жаппай) амалсыз кесу, қайта отырғызу, бөрікбастарды қалыптастыру, санитарлық қырқу, ландшафтық кесу, сүңгегін тазалау осы Ережеде белгіленген тәртіппен ресімделеді, және жасыл желектер өсіп тұрған жер учаскесіне жер пайдалану құқығын айғақтайтын құжаттарды міндетті көрсетуі бойынша немесе белгіленген тәртіппен бекітілген табиғат қорғау шаралары жоспарына сәйкес уәкілетті органның ресми рұқсатымен ғана жүргізіледі.
35. Жасыл желектерді санитарлық кесу, амалсыз кесу, сүңгегін тазалау және санитарлық қырқу жыл бойында жүргізіледі.
Жасыл желектерді қайта отырғызу күз түскеннен бастап ерте көктемге дейін жүргізіледі, уәкілетті орган берген рұқсатта жұмыс жүргізу уақыты көрсетіледі.
Жасарту (сирету) тозаңдану басталғанға дейін немесе күздің аяғына дейін жүргізіледі.
36. Ережелердің күші бұрыннан бар жеке тұрғын үй аумағына, азаматтардың саяжайларына, қаланың коммуналдық қызметтері қарауына жататын зираттар учаскелеріне таратылмайды.
Жасыл желектерді санитарлық кесу, амалсыз кесу, сүңгегін тазалау және қайта отырғызу жалпы табиғат пайдалану тәртібімен, рұқсатты ресімдеусіз олардың өз ұйғарымы бойынша жүргізіледі.
37. Жаңа құрылысты оның ішінде, жаңғыртуға түсетін аумақтардағы құрылысты (бұрыннан бар жеке тұрғын үй құрылысын қоспағанда) олардың нысаналы мақсатына қарамастан (жоспарланған жеке тұрғын үй құрылысы, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс нысандары, әкімшілік ғимараттары, коммуникацияның, қызмет көрсету саласы нысандарының барлық түрлері) және жер учаскесіне құқықты ұйымдастыру кезінде жасыл желектерді кесу уәкілетті ресми органның ресми рұқсаты бойынша жүргізіледі.
38. Осы Ережелердің 19 және 20 тармақтарында көрсетілген тұлғалар, сондай-ақ аумақтарында жасыл желек өсетін ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдаланушылар жыл сайын көктемгі және жазғы кезеңде зиянкестерден (жәндіктерден, паразиттік өсімдіктерден) және аурулардан желектерге химиялық және фитоәдістермен химиялық өңдеу жүргізуге міндетті.
39. Осы Ережелердің 38 тармағында көрсетілген тұлғалардың химиялық өңдеулер жүргізуін бақылау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру алдын ала бекітілген шаралар жоспары бойынша жүргізіледі және Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары мен Алматы қаласы ішкі істер департаментінің органдарына жүктеледі.
40. Жалпы пайдаланатын жерлерде жасыл желектерді кесуді уәкілетті органның міндетті рұқсатты ресімдеуімен тендерлік негізде арнайы ұйымдар жүргізеді.
41. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын сәулеттік, қала құрылысы және құрылыс жұмыстары жүргізілген кезде, жасыл желекті қалпына келтіру белгіленген тәртіппен тиісті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
42. Ағаштың құлауы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызатын, ғимараттар мен имараттардың, коммуникациялардың зақымдалуына, жол қозғалысы қауіпсіздігінің бұзылуына алып келетін төтенше және авариялық жағдайларда аталған жасыл желектерді кесу рұқсатты ресімдеусіз шұғыл түрде жүргізіледі. Кесу дерегі ауданның экологиялық қызметінің және кесуді жүргізген арнайы кәсіпорынның қатысуымен жұмыс басталған сәттен бастап 24 (жиырма төрт) сағаттың бойында төтенше жағдайлар органдарының құтқарушы қызметінің куәландыру актісімен айғақталады, артынша уәкілетті органға хабарланады.
43. Шеткі өткізгіштер жолының екі жағында да тұрған электр тораптарының күзеттік және санитарлық қорғау аймақтары Қазақстан Республикасы Үкіметінің "1000 В-қа дейінгі және 1000 В-дан артық электр тораптарын және жылу тораптарын қорғау ережелері туралы»1997 жылғы 10 қазандағы N 1436 қаулысына сәйкес 15 метрден бастап 55 метрге дейінгі аралықты құрайды. Бұл аумақтарда тиісті ұйымдар қызмет көрсетеді. Аталған учаскелер бойындағы жасыл желектерді санитарлық кесуді, қажетті амалсыз кесуді және санитарлық қырқуды олар уәкілетті органның рұқсатын міндетті алусыз жүргізеді.
44. Қала автомобиль жолдарында апаттық жағдай туғызатын, жол белгілерінің анық көрінуін тұмшалайтын жасыл желектерді санитарлық қырқу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органдардың рұқсатын алусыз жүргізіледі.
45. Су ресурстарының (өзендер, су айдындары) жер үсті көздеріндегі су тасқыны кезінде төтенше жағдайларды болдырмау үшін өзен арнасында, су айдындарында өскен жасыл желектерді кесу шұғыл түрде жүргізіледі. Кесу дерегі аудандардың төтенше жағдайлар органдары мен экологиялық қызметінің куәландыру актісімен айғақталады, артынша 72 (жетпіс екі) сағаттың бойында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға хабарланады.
46. Кесілген жасыл желек пен ұнталған қалдықтарды (үгінділер, бұталар, жапырақтар, бөрікбастар және т.б.) жұмыс жүргізілген жерде жинау мен сақтауға тыйым салынады. Кесілген қалдықтарды үю, буып-түю және тасымалдау бойынша барлық жұмыстар техника қауіпсіздігі талаптарына толық сәйкестікте жүргізілуге тиіс.
47. Жасыл желектерді қайта отырғызу бойынша жұмыс жүргізілгеннен кейін тапсырысшы олардың одан әрі ұстап, күтілуін қамтамасыз етуге міндетті.
48. Жасыл желекті санитарлық кесуге, амалсыз кесуге, сүңгегін тазалауға, санитарлық қырқуға, қайта отырғызуға рұқсатты ресімдеу үшін мынадай құжаттар тапсырылуға тиіс:
Заңды тұлғалар үшін:
1) уәкілетті орган басшысының атына мекенжайы, басшының тегі, аты, әкесінің аты, сұратылған жасыл желектің мекенжайы және байланыс телефоны көрсетілген өтініш;
2) жергілікті атқарушы орган шешімінің көшірмесі (нысандар құрылысы, оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін (бұдан әрі ЖТҚ) үшін жер учаскесін бөлген кезде);
3) жер учаскесіне құқық беретін құжаттардың көшірмесі;
4) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы (салынып жатқан және жаңартылатын нысандар үшін);
5) қайта салынатын нысандар үшін Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы департаментінің сәулеттік-жоспарламалық тапсырмасы бойынша қорытынды;
6) бұрыннан бар жасыл желектердің тұқымдық және сандық құрамы, олардың жәй-күйі көрсетілген жер учаскесінің топографиялық түсірілімі;
7) өтемдік көгалдандыру жоспары немесе жасыл желектердің орналасуы көрсетілген жобалық көгалдандыру жоспары;
8) өтемдік көгалдандыру бойынша көшеттерді отырғызуды аяқтау, уақыты көрсетілген кепілдік хат.
Жеке тұлғалар үшін:
1) уәкілетті орган басшысының атына өтініш;
2) жер учаскесіне құқық беретін құжаттардың көшірмесі;
3) жасыл желектердің орналасуы көрсетілген өтемдік көгалдандырудың нобай-жоспары;
4) өтемдік көгалдандыру бойынша көшеттерді отырғызуды аяқтау уақыты көрсетілген кепілдік хат.
49. Қайта салынатын нысандар үшін жеке және заңды тұлғалар жасыл желектерді кесуге рұқсат беру туралы өтініш жасаған кезде олар жоғарыда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін тапсыруы қажет.
50. Өтініш уәкілетті орган маманының сол жерге барып жер учаскесіне міндетті тексеріс жүргізуімен қаралады, оған тапсырысшының немесе өтініш берушінің өкілі қатысады.
51. Санитарлық кесуге, амалсыз кесуге, санитарлық қырқуға және сүңгектерін қалыптастыруға түсетін (қаралатын учаскедегі) желектің 10 бірліктен артық сандық құрамын алдын ала анықтаған жағдайда тапсырысшы алдын ала өтінішке қоса белгіленген тәртіппен түгендеу және орман ауруларына бейімділік деңгейін зерттеу материалдарын тапсырады.
52. Жасыл желектерді санитарлық кесуге, амалсыз кесуге, санитарлық қырқуға, отырғызуға, сүңгектерін түзетуге рұқсат күшінің мерзімін климаттық жағдайларға және желектердің түрлік құрамына байланысты , алайда ағымдағы күнтізбелік жыл айының соңғы күнінен кешіктірмей уәкілетті орган дербес анықтайды.
53. Абаттандырылған аумақтарға осы ережелермен тыйым салынады:
1) жасыл желектерді зақымдауға немесе құртуға;
2) алау жағуға, түскен жапырақ пен құрғақ шөпті жағуға;
3) тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтармен, ағынды сумен қоқыстауға және ластауға;
4) ағаштан шырын өндіруге, жазулар, оюлар салуға, ағаштарға жарнама, хабарландыру, нөмірлік белгілер, әртүрлі көрсеткіштерді, сымдарды орналастыруға және ағашқа ілмек пен шеге қағуға;
5) автокөлік құралдарының, құрылыс және өзге техниканың, осы аумақты пайдалануға және жасыл желекті күтуге байланысты техниканы қоспағанда, өтуі мен тұруына;
6) автокөлік құралдарын жууға;
7) көкжелекке көлік құралдарын қоюға;
8) мал жаюға;
9) әртүрлі жүктерді, оның ішінде құрылыс материалдарын үюге;
10) ағаштар мен бұталардың сақталуын қамтамсыз ететін шараларды сақтамай, жасыл желектер алып жатқан учаскелерге төбеден қар түсіруге;
11) жасыл желекке залал келтіруге қабілетті өзге әрекеттер жасауға және шарасыздық танытуға.
V. Жасыл желектерді қорғау мен күту саласындағы құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
54. Жасыл желектерді заңсыз зақымдау немесе жою үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы негізінде анықталады.
55. Жеке, лауазымды және заңды тұлғалар осы Ережелердің баптарын бұзған жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
"Алматы қаласындағы
жасыл желектерді қорғау
мен күту ережелеріне"
N 1 қосымша
Жасыл желектерді зертеу
АКТІСІ
200___ ж. "____" _________
Көше____________________________________________
________________________________________________
аудан______________________________Алматы қаласы
Бiздер, төменде қол қоюшылар,___________________
уәкiлеттi органның
________________________________________________
лауазымды тұлғасы (лауазымы, А.Ж.Т, органның атауы)
________________________________________________
________________________________________________
________________________________________________
және тапсырыс берушiнiң өкiлi
________________________________________________
түсетiн жасыл желектерге зерттеу жүргiздi
________________________________________________
________________________________________________
________________________________________________
Нәтижесінде анықталды:
Жасыл желектер- |
Кесілетін |
Қайта отырғызу |
|||
Көлем |
дм |
Көлем |
дм |
||
кестенің жалғасы
Сақталады |
Сапалық (нақты) жағдайы) |
||||
Көлем |
дм |
жақсы |
Қанағат. |
Қанағат емес |
|
Осы акт _____ дана болып жасалды.
Ескертпе: Тексеру акті ағашты кесуге немесе отырғызуға құқық беретiн құжат болып табылмайды.
Тапсырысшының өкiлi алды ________ А.Ж.Т.
Уәкiлеттi органның
лауазымды тұлғасының қолы А.Ж.Т.
"Алматы қаласындағы
жасыл желектерді қорғау
мен күту ережелеріне"
N 2 қосымша
Жасыл желектердi кесу, амалсыз кесу, қайта отырғызу
РҰҚСАТЫ
1. Кәсiпорынның аталуы (СТН) (тапсырысшы, өтініш беруші)
2. Кәсiпорынның басшысы (А.Ж.Т.) (тапсырысшы, өтініш беруші)
3. Сұралған учаскенің мақсаты
4. Орналасқан жерi
5. Шараларды өткiзу үшiн негiздеме
6. Жер учаскесінiң меншiк түрi (N, күнi)
7. Уәкiлеттi органның жер учаскесін зерттеу актiсi
8. Алматы қаласы жасыл желек қорының өтемдiк қалпына келтiру бойынша мiндеттеме (кепiлдiк хат)
9. Көгалдандырудың (көріктендірудің) жобалық жоспары
ҚОРЫТЫНДЫ
Уәкiлеттi орган (толық атауы) жасыл желектердiң жәй-күйiн ескере отыра, зерттеу актiсiне сәйкес жасыл желектерді санитарлық кесуді, амалсыз кесудi келiседi:
"- ағаш-бұтақ жасыл желектерінің нақты (сандық, сапалық) жағдайын, сондай-ақ қайта отырғызу жұмыстарын жүргізу мерзімі мен жұмыстардың аяқталатын күнін көрсету қажет".
Бұл жағдайда бірінші басшыға мына талаптарды орындау міндеттеледі:
4. Жер асты және жер үстi коммуникацияларын қорғау ережелерi мен нормаларын сақтай отырып, сәнді-бағалы жасыл желектерді отырғызу жолымен өтемдiк қалпына келтiру бойынша шараларды жүргiзу.
5. Жасыл желектердi қорғау, күту мен сақтау бойынша шаралардың толық кешенiн жүргiзу.
6. Рұқсат күшінің мерзімі
Қосымша: ____________
Ескертпе: ___________
Уәкілеттi органның басшысы А.Ж.Т.
"Алматы қаласындағы
жасыл желектерді қорғау
мен күту ережелеріне"
N 3 қосымша
Жасыл желектердi
Пішіндемелік қырқуға (жасартуға), санитарлық кесуге, сүңгегін тазалауға
РҰҚСАТ
1. Кәсiпорынның атауы (СТН) (тапсырысшы, өтініш беруші)
2. Кәсiпорынның басшысы (А.Ж.Т.) (тапсырысшы, өтініш беруші)
3. Сұралған учаскенің мақсаты
4. Орналасқан жерi
5. Шараларды өткiзу үшiн негiздеме
6. Жер учаскесінiң меншiк нысаны (N, күнi)
ҚОРЫТЫНДЫ
Уәкiлеттi орган (толық атауы) жасыл желектердiң жәй-күйiн ескере отыра, зерттеу актiсiне сәйкес мыналарды келіседі:
- жұмыс түрлерін (тұқымдық құрамын, желектер санын, диаметрін, өсетін жерін, сондай-ақ жұмыс жүргізу мерзімін көрсете отыра төмендегі жасыл желектерді түзеуді, пішіндемелік немесе санитарлық кесуді, сүңгегін тазалауды).
Бұл жағдайда бiрiншi басшыға мына талаптарды орындау мiндеттеледi:
1. Жасыл желектердi күту, ұстау мен сақтау бойынша шаралардың толық кешенiн жүргiзу.
2. Рұқсат күшінің мерзімі.
Ескертпе: ____________
Уәкiлеттi органның
басшысы А.Ж.Т.
"Алматы қаласындағы
жасыл желектерді қорғау
мен күту ережелеріне"
N 4 қосымша
200___ жылдың 1 қаңтарына дейiнгi
Алматы қаласы жасыл желектерiнiң
тiзілімi
Жасыл желек нысандарының (учаскелерін) алаңын, жер санаты, өсiмдiк түрлерi және функционалдық мақсаты бойынша бөлу
Алматы қаласы
Әкiмшiлiк аудан: (код)_____________________
Жауапты иесі:______________________________
Жасыл желектер тізілімі
Кесте
N р/н, |
Жердің функционалдық мақсаты, тағайындау түрлерінің тобы, жасыл желектер нысандары (учаскелері- |
Классификация-лық код |
Нысандардың (учаскелердің) га, жасыл желектердің га/дана (ағаш-бұта) алаңы |
А |
Б |
В |
1 |
кестенің жалғасы
Саябақ үлгісіндегі жасыл желектер |
||||
Ағаш өсімдігі, тек.м. га/дана |
||||
Жекеле- |
Топтар, куртиналар |
Тоғайлар, |
Аллеялар, қатарлар |
Барлығы га/дана |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
кестенің жалғасы
Саябақ үлгісіндегі жасыл желектер |
|||
Бұта өсімдіктері |
|||
Жалғыз |
өсімдіктер қоршауы (екпе бұташалар) |
Қатарлық көшеттер |
Барлығы га/дана |
7 |
8 |
9 |
10 |
кестенің жалғасы
Ашық кеңістік |
||||
Гүлзарлар, га |
||||
Біржылдық |
көпжылдық |
Аралас |
контейнерлік |
Барлығы |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
кестенің жалғасы
Ашық кеңістік |
|||
Көкжелектер, га |
|||
Партерлік |
кәдімгі |
Топырақ беті жамылғысы |
Барлығы |
16 |
17 |
18 |
19 |
кестенің жалғасы
Саябақ үлгісін- |
Орман, табиғи тұрпаттағы өсімдіктер |
||
Табиғи және аралас пішіндегі ағаш |
Дақылдар |
Табиғи алаңдар, сирекшөпті жерлер |
|
20 |
21 |
22 |
23 |
"Алматы қаласындағы
жасыл желектерді қорғау
мен күту ережелеріне"
N 5 қосымша
Ағаштар мен бұталардың әсемдік және
биологиялық сипаттамасы
Кесте
тұқым |
әсемдік қасиеті |
||
биіктігі |
|||
Пішіні |
Қалыңдығы |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
А. Жапырақ тұқымдары | |||
---|---|---|---|
Ақ қараған |
II |
Кең. тар. |
Қал. |
Амур барқытшөбі |
II |
кең.со |
ор. |
Даур қайыңы |
I |
Ж. |
// |
Жылтыр шегершін |
I |
Эл. |
қал. |
Қауырсынжапырақ-ты шегершін |
I |
Тар. |
// |
Уссури алмұрты |
III |
Кең.пир. |
ор. |
Шыбықты емен |
I |
Шар. |
// |
Ақ тал |
II |
Кең.со. |
қал |
Гиннал үйеңкісі |
III |
// |
қал. |
Татар үйеңкісі |
III |
// |
ор. |
Шағанжапырақты үйеңкі |
II |
Кең.тар. |
// |
Ұсақжапырақты жөке ағашы |
I |
Со. |
қал. |
Манчжур жөке ағашы |
II |
Дөң |
// |
Амур көкнәрі |
II |
Тар. |
ор. |
Қара зерен |
I |
Ц. |
// |
Сұр зерен |
III |
Ж. |
// |
Кәдімгі шетен |
II |
Со. |
// |
Ақ терек |
I |
Кең.тар. |
// |
Қара терек |
I |
Тар.көл. |
қал. |
Берлин терегі |
I |
Кең.пир. |
// |
Канада терегі |
I |
Кең.ж. |
// |
Мәскеу терегі |
I |
Дөң. |
// |
Виргин көкмойылы |
II |
Ж. |
ор. |
Көкнәр мойылы |
II |
Дөң. |
// |
Ақ тұт |
III |
Шар. |
қал. |
1 |
2 |
3 |
4 |
Қытай алмасы |
III |
Дөң. |
Қау. |
Сібір алмасы |
III |
// |
Ор. |
Жасыл шаған |
II |
Кең.ц. |
Қау. |
Мамық шаған |
II |
Дөң. |
Ор. |
Б. Бұталар | |||
Сұр қараған |
II |
Кең.ж. |
Қал. |
Тунберг бөріқарақаты |
III |
Кер.ж. |
Қал. |
Еуропа қабыржығы |
I |
Со. |
// |
Қызыл долана |
I |
Кең. |
// |
Теңбіл долана |
I |
Ж. |
// |
Ақ сәнтал |
II |
Тар. |
Ор. |
Кәдімгі ұшқат |
I |
ж.тар. |
// |
Көк ұшқат |
II |
Ов. |
// |
Кәдімгі ирга |
I |
Кең.ж. |
// |
Канада иргасы |
I |
Ж. |
// |
Кәдімгі балан |
I |
Кең.ж. |
// |
Бетіқышық балан |
I |
Ж. |
Ор. |
Жарқырауық ырғай |
II |
Шар. |
Ор. |
Кәдімгі аюжаңғақ |
I |
Тар.ж. |
// |
Манчжур аюжаңғағы |
II |
Кең.ж. |
// |
Жіңішкежапырақты жиде |
I |
Рск. |
// |
Жалтырауық жиде |
II |
Кең.тар. |
// |
Қатпарлы раушан |
II |
Шар. |
// |
Француз раушаны |
I |
// |
// |
Амур мамыргүлі |
I |
Со.ж. |
// |
Венгр мамыргүлі |
I |
Я. |
// |
Гималай мамыргүлі |
II |
Кең. |
// |
Кәдімгі мамыргүл |
I |
Со.ж. |
// |
Сары қарақат |
II |
Дөң. |
// |
Ақ қаражеміс |
I |
Дөң. |
// |
Талжапырақты тобылғы |
II |
Кең.пир. |
// |
Баланжапырақты тобылғы |
II |
Тар.ж |
// |
1 |
2 |
3 |
4 |
Шетенжапырақты тобылғы |
II |
Ж. |
// |
Орташа тобылғы |
I |
Дөң. |
// |
Тамарикс жапон тобылғысы |
II |
Кер.ж. |
қау. |
Шренка жасмині |
II |
Дөң. |
ор. |
В. Қылқанжапырақтылар | |||
Тікенекті шырша |
I |
Пир. |
ор. |
Кәдімгі шырша |
I |
Кең.ше. |
қал. |
Тяньшань шыршасы |
I |
Шар. |
// |
Энгельман шыршасы |
I |
Пир. |
ор. |
Сібір самырсыны (қарағай) |
I |
Шар.со. |
т.қ. |
Сібір балқарағайы |
I |
Ж. |
қал. |
Қазақ аршасы |
II |
Тар. |
қал. |
Кәдімгі арша |
III |
Кон. |
ор. |
Сібір самырсыны |
I |
Тар.пир. |
қау. |
Банкс қарағайы |
III |
Ж. |
ор. |
Батыс бозаршасы |
II |
Тар.со. |
қау. |
кестенің жалғасы
тұқым |
Биологиялық ерекшелігі |
|||
Жарық сүйгіш- |
Топырақ-қа талап |
Ылғалға |
Газғатө-зімділер |
|
1 |
5 |
6 |
7 |
8 |
А. Жапырақ тұқымдары | ||||
---|---|---|---|---|
Ақ қараған |
Жар. |
Шағ. |
шағ. |
тұр. |
Амур барқытшөбі |
// |
жоғ. |
жоғ. |
- |
Даур қайыңы |
// |
Ор. |
ор. |
- |
Жылтыр шегершін |
Ор. |
Жоғ. |
ор. |
тұр. |
Қауырсынжапырақ-ты шегершін |
Жар. |
Шағ. |
шағ. |
- |
Уссури алмұрты |
Ор. |
Ор. |
ор. |
- |
Шыбықты емен |
Жар. |
Жоқ. |
// |
- |
Ақ тал |
// |
// |
// |
тұр. |
Гиннал үйеңкісі |
Ор. |
Шағ. |
шағ. |
- |
Татар үйеңкісі |
қ.т. |
Шағ. |
шағ. |
тұр. |
Шағанжапырақты үйеңкі |
Жар. |
Ор. |
ор. |
- |
Ұсақжапырақты жөке ағашы |
қ.т. |
Жоғ. |
// |
- |
Манчжур жөке ағашы |
// |
// |
// |
- |
Амур көкнәрі |
Жар. |
Шағ. |
ор. |
- |
Қара зерен |
// |
Жоғ. |
жоғ. |
тұр. |
Сұр зерен |
// |
Ор. |
ор. |
- |
Кәдімгі шетен |
қ.т. |
// |
// |
- |
Ақ терек |
Жар. |
// |
шағ. |
тұр. |
Қара терек |
// |
// |
// |
тұр. |
Берлин терегі |
// |
Шағ. |
шағ. |
- |
Канада терегі |
// |
Жоғ. |
// |
- |
Мәскеу терегі |
// |
Шағ. |
шағ. |
- |
Виргин көкмойылы |
// |
Ор. |
ор. |
тұр. |
Көкнәр мойылы |
қ.т. |
// |
// |
- |
Ақ тұт |
Ор. |
// |
// |
- |
1 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Қытай алмасы |
// |
Шағ. |
// |
тұр. |
Сібір алмасы |
// |
// |
// |
- |
Жасыл шаған |
// |
Жоғ. |
// |
- |
Мамық шаған |
// |
Ор. |
// |
тұр. |
Б. Бұталар | ||||
Сұр қараған |
Жар |
Шағ. |
шағ. |
тұр. |
Тунберг бөріқарақаты |
// |
Жоғ. |
жоғ. |
- |
Еуропа қабыржығы |
қ.т. |
Ор. |
// |
- |
Қызыл долана |
// |
Шағ. |
шағ. |
- |
Теңбіл долана |
// |
// |
// |
- |
Ақ сәнтал |
қ.т. |
Ор. |
ор. |
- |
Кәдімгі ұшқат |
Ор. |
Шағ. |
шағ. |
- |
Көк ұшқат |
// |
// |
// |
- |
Кәдімгі ирга |
// |
// |
// |
- |
Канада иргасы |
Жар. |
Жоғ. |
// |
тұр. |
Кәдімгі балан |
қ.т. |
Ор. |
ор. |
- |
Бетіқышық балан |
// |
Шағ. |
// |
тұр. |
Жарқырауық ырғай |
// |
Жоғ. |
шағ. |
- |
Кәдімгі аюжаңғақ |
// |
// |
жоғ. |
тұр. |
Манчжур аюжаңғағы |
Жар. |
// |
// |
// |
Жіңішкежапырақты жиде |
// |
Шағ. |
шағ. |
// |
Жалтырауық жиде |
// |
// |
// |
// |
Қатпарлы раушан |
// |
// |
// |
- |
Француз раушаны |
// |
// |
// |
тұр. |
Амур мамыргүлі |
// |
Ор. |
ор. |
// |
Венгр мамыргүлі |
// |
Шағ. |
шағ. |
// |
Гималай мамыргүлі |
// |
// |
// |
- |
Кәдімгі мамыргүл |
// |
Ор. |
ор. |
тұр. |
Сары қарақат |
қ.т. |
Шағ. |
шағ. |
// |
Ақ қаражеміс |
Ор. |
Ор. |
ор. |
// |
Талжапырақты тобылғы |
// |
// |
// |
// |
Баланжапырақты тобылғы |
Ор. |
Шағ. |
шағ. |
// |
1 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Шетенжапырақты тобылғы |
Жар. |
// |
// |
// |
Орташа тобылғы |
Ор. |
// |
// |
// |
Тамарикс жапон тобылғысы |
Жар. |
// |
// |
// |
Шренка жасмині |
// |
Жоғ. |
жоғ. |
// |
В. Қылқанжапырақтылар | ||||
Тікенекті шырша |
қ.т. |
Жоғ. |
жоғ. |
- |
Кәдімгі шырша |
// |
// |
// |
|
Тяньшань шыршасы |
// |
Ор. |
ор. |
- |
Энгельман шыршасы |
// |
// |
// |
Тұр. |
Сібір самырсыны (қарағай) |
Жар. |
Ор. |
ор. |
// |
Сібір балқарағайы |
Жар. |
Ор. |
ор. |
// |
Қазақ аршасы |
// |
Жоғ. |
ор. |
// |
Кәдімгі арша |
Ор. |
Шағ. |
шағ. |
- |
Сібір самырсыны |
қ.т. |
Ор. |
ор. |
- |
Банкс қарағайы |
Ор. |
Шағ. |
шағ. |
Тұр. |
Батыс бозаршасы |
Қ.т. |
Ор. |
ор. |
- |
кестенің жалғасы
тұқым |
өсудің жылдамдығы |
қалыптасу- |
отырғызу- |
1 |
9 |
10 |
11 |
А. Жапырақ тұқымдары | |||
---|---|---|---|
Ақ қараған |
ж. |
қ. |
ше.ж. |
Амур барқытшөбі |
тұр. |
- |
ше.ж. |
Даур қайыңы |
тұр. |
- |
а.ж. |
Жылтыр шегершін |
- |
қ. |
а.а. |
Қауырсынжапырақ-ты шегершін |
ж. |
- |
а.ж.а.ж. |
Уссури алмұрты |
тұр. |
- |
т.ж.а. |
Шыбықты емен |
- |
- |
ж.т.а.а. |
Ақ тал |
ж. |
- |
ж.т. |
Гиннал үйеңкісі |
тұр. |
қ. |
ж.т.ше.ж. |
Татар үйеңкісі |
// |
- |
ж.т.ше.ж. |
Шағанжапырақты үйеңкі |
ж. |
- |
т.к. |
Ұсақжапырақты жөке ағашы |
б. |
- |
ж.т.а.т. |
Манчжур жөке ағашы |
// |
- |
ж.т.а.а. |
Амур көкнәрі |
б. |
- |
т.ж.ше. |
Қара зерен |
ж. |
- |
ж.т. |
Сұр зерен |
// |
- |
т.ше. |
Кәдімгі шетен |
тұр. |
- |
т.ше. |
Ақ терек |
ж. |
- |
ж.а.т. |
Қара терек |
ж. |
- |
// |
Берлин терегі |
ж. |
қ. |
// |
Канада терегі |
ж. |
- |
// |
Мәскеу терегі |
ж. |
қ. |
// |
Виргин көкмойылы |
тұр. |
- |
а.т.ж. |
Көкнәр мойылы |
// |
- |
// |
Ақ тұт |
// |
- |
// |
1 |
9 |
10 |
11 |
Қытай алмасы |
// |
қ. |
а.т.ж. |
Сібір алмасы |
// |
- |
к.а.ж.т. |
Жасыл шаған |
ж. |
- |
т.а. |
Мамық шаған |
ж. |
- |
т.а. |
Б. Бұталар | |||
Сұр қараған |
ж. |
қ. |
ж.о.г. |
Тунберг бөріқарақаты |
- |
- |
т.ж.т. |
Еуропа қабыржығы |
- |
қ. |
т.ж.т. |
Қызыл долана |
- |
- |
т.ж.т. |
Теңбіл долана |
- |
- |
т.т.т. |
Ақ сәнтал |
- |
қ. |
т.ж.т.ше. |
Кәдімгі ұшқат |
- |
қ. |
ж.т.ше. |
Көк ұшқат |
- |
қ. |
т.т.ше. |
Кәдімгі ирга |
- |
қ. |
ж.т.ше. |
Канада иргасы |
б. |
- |
ж.т. |
Кәдімгі балан |
- |
- |
т.ж. |
Бетіқышық балан |
- |
Қ. |
ж.т.т. |
Жарқырауық ырғай |
- |
қ. |
т.т.ше. |
Кәдімгі аюжаңғақ |
- |
т.ше. |
|
Манчжур аюжаңғағы |
- |
- |
т.ж.ше. |
Жіңішкежапырақты жиде |
ж. |
- |
ж.т.ше.т. |
Жалтырауық жиде |
- |
қ. |
ж.т.ж.ше. |
Қатпарлы раушан |
- |
қ. |
// |
Француз раушаны |
- |
- |
// |
Амур мамыргүлі |
тұр. |
- |
т.ж.т.шіл. |
Венгр мамыргүлі |
ж. |
- |
// |
Гималай мамыргүлі |
ж. |
қ. |
// |
Кәдімгі мамыргүл |
тұр. |
Қ. |
// |
Сары қарақат |
// |
қ. |
// |
Ақ қаражеміс |
// |
қ. |
ж.ж.т.шіл. |
Талжапырақты тобылғы |
// |
қ. |
ж.т. |
Баланжапырақты тобылғы |
ж. |
қ. |
т.т.ж.шіл. |
1 |
9 |
10 |
11 |
Шетенжапырақты тобылғы |
- |
қ. |
ж.т.т. |
Орташа тобылғы |
- |
қ. |
т.т.ж. |
Тамарикс жапон тобылғысы |
ж. |
қ. |
ж.шіл. |
Шренка жасмині |
- |
қ. |
т.ж.т.шіл. |
В. Қылқанжапырақтылар | |||
Тікенекті шырша |
б. |
- |
а.ж.т. |
Кәдімгі шырша |
тұр. |
қ. |
т.а.ж.т. |
Тяньшань шыршасы |
б. |
- |
ж.т. |
Энгельман шыршасы |
тұр. |
- |
ж.т.а. |
Сібір самырсыны (қарағай) |
ж. |
- |
ж.т.а.а. |
Сібір балқарағайы |
ж. |
қ. |
а.т.ж. |
Қазақ аршасы |
- |
- |
т.ж.ше. |
Кәдімгі арша |
б. |
қ. |
т.ж.ше.т. |
Сібір самырсыны |
// |
- |
а.ж.т. |
Банкс қарағайы |
// |
- |
т.ж. |
Батыс бозаршасы |
// |
қ. |
т.ж.т. |
Кестеде қабылданған қысқартулар:
Ағаш өсімдіктерінің биіктігі бойынша (2 Баған) |
I |
Биік ағаштар мен бұталар |
II |
Орташа |
|
III |
Аласа |
|
Бөрікбас нысаны бойынша (3 баған) |
кең.тар. |
кең таралған |
ц |
Цилиндрлік |
|
Со. |
Сопақ |
|
кол. |
Колоннатектес |
|
ж. |
Жұмыртқа тектес |
|
шар. |
Шартектес |
|
эл. |
Эллиптикалық |
|
кер.ж. |
кері-жұмыртқа тектес |
|
дөң. |
дөңгелек |
|
тар. |
таралып-жойылатын |
|
пир. |
Пирамидалық |
|
Бөрікбасының қалыңдығы бойынша (4 баған) |
қау. |
қаулап өсетін |
ор. |
Орташа |
|
қал. |
Қалың |
|
Жарықсүйгіштігі бойынша (5 баған) |
жар. |
Жарықсүйгіш |
ор. |
Орташа |
|
кө. |
көлеңкеге төзімді |
|
Топыраққа талап бойынша (6,7 баған) |
шағ. |
Шағын |
ор. |
Орташа |
|
жоғ. |
Жоғары |
|
Газға төзімділігі бойынша (8 баған) |
тұр. |
жоғарғы тұрақтылығы |
- |
жоғарғы тұрақтылығы-мен ерекшеленбейді |
|
Өсу жылдамдығы бойынша (9 баған) |
т. |
тез өсетін тұқым |
қа. |
қалыпты өсетін |
|
б |
баяу өсетін |
|
Қалыптасу мүмкіндігі бойынша (10 баған) |
қ. |
бөрікбастың қалыптасуы ықтимал |
- |
бөрікбас қалыптас- |
|
Отырғызуға қолдану бойынша (11 баған) |
ше. |
Шеткерірек жер |
кө. |
көше көшеттері |
|
т. |
Топтар |
|
ж. |
Жекелеген көшеттер |
|
а. |
Алқаптар |
|
т. |
табиғи қоршаулар (екпе |
|
а. |
Аллеялалар |
|
шіл. |
шілік тоғай |
"Алматы қаласындағы
жасыл желектерді қорғау
мен күту ережелеріне
N 6 қосымша
Әртүрлі жастағы ағаштардың шекті биіктігі
Ағаш тұқымдары |
Жастары бойынша шекті биіктігі, м |
||
10 жыл |
20 жыл |
50 жыл |
|
Қылқанжапырақты тұқымдар |
|||
Табиғи шырша |
1-1,5 |
2-4 |
15-18 |
Сібір балқарағайы |
3,5-4 |
9-10 |
18-20 |
Сібір самырсыны |
2,5 |
4-5 |
10-16 |
Тікенекті шырша |
1-1,2 |
2,5-3 |
5-7 |
Жапырақ тұқымдары |
|||
Жылтыр шегершін |
5-6 |
10-11 |
15-17 |
Жаздық емен |
1,5-2 |
3,5-5 |
7-8 |
Ақ тал |
4-5 |
7-8 |
12-13 |
Шаған жапырақты үйеңкі |
3-3,5 |
5-6 |
8-10 |
Ұсақ жапырақты жөке |
2 |
3,5-4 |
12 |
Терек (түрлердің көпшілігі) |
4-8 |
8-12 |
18-20 |
Жасыл шаған |
2,5-3 |
5-6 |
10-11 |