"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4 тармақшасына сәйкес, Петропавл қаласы ономастика комиссиясының шешiмi, түсiнiктеме хат, экономикалық есептеулер негiзiнде, Петропавл қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ АЛДЫ және Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
1. Қаланың мына көшелерiнiң атаулары өзгертiлсiн:
1) Университет көшесiнiң атауы Абай көшесiне.
2) Абай көшесiнiң атауы Тоқсан би көшесiне.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Т. Н. Құлжановаға жүктелсiн.
Қала әкiмi
Петропавл қалалық
мәслихат төрағасы
Петропавл қалалық
cессиясының мәслихат хатшысы