Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы 2007.10.01 N 1419 Қаулысымен
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңының 28-бабына сәйкес, қала әкiмi аппараты құрылымының өзгеруiне байланысты қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1
. "Алкоголь өнiмдерiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауға лицензия беру мәселелерi туралы" қала әкiмдiгiнiң 2005 жылғы 13 шiлдедегi N 830 қаулысына (2005 ж. 26.07-гi N 13-1-13 мемлекеттiк тiркеу, 2005 жылғы 12 тамыздағы N 32 "Добрый вечер" газетi) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
қаулының 2 тармағындағы "қала әкiмi аппаратының жедел басқару бөлiмi" сөздерi "жинақтау-талдау бөлiмi" сөздерiмен ауыстырылсын;
аталған қаулымен бекiтiлген қосымшада:
бүкiл мәтiн бойынша "жедел басқару бөлiмi" сөздерi "жинақтау-талдау бөлiмi" сөздерiмен ауыстырылсын;
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Қ.С. Уәлиевке жүктелсiн.
Қала әкiмi