Тасқала ауданының кейбір елді мекендерінің бағыныстылығын өзгерту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 1 шілдедегі N 28-11 шешімі және Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2006 жылғы 12 маусымдағы N 192 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2006 жылғы 2 тамызда N 2972 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес және Тасқала ауданының мәслихаты мен әкімдігінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 21-4 бірлескен шешімдері негізінде, Тасқала ауданының кейбір елді мекендерінің бағыныстылығын өзгертуге байланысты, облыстық мәслихат пен әкімдігі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Тасқала ауданындағы кейбір елді мекендердің әкімшілік бағыныстылығы өзгертілсін:
      1) Ермольчев елді мекені Амангелді селолық округінің әкімшілік және аумақтық бағыныстылығынан Шежін селолық округінің әкімшілік және аумақтық бағыныстылығына берілсін;
      2) Жемшін елді мекені қосшы селолық округінің әкімшілік және аумақтық бағыныстылығынан Мерей селолық округінің әкімшілік және аумақтық бағыныстылығына берілсін;
      3) Черная-Падина елді мекені Мерей селолық округінің әкімшілік және аумақтық бағыныстылығынан Ақтау селолық округінің әкімшілік және аумақтық бағыныстылығына берілсін.

      Сессия төрағасы                    Облыс әкімі
      Облыстық мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады