Бөрлі елді мекенінің санатын өзгерту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 33-23 шешімі және Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2006 жылғы 13 қазандағы N 315 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2006 жылғы 22 желтоқсанда N 2979 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына сәйкес, Бөрлі аудандық мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 28-5, 2006 жылғы 5 қазандағы N 520 шешімі мен қаулысы негізінде облыстық мәслихат пен әкімдігі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Бөрлі кенттік елді мекені" санаты "Бөрлі ауылдық елді мекені" санатына өзгертілсін.
      2. "Бөрлі кенттік округі" тиісінше "Бөрлі ауылдық округі" болып қайта аталсын.
      3. Осы шешімі және қаулысы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                 Облыс әкімі
      Облыстық мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады