Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.06.30 N 177 Қаулысымен
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148
Заңы
27-бабы 1-тармағы 17) тармақшасына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 2247
Заңы
20-бабына сәйкес облыс әкiмiдiгi
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. Ұлы Отан соғысының сондай-ақ, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға қатысушылары мен мүгедектерiне тiстерiн протездеуге әлеуметтiк көмек ұсынудың қоса берiлген Ережесi бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармақ өөзгертулер енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 маусымдағы
N 141
қаулысымен
Ескерту. 2, 3, 4 тармақтар алынып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 23 ақпандағы
N 46
қаулысымен
5. Денсаулық сақтау департаментi Ұлы Отан соғысының сондай-ақ, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға қатысушылары мен мүгедектерiнiң тiстерiн сапалы протездеудi қамтамасыз етсiн.
Ескерту. 5-тармақ өөзгертулер енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 маусымдағы
N 141
қаулысымен
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары М.К. Мырзалинға жүктелсiн.
Ескерту. 6-тармақ өөзгертулер енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 маусымдағы
N 141
қаулысымен
Облыс әкiмi
Облыс әкімдігінің
2006 жылғы 12 сәуірдегі
N 71 қаулысымен бекітілген
Ескерту. Тақырыпқаөөзгертулер енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 маусымдағы N 141 қаулысымен
Ұлы Отан соғысының сондай-ақ, жеңілдіктер мен кепілдіктер
жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне
теңестірілген адамдарға қатысушылар мен мүгедектеріне
тістерін протездеуге әлеуметтік көмек ұсыну ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Ұлы Отан соғысының сондай-ақ, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға қатысушылары мен мүгедектеріне тістерін протездеуге әлеуметтік көмек ұсынудың осы Ережесі (бұдан әрі-Ереже) оны беру тәртібі және шарттарын реттейді.
Ескерту. 1-тармақ өөзгертулер енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 маусымдағы
N 141
қаулысымен
2. Тістерді протездеуге әлеуметтәк көмек Солтүстік Қазақстан облысы аумағында тұракты тұратын және тістерін протездеуге мұқтаж Ұлы Отан соғысының сондай-ақ, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға қатысушылары мен мүгедектеріне беріледі.
Ескерту. 2-тармақ өөзгертулер енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 маусымдағы
N 141
қаулысымен
3. Осы Ережеде келесі ұғымдар пайдаланылады:
әлеуметтік көмек- Ұлы Отан соғысының сондай-ақ, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға қатысушылары мен мүгедектеріне тістерін протездеуге бағытталған әлеуметтік көмек түріндегі халықты әлеуметтік қорғаудың бір нысаны;
Ұлы Отан соғысының сондай-ақ, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға қатысушылары мен мүгедектеріне тістерін протездеуге әлеуметтік көмек тағайынадау және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері;
тiстердi протездеудi iске асыратын ұйым (бұдан әрi-ұйым)- тiстердi протездеу қызметiне лицензиясы бар медициналық ұйым.
Ескерту. 3-тармақ өөзгертулер енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 маусымдағы
N 141
қаулысымен
4. Алушы қайтыс болған жағдайда тағайындалған әлеуметтiк көмек оның мұрагерлерiне төленедi.
5. Әлеуметтiк көмек тiстердi протездеудiң (бағалы металдардан, метталды керамикадан басқа) құны мөлшерiнде тағайындалады.
2. Әлеуметтiк көмек тағайындаудың тәртiбi
6. Ұлы Отан соғысының сондай-ақ, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға қатысушылары мен мүгедектерi тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады
1) қоса берiлген үлгiдегi өтiнiш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
3) мәртебенi куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
4) тұрғылықты жерiн растайтын құжаттың көшiрмесi.
5) тiстердi протездеу құны туралы ұйымнан шот-фактура.
7. Салыстырып тексеру үшiн әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, одан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
8. Уәкiлеттi орган қызметкерлерi құжаттардың көшiрмелерiн куәландырады, өтiнiштi қоса берiлген құжаттармен тiркеу жорналында тiркейдi.
9. Уәкiлеттi орган iстi қалыптастырады және өтiнiшi алған күннен он күн iшiнде әлеуметтiк көмек тағайындау не болмаса бас тарту туралы шешiмдi қабылдайды.
10. Уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек төлеуге тiзiм-ведомосiн 2 данада жасайды.
11. Әлеуметтiк көмектi төлеу Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң лицензиясы бар екiншi деңгейдегi банк филиалдары және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiнiң лицензиясы бар "Қазпошта" АҚ арқылы азаматтардың жеке шоттарына енгiзу жолымен iске асырылады.
12. Екiншi деңгейдегi банктер немесе "Қазпошта"»АҚ ақылы қызмет көрсету шарты негiзiнде алушылардың ашық жеке шоттарына сомалар енгiзудi iске асырады.
13. Әлеуметтiк көмек төлеу 06-2-451-007-000 "Азаматтардың мұқтаж санаттарына жергiлiктi өкiлеттi органдар шешiмi бойынша әлеуметтiк көмек" бюджеттiк бағдарламасы бойынша аудандық және қалалық бюджеттер қаржатынан жүргiзiледi.
4. Әлеуметтiк көмектiң уақытылы тағайындалуы
үшiн жауапкершiлiк
14. Әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмектi тағайындаудың және оны төлеудiң дұрыстығы мен уақытылығы үшiн осы Ережеде белгiленген тәртiппен жауапты болады.
15. Әлеуметтiк көмектi тағайындаудың және төлеудiң дұрыстығын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
Ережеге қосымша
_______________ ауданы (қаласы)
жұмыспен қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар бөлiмiнiң бастығы
________________________________
Өтiнiш
Тегi ____________________________________
Аты ____________________________________
Әкесiнiң аты ____________________________
Мәртебесi _______________________________
Мекен-жайы ______________________________
СТН _____________________________________
Есеп шотының нөмiрi _____________________
Бөлімше _________________________________
Маған тiстерiмдi протездеуге әлеуметтiк көмек тағайындауыңызды
сұраймын .
Қосымшасы ____ бетте
200__ жылы "___"__________ _______________________
(өтiнiш берушiнiң қолы)
Өтiнiш
200 __ жылы "___"__________ _________________________
(өтiнiш қабылдаған адамның
Т.А.Ә. және қолы)