Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.05.05 № 253 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандары лауазымдарын нақтылау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары және мамандары лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 22 маусымдағы N 113 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2948 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2006 жылғы 13 қыркүйектегі N 204 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесі:
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Әуежайдың (авиакомпанияның) АҚҚ әкімшілік бөлімшесі:
1) әкімшілік бөлімшесінің бастығы;
2) әкімшілік бөлімшесінің бас маманы (маманы);
3) әкімшілік бөлімшесінің аға инспекторы (инспекторы).".
2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға