Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес және Тасқала ауданының мәслихаты мен әкімдігінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 21-4 бірлескен шешімдері негізінде, Тасқала ауданының кейбір елді мекендерінің бағыныстылығын өзгертуге байланысты, облыстық мәслихат пен әкімдігі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Тасқала ауданындағы кейбір елді мекендердің әкімшілік бағыныстылығы өзгертілсін:
1) Ермольчев елді мекені Амангелді селолық округінің әкімшілік және аумақтық бағыныстылығынан Шежін селолық округінің әкімшілік және аумақтық бағыныстылығына берілсін;
2) Жемшін елді мекені қосшы селолық округінің әкімшілік және аумақтық бағыныстылығынан Мерей селолық округінің әкімшілік және аумақтық бағыныстылығына берілсін;
3) Черная-Падина елді мекені Мерей селолық округінің әкімшілік және аумақтық бағыныстылығынан Ақтау селолық округінің әкімшілік және аумақтық бағыныстылығына берілсін.
Сессия төрағасы Облыс әкімі
Облыстық мәслихат хатшысы