Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 07.09.2021 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 24.08.2017 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының 9 қаңтар 2007 жылғы Экологиялық Кодекстің 17-бабы 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған Әртүрлі сыныптағы полигондарға орналастыруға арналған қалдықтардың тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 24.08.2017 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен2. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланған соң, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а. |
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 2 тамыздағы № 244-Ө бұйрығымен бекітілді |
Әртүрлі сыныптағы полигондарға орналастыруға арналған қалдықтардың тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 24.08.2017 № 296 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
Осы Әртүрлі сыныптағы полигондарға орналастыруға арналған қалдықтардың тізбесі 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 17-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және әртүрлі сыныптағы полигондарға орналастыруға арналған қалдықтардың тізбесін айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қалдықтар құрамы мен қасиеттеріне байланысты мынадай сыныптағы полигондарда орналастырылуы мүмкін:
1) 1-сынып – қауіпті қалдықтарды орналастыруға арналған полигон;
2) 2-сынып – қауіпті емес қалдықтарды орналастыруға арналған полигон;
3) 3-сынып – тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыруға арналған полигон.
2. Белгілі бір сыныптағы полигонда қалдықтарды қабылдау өлшемшарттары былайша айқындалады:
1) қоршаған ортаны (әсіресе жерасты және жерүсті суларын) және халықтың денсаулығын қорғау;
2) полигон шегінде қалдықтарды қалыпты жағдайға келтіру процестерін қамтамасыз ету;
3) қабылданатын қалдықтардың сапалық құрамы;
4) қабылданатын қалдықтардың органикалық құрауыштарының саны және олардың биологиялық бұзылуға бейімділігі бойынша талаптар мен шектеулер;
5) қорғаныш критерийлеріне сәйкес ықтимал қауіпті құрауыштардың санына қойылатын шектеулер;
6) қалдықтар мен құралатын сүзінді сулардың экоуытты қасиеттері.
3. Полигондарда мынадай қалдықтарды көму үшін қабылдауға тыйым салынады:
1) сұйық қалдықтар;
2) полигон жағдайында жарылатын, коррозиялы, қышқылданатын, өрт қаупі жоғары немесе өрт қаупі бар қауіпті қалдықтар;
3) сумен реакцияға түсетін қалдықтар;
4) медициналық немесе ветеринариялық мекемелердің жұқпалы болып табылатын қалдықтары;
5) рекультивациялау кезiнде тұрақтандырушы материал ретiнде қолданылуын қоспағанда, пайдаланылған тұтастай шиналар және олардың бөліктері;
6) жойылмайтын органикалық ластаушыларды қамтитын қалдықтар;
7) пестицидтер;
8) қабылдау өлшемшарттарын қанағаттандырмайтын қалдықтар;
9) пластмасса, пластик, полиэтилен қалдықтары және полиэтилентерефталат орамасы;
10) макулатура, картон және қағаз қалдықтары;
11) құрамында сынап бар лампалар мен аспаптар;
12) шыны сынықтары;
13) түсті және қара металдар сынықтары;
14) литий, қорғасын-қышқыл батареялары;
15) электрондық және электр жабдықтары;
16) құрылыс материалдарының қалдықтары;
17) тамақ қалдықтары.
2-тарау. 1-сыныпты полигондарда (қауіпті қалдықтар орналастырылатын полигондарда) орналастырылуға арналған қалдықтар
4. 1-сыныпты полигонда орналастырылатын қауіпті қалдықтар.
№ | Қалдық және ол түзілетін өндіріс атауы | Сыртқы түрі және консистенциясы | Аса уытты компоненттері |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Шайыркеспелтек – перхлоркөміртегі өндірісінің қалдығы | Паста тәріздес | Гексахлорбензол |
2 | Химия металлургиялық өндірістегі торий концентратының қалдығы | Қатты | Торий |
3 | Хлорорганикалық қышқылдар өндірісіндегі 4X3-57 порофор құрамдас қалдық | Қатты | Хлорорганикалық қосылыстар |
4 | Гальваникалық өндірістегі құрамында бес күкіртті фосфоры бар шаң | Қатты | Бес күкіртті фосфор |
5 | Каустикалық сода өндірісіндегі графиттегі сынап қалдығы | Қатты | Сынап |
6 | Гранозан өндірісіндегі белсендірілген көмірдегі сынап | Қатты | Сынап |
7 | Поливинил хлоридті үлдір мен пластикаттар өндірісіндегі қорғасын, сүрме, кадмий қосылыстарының қоспасы | Қатты | Қорғасын, сүрме, кадмий қосылыстары |
8 | Арнайы газ қоспалары өндірісіндегі арсин мен фосфин қоспасы бар сорбент | Қатты | Арсин, фосфин |
9 | Шамдарды өңдеуден қалған шыны | Қатты | Сынап |
10 | Кокс химиялық өндірістегі таскөмір реустері | Қатты | Бенз(а)пирен |
11 | Торийленген вольфрамнан жасалған бұйымдар өндірісіндегі құрамында торий бар қоқыр | Қатты | Торий |
12 | Күкірт қышқылды өндірістегі селен-сынапты қоқыр | Қатты | Сынап, селен |
13 | Никелдеу процесінде түзілетін қоқыр | Паста | Никель |
14 | Мұнай-химия өндірісіндегі қышқыл гудрон | Шайыр тәріздес масса | Күкірт қышқылы, мұнай өнімі |
15 | Этиленді сутексіздендіруден пайда болған катализатор | Қатты түйіршіктер | Хром оксидтері |
16 | Бутадиен өндірісінен пайда болған катализатор | Қатты түйіршіктер | Никель оксиді |
17 | Мыс өндірісінің күшала кегі | Қаттызат | Күшала қосылысы |
18 | Қалайы өндірісінің күшала –кальций кегі | Қатты | Күшала |
19 | Броморганикалық синтездің шайыр кеспелтегі | Паста | Броморганикалық қосылыстар |
20 | Фталий ангидриді өндірісінің шайыр кеспелтегі | Қатты зат | Фталий ангидриді |
21 | Синтетикалық желім өндірісінің қалдығы | Паста | Трикрезилфосфат, канифоль, поливинилхлорид |
22 | Аммиак өндірісіндегі моноэтаноламин айдамасының кубтік қалдығы | Шайыр тәріздес зат | Моноэтаноламин |
23 | Органикалық бояғыштар өндірісінің қалдығы | Паста | Анилин туындысы, пиридин |
24 | Дифениламин негізіндегі бояғыштар өндірісінің шайырлы қалдығы | Паста | Мырыш, дифениламин |
25 | Метанол өндірісінің шайыр кеспелтегі | Шайыр тәріздес | Дихлорценолдар |
26 | Хлорид конденсациясы жүйесінің қалдықтары | Қатты және паста тәріздес | Титан, ванадий тотықтары |
27 | Қорғасын өндірісіндегі арсенатты-кальций қалдықтары | Қатты | Арсенат |
28 | Бромсутекті қышқыл өндірісіндегі фтор- органикалық қосылыстар қалдығы | Қоқыр | Фторорганикалық қосылыстар |
29 | Трихлорэтилен өндірісінің қалдықтары | Қоқыр | Трихлорэтилен |
30 | Перхлорэтилен өндірісінің қалдығы | Қоқыр | Перхлорэтилен |
31 | Хлорпарафин өндірісінің қалдығы | Сілікпе тәріздес | Хлорпарафиндер |
32 | Фосфорорганикалық комплексондар өндірісіндегі фосфордың органикалық қосылыстарының қалдығы | Эмульсия | Фосфорорганикалыққосылыстар |
33 | Реактивтер өндірісіндегі кадмий, никель, қорғасын, ванадий, хром, қалайы, йод, мыс тұздарының қалдығы | Қатты | Кадмий, қорғасын, хром тұздары |
34 | Этилбензиламин өндірісінің қалдығы | Паста тәріздес | Дибензиламин |
35 | Магний, титан, ванадий шаңы – сирек металдар өндірісінің қалдығы | Қатты | Ванадий |
36 | Қорғасын-мырыш өндірісінің күшала-сүрме шаңы | Қатты | Сүрме, күшала |
37 | Коксхимиялық өндірістің бензолды ректификациялау цехының сульфаты бөлімінің қышқыл шайырлары | Қатты | Шайырлар |
38 | Фустар – тақтатасты өңдеу қалдықтары | Шайыр тәріздес | Фенол |
39 | Қорғасын-мырыш өндірісінің күшала-сүрме қожы | Қатты | Сүрме, күшала |
40 | Марганец қостотығының электролиттік өндірісіндегі марганец қоқырлары | Паста тәріздес | Маргенец қостотығы |
41 | Пайдаланылған катализатор | Қатты | Ванадий |
42 | Никель өндірісінің қалдығы, қорғасын-мырышкегі | Қатты |
Мырыш, қорғасын, |
43 |
Пайдаланылған катализатор | Қатты | Хром тотығы |
44 | Фосфор өндірісіндегі газды тазарту қалдығы | Суспензия | Фосфор |
45 | Нитрил акрил қышқылы өндірісінің қалдығы | Паста тәріздес масса | Никель, мыс, кобальт тұздары |
46 | ТС концентраты өндірісінің қалдығы | Қатты | Сүрме |
47 | Бояғыштар және көмір қоспасындағы шайыр-кеспелтектер | Қатты | Бояулар |
48 | Құрамында мыс бар құйма - титан өндірісінің қалдығы | Қатты | Мыс |
49 | Вольфрам шикізатын күйдіру тозаңы | Қатты | Күшала |
50 | Диметилформамидті жаңғырту қалдығы, шайыркеспелтек | Тұтқыр масса | Диметилформамид |
51 | Сүрменің фтор тұздарымен қоспасы - хладон өндірісінің қалдығы | Пульпа | Сүрме, фтор |
52 | Дифенилоксидтің дифенилмен қоспасы – лакталған үлдір өндірісінің қалдығы | Қатты | Дифенилоксид, дифенил |
53 | Мастика өндірісінің қалдығы | Паста тәріздес |
Асбест, майлар, |
54 | Фторлы тұздар өндірісінің фтор-газдарды бейтараптандыру қоқырлары | Паста тәріздес | Фторлы тұздар |
55 | Бейтараптандырудан қалған түсті металдар гидрототығының қоқыры | Шлам | Мыс, мырыш, хром, никель |
56 | Болат балқыту өндірісінің фосфатты қождары | Қатты | Фосфор, ванадий |
57 | Ферроқорытпа өндірісінің қождары | Қатты | Хром, марганец |
58 | Эмульсия және майлау-салқындату сұйықтықтарының қалпына келтіру қалдықтары | Қоқыр | Эфирлі-экстра- гирленетін заттар |
59 | Кремнегель - фтор тұздары өндірісінің қалдығы | Паста тәріздес | Фторлы тұздар |
60 | Темір купоросы-титан қостотығы өндірісінің қалдығы | Паста тәріздес | Темір сульфаты |
61 | Пайдаланылған катализаторлар | Қатты | Ванадий тотығы |
62 | Темір күшала кегі | Қатты | Күшала |
63 | Пайдаланылған катализаторлар | Қатты | Кобальт, мырыш, никель қосындылары |
64 | Жартылай өткізгіш өндірісінің өңдеу материалдары | Қатты | Сынап, қорғасын |
65 | Гальваникалық өндірістің тазарту құрылғыларының шөгінділері | Паста тәріздес |
Түсті ауыр металдар |
66 | Тақтатас өңдеудің кокс күл қалдығы | Қатты | Фенол |
67 | Жартылай өткізгіш өндірісінің қалдықтары | Қатты | Сынап, қорғасын |
68 | Жартылай өткізгіш өндірісінің сарқынды суларын залалсыздандыру қалдықтары | Паста тәріздес | Хром, ванадий |
69 | Прокат өндірісінің қабыршағы | Қатты | Теміртотығы |
70 | Фасонды-құю цехтарының қалдықтары | Қатты | |
71 | Асбест өңдеу шаңы | Шаң | Асбест |
72 | Титан өндірісінің хлоридті балқымасы | Паста тәріздес | Хром, марганец |
73 | Титан өндірісінің пайдаланылған балқымасы | Қатты | Ванадий тотығы |
74 | Асбест қоспасы бар жыныс шаңы | Шаң | Асбест шаңы |
75 | Капролактам өндірісінің сілтілік ағындылары | Шайыр тәріздес | Натрий адинаттары |
76 | Изопрен өндірісінің катализаторлық қоқыры | Паста тәріздес | Хром тотығы |
77 | Құрамында фосфор бар сарқынды суларды тазартудың әк қоқыры | Суспензия | Фосфор |
78 | Жылумен өңделген фосфор қышқылын тазарту қоқыры | Паста тәріздес | Фосфор |
79 | Бейтараптандыру станциясының қоқыры | Паста тәріздес | Фосфор, фтор |
80 | Күшала қоқыры | Паста тәріздес | Күшала, фосфор |
81 | Байыту фабрикаларының қоқырлары мен қалдықтары | Суспензия | Кобальт, мырыш, мыс |
82 | Қара металлургия кәсіпорындарының шаң және газ тазарту құрылыстарының құрамында темір бар қоқырлары мен шаңдары | Қоқыр | |
83 | Металлургиялық өндіріс қождары | Қатты |
5. Қауіпті қалдықтардың тізімін қалыптастыру осы Тізбеге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жүргізіледі. Осы Тізбеге 1-қосымшада тізбеленген қалдықтар осы Тізбеге 2-қосымшада тізбеленген компоненттердің және осы Тізбеге 3-қосымшада тізбеленген қасиеттердің кем дегенде біріне ие болуы тиіс.
3-тарау. 2-сыныпты полигондарда (қауіпті емес қалдықтарды орналастыруға арналған полигондар) орналастыруға арналған қалдықтар
6. 2-сыныпты полигонда орналастырылатын қауіпті емес қалдықтар.
№ | Қалдық атауы |
1 | Қауіпті емес қалдықтарға арналған полигондарда орналастыру критерийлеріне жауап беретін кез келген басқа текті қауіпсіз қалдықтар |
2 | Тұрақты, реактивті емес қауіпсіз қалдықтар (мысалы, қатайтылған, шыныланған) |
3 | Алюминий силикаты қоқыр СБ-Г-43-6 |
4 | Бентонит қалдықтар |
5 | Кальций карбиді өндірісінде пайдаланылған графит |
6 | В6 витамині өндірісінің құрамында гипсі бар қалдықтары |
7 | Қайнағыш-әк, әктас, сөнген соң қалған қоқыр |
8 | Борлардың химиялық тұндырылған қатты қалдықтары |
9 | Өңделген брикеттер түріндегі алюминий тотығы (АlСl 3 өндірісінде) |
10 | Кремний тотығы (ПВХ және АlСl 3 өндірісінде) |
11 | Паратит - қалдығы |
12 | Натрий сульфаты тұздарының балқымасы |
13 | Силикагель (уытты емес газдарды сусыздандыру адсорберлері) |
14 | Өндіріс силикагелі пресс-фильтрлерінің қоқырлары (құрамында балшық пен кремнезем бар) |
15 | Түйіршікті сода қоқыры |
16 | Сода-цемент өндірісінің CaSO4 түріндегі дистиляция қалдықтары |
17 | Құрамында ауыр металлдары жоқ пішіндік стерженьдік қоспалар |
18 | Химиялық суды тазарту және суды жұмсарту қоқырлары |
19 | Лакты эпоксидті шайырлар өндірісінің ағынды суларының хлорид натрий шөгінділері |
20 | Стандартты емес хлорлы әк |
21 | Шифер өндірісінің қатты қалдықтары |
22 | Көмір, торф, тақта тас немесе тұрмыстық қалдықта жұмыс істейтін ЖЭО, қазандықтардың қождары |
23 | Ажарлау материалдары |
4-тарау. 3-сыныпты полигондарда (қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыруға арналған полигондарда) орналастыруға арналған қалдықтар
7. 3-сыныпты полигонда орналастырылатын тұрмыстық қатты қалдықтар.
№ | Қалдық атауы |
1 | Қайта өңдеуге келмейтін, адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде үй шаруашылығында түзілетін коммуналдық қалдықтар |
2 | Қайта өңдеуге келмейтін, құрамы және түзілу сипаты бойынша коммуналдық қалдықтарға жақын өндіріс қалдықтары |
Әртүрлі сыныптағы полигондарға орналастыруға арналған қалдықтардың тізбесіне 1-қосымша |
Құрамында 2-қосымшада тізбеленген компоненттердің кез келгені бар және 3-қосымшада тізбеленген қасиеттердің кез келгеніне ие қалдықтар қауіпті болады
1) фармацевтикалық, медициналық және ветеринариялық химиялық қосылыстар;
2) ағаш консервациясы кезінде қолданылатын заттар;
3) биоцидтер және фито-фармацевтикалық субстанциялар;
4) еріткіштер ретінде қолданылатын заттардың шөгінділері;
5) құрамында цианидтері бар тұздар;
6) мұнай өнімдерін айдау, дистиляция немесе кез келген пиролитикалық процестен соң алынатын шайырлы заттар (мысалы, куб қалдықтары);
7) сия, бояулар, пигменттер, бояғыштар, лактар;
8) шайырлар, латекс, пластификаторлар, желімдер;
9) адамға және/немесе қоршаған ортаға әсері белгісіз, зертханалық тәжірибелерде алынған белгісіз (жаңа) химиялық заттар (мысалы, зертханалық шөгінді);
10) фотоүлдірді өңдеуге арналған химикаттар;
11) полихлоридті дибензо-п-диоксиндер тобының кез келген затымен ластанған кез келген материалдар;
12) сабын, май немесе өсімдік немесе жануар текті балауыз;
13) еріткіштер ретінде пайдаланылмайтын галогендірілмеген органикалық субстанциялар;
14) құрамында металл немесе металл қосылыстары жоқ органикалық емес субстанциялар;
15) күл және/немесе қождар;
16) топырақ, құм, балшық, соның ішінде жер қазу жұмыстары нәтижесінде пайда болған;
17) құрамында цианидтер жоқ тұздар;
18) металл үгіндісі мен шаңы;
19) пайдаланылған каталитикалық материалдар;
20) қоршаған ортаны ластау деңгейін төмендету жөніндегі операциялардан соң пайда болған қалдық (мысалы, сүзгілермен жиналатын шаң);
21) декарбонизация қалдығы;
22) ион ауысу колоннасы қалдығы;
23) бактарды және/немесе құрал-жабдықтарды тазалаудан қалған қалдық;
24) ластанған құрал-жабдық;
25) 2-қосымшада тізбеленген компоненттердің кем дегенде біреуімен ластанған контейнерлер (мысалы, орама, газ баллондары);
26) аккумуляторлар және батарейкалар;
27) өсімдік майлары;
28) 3-қосымшада тізбеленген кез келген қасиеттерге ие, тұрмыстық қалдықтарды селективті іріктеу кезінде пайда болған материалдар;
29) Құрамында 2-қосымшада тізбеленген кез келген компоненттер бар және 3-қосымшада тізбеленген қасиеттерге ие кез келген қалдықтар.
Әртүрлі сыныпты полигондарда орналастыруға арналған қалдықтар тізімдемесіне 2-қосымша |
3-қосымшада тізбеленген қасиеттерге ие болған жағдайда, қалдықтарды қауіпті заттарға айналдыратын компоненттер
1) бериллий, бериллийдің қосындылары;
2) хромның (VI) қосындылары;
3) кобальттің қосындылары;
4) никельдің қосындылары;
5) мыстың қосындылары;
6) мырыштың қосындылары;
7) күшала, күшала қосындылары;
8) селен, селеннің қосындылары;
9) күміс қосындылары;
10) кадмий, кадмийдің қосындылары;
11) қалайы қосындылары;
12) сүрме, сүрме қосындылары;
13) теллур, теллурдің қосындылары;
14) барий сульфатын қоспағанда, барий қосындылары;
15) сынап, сынаптың қосындылары;
16) таллий, таллийдің қосындылары;
17) қорғасын, қорғасынның қосындылары;
18) органикалық емес сульфидтер;
19) фторлы кальцийді қоспағанда, фтордың органикалық емес қосындылары;
20) органикалық емес цианидтер;
21) келесі сілтілік металлдар: литий, натрий, калий, кальций, магний қарапайым нысандағы магний;
22) қышқылдардың құрғақ қалдықтары;
23) негізгі ерітінділердің құрғақ қалдықтары;
24) фосфор: минералды фосфаттарды қоспағанда, фосфор қосындылары;
25) карбонильді металлдар;
26) тотықтар;
27) хлораттар;
28) перхлораттар;
29) азидтер;
30) полихлоридті бифенилдер және/немесе терфенилдер;
31) биоцидтер мен фито-фармацевтикалық субстанциялар;
32) креозот;
33) изоцианаттар, тиоцианаттар;
34) органикалық цианидтер (мысалы, нитрилдер);
35) фенолдар, фенол қосындылары;
36) инертті полимерлі материалдар мен осы қосымшада аталған басқа заттарды қоспағанда, органогалогенді қосындылар;
37) ароматты қосындылар, полициклді және гетероциклді органикалық қосындылар;
38) алифатикалық аминдер;
39) ароматты аминдер;
40) эфирлер;
41) күкірттің органикалық қосындылары;
42) полихлорлы дибензофуран тобының кез келген заттары;
43) полихлорлы дибензо-п-диоксин тобының кез келген заттары;
44) көмірсутектер және олардың осы қосымшаның басқа тармақтарында аталмаған оттекті, азотты және/немесе күкіртті қосындылары.
Әртүрлі сыныпты полигондарда орналастыруға арналған қалдықтар тізімдемесіне 3-қосымша |
Заттарды қауіптіге айналдыратын қасиеттер
1) "Тітіркендіруші": терімен немесе шырышты қабықпен қысқа, ұзақ мерзімді немесе көп мәртелік жанасуы нәтижесінде қабынуға әкелетін, коррозияға ұшырамайтын препараттар мен субстанциялар.
2) "Зиянды": ағза ішіне немесе теріге түскенде денсаулықтың шектелген қатеріне әкелуі мүмкін препараттар мен субстанциялар;
3) "Уытты": адам ағзасына немесе теріге түскен жағдайда күрделі, жедел немесе созылмалы ауруға, тіпті қаза болуына әкелуі мүмкін субстанциялар мен препараттар (соның ішінде жоғары уытты субстанциялар мен препараттар);
4) "Канцерогенді": ағзаға немесе теріге түскен жағдайда обыр ауруына әкелуі мүмкін немесе осы ауруға шалдығу қатерін жоғарылатуы мүмкін субстанциялар;
5) "Тератогенді": ағзаға немесе теріге түскен жағдайда тұқым қуалайтын кемтарлыққа әкелуі мүмкін немесе олардың қатерін жоғарылатуы мүмкін субстанциялар мен препараттар;
6) "Мутагенді": ағзаға немесе теріге түскен жағдайда тұқым қуалайтын генетикалық кемістіктерге әкелуі мүмкін немесе олардың қатерін жоғарылатуы мүмкін субстанциялар мен препараттар;
7) Оларды жойған соң, өзінен жоғарыда аталған қасиеттердің кез келгеніне ие басқа бір субстанцияларды бөлуге қабілетті субстанциялар мен препараттар (мысалы, фильтраттар);
8) "Экоуытты": кем дегенде қоршаған орта элементіне дереу немесе кейінірек қауіп төндіретін немесе төндіруі мүмкін субстанциялар мен препараттар.