"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тістерін протездеуге әлеуметтік көмек ұсыну ережесін бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі N 71 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 23 ақпандағы N 46 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет Департаменті 2007 жылғы 12 наурызда N 1642 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 30 маусымдағы N 177 Қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.06.30 N 177 Қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы 27-бабы 2-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңы 28-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тістерін протездеуге әлеуметтік көмек ұсынудың ережесін бекіту туралы облыс әкімдігінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі N 71 қаулысына (тіркеу N 1619,   2006 жылғы 28 сәуірдегі "Солтүстік Қазақстан" газеті, 2006 жылғы 28 сәуірдегі "Северный Казахстан" газеті) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2, 3, 4 тармақтар алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады