Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 74 "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу Ережесінің әділет органдарының қолдануы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2005 жылғы 18 маусымдағы N 160 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 20 маусымда тіркелді. Тіркеу N 3683. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 352 бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2010.12.31 № 352 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы азаматтарын құжаттандыру жүйесін жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :
      1. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу Ережесінің әділет органдарының қолдануы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3513 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 74  бұйрығына мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
      19-тармағы мынадай мазмұнды абзацпен толықтырылсын:
      "Азаматтардың өтініші бойынша, жеке басты куәландыратын құжатты қысқалау мерзімде алу үшін, құжаттарды ақылы негізде жеделдетіп әзірлеуді қолдану мүмкін.";
      21-тармақтағы "10" деген цифрлар "15" деген цифрлармен ауыстырылсын.
      2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады