Ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы

Күшін жойған

III шақырылған Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының XXVII сессиясының 2006 жылғы 23 қарашадағы N 27/5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2006 жылғы 11 желтоқсанда N 5-4-47 тіркелді. Күші жойылды - Өскемен қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 шілдедегі № 35/6 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қалалық мәслихатының 2007.07.24  № 35/6 шешімімен.

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 258 бабының 4 тармағына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ :

      1. Өскемен қаласының аумағында салық салу объектісінің  өлшемінен ойын бизнесіне арналған акциздер ставкасының мөлшері белгіленсін (қосымша).

      2. Өскемен қалалық мәслихатының "Ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы" 2005 жылғы 29 қарашадағы N 18/3 (тіркеу N 5-1-16, 2006 жылғы 1 қаңтардағы "Дидар" газетінде, 2006 жылғы 5 қаңтардағы "Рудный Алтай" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы

      Қалалық мәслихаттың хатшысы

Қалалық мәслихаттың  
2006 жылғы 23 қарашадағы
N 27/4 шешіміне қосымша

Ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы

№N

Салық салу объектілері

Акциз
cтавкаларының мөлшерлері

1

Ойын үстелі

1000 АЕК

2

Ақшалы ұтыспен ойын автоматы

50 АЕК

3

Букмекер конторасының кассасы

150 АЕК

4

Тотализатор кассасы

160 АЕК

      *АЕК - айлық есептеме көрсеткіші.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады