Мiндеттемелердiң бiр бөлiгiн және мәжбүрлеп таратылатын банктiң дебиторлық берешегi бойынша талап ету құқықтарын, мүлкін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру жөніндегі операцияларды жүргiзу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы N 57 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 3 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4657 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 191 Қаулысымен

       Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 191 Қаулысымен.

      ------------------- Қаулыдан үзінді -----------------

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 73-1-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. ...
      2. Агенттік Басқармасының "Мiндеттемелердiң бiр бөлiгiн және мәжбүрлеп таратылатын банктiң дебиторлық берешегi бойынша талап ету құқықтарын, мүлкін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру жөніндегі операцияларды жүргiзу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 57 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4657 тіркелген) өзінің күшін жойды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбеллік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. ...
      5. ...
      6. ...

      Төрайым                                       Е. Бахмутова

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 73-1-бабының 3-тармағына,»"Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген Мiндеттемелердiң бiр бөлiгiн және мәжбүрлеп таратылатын банктiң дебиторлық берешегi бойынша талап ету құқықтарын, мүлкін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру жөніндегі операцияларды жүргiзу ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (Г.А. Бахтиярова):
      1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ-ға жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы  
нарығын және қаржы ұйымдарын  
реттеу мен қадағалау агенттігі 
Басқармасының 2007 жылғы 30   
наурыздағы N 57 қаулысымен бекітілген

Мәжбүрлеп таратылатын банктiң мiндеттемелерiнің бiр бөлiгiн және дебиторлық берешек бойынша талап ету құқықтарын, мүлкін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру жөніндегі операцияларды жүргiзу ережесі

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы", "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Заңдарына сәйкес әзірленді және мәжбүрлеп таратылатын банктiң мiндеттемелерiнің бiр бөлiгiн және дебиторлық берешегi бойынша талап ету құқықтарын, мүлкін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру жөніндегі операцияларды жүргiзу тәртібін, ерекшеліктерін анықтайды. 

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мәжбүрлеп таратылатын банктiң мiндеттемелердiң бiр бөлiгiн және дебиторлық берешегi бойынша талап ету құқықтарын, мүлкін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру жөніндегі операциялар  мәжбүрлеп таратылатын банктiң кредиторлары мен дебиторларының мүддесін қорғау мақсатында жүргізіледі.

      2.  Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) иеленуші банк - дебиторлық берешек, мүлік, міндеттемелердің  бөлігі бойынша талап ету құқықтарын бір мезгілде беру жөнінде шарт жасалған банк;
      2) конкурстық құжаттама - таратушы комиссияның әлуетті иеленуші банктерге олардың иеленуші банкті таңдау үшін конкурсқа қатысу талаптары туралы толық ақпаратты беру мақсатында конкурстық өтінімді дайындау үшін ұсынатын құжаттары;
      3) лоттар - басқа банкке (банктерге) беру үшін бір бірімен шамалас бірліктерден қалыптасқан мәжбүрлеп таратылатын банктің дебиторлық берешегі, мүлкі бойынша талап ету құқықтары мен міндеттемелері;
      4) иеленуші әлуетті банк - дебиторлық берешек, мүлік, міндеттеменің депозиттерге кепілдік беру бөлігі бойынша талап ету құқықтарын бірмезгілде беру жөнінде шарт жасасу мақсатында конкурсқа қатысуға тілек білдіруші банк;
      5)  уәкілетті орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган.
      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәндер бойынша қолданылады.

       2-тарау. Мәжбүрлеп таратылатын банктiң басқа банкке (банктерге) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның  кепілдік берген депозиттері бойынша мiндеттемелерiнің бiр бөлiгiн және дебиторлық берешегі бойынша талап ету құқықтарын бір мезгiлде беру жөніндегі операцияларды жүргiзу тәртібі

      3. Мәжбүрлеп таратылатын банктiң басқа банкке (банктерге) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның  кепілдік берген депозиттері бойынша (бұдан әрі - кепілдік берілген депозиттер) мiндеттемелерiнің бiр бөлiгiн және дебиторлық берешегі бойынша талап ету құқықтарын бір мезгiлде беру жөніндегі операцияларды жүргізуге уәкілетті органмен келісу арқылы банкті мәжбүрлеп тарату жөніндегі соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жол беріледі.
      Мәжбүрлеп таратылатын банктiң дебиторлық берешегi бойынша талап ету құқығы ұзақ мерзімді кредиттер түрінде бір жыл және одан артық өтеу мерзімімен ғана берілуі тиіс.
      Мәжбүрлеп таратылатын банктiң дебиторлық берешегi бойынша кепілдік берілген депозиттер жөніндегі міндеттемелерін және талап ету құқықтарын  бір, сонымен бірге бірнеше банктерге беруге жол беріледі.
      Мәжбүрлеп таратылатын банктiң кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелері және дебиторлық берешек бойынша талап ету құқықтары басқа банкке (банктерге) мәжбүрлеп таратылатын банкпен жасалған шарттарда белгіленген талаптар бойынша беріледі. Осындай шарттардың талаптарына жасалатын өзгерістер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
      Уәкілетті орган тарату комиссиясынан кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерінің бөлігін және дебиторлық берешек бойынша талап ету құқықтарын бірмезгілде беру жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты кез-келген құжаттарды сұрата алады.

      4. Кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерінің бөлігін және дебиторлық берешек бойынша талап ету құқықтарын бірмезгілде беру жөніндегі операциялар банкті мәжбүрлеп тарату жөніндегі сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап және уәкілетті орган аралық тарату балансын және мәжбүрлеп таратылатын банктiң кредиторларының талаптар тізілімін бекіткенге дейін жасалады.

      5. Мәжбүрлеп таратылатын банктiң кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелердің бөлігін және дебиторлық берешек бойынша талап ету құқықтарын бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру жөніндегі операцияларды жүргізу жөніндегі дайындық іс-шараларына мыналар кіреді:
      1) дебиторлық берешек бойынша берілетін талап ету құқықтарының құнын анықтау;
      2) алдағы болғалы отырған кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерді беру туралы хабарландыру жариялау;
      3) депозиттерін басқа банкке беруге келіскен депозиторлардың тізімін қалыптастыру;
      4) депозиттерін басқа банкке беруден бас тартқан депозиторлардың тізімін қалыптастыру.

      6. Дайындық іс-шараларын уәкілетті органмен келісе отырып, уақытша әкімшілік не мәжбүрлеп таратылатын банктiң тарату комиссиясы жүргізеді.

      7. Дебиторлық берешек бойынша беріліп отырған талап ету құқықтарының құны мәжбүрлеп таратылатын банк туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні баланстық және баланстан тыс шоттарда есепте тұрған берешек сомасы ретінде анықталады.

      8. Таратылатын қатысушы банктiң кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелері басқа қатысушы банкке (банктерге) беруі депозиторлардың келісуімен жүзеге асырылады.
      Қатысушы банктің уақытша әкімшілігі, тарату комиссиясы депозиторларының келісімін алу мақсатында республикалық мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде депозиторлардың келіспеушіліктерін ұсыну тәртібін, мерзімдерін және депозиторлардың келіспеушіліктері қабылданатын мекен-жайды көрсетіп, болғалы отырған кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерді беру туралы хабарландыру жариялауды жүзеге асырады.
      Хабарландыру жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде депозиторлардан жазбаша келіспеушілік келіп түспеген жағдайда ол депозитордың депозитін беруге келісім беруі деп түсіндіріледі.

      9. Уақытша әкімшілік, тарату комиссиясы депозиторлардан келіп түскен келіспеушіліктерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін бес күнтізбелік күн ішінде депозиторлардың депозиттерін басқа банкке (банктерге) беруге келіскен және бас тартқандарының тізімін уәкілетті органмен келіскен нысан бойынша қалыптастырады және кепілдік берілген депозиттер бойынша берілетін міндеттемелердің мөлшерін анықтайды.

      10. Уақытша әкімшілік, тарату комиссиясы кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелердің бөлігін және дебиторлық берешек бойынша талап ету құқығын бір мезгілде беру жөніндегі операцияларды жасауға келіскен/бас тартқан депозиторлардың тізімін, аталған операцияларды жүргізуден бас тартқан депозиторларға кепілдік берілген өтемді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп пен мерзімде төлем жасау үшін міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға жібереді.

      11. Тарату комиссиясы дебиторлық берешек бойынша талап ету құқықтарын беру құны анықталғаннан кейін лоттарды қалыптастырады және уәкілетті органға келісу үшін жіберілетін конкурстық құжаттама жобасын дайындайды.

      12. Конкурстық құжаттамада мынадай ақпарат болады:
      1) банктер беруі тиіс құжаттарға қойылатын талаптар;
      2) кепілдік берілген депозиттер бойынша берілетін міндеттемелер мөлшері және дебиторлық берешек бойынша берілетін талап ету құқығының құны, мәжбүрлеп таратылатын банктiң дебиторлық берешек бойынша міндеттемелерін және талап ету құқықтарын растайтын құжаттаманы көрсетіп, оларды сипаттау;
      3) кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелер бөлігін және дебиторлық берешек бойынша талап ету құқықтарын бір мезгілде беру жөніндегі операцияларды жүргізудің ұсынылып отырған талаптары;
      4) кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерді және дебиторлық берешек бойынша талап ету құқықтарын бір мезгілде беру жөніндегі шарт жобасы;
      5) негізінде жеңіп шыққан конкурстық өтінім анықталатын критерийлер сипаттамасы;
      6) банктің кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелердің бөлігін және дебиторлық берешек бойынша талап ету құқықтарын бір мезгілде беру бойынша операцияларды жүргізу жөніндегі өздерінің шарттарын ұсыну мүмкіндіктері туралы талаптары;
      7) конкурстық өтінімдерді ұсынудың әдісі, орны және түпкілікті мерзімі;
      8) банктердің конкурстық құжаттама мазмұны бойынша түсіндірулер сұрату көмегін ала алатын әдістер.

      13.  Тарату комиссиясы конкурстық құжаттаманы уәкілетті органмен келіскеннен кейін банктерді конкурстық құжаттаманы алу мерзімі, конкурстық құжаттаманы алуға болатын мекен-жайы көрсетілген хабарламаны жіберу жолы арқылы хабардар етеді.
      Конкурстық құжаттаманың бір данасы депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға мәлімет үшін жіберіледі.

      14. Иеленуші банкті таңдау конкурстық негізде жүзеге асырылады. Конкурс жабық әдіспен өтеді.

      15. Әлуетті иеленуші банк мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      1) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болуы;
      2) уәкілетті органның депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу, банктік заем операцияларын, касса операцияларын жүргізуге лицензиясының болуы;
      3) конкурстық өтінімді ұсынған күнге дейінгі бір жыл ішінде пруденциалдық нормативтерді сақтау;
      4) уәкілетті орган қолданатын қолданыстағы шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялардың болмауы;
      5) мәжбүрлеп таратылатын банктiң депозиторларына қызмет көрсету үшін филиалдардың болуы.

      16. Иеленуші әлуетті банктер конкурстық құжаттаманы  алу кезінде құпиялылықты сақтау туралы және мәжбүрлеп таратылатын банктің кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерін және дебиторлық берешегі бойынша талап ету құқықтарын бір мезгілде қабылдау мүмкіндігін қарауға байланысты алынған ақпаратты жарияламау туралы келісімге (міндеттемеге) қол қояды.

      17. Тарату комиссиясы иеленуші әлуетті банктің сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын бар мәліметтерді жарияламау талаптарын сақтай отырып, қосымша ақпарат береді.

      18. Конкурстық өтінім конкурстық құжаттамаға сәйкес басып шығарылған конвертпен ұсынылады.
      Иеленуші әлуетті банктер өз ұсыныстарын жібереді және лотқа енетін активтерінің жеке бағасын ұсынады.

      19. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелер бөлігін бір мезгілде беру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін иеленуші әлуетті банкке заемды беру немесе депозитті орналастыру туралы шешімі болған жағдайда иеленуші әлуетті банк бұл туралы өтінімде көрсетеді.

      20. Иеленуші әлуетті банк өз конкурстық өтінімін дайындау және беруге байланысты, сондай-ақ тарату комиссиясының конкурс талаптарын және конкурстық құжаттама мазмұнын түсіндіру мақсатындағы барлық шығыстарды көтереді. Тарату комиссиясы конкурс қорытындысына қарамай, осы шығыстарды өтеу жөнінде өзіне міндеттеме алмайды.

      21. Иеленуші әлуетті банк өз конкурстық өтінімін өзгертуі немесе кері қайтарып алуы мүмкін. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтарып алу туралы хабарлама, егер оны тарату комиссиясы  конкурстық өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі өткенге дейін алған болса ғана заңды болып есептеледі.

      22. Тарату комиссиясы конкурстық өтінімдері бар конверттерді конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімде, уақытта және орында ашады. Иеленуші әлуетті банк немесе оның уәкілетті өкілі  конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу кезінде қатысып отырады.

      23. Тарату комиссиясы конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу кезінде қатысушы тұлғаларға иеленуші әлуетті банктердің атауын және тұрғылықты орнын хабарлайды, конкурстық өтінімдерді құрайтын құжаттардың болуы немесе болмауы туралы ақпаратты және конкурстық өтінімдерді ашу жөнінде хаттама жасайды.

      24. Тарату комиссиясы конверттер ашылған соң иеленуші әлуетті банктерге конкурстық өтінімдердің бағасын өзгертуге құқық  береді.  Конкурстық өтінімдердің бағасын өзгерту конкурстық өтінімдерді ашу жөніндегі хаттамада көрсетіледі.

      25. Тарату комиссиясы конкурстық өтінімдерді қарау, баға беру және салыстыру кезінде банктерден конкурстық өтінімдер қарау, баға беру және салыстыруды жеңілдетуге байланысты түсіндірулер сұратуға құқылы.

      26. Конкурстық өтінімдерді қарау қорытындысы бойынша мейлінше тиімді талаптар ұсынған конкурстық өтінімге басымдық беріледі.
      Конкурс жеңімпазын анықтау мынадай критерийлер негізінде жүзеге асырылады:
      1) кепілдік берілген депозиттер бойынша қабылданатын міндеттемелердің және дебиторлық берешек бойынша талап ету  құқығының мөлшері;
      2) банктің қаржылық жай-күйі;
      3) банктің филиалдық желісі.

      27. Тарату комиссиясы конкурстық өтінімдері бар конверттер ашылғаннан кейінгі он жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде конкурсты қорытындылайды.

      28. Конкурс қорытындысы тарату комиссиясының төрағасының және мүшелерінің қолы қойылған хаттама түрінде ресімделеді.

      29. Тарату комиссиясы конкурс қорытындыланған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға конкурс қорытындысы туралы хаттаманың көшірмесін береді.

      30. Өтінімі жеңімпаз деп танылған банк пен тарату комиссиясы арасында тараптардың әрқайсысы үшін екі данамен мемлекеттік және орыс тілдерінде кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерді және дебиторлық берешегі бойынша талаптар құқықтарын бір мезгілде беру жөнінде шарт жасалады.

      31. Өтінімді бір банк берген жағдайда не осы Ережемен белгіленген талаптарға бір өтінім сәйкес келген жағдайда тарату комиссиясы осы Ереженің 30-тармағына сәйкес шарт жасау негізі бойынша келісім жасайды.

      32. Кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерді және дебиторлық берешек бойынша талап ету құқықтарын, сондай-ақ тиісті құжаттарды  (шарттар, кредит істері, куәліктер және басқа құжаттар) беру екі данада қабылдау-өткізу актісімен ресімделеді.
      Қабылдау-өткізу актісін ресімдеу кезінде онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      1) кепілдік берілген депозиттер бойынша өткізілетін міндеттемелердің мөлшері, депозиторлардың фамилиясы, аты, аты-жөні (бар болса), көрсетілген депозиттер тізбесі, депозиттер сомасы, банктік шоттың және (немесе) банктік салым шартының нөмірі, шарттың қолданылу мерзімі, салым бойынша сыйақы мөлшерлемелері, салым бойынша депозиторлар есептеген және алған сыйақы мөлшерлемелері;
      2) дебиторлардың фамилиясы, аты, аты-жөні (бар болса), көрсетілген дебиторлық берешек бойынша берілетін талап ету құқықтарының құны және тізбесі, дебиторлардың атауы, дебиторлық берешек сомасы ескерілген шоттар нөмірі, заем сомасы, банктік заем шартын жасау күні және нөмірі,  банктік заем шартының қолданылу мерзімі, мәжбүрлеп таратылатын банктің заем бойынша есептелген және алған сыйақы сомасы.

      33. Кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерді және дебиторлық берешек бойынша талап ету құқықтарын бір мезгілде беруге байланысты шығыстар иеленуші банк қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      34. Тарату комиссиясы кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерді және дебиторлық берешек бойынша талап ету құқықтарын бір мезгілде беру туралы шарт жасалған және кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерді және дебиторлық берешек бойынша талап ету құқықтарын бір мезгілде беру туралы қабылдау-өткізу актісіне қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға аталған құжаттардың көшірмесін жібереді.

      35. Тарату комиссиясы кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерді және дебиторлық берешек бойынша талап ету құқықтарын бір мезгілде беру жөнінде операциялар жасалғандығы туралы республикалық мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат жариялайды.

      36. Кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерді және дебиторлық берешек бойынша талап ету құқықтарын бір мезгілде беру туралы шарт иеленуші банктің ұсынысы бойынша бұзылған жағдайда, иеленуші банк:
      1) тарату комиссиясына кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерді және дебиторлық берешек бойынша талап ету құқықтарын бір мезгілде беру жөніндегі операцияларды жасау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға байланысты шығыстарды қайтарады;
      2) тарату комиссиясына қабылдау-өткізу актісі бойынша кепілдік берілген депозиттер және дебиторлық берешек бойынша талап ету құқықтары жөніндегі осының алдында қабылданған міндеттемелерді және тиісті құжаттарды қайтарады;
      3) тарату комиссиясының ағымдағы шотына талап ету құқығы қабылданған кредиттер бойынша алынған сыйақыны аударым жасайды.

3-тарау. Мәжбүрлеп таратылатын банктiң мiндеттемелерi мен мүлкін аралық тарату балансы бекітілгеннен кейін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру жөніндегі
операцияларды жүргiзу тәртібі

      37. Осы Ереженің 2-тарауында көзделген операцияларды қоспағанда, мәжбүрлеп таратылатын банктiң мiндеттемелерi мен мүлкін аралық тарату балансы бекітілгеннен кейін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру жөніндегі операцияларды жүргiзуге аралық тарату балансы бекітілгеннен кейін және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74-2-бабында белгіленген кезектілікті сақтай отырып, жол беріледі.
      Тарату комиссиясы банктің кредиттер түріндегі дебиторлық берешегі жөніндегі құқықтарынан басқа мәжбүрлеп таратылатын банктiң мүлкі мiндеттемелерi мен мүлкін оның бағалау құнынынан төмен емес бағамен береді.

      38. Банк пен мәжбүрлеп таратылатын банктiң арасында міндеттемелер мен мүлікті бір мезгілде беру жөнінде әрбір тарап үшін екі данадан келетін  мемлекеттік және орыс тілдерінде шарт жасалады.

      39. Мәжбүрлеп таратылатын банктің міндеттемелері мен мүлкін өткізу екі данамен қабылдау-өткізу актісімен ресімделеді. Қабылдау-өткізу актісінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      фамилиясы, аты, аты-жөні (бар болса), кредиторлардың атауы көрсетілген өткізілетін міндеттемелер мөлшері, міндеттемелер ескерілген шоттар нөмірлері, міндеттемелер сомасы, мәжбүрлеп таратылатын банктің кредиторлар алдындағы міндеттемелерін растайтын құжаттар;
      мүліктің атауы, түгендеу нөмірі, баланстық, бағалау құны көрсетілген өткізілетін мүлік құны, мүлік ескерілген шоттар нөмірлері, мәжбүрлеп таратылатын банктің меншік құқығын растаушы құжаттар.

      40. Тарату комиссиясы міндеттемелерді және мүлікті бір мезгілде өткізу жөніндегі шарт жасалған және міндеттемелерді және мүлікті қабылдау-өткізу жөніндегі актіге қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға аталған құжаттардың көшірмелерін жібереді.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      41. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша шешіледі.

Об утверждении Правил проведения операций по одновременной передаче части обязательств и прав требования по дебиторской задолженности, имущества принудительно ликвидируемого банка другому (другим) банку (банкам)

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 марта 2007 года N 57. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 мая 2007 года N 4657. Утратило силу постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 28 ноября 2008 года N 191

       Сноска. Утратило силу постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 28.11.2008 N 191 (порядок введения в действие см. п. 3 ).

      В соответствии с пунктом 3 статьи 73-1 Закона Республики Казахстан "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан", пунктом 1 статьи 16 Закона Республики Казахстан "Об обязательном гарантировании депозитов, размещенных в банках второго уровня Республики Казахстан" Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство) ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения операций по одновременной передаче части обязательств и прав требования по дебиторской задолженности, имущества принудительно ликвидируемого банка другому (другим) банку (банкам).

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Департаменту ликвидации финансовых организаций (Бахтиярова Г.А.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Байсынов М.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений Агентства, Национального Банка Республики Казахстан и Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана", АО "Казахстанский фонд гарантирования депозитов".

      4. Отделу международных отношений и связей с общественностью принять меры к публикации настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Заместителя Председателя Агентства Бахмутову Е.Л.

      Председатель

Утверждены постановлением
Правления Агентства      
Республики Казахстан     
по регулированию и надзору
финансового рынка и      
финансовых организаций   
от 30 марта 2007 года N 57

Правила
проведения операций по одновременной передаче части
обязательств и прав требования по дебиторской задолженности,
имущества принудительно ликвидируемого банка другому (другим)
банку (банкам)

      Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законами Республики Казахстан " О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан", " Об обязательном гарантировании депозитов, размещенных в банках второго уровня Республики Казахстан", "О государственном регулировании и надзоре финансового рынка и финансовых организаций" и определяют порядок, особенности проведения операций по одновременной передаче части обязательств и прав требования по дебиторской задолженности, имущества принудительно ликвидируемого банка другому (другим) банку (банкам).

Глава 1. Общие положения

      1. Операции по одновременной передаче части обязательств и прав требования по дебиторской задолженности, имущества принудительно ликвидируемого банка другому (другим) банку (банкам) проводятся в целях защиты интересов кредиторов и дебиторов принудительно ликвидируемого банка.

      2. Основные понятия, используемые в настоящих Правилах:

      1) банк-приобретатель - банк, с которым заключен договор об одновременной передаче прав требования по дебиторской задолженности, имущества и части обязательств;

      2) конкурсная документация - документы, представляемые ликвидационной комиссией потенциальным банкам-приобретателям для подготовки конкурсной заявки с целью предоставления полной информации об условиях их участия в конкурсе по выбору банка-приобретателя;

      3) лоты - обязательства и права требования по дебиторской задолженности, имущество принудительно ликвидируемого банка, сформированные в соразмерные друг другу единицы для передачи другому (другим) банку (банкам);

      4) потенциальный банк-приобретатель - банк, изъявивший желание участвовать в конкурсе с целью заключения договора об одновременной передаче прав требования по дебиторской задолженности, имущества и части обязательств по гарантируемым депозитам;

      5) уполномоченный орган - государственный орган по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций.
      Иные понятия, используемые в настоящих Правилах, применяются в значениях, определенных законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Порядок проведения операций
по одновременной передаче части обязательств по депозитам,
гарантируемым организацией, осуществляющей обязательное
гарантирование депозитов и прав требования по дебиторской
задолженности принудительно ликвидируемого банка
другому (другим) банку (банкам)

      3. Проведение операций по одновременной передаче части обязательств по депозитам, гарантируемым организацией, осуществляющей обязательное гарантирование депозитов (далее - гарантируемые депозиты), и прав требования по дебиторской задолженности принудительно ликвидируемого банка другому (другим) банку (банкам) по согласованию с уполномоченным органом допускается со дня вступления в законную силу решения суда о принудительной ликвидации банка.
      Передаче подлежат права требования по дебиторской задолженности принудительно ликвидируемого банка только в виде долгосрочных кредитов со сроком погашения один год и более.
      Допускается передача обязательств по гарантируемым депозитам и прав требования по дебиторской задолженности принудительно ликвидируемого банка как одному, так и нескольким банкам.
      Обязательства по гарантируемым депозитам и права требования по дебиторской задолженности передаются другому (другим) банку (банкам) на условиях, установленных договорами, заключенными с принудительно ликвидируемым банком. Изменение условий таких договоров осуществляется в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан.
      Уполномоченный орган может запросить у ликвидационной комиссии любые документы, связанные с проведением операций по одновременной передаче части обязательств по гарантируемым депозитам и прав требования по дебиторской задолженности.

      4. Операции по одновременной передаче части обязательств по гарантируемым депозитам и прав требования по дебиторской задолженности проводятся с даты вступления в законную силу решения суда о принудительной ликвидации банка и до утверждения уполномоченным органом промежуточного ликвидационного баланса и реестра требований кредиторов принудительно ликвидируемого банка.

      5. Подготовительные мероприятия по проведению операций по одновременной передаче части обязательств по гарантируемым депозитам и прав требования по дебиторской задолженности принудительно ликвидируемого банка другому (другим) банку (банкам) включают в себя:
      1) определение стоимости передаваемых прав требования по дебиторской задолженности;
      2) публикацию объявления о предстоящей передаче обязательств по гарантируемым депозитам;
      3) формирование списка депозиторов, согласных на передачу их депозитов другому банку;
      4) формирование списка депозиторов, отказавшихся на передачу их депозитов другому банку.

      6. Подготовительные мероприятия проводятся по согласованию с уполномоченным органом временной администрацией либо ликвидационной комиссией принудительно ликвидируемого банка.

      7. Стоимость передаваемых прав требования по дебиторской задолженности определяется как сумма задолженности, числящейся на балансовых и внебалансовых счетах на дату вступления в законную силу решения суда о принудительной ликвидации банка.

      8. Передача ликвидируемым банком-участником обязательств по гарантируемым депозитам другому(другим) банку(банкам)-участнику(участникам) осуществляется с согласия депозиторов.
      С целью получения согласия депозиторов временной администрацией, ликвидационной комиссией банка-участника осуществляется публикация объявления о предстоящей передаче обязательств по гарантируемым депозитам в республиканских периодических печатных изданиях на государственном и русском языках с указанием порядка, сроков представления возражений депозиторами и адреса, по которому принимаются возражения депозиторов.
      Отсутствие письменного возражения от депозиторов в течение десяти календарных дней со дня публикации объявления рассматривается как согласие депозитора на передачу депозита.

      9. Временная администрация, ликвидационная комиссия в течение пяти календарных дней со дня истечения срока предъявления депозиторами возражений формирует список депозиторов, согласных на передачу и отказавшихся от передачи их депозитов другому (другим) банку (банкам) по форме, согласованной с уполномоченным органом, и определяет размер передаваемых обязательств по гарантируемым депозитам.

      10. Временная администрация, ликвидационная комиссия направляет список депозиторов, согласных/отказавшихся от проведения операции по одновременной передаче части обязательств по гарантируемым депозитам и прав требования по дебиторской задолженности, в организацию, осуществляющую обязательное гарантирование депозитов, для выплат в установленные законодательством Республики Казахстан порядке и сроки, гарантийного возмещения депозиторам, отказавшихся от проведения указанной операции.

      11. После определения стоимости передаваемых прав требований по дебиторской задолженности ликвидационная комиссия формирует лоты и готовит проект конкурсной документации, который направляется для согласования в уполномоченный орган.

      12. Конкурсная документация содержит следующую информацию:
      1) требования к документам, которые должны быть представлены банками;
      2) размер передаваемых обязательств по гарантируемым депозитам и стоимость передаваемых прав требования по дебиторской задолженности, их описание с указанием документации, подтверждающей обязательства и права требования по дебиторской задолженности принудительно ликвидируемого банка;
      3) предлагаемые условия проведения операции по одновременной передаче части обязательств по гарантируемым депозитам и прав требования по дебиторской задолженности;
      4) проект договора об одновременной передаче обязательств по гарантируемым депозитам и прав требования по дебиторской задолженности;
      5) описание критериев, на основе которых будет определяться выигравшая конкурсная заявка;
      6) условие о возможности банка предлагать свои условия проведения операции по одновременной передаче части обязательств по гарантируемым депозитам и прав требования по дебиторской задолженности;
      7) способ, место и окончательный срок представления конкурсных заявок;
      8) способы, с помощью которых банки могут запрашивать разъяснения по содержанию конкурсной документации.

      13. После согласования конкурсной документации с уполномоченным органом ликвидационная комиссия извещает банки о предстоящем конкурсе по выбору банка-приобретателя путем направления уведомлений, содержащих сроки получения конкурсной документации, адреса, где можно получить конкурсную документацию.
      Один экземпляр конкурсной документации направляется для сведения организации, осуществляющей обязательное гарантирование депозитов.

      14. Выбор банка-приобретателя осуществляется на конкурсной основе. Конкурс проводится закрытым способом.

      15. Потенциальный банк-приобретатель должен соответствовать следующим требованиям:
      1) быть участником системы обязательного гарантирования депозитов;
      2) иметь лицензию уполномоченного органа на прием депозитов, открытие и ведение банковских счетов физических лиц, проведение банковских заемных операций, кассовых операций;
      3) соблюдать пруденциальные нормативы в течение одного года до даты представления конкурсной заявки;
      4) не иметь действующих ограниченных мер воздействия и санкций, примененных уполномоченным органом;
      5) иметь филиалы для обслуживания депозиторов принудительно ликвидируемого банка.

      16. При получении конкурсной документации потенциальные банки-приобретатели подписывают соглашение (обязательство) о соблюдении конфиденциальности и неразглашении информации, полученной в связи с рассмотрением возможности одновременного принятия обязательств по гарантируемым депозитам и прав требования по дебиторской задолженности принудительно ликвидируемого банка.

      17. По запросу потенциального банка-приобретателя ликвидационная комиссия предоставляет дополнительную информацию с соблюдением установленных законодательными актами Республики Казахстан требований о неразглашении сведений, составляющих коммерческую, банковскую и иную охраняемую законом тайну.

      18. Конкурсная заявка представляется в соответствии с конкурсной документацией в запечатанном конверте.
      Потенциальные банки-приобретатели направляют свои предложения и предлагают собственную цену активов, входящих в лот.

      19. При наличии решения организации, осуществляющей обязательное гарантирование депозитов, о предоставлении потенциальному банку-приобретателю займа или размещении у него депозита для проведения операции по одновременной передаче части обязательств по гарантируемым депозитам и прав требования по дебиторской задолженности, потенциальный банк-приобретатель указывает об этом в заявке.

      20. Потенциальный банк-приобретатель несет все расходы, связанные с подготовкой и подачей своей конкурсной заявки, а также с его участием во встрече, проводимой ликвидационной комиссией в целях разъяснения условий конкурса и содержания конкурсной документации. Ликвидационная комиссия не несет обязательства по возмещению этих расходов, независимо от результатов конкурса.

      21. Потенциальный банк-приобретатель может изменить или отозвать свою конкурсную заявку. Такое изменение или уведомление об отзыве является действительным, если оно получено ликвидационной комиссией до истечения окончательного срока представления конкурсных заявок.

      22. Ликвидационная комиссия вскрывает конверты с конкурсными заявками в срок, во время и в месте, указанные в конкурсной документации. Потенциальный банк-приобретатель или его уполномоченный представитель присутствуют при вскрытии конвертов с конкурсными заявками.

      23. При вскрытии конвертов с конкурсными заявками ликвидационная комиссия объявляет присутствующим лицам наименование и место нахождения потенциальных банков-приобретателей, информацию о наличии или отсутствии документов, составляющих конкурсную заявку, и составляет протокол вскрытия конкурсных заявок.

      24. После вскрытия конвертов ликвидационная комиссия предоставляет потенциальным банкам-приобретателям право изменить цену конкурсной заявки. Изменение цены конкурсной заявки отражается в протоколе вскрытия конкурсных заявок.

      25. При рассмотрении, оценке и сопоставлении конкурсных заявок ликвидационная комиссия может запросить у банков разъяснения в связи с их конкурсными заявками с тем, чтобы облегчить рассмотрение, оценку и сопоставление конкурсных заявок.

      26. По результатам рассмотрения конкурсных заявок предпочтение отдается заявке, предлагающей наиболее выгодные условия.
      Определение победителя конкурса осуществляется на основании следующих критериев:
      1) размер принимаемых обязательств по гарантируемым депозитам и прав требования по дебиторской задолженности;
      2) финансовое состояние банка;
      3) филиальная сеть банка.

      27. Ликвидационная комиссия подводит итоги конкурса в срок не более десяти рабочих дней со дня вскрытия конвертов с конкурсными заявками.

      28. Итоги конкурса оформляются в виде протокола, подписываемого председателем и членами ликвидационной комиссии.

      29. Ликвидационная комиссия в течение одного рабочего дня со дня подведения итогов конкурса представляет в уполномоченный орган копию протокола об итогах конкурса.

      30. Между банком, чья заявка признана выигравшей, и ликвидационной комиссией заключается договор об одновременной передаче обязательств по гарантируемым депозитам и прав требования по дебиторской задолженности, который составляется на государственном и русском языках в двух экземплярах для каждой из сторон.

      31. В случае подачи заявки одним банком либо соответствия установленным настоящими Правилами требованиям одной заявки, ликвидационная комиссия проводит с ним переговоры на предмет заключения договора в соответствии с пунктом 30 настоящих Правил.

      32. Передача обязательств по гарантируемым депозитам и прав требования по дебиторской задолженности, а также соответствующих документов (договоров, кредитных дел, свидетельств и других документов) оформляется актом приема-передачи в двух экземплярах.
      При оформлении акта приема-передачи в нем указываются следующие сведения:
      1) размер передаваемых обязательств по гарантируемым депозитам, перечень депозитов с указанием фамилии, имени, отчества (при наличии) депозиторов, номеров счетов, на которых учтены суммы депозитов, суммы депозита, даты заключения и номера договора банковского счета и(или) банковского вклада, срока действия договора, ставки вознаграждения по вкладу, начисленных и полученных депозиторами сумм вознаграждения по вкладу;
      2) стоимость и перечень передаваемых прав требований по дебиторской задолженности с указанием фамилии, имени, отчества (при наличии), наименование дебиторов, номеров счетов, на которых учтены суммы дебиторской задолженности, суммы займа, даты заключения и номера договора банковского займа, срока действия договора банковского займа, ставки вознаграждения по банковскому займу, начисленных и полученных принудительно ликвидируемым банком сумм вознаграждения по банковскому займу.

      33. Расходы, связанные с одновременной передачей обязательств по гарантируемым депозитам и прав требований по дебиторской задолженности, осуществляются за счет средств банка-приобретателя.

      34. Ликвидационная комиссия в течение одного рабочего дня со дня заключения договора об одновременной передаче обязательств по гарантируемым депозитам и прав требования по дебиторской задолженности и подписания акта приема-передачи обязательств по гарантируемым депозитам и прав требования по дебиторской задолженности направляет уполномоченному органу, организации, осуществляющей обязательное гарантирование депозитов, копии указанных документов.

      35. Информация о проведенной операции по одновременной передаче части обязательств по гарантируемым депозитам и прав требования по дебиторской задолженности публикуется ликвидационной комиссией в республиканских периодических печатных изданиях на государственном и русском языках.

      36. В случае расторжения договора об одновременной передаче обязательств по гарантируемым депозитам и прав требований по дебиторской задолженности по инициативе банка-приобретателя, банк-приобретатель:
      1) возмещает ликвидационной комиссии расходы, связанные с осуществлением мероприятий по проведению операции по одновременной передаче части обязательств по гарантируемым депозитам и прав требований по дебиторской задолженности;
      2) по акту приема - передачи возвращает ликвидационной комиссии ранее принятые обязательства по гарантируемым депозитам и права требования по дебиторской задолженности и соответствующие документы;
      3) перечисляет на текущий счет ликвидационной комиссии полученные вознаграждения по кредитам, права требования по которым были приняты.

Глава 3. Порядок проведения операций по одновременной
передаче обязательств и имущества принудительно
ликвидируемого банка другому (другим) банку (банкам) после
утверждения промежуточного ликвидационного баланса

      37. Проведение операций по одновременной передаче обязательств и имущества принудительно ликвидируемого банка другому (другим) банку (банкам), за исключением операций, предусмотренных главой 2 настоящих Правил, допускается после утверждения промежуточного ликвидационного баланса принудительно ликвидируемого банка и с соблюдением очередности, установленной статьей 74-2 Закона Республики Казахстан "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан".
      Имущество принудительно ликвидируемого банка, за исключением прав требования по дебиторской задолженности в виде кредитов, ликвидационная комиссия передает по цене не ниже его оценочной стоимости.

      38. Между банком и ликвидационной комиссией принудительно ликвидируемого банка заключается договор об одновременной передаче обязательств и имущества на государственном и русском языках, который составляется в двух экземплярах для каждой из сторон.

      39. Передача обязательств и имущества принудительно ликвидируемого банка оформляется актом приема-передачи в двух экземплярах. В акте приема-передачи указываются следующие сведения:
      размер передаваемых обязательств с указанием фамилии, имени, отчества (при наличии), наименования кредиторов, номеров счетов, на которых учтены обязательства, суммы обязательства, документов, подтверждающих обязательства принудительно ликвидируемого банка перед кредиторами;
      стоимость передаваемого имущества с указанием наименования, инвентарного номера, балансовой, оценочной стоимостей имущества, номеров счетов, на которых учтено имущество, документов, подтверждающих право собственности принудительно ликвидируемого банка.

      40. Ликвидационная комиссия в течение одного рабочего дня со дня заключения договора об одновременной передаче обязательств и имущества и подписания акта приема-передачи обязательств и имущества направляет уполномоченному органу копии указанных документов.

Глава 4. Заключительное положение

      41. Вопросы, не урегулированные настоящими Правилами, разрешаются в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.