Алкоголь өнiмдерiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасау лицензиялау мәселелері туралы

Күшін жойған

Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің қаулысы 2005 жылғы 13 шілдедегі N 830. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы Әділет басқармасында 2005 жылғы 26 шілдеде маусымда N 13-1-11 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 1 қазандағы N 1419 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2007.10.01 N 1419 Қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы N 2200 Заңына, "Этил спиртiн және алкоголь өнiмдерiн өндiрудi және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Этил спиртiн және алкоголь өнiмдерiн өндiрудi лицензиялау, алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) сақтау және көтерме бағамен сату, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) бөлшек сату Ережелерiн бекiту туралы" 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алкоголь өнiмдерiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасау лицензияларына қол қою құқығымен уәкілетті тұлға болып қала әкімінің бірінші орынбасары Құлжанова Тотыкамал Ниязқызына тағайындалсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімдігінің 2006.08.28 N 1202; 2007.06.25 N 786 Қаулыларымен.

      2. Алкоголь өнiмдерiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасау лицензияларын беруге құжаттар дайындау, лицензиялардың берілуін есепке алуды жүзеге асыру, лицензиялық ережелердің сақталуына бақылау жүргізу жөніндегі жұмыс органы болып жинақтау-талдау бөлiмi белгіленсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы әкімдігінің 2006.06.N 293 Қаулысымен.
       3. Қоса берілген Лицензиялық ережелердің сақталуына тексеріс жүргізу және олардың нәтижелерін ресімдеу ережелері бекітілсін.
       4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.С. Уәлиевке жүктелсін.

      Қала әкімі

Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң
2005 жылғы 13 шілдедегі
N 830 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН

Лицензиялық ережелердiң сақталуын тексеру және
олардың нәтижелерiн ресiмдеу ережесi

      Ескерту. бүкiл мәтiн бойынша "жедел басқару бөлiмi" сөздерi "жинақтау-талдау бөлiмi" сөздерiмен ауыстырылсын - Петропавл қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 06 наурыздағы N 293 Қаулысымен.
      1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" Заңының 15-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына, "Этил спиртiн және алкоголь өнiмдерiн өндiрудi және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Этил спиртiн және алкоголь өнiмдерiн өндiрудi лицензиялау, алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) сақтау және көтерме бағамен сату, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) бөлшек сату Ережелерiн бекiту туралы" 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258 қаулысына (бұдан әрi - Қаулы) сәйкес әзiрленген.
       2. Осы ереже лицензиялық ережелердiң сақталуын тексеру және олардың нәтижелерiн ресiмдеу тәртiбiн реттейдi.
       3. Петропавл қаласының аумағында орналасқан және алкоголь өнiмдерiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар тексерiлуге тиесiлi.
       4. Белгiленген тәртiппен тiркелген, уәкiлеттi тұлға қол қойған тексерiстi тағайындау туралы актiге сәйкес, бекiтiлген тексерулер кестесiне бойынша, немесе мемлекеттiк органдардың ұсыныстары және азаматтардың нақты лицензиатқа қатысты арыздары бойынша заңнамамен белгiленген тәртiппен, тексерiстердi Петропавл қаласы әкiмi аппаратының жинақтау-талдау бөлiмi жүргiзедi.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы әкімдігінің 2006.03.06 N 293 Қаулысымен.
       5. Алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) бөлшек сатудың лицензиялық ережелерiнiң сақталуын тексеруге жатады:
      1) фискальды есi бар бақылау-кассалық машинаның бар және тiркеу нөмiрiне сәйкес болуы;
      2) сатылатын өнiмде сәйкестiк сертификаты (және белгiлерi) болуы, жарамдық мерзiмi және өнiм мен акциздiк маркаларының маркировкалануының сақталуы;
      3) үй-жайлар кешенiнiң болуы (сауда залы, тауарды қабылдауға және сақтауға арналған үй-жайдың, тара мен ыдысты сақтауға арналған үй-жайдың, әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайдың);
       6. Қала әкiмi аппаратының жинақтау-талдау бөлiмi, тексерiс жүргiзу үшiн берiлген, тексерiстердi тағайындау туралы актiлердi тiркеу журналын жүргiзедi.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы әкімдігінің 2006.03.06 N 293 Қаулысымен.
       7. Тексерiс нәтижесi бойынша лицензиялау ережесiнiң сақталуын тексеру туралы акт жасалады.
      Актiде тексеру күнi және уақыты, тексерудi тағайындау туралы актiнiң нөмiрi мен күнi, тексеретiндер туралы деректер, лицензияның нөмiрi және берiлген күнгi, СТН, сауда кәсiпорнының атауы және орналасқан жерi, сауда кәсiпорны басшысының фамилиясы, аты және әкесiнiң аты және қатысуымен (ларымен) тексерiс жүргiзiлген сауда кәсiпорны қызметкерiнiң (лерiнiң) лауазымы, алкоголь өнiмдерiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасау ережесiн бұзушылықтың болуы немесе болмауы туралы деректер көрсетiледi.
      Бұзушылық табылған жағдайда, тексерушiлер лицензиаттан жазбаша түсiнiктеме алуға тиiс, ол тексеру актiне қоса берiледi. Түсiнiктеме беруден бас тартылған жағдайда акт жасалады.
      Тексеру қорытындысы бойынша, бұзушылықтың болуына немесе болмауына байланыссыз лицензиатқа немесе сауда кәсiпорнының қызметкерiне қолы қойылу арқылы актiнiң көшiрмесi берiледi.
      Қаулыға сәйкес, лицензиар тоқтату себебiн көрсету арқылы мынадай жағдайларда 6 айға дейiнгi мерзiмге лицензияның қолдану күшiн тоқтата тұруға құқылы.
       8. Лицензияның қолдану мерзiмiн тоқтата тұру туралы мәселенi қарау тексерiс нәтижелерi бойынша лицензиаттың қатысуымен жүргiзiледi.
       9. Лицензиат қол қойдыру арқылы немесе поштамен хабарлау арқылы лицензияның қолдану мерзiмiн тоқтата тұру туралы мәселенi қараудың күнi және орыны туралы хабардар етiледi.
       10. Лицензиат келмей қалған жағдайда лицензияның қолдану мерзiмiн тоқтата тұру туралы шешiмдi лицензиар оның қатысуынсыз қабылдайды.
       11. Лицензиардың лицензияның қолдану мерзiмiн тоқтата тұру туралы шешiмi лицензиатқа қолы қойдырылып немесе поштамен жiберiледi (хабардар етумен).
       12. Лицензияның қолдану мерзiмi тоқтатыла тұрған себептердi лицензиат жойғаннан кейiн, лицензия қайыра күшiне енедi, бұл туралы лицензиат қолы қойдырылып хабардар етiледi немесе поштамен хабарланады (хабардар етумен).
       13. Лицензияның қолдану күшiне қайта енгенi туралы шешiмдi лицензиар өткiзiлген тексерiстен кейiн қабылдайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады