Петропавл қаласы көшелерінің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің қаулысы және Петропавл қалалық мәслихатының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 1070 бірлескен шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әділет басқармасында 2006 жылғы 8 тамызда N 13-1-49 тіркелді.

     "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4 тармақшасына сәйкес, Петропавл қаласы ономастика комиссиясының шешiмi, түсiнiктеме хат, экономикалық есептеулер негiзiнде, Петропавл қаласының әкiмдiгi  ҚАУЛЫ АЛДЫ және Петропавл қалалық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
      1. Қаланың мына көшелерiнiң атаулары өзгертiлсiн:
      1) Университет көшесiнiң атауы Абай көшесiне.
      2) Абай көшесiнiң атауы Тоқсан би көшесiне.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Т. Н. Құлжановаға жүктелсiн.

      Қала әкiмi

      Петропавл қалалық
      мәслихат төрағасы

      Петропавл қалалық
      cессиясының мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады