"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес тиісті аумақтардағы тұрғындардың пікірлерін есепке ала отырып Мақтарал, Отырар аудандары мәслихаттары мен әкімияттарының ұсыныстары бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктері:
Мақтарал ауданы бойынша
Қызылту ауылдық округі - Жолдыбай Нұрлыбаев ауылдық округі болып;
Прогресс ауылдық округі - Аязхан Қалыбеков ауылдық округі болып;
Отырар ауданы бойынша
Қарақоныр ауылдық округінің Қарақоныр ауылы - Шәмші Қалдаяқов атындағы ауыл болып қайта аталсын.
Облыс әкімі
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы
Облыстық мәслихаттың
хатшысы