Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2010.12.31 № 352 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Әділет органдарының Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу мәселелері жөніндегі қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 74 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3513 болып тіркелген, 2005 жылғы 22 шілдедегі "Заң" газетінің N 68 (693) жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3683 болып тіркелген, 2005 жылғы 27 шілдедегі "Заң" газетінің N 71 (695) жарияланған, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 18 маусымдағы N 160 "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 74 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығымен және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4322 болып тіркелген, 2006 жылғы 22 қыркүйектегі "Заң" газетінің N 170 (976) жарияланған, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2006 жылғы 24 шілдедегі N 199 "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 74 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген), мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықта:
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтарды тіркеу және тіркеуден шығару ресімінің мерзімі екі жұмыс күнінен аспауы тиіс.".
2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі