Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.10.22 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 61 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4138 тіркелген) Агенттік Басқармасының»"Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының»"Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 61 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 147 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4364 тіркелген) енгізілген толықтырулармен және өзгерістермен бірге мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесінде:
мынадай мазмұндағы 23-1 тармақпен толықтырылсын:
"23-1. Орталық депозитарий номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушының лицензиясын тоқтата тұрған не қайтарып алған жағдайда, номиналды ұстаушының шотынан бағалы қағаздарды шығынға жазуды номиналды ұстаушының не бағалы қағаздарының есебі орталық депозитарийдің есеп жүргізу жүйесіндегі қосалқы есепшотында жүзеге асырылатын клиенттің осы Ереженің 4 тармағында көрсетілген мәліметтерді қамтыған бұйрығы негізінде жүзеге асырады."
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж.Хаджиева):
1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін шараларды қолға алсын.
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, орталық депозитарийге, брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, бағалы қағаздар рыногында инвестициялық портфельді басқару қызметін және кастодиандық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға,»"Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалардың бірлестігіне жіберсін.
4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.
Төраға