Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 191 Қаулысымен.
------------------- Қаулыдан үзінді -----------------
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
73-1-бабының
4-тармағына, "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
16-бабының
1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. ...
2. Агенттік Басқармасының "Мiндеттемелердiң бiр бөлiгiн және мәжбүрлеп таратылатын банктiң дебиторлық берешегi бойынша талап ету құқықтарын, мүлкін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру жөніндегі операцияларды жүргiзу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы
N 57
қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4657 тіркелген) өзінің күшін жойды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбеллік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
4. ...
5. ...
6. ...
Төрайым Е. Бахмутова
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
73-1-бабының
3-тармағына,»"Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
16-бабының
1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Мiндеттемелердiң бiр бөлiгiн және мәжбүрлеп таратылатын банктiң дебиторлық берешегi бойынша талап ету құқықтарын, мүлкін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру жөніндегі операцияларды жүргiзу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (Г.А. Бахтиярова):
1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ-ға жіберсін.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2007 жылғы 30
наурыздағы N 57 қаулысымен бекітілген
Мәжбүрлеп таратылатын банктiң мiндеттемелерiнің бiр бөлiгiн және дебиторлық берешек бойынша талап ету құқықтарын, мүлкін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру жөніндегі операцияларды жүргiзу ережесі
Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы", "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Заңдарына сәйкес әзірленді және мәжбүрлеп таратылатын банктiң мiндеттемелерiнің бiр бөлiгiн және дебиторлық берешегi бойынша талап ету құқықтарын, мүлкін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру жөніндегі операцияларды жүргiзу тәртібін, ерекшеліктерін анықтайды.
1. Мәжбүрлеп таратылатын банктiң мiндеттемелердiң бiр бөлiгiн және дебиторлық берешегi бойынша талап ету құқықтарын, мүлкін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру жөніндегі операциялар мәжбүрлеп таратылатын банктiң кредиторлары мен дебиторларының мүддесін қорғау мақсатында жүргізіледі.
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) иеленуші банк - дебиторлық берешек, мүлік, міндеттемелердің бөлігі бойынша талап ету құқықтарын бір мезгілде беру жөнінде шарт жасалған банк;
2) конкурстық құжаттама - таратушы комиссияның әлуетті иеленуші банктерге олардың иеленуші банкті таңдау үшін конкурсқа қатысу талаптары туралы толық ақпаратты беру мақсатында конкурстық өтінімді дайындау үшін ұсынатын құжаттары;
3) лоттар - басқа банкке (банктерге) беру үшін бір бірімен шамалас бірліктерден қалыптасқан мәжбүрлеп таратылатын банктің дебиторлық берешегі, мүлкі бойынша талап ету құқықтары мен міндеттемелері;
4) иеленуші әлуетті банк - дебиторлық берешек, мүлік, міндеттеменің депозиттерге кепілдік беру бөлігі бойынша талап ету құқықтарын бірмезгілде беру жөнінде шарт жасасу мақсатында конкурсқа қатысуға тілек білдіруші банк;
5) уәкілетті орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган.
Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәндер бойынша қолданылады.
2-тарау. Мәжбүрлеп таратылатын банктiң басқа банкке (банктерге) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның кепілдік берген депозиттері бойынша мiндеттемелерiнің бiр бөлiгiн және дебиторлық берешегі бойынша талап ету құқықтарын бір мезгiлде беру жөніндегі операцияларды жүргiзу тәртібі
3. Мәжбүрлеп таратылатын банктiң басқа банкке (банктерге) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның кепілдік берген депозиттері бойынша (бұдан әрі - кепілдік берілген депозиттер) мiндеттемелерiнің бiр бөлiгiн және дебиторлық берешегі бойынша талап ету құқықтарын бір мезгiлде беру жөніндегі операцияларды жүргізуге уәкілетті органмен келісу арқылы банкті мәжбүрлеп тарату жөніндегі соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жол беріледі.
Мәжбүрлеп таратылатын банктiң дебиторлық берешегi бойынша талап ету құқығы ұзақ мерзімді кредиттер түрінде бір жыл және одан артық өтеу мерзімімен ғана берілуі тиіс.
Мәжбүрлеп таратылатын банктiң дебиторлық берешегi бойынша кепілдік берілген депозиттер жөніндегі міндеттемелерін және талап ету құқықтарын бір, сонымен бірге бірнеше банктерге беруге жол беріледі.
Мәжбүрлеп таратылатын банктiң кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелері және дебиторлық берешек бойынша талап ету құқықтары басқа банкке (банктерге) мәжбүрлеп таратылатын банкпен жасалған шарттарда белгіленген талаптар бойынша беріледі. Осындай шарттардың талаптарына жасалатын өзгерістер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган тарату комиссиясынан кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерінің бөлігін және дебиторлық берешек бойынша талап ету құқықтарын бірмезгілде беру жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты кез-келген құжаттарды сұрата алады.
4. Кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерінің бөлігін және дебиторлық берешек бойынша талап ету құқықтарын бірмезгілде беру жөніндегі операциялар банкті мәжбүрлеп тарату жөніндегі сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап және уәкілетті орган аралық тарату балансын және мәжбүрлеп таратылатын банктiң кредиторларының талаптар тізілімін бекіткенге дейін жасалады.
5. Мәжбүрлеп таратылатын банктiң кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелердің бөлігін және дебиторлық берешек бойынша талап ету құқықтарын бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру жөніндегі операцияларды жүргізу жөніндегі дайындық іс-шараларына мыналар кіреді:
1) дебиторлық берешек бойынша берілетін талап ету құқықтарының құнын анықтау;
2) алдағы болғалы отырған кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерді беру туралы хабарландыру жариялау;
3) депозиттерін басқа банкке беруге келіскен депозиторлардың тізімін қалыптастыру;
4) депозиттерін басқа банкке беруден бас тартқан депозиторлардың тізімін қалыптастыру.
6. Дайындық іс-шараларын уәкілетті органмен келісе отырып, уақытша әкімшілік не мәжбүрлеп таратылатын банктiң тарату комиссиясы жүргізеді.
7. Дебиторлық берешек бойынша беріліп отырған талап ету құқықтарының құны мәжбүрлеп таратылатын банк туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні баланстық және баланстан тыс шоттарда есепте тұрған берешек сомасы ретінде анықталады.
8. Таратылатын қатысушы банктiң кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелері басқа қатысушы банкке (банктерге) беруі депозиторлардың келісуімен жүзеге асырылады.
Қатысушы банктің уақытша әкімшілігі, тарату комиссиясы депозиторларының келісімін алу мақсатында республикалық мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде депозиторлардың келіспеушіліктерін ұсыну тәртібін, мерзімдерін және депозиторлардың келіспеушіліктері қабылданатын мекен-жайды көрсетіп, болғалы отырған кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерді беру туралы хабарландыру жариялауды жүзеге асырады.
Хабарландыру жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде депозиторлардан жазбаша келіспеушілік келіп түспеген жағдайда ол депозитордың депозитін беруге келісім беруі деп түсіндіріледі.
9. Уақытша әкімшілік, тарату комиссиясы депозиторлардан келіп түскен келіспеушіліктерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін бес күнтізбелік күн ішінде депозиторлардың депозиттерін басқа банкке (банктерге) беруге келіскен және бас тартқандарының тізімін уәкілетті органмен келіскен нысан бойынша қалыптастырады және кепілдік берілген депозиттер бойынша берілетін міндеттемелердің мөлшерін анықтайды.
10. Уақытша әкімшілік, тарату комиссиясы кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелердің бөлігін және дебиторлық берешек бойынша талап ету құқығын бір мезгілде беру жөніндегі операцияларды жасауға келіскен/бас тартқан депозиторлардың тізімін, аталған операцияларды жүргізуден бас тартқан депозиторларға кепілдік берілген өтемді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп пен мерзімде төлем жасау үшін міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға жібереді.
11. Тарату комиссиясы дебиторлық берешек бойынша талап ету құқықтарын беру құны анықталғаннан кейін лоттарды қалыптастырады және уәкілетті органға келісу үшін жіберілетін конкурстық құжаттама жобасын дайындайды.
12. Конкурстық құжаттамада мынадай ақпарат болады:
1) банктер беруі тиіс құжаттарға қойылатын талаптар;
2) кепілдік берілген депозиттер бойынша берілетін міндеттемелер мөлшері және дебиторлық берешек бойынша берілетін талап ету құқығының құны, мәжбүрлеп таратылатын банктiң дебиторлық берешек бойынша міндеттемелерін және талап ету құқықтарын растайтын құжаттаманы көрсетіп, оларды сипаттау;
3) кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелер бөлігін және дебиторлық берешек бойынша талап ету құқықтарын бір мезгілде беру жөніндегі операцияларды жүргізудің ұсынылып отырған талаптары;
4) кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерді және дебиторлық берешек бойынша талап ету құқықтарын бір мезгілде беру жөніндегі шарт жобасы;
5) негізінде жеңіп шыққан конкурстық өтінім анықталатын критерийлер сипаттамасы;
6) банктің кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелердің бөлігін және дебиторлық берешек бойынша талап ету құқықтарын бір мезгілде беру бойынша операцияларды жүргізу жөніндегі өздерінің шарттарын ұсыну мүмкіндіктері туралы талаптары;
7) конкурстық өтінімдерді ұсынудың әдісі, орны және түпкілікті мерзімі;
8) банктердің конкурстық құжаттама мазмұны бойынша түсіндірулер сұрату көмегін ала алатын әдістер.
13. Тарату комиссиясы конкурстық құжаттаманы уәкілетті органмен келіскеннен кейін банктерді конкурстық құжаттаманы алу мерзімі, конкурстық құжаттаманы алуға болатын мекен-жайы көрсетілген хабарламаны жіберу жолы арқылы хабардар етеді.
Конкурстық құжаттаманың бір данасы депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға мәлімет үшін жіберіледі.
14. Иеленуші банкті таңдау конкурстық негізде жүзеге асырылады. Конкурс жабық әдіспен өтеді.
15. Әлуетті иеленуші банк мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болуы;
2) уәкілетті органның депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу, банктік заем операцияларын, касса операцияларын жүргізуге лицензиясының болуы;
3) конкурстық өтінімді ұсынған күнге дейінгі бір жыл ішінде пруденциалдық нормативтерді сақтау;
4) уәкілетті орган қолданатын қолданыстағы шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялардың болмауы;
5) мәжбүрлеп таратылатын банктiң депозиторларына қызмет көрсету үшін филиалдардың болуы.
16. Иеленуші әлуетті банктер конкурстық құжаттаманы алу кезінде құпиялылықты сақтау туралы және мәжбүрлеп таратылатын банктің кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерін және дебиторлық берешегі бойынша талап ету құқықтарын бір мезгілде қабылдау мүмкіндігін қарауға байланысты алынған ақпаратты жарияламау туралы келісімге (міндеттемеге) қол қояды.
17. Тарату комиссиясы иеленуші әлуетті банктің сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын бар мәліметтерді жарияламау талаптарын сақтай отырып, қосымша ақпарат береді.
18. Конкурстық өтінім конкурстық құжаттамаға сәйкес басып шығарылған конвертпен ұсынылады.
Иеленуші әлуетті банктер өз ұсыныстарын жібереді және лотқа енетін активтерінің жеке бағасын ұсынады.
19. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелер бөлігін бір мезгілде беру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін иеленуші әлуетті банкке заемды беру немесе депозитті орналастыру туралы шешімі болған жағдайда иеленуші әлуетті банк бұл туралы өтінімде көрсетеді.
20. Иеленуші әлуетті банк өз конкурстық өтінімін дайындау және беруге байланысты, сондай-ақ тарату комиссиясының конкурс талаптарын және конкурстық құжаттама мазмұнын түсіндіру мақсатындағы барлық шығыстарды көтереді. Тарату комиссиясы конкурс қорытындысына қарамай, осы шығыстарды өтеу жөнінде өзіне міндеттеме алмайды.
21. Иеленуші әлуетті банк өз конкурстық өтінімін өзгертуі немесе кері қайтарып алуы мүмкін. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтарып алу туралы хабарлама, егер оны тарату комиссиясы конкурстық өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі өткенге дейін алған болса ғана заңды болып есептеледі.
22. Тарату комиссиясы конкурстық өтінімдері бар конверттерді конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімде, уақытта және орында ашады. Иеленуші әлуетті банк немесе оның уәкілетті өкілі конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу кезінде қатысып отырады.
23. Тарату комиссиясы конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу кезінде қатысушы тұлғаларға иеленуші әлуетті банктердің атауын және тұрғылықты орнын хабарлайды, конкурстық өтінімдерді құрайтын құжаттардың болуы немесе болмауы туралы ақпаратты және конкурстық өтінімдерді ашу жөнінде хаттама жасайды.
24. Тарату комиссиясы конверттер ашылған соң иеленуші әлуетті банктерге конкурстық өтінімдердің бағасын өзгертуге құқық береді. Конкурстық өтінімдердің бағасын өзгерту конкурстық өтінімдерді ашу жөніндегі хаттамада көрсетіледі.
25. Тарату комиссиясы конкурстық өтінімдерді қарау, баға беру және салыстыру кезінде банктерден конкурстық өтінімдер қарау, баға беру және салыстыруды жеңілдетуге байланысты түсіндірулер сұратуға құқылы.
26. Конкурстық өтінімдерді қарау қорытындысы бойынша мейлінше тиімді талаптар ұсынған конкурстық өтінімге басымдық беріледі.
Конкурс жеңімпазын анықтау мынадай критерийлер негізінде жүзеге асырылады:
1) кепілдік берілген депозиттер бойынша қабылданатын міндеттемелердің және дебиторлық берешек бойынша талап ету құқығының мөлшері;
2) банктің қаржылық жай-күйі;
3) банктің филиалдық желісі.
27. Тарату комиссиясы конкурстық өтінімдері бар конверттер ашылғаннан кейінгі он жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде конкурсты қорытындылайды.
28. Конкурс қорытындысы тарату комиссиясының төрағасының және мүшелерінің қолы қойылған хаттама түрінде ресімделеді.
29. Тарату комиссиясы конкурс қорытындыланған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға конкурс қорытындысы туралы хаттаманың көшірмесін береді.
30. Өтінімі жеңімпаз деп танылған банк пен тарату комиссиясы арасында тараптардың әрқайсысы үшін екі данамен мемлекеттік және орыс тілдерінде кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерді және дебиторлық берешегі бойынша талаптар құқықтарын бір мезгілде беру жөнінде шарт жасалады.
31. Өтінімді бір банк берген жағдайда не осы Ережемен белгіленген талаптарға бір өтінім сәйкес келген жағдайда тарату комиссиясы осы Ереженің 30-тармағына сәйкес шарт жасау негізі бойынша келісім жасайды.
32. Кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерді және дебиторлық берешек бойынша талап ету құқықтарын, сондай-ақ тиісті құжаттарды (шарттар, кредит істері, куәліктер және басқа құжаттар) беру екі данада қабылдау-өткізу актісімен ресімделеді.
Қабылдау-өткізу актісін ресімдеу кезінде онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) кепілдік берілген депозиттер бойынша өткізілетін міндеттемелердің мөлшері, депозиторлардың фамилиясы, аты, аты-жөні (бар болса), көрсетілген депозиттер тізбесі, депозиттер сомасы, банктік шоттың және (немесе) банктік салым шартының нөмірі, шарттың қолданылу мерзімі, салым бойынша сыйақы мөлшерлемелері, салым бойынша депозиторлар есептеген және алған сыйақы мөлшерлемелері;
2) дебиторлардың фамилиясы, аты, аты-жөні (бар болса), көрсетілген дебиторлық берешек бойынша берілетін талап ету құқықтарының құны және тізбесі, дебиторлардың атауы, дебиторлық берешек сомасы ескерілген шоттар нөмірі, заем сомасы, банктік заем шартын жасау күні және нөмірі, банктік заем шартының қолданылу мерзімі, мәжбүрлеп таратылатын банктің заем бойынша есептелген және алған сыйақы сомасы.
33. Кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерді және дебиторлық берешек бойынша талап ету құқықтарын бір мезгілде беруге байланысты шығыстар иеленуші банк қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
34. Тарату комиссиясы кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерді және дебиторлық берешек бойынша талап ету құқықтарын бір мезгілде беру туралы шарт жасалған және кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерді және дебиторлық берешек бойынша талап ету құқықтарын бір мезгілде беру туралы қабылдау-өткізу актісіне қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға аталған құжаттардың көшірмесін жібереді.
35. Тарату комиссиясы кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерді және дебиторлық берешек бойынша талап ету құқықтарын бір мезгілде беру жөнінде операциялар жасалғандығы туралы республикалық мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат жариялайды.
36. Кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерді және дебиторлық берешек бойынша талап ету құқықтарын бір мезгілде беру туралы шарт иеленуші банктің ұсынысы бойынша бұзылған жағдайда, иеленуші банк:
1) тарату комиссиясына кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерді және дебиторлық берешек бойынша талап ету құқықтарын бір мезгілде беру жөніндегі операцияларды жасау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға байланысты шығыстарды қайтарады;
2) тарату комиссиясына қабылдау-өткізу актісі бойынша кепілдік берілген депозиттер және дебиторлық берешек бойынша талап ету құқықтары жөніндегі осының алдында қабылданған міндеттемелерді және тиісті құжаттарды қайтарады;
3) тарату комиссиясының ағымдағы шотына талап ету құқығы қабылданған кредиттер бойынша алынған сыйақыны аударым жасайды.
3-тарау. Мәжбүрлеп таратылатын банктiң мiндеттемелерi мен мүлкін аралық тарату балансы бекітілгеннен кейін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру жөніндегі
операцияларды жүргiзу тәртібі
37. Осы Ереженің 2-тарауында көзделген операцияларды қоспағанда, мәжбүрлеп таратылатын банктiң мiндеттемелерi мен мүлкін аралық тарату балансы бекітілгеннен кейін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру жөніндегі операцияларды жүргiзуге аралық тарату балансы бекітілгеннен кейін және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74-2-бабында белгіленген кезектілікті сақтай отырып, жол беріледі.
Тарату комиссиясы банктің кредиттер түріндегі дебиторлық берешегі жөніндегі құқықтарынан басқа мәжбүрлеп таратылатын банктiң мүлкі мiндеттемелерi мен мүлкін оның бағалау құнынынан төмен емес бағамен береді.
38. Банк пен мәжбүрлеп таратылатын банктiң арасында міндеттемелер мен мүлікті бір мезгілде беру жөнінде әрбір тарап үшін екі данадан келетін мемлекеттік және орыс тілдерінде шарт жасалады.
39. Мәжбүрлеп таратылатын банктің міндеттемелері мен мүлкін өткізу екі данамен қабылдау-өткізу актісімен ресімделеді. Қабылдау-өткізу актісінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
фамилиясы, аты, аты-жөні (бар болса), кредиторлардың атауы көрсетілген өткізілетін міндеттемелер мөлшері, міндеттемелер ескерілген шоттар нөмірлері, міндеттемелер сомасы, мәжбүрлеп таратылатын банктің кредиторлар алдындағы міндеттемелерін растайтын құжаттар;
мүліктің атауы, түгендеу нөмірі, баланстық, бағалау құны көрсетілген өткізілетін мүлік құны, мүлік ескерілген шоттар нөмірлері, мәжбүрлеп таратылатын банктің меншік құқығын растаушы құжаттар.
40. Тарату комиссиясы міндеттемелерді және мүлікті бір мезгілде өткізу жөніндегі шарт жасалған және міндеттемелерді және мүлікті қабылдау-өткізу жөніндегі актіге қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға аталған құжаттардың көшірмелерін жібереді.
41. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша шешіледі.