"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына сәйкес, Бөрлі аудандық мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 28-5, 2006 жылғы 5 қазандағы N 520 шешімі мен қаулысы негізінде облыстық мәслихат пен әкімдігі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Бөрлі кенттік елді мекені" санаты "Бөрлі ауылдық елді мекені" санатына өзгертілсін.
2. "Бөрлі кенттік округі" тиісінше "Бөрлі ауылдық округі" болып қайта аталсын.
3. Осы шешімі және қаулысы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Облыс әкімі
Облыстық мәслихат хатшысы