Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы 2007.10.01 N 1419 Қаулысымен
"Нормативтік-құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңының 28 бабына сәйкес,Петропавл қаласы әкімінің аппараты құрылымының өзгеруіне байланысты қала әкімдігі қаулы етеді:
1. Қала әкімдігінің "Алкоголь өнімімен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауды лицензиялау мәселелері туралы" 2005 жылғы 13 шілдедегі N 830 қаулысына (2005 жылғы 26 шілдедегі N 13-1-11 мемлекеттік тіркеу,"Добрый вечер" газатінің 2005 жылғы 12 тамыздағы N 32 саны), ("Петропавл қаласы әкімдігінің "Алкоголь өнімімен(сырадан басқа)бөлшек сауда жасауды лицензиялау мәселелері туралы" 2005 жылғы 13 шілдедегі N 830 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 6 наурыздағы N 293 қаулысымен өзгерістер енгізілген),2006 жылғы 3 сәуірдегі мемлекеттік тіркеу N 13-1-35,"Проспект-СК" газетінің 2006 жылғы 14 сәуірдегі N 14 саны) мынадай енгізілсін:
Қаулының 1 тармағындағы "Уәлиев Қуатжан Серікқазыұлына" сөздері "Кәрібаев Қайрат Қалалханұлына" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Қ.Кәрібаевқа жүктелсін.
Қала әкімі