Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қалалық мәслихатының 2007.07.24 № 35/6 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 258 бабының 4 тармағына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ :
1. Өскемен қаласының аумағында салық салу объектісінің өлшемінен ойын бизнесіне арналған акциздер ставкасының мөлшері белгіленсін (қосымша).
2. Өскемен қалалық мәслихатының "Ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы" 2005 жылғы 29 қарашадағы N 18/3 (тіркеу N 5-1-16, 2006 жылғы 1 қаңтардағы "Дидар" газетінде, 2006 жылғы 5 қаңтардағы "Рудный Алтай" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
Қалалық мәслихаттың хатшысы
Қалалық мәслихаттың
2006 жылғы 23 қарашадағы
N 27/4 шешіміне қосымша
Ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы
№N |
Салық салу объектілері |
Акциз |
1 |
Ойын үстелі |
1000 АЕК |
2 |
Ақшалы ұтыспен ойын автоматы |
50 АЕК |
3 |
Букмекер конторасының кассасы |
150 АЕК |
4 |
Тотализатор кассасы |
160 АЕК |
*АЕК - айлық есептеме көрсеткіші.