Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы N 23/271-III шешімі және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімиятының 2006 жылғы 1 шілдедегі N 228 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет департаментінде 2006 жылғы 20 шілдеде N 1939 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңының  11-бабына сәйкес тиісті аумақтардағы тұрғындардың пікірлерін есепке ала отырып Мақтарал, Отырар аудандары мәслихаттары мен әкімияттарының ұсыныстары бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты  ШЕШТІ  және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктері:
      Мақтарал ауданы бойынша
      Қызылту ауылдық округі - Жолдыбай Нұрлыбаев ауылдық округі болып;
      Прогресс ауылдық округі - Аязхан Қалыбеков ауылдық округі болып;
      Отырар ауданы бойынша
      Қарақоныр ауылдық округінің Қарақоныр ауылы - Шәмші Қалдаяқов атындағы ауыл болып қайта аталсын.
 
      Облыс әкімі
 
      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы
 
      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады