Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011.08.06 № 496 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. "Вагондар (контейнерлер) операторы қызметінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 345-І бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3088 болып тіркелген және "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде", 2005 ж., N 1, 3-құжат, "Ресми газетінің" 2004 жылғы 6 қарашадағы N 45 (202) санында жарияланған; "Вагондар (контейнерлер) операторы қызметінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 345-І бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 6 қарашадағы N 284 бұйрығымен толықтыру енгізілген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4467 болып тіркелген және "Ресми газетінің" 2007 жылғы 6 қаңтардағы N 1 (314) санында жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Вагондар (контейнерлер) операторы қызметінің ережесінде:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Магистралдық темір жол желісінде пайданылатын вагондар (контейнерлер) операторларына тиесілі вагондарды (контейнерлерді) есепке алуды магистралдық темір жол желісінің операторы жүзеге асырады.";
3-тармақтың 3) тармақшасында:
алтыншы абзацта "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
"магистралдық темір жол желісінде вагондарды (контейнерлерді) пайдалану бойынша жедел, статистикалық есептiлiкті алғашқы есепке алудың жүргізілуін қамтамасыз ету үшін тасымалдаушыға және магистралдық темір жол желісінің операторына қажетті ақпаратты беруді.";
4-тармақтың 3) тармақшасы "қолдану шарты" деген сөздерден кейін "және жүк вагондарын ағымдағы жөндеу шарты" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитеті (М.Ж. Оразбеков) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр