Әртүрлі сыныптағы полигондарда көму үшін қалдықтар түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 7 қыркүйектегі № 361 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 8 қыркүйекте № 24280 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 349-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Әртүрлі сыныптағы полигондарда көму үшін қалдықтар түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі берілген тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2021 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 361 бұйрығына
қосымша

Әртүрлі сыныптағы полигондарда көму үшін қалдықтар түрлерінің тізбесі.

      1. Осы әртүрлі сыныптағы полигондарда көмуге арналған қалдықтар түрлерінің тізбесі Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 349-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және әртүрлі сыныптағы полигондарда орналастыруға арналған қалдықтар түрлерінің тізбесін айқындайды.

      2. Құрамы мен қасиеттеріне байланысты қалдықтар келесі кластағы полигондарда орналастырылуы мүмкін:

      1) 1-сынып қауіпті қалдықтарды орналастыруға арналған полигон;

      2) 2- сынып қауіпті емес қалдықтарды орналастыруға арналған полигон;

      3) 3-сынып тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыруға арналған полигон.

      3. Кодекстің 351-бабының 2-тармағына сәйкес осы тізбеде белгіленген қалдықтарды қабылдау кезінде қабылдау критерийлерін орындау мақсатында оларды араластыруға тыйым салынады.

      4. 1-сыныпты полигондарда көмуге арналған қалдықтардың тізбесі Тізбеге 1-қосымшада көрсетілген.

      2-сыныпты полигондарда көмуге арналған қалдықтардың тізбесі Тізбеге 2-қосымшада көрсетілген.

      3-сыныпты полигондарда көмуге арналған қалдықтардың тізбесі Тізбеге 3-қосымшада көрсетілген.

      5. Тізбеге 4-қосымшада көрсетілген, тізбеге 5-қосымшада санамаланған компоненттердің кез келгенін қамтитын және тізбеге 6-қосымшада санамаланған қасиеттердің кез келгенін иеленетін қалдықтар қауіпті болады және 1-сыныптағы полигондарда көмілуге жатады.

      6. Кодекстің 351-бабының 1-тармағында аталған қалдықтардың түрлерін барлық сыныптағы полигондарда көму үшін қабылдауға тыйым салынады.

  Әртүрлі сыныптағы
полигондарда көму үшін
қалдықтар түрлерінің тізбесіне
1 қосымша

      1-сыныпты полигондарда көмуге арналған қалдықтардың тізбесі

      1-сынып полигонында орналастырылатын қауіпті қалдықтар.

№ р/т

Қалдық және ол түзілетін өндіріс атауы

Сыртқы түрі және консистенциясы

Аса уытты компоненттері

1

Шайыркеспелтек – перхлоркөміртегі өндірісінің қалдығы

Паста тәріздес

Гексахлорбензол

2

Химия металлургиялық өндірістегі торий концентратының қалдығы

Қатты

Торий

3

Хлорорганикалық қышқылдар өндірісіндегі 4X3-57 порофор құрамдас қалдық

Қатты

Хлорорганикалық қосылыстар

4

Гальваникалық өндірістегі құрамында бес күкіртті фосфоры бар шаң

Қатты

Бес күкіртті фосфор

5

Поливинил хлоридті үлдір мен пластикаттар өндірісіндегі қорғасын, сүрме, кадмий қосылыстарының қоспасы

Қатты

Қорғасын, сүрме, кадмий қосылыстары

6

Арнайы газ қоспалары өндірісіндегі арсин мен фосфин қоспасы бар сорбент

Қатты

Арсин, фосфин

7

Кокс химиялық өндірістегі таскөмір реустері

Қатты

Бенз(а)пирен

8

Торийленген вольфрамнан жасалған бұйымдар өндірісіндегі құрамында торий бар қоқыр

Қатты

Торий

9

Никелдеу процесінде түзілетін қоқыр

Паста

Никель

10

Мұнай-химия өндірісіндегі қышқыл гудрон

Шайыр тәріздес масса

Күкірт қышқылы, мұнай өнімі

11

Этиленді сутексіздендіруден пайда болған катализатор

Қатты түйіршіктер

Хром оксидтері

12

Бутадиен өндірісінен пайда болған катализатор

Қатты түйіршіктер

Никель оксиді

13

Мыс өндірісінің күшала кегі

Қаттызат

Күшала қосылысы

14

Қалайы өндірісінің күшала –кальций кегі

Қатты

Күшала

15

Броморганикалық синтездің шайыр кеспелтегі

Паста

Броморганикалық қосылыстар

16

Фталий ангидриді өндірісінің шайыр кеспелтегі

Қатты зат

Фталий ангидриді

17

Синтетикалық желім өндірісінің қалдығы

Паста

Трикрезилфосфат, канифоль, поливинилхлорид

18

Аммиак өндірісіндегі моноэтаноламин айдамасының кубтік қалдығы

Шайыр тәріздес зат

Моноэтаноламин

19

Органикалық бояғыштар өндірісінің қалдығы

Паста

Анилин туындысы, пиридин

20

Дифениламин негізіндегі бояғыштар өндірісінің шайырлы қалдығы

Паста

Мырыш, дифениламин

21

Метанол өндірісінің шайыр кеспелтегі

Шайыр тәріздес

Дихлорценолдар

22

Хлорид конденсациясы жүйесінің қалдықтары

Қатты және паста тәріздес

Титан, ванадий тотықтары

23

Қорғасын өндірісіндегі арсенатты-кальций қалдықтары

Қатты

Арсенат

24

Бромсутекті қышқыл өндірісіндегі фтор- органикалық қосылыстар қалдығы

Қоқыр

Фторорганикалық қосылыстар

25

Трихлорэтилен өндірісінің қалдықтары

Қоқыр

Трихлорэтилен

26

Перхлорэтилен өндірісінің қалдығы

Қоқыр

Перхлорэтилен

27

Хлорпарафин өндірісінің қалдығы

Сілікпе тәріздес

Хлорпарафиндер

28

Фосфорорганикалық комплексондар өндірісіндегі фосфордың органикалық қосылыстарының қалдығы

Эмульсия

Фосфорорганикалыққосылыстар

29

Реактивтер өндірісіндегі кадмий, никель, қорғасын, ванадий, хром, қалайы, йод, мыс тұздарының қалдығы

Қатты

Кадмий, қорғасын, хром тұздары

30

Этилбензиламин өндірісінің қалдығы

Паста тәріздес

Дибензиламин

31

Магний, титан, ванадий шаңы – сирек металдар өндірісінің қалдығы

Қатты

Ванадий

32

Қорғасын-мырыш өндірісінің күшала-сүрме шаңы

Қатты

Сүрме, күшала

33

Коксхимиялық өндірістің бензолды ректификациялау цехының сульфаты бөлімінің қышқыл шайырлары

Қатты

Шайырлар

34

Фустар – тақтатасты өңдеу қалдықтары

Шайыр тәріздес

Фенол

35

Қорғасын-мырыш өндірісінің күшала-сүрме қожы

Қатты

Сүрме, күшала

36

Марганец қостотығының электролиттік өндірісіндегі марганец қоқырлары

Паста тәріздес

Маргенец қостотығы

37

Пайдаланылған катализатор

Қатты

Ванадий

38

Никель өндірісінің қалдығы, қорғасын-мырышкегі

Қатты

Мырыш, қорғасын, никель, мыс

39

Пайдаланылған катализатор (кез келген өндірістің)

Қатты

Хром тотығы

40

Фосфор өндірісіндегі газды тазарту қалдығы

Суспензия

Фосфор

41

Нитрил акрил қышқылы өндірісінің қалдығы

Паста тәріздес масса

Никель, мыс, кобальт тұздары

42

ТС концентраты өндірісінің қалдығы

Қатты

Сүрме

43

Бояғыштар және көмір қоспасындағы шайыр-кеспелтектер

Қатты

Бояулар

44

Құрамында мыс бар құйма - титан өндірісінің қалдығы

Қатты

Мыс

45

Вольфрам шикізатын күйдіру тозаңы

Қатты

Күшала

46

Диметилформамидті жаңғырту қалдығы, шайыркеспелтек

Тұтқыр масса

Диметилформамид

47

Сүрменің фтор тұздарымен қоспасы - хладон өндірісінің қалдығы

Пульпа

Сүрме, фтор

48

Дифенилоксидтің дифенилмен қоспасы – лакталған үлдір өндірісінің қалдығы

Қатты

Дифенилоксид, дифенил

49

Мастика өндірісінің қалдығы

Паста тәріздес

Асбест, майлар, битум

50

Фторлы тұздар өндірісінің фтор-газдарды бейтараптандыру қоқырлары

Паста тәріздес

Фторлы тұздар

51

Бейтараптандырудан қалған түсті металдар гидрототығының қоқыры

Шлам

Мыс, мырыш, хром, никель

52

Болат балқыту өндірісінің фосфатты қождары

Қатты

Фосфор, ванадий

53

Ферроқорытпа өндірісінің қождары

Қатты

Хром, марганец

54

Кремнегель - фтор тұздары өндірісінің қалдығы

Паста тәріздес

Фторлы тұздар

55

Темір купоросы-титан қостотығы өндірісінің қалдығы

Паста тәріздес

Темір сульфаты

56

Пайдаланылған катализаторлар

Қатты

Ванадий тотығы

57

Темір күшала кегі

Қатты

Күшала

58

Пайдаланылған катализаторлар

Қатты

Кобальт, мырыш, никель қосындылары

59

Гальваникалық өндірістің тазарту құрылғыларының шөгінділері

Паста тәріздес

Түсті ауыр металдар тотықтырғышы

60

Тақтатас өңдеудің кокс күл қалдығы

Қатты

Фенол

61

Жартылай өткізгіш өндірісінің сарқынды суларын залалсыздандыру қалдықтары

Паста тәріздес

Хром, ванадий

62

Прокат өндірісінің қабыршағы

Қатты

Теміртотығы

63

Фасонды-құю цехтарының қалдықтары

Қатты


64

Асбест өңдеу шаңы

Шаң

Асбест

65

Титан өндірісінің хлоридті балқымасы

Паста тәріздес

Хром, марганец

66

Титан өндірісінің пайдаланылған балқымасы

Қатты

Ванадий тотығы

67

Асбест қоспасы бар жыныс шаңы

Шаң

Асбест шаңы

68

Капролактам өндірісінің сілтілік ағындылары

Шайыр тәріздес

Натрий адинаттары

69

Изопрен өндірісінің катализаторлық қоқыры

Паста тәріздес

Хром тотығы

70

Құрамында фосфор бар сарқынды суларды тазартудың әк қоқыры

Суспензия

Фосфор

71

Жылумен өңделген фосфор қышқылын тазарту қоқыры

Паста тәріздес

Фосфор

72

Бейтараптандыру станциясының қоқыры

Паста тәріздес

Фосфор, фтор

73

Күшала қоқыры

Паста тәріздес

Күшала, фосфор

74

Байыту фабрикаларының қоқырлары мен қалдықтары

Суспензия

Кобальт, мырыш, мыс

75

Қара металлургия кәсіпорындарының шаң және газ тазарту құрылыстарының құрамында темір бар қоқырлары мен шаңдары

Қоқыр


76

Металлургиялық өндіріс қождары

Қатты


  Әртүрлі сыныптағы
полигондарда көму үшін
қалдықтар түрлерінің тізбесіне
1 қосымша

      2-сыныпты полигондарда көмуге арналған қалдықтардың тізбесі

      2-сыныпты полигондарда көму үшін қауіпсіз қалдықтар.

№ р/т

Қалдық атауы

1

Қауіпті емес қалдықтарға арналған полигондарда орналастыру критерийлеріне жауап беретін кез келген басқа текті қауіпсіз қалдықтар

2

Тұрақты, реактивті емес қауіпсіз қалдықтар (мысалы, қатайтылған, шыныланған)

3

Алюминий силикаты қоқыр СБ-Г-43-6

4

Бентонит қалдықтар

5

Кальций карбиді өндірісінде пайдаланылған графит

6

В6 витамині өндірісінің құрамында гипсі бар қалдықтары

7

Қайнағыш-әк, әктас, сөнген соң қалған қоқыр

8

Борлардың химиялық тұндырылған қатты қалдықтары

9

Өңделген брикеттер түріндегі алюминий тотығы (АlСl 3 өндірісінде)

10

Кремний тотығы (ПВХ және АlСl 3 өндірісінде)

11

Паратит - қалдығы

12

Натрий сульфаты тұздарының балқымасы

13

Силикагель (уытты емес газдарды сусыздандыру адсорберлері)

14

Өндіріс силикагелі пресс-фильтрлерінің қоқырлары (құрамында балшық пен кремнезем бар)

15

Түйіршікті сода қоқыры

16

Сода-цемент өндірісінің CaSO4 түріндегі дистиляция қалдықтары

17

Құрамында ауыр металлдары жоқ пішіндік стерженьдік қоспалар

18

Химиялық суды тазарту және суды жұмсарту қоқырлары

19

Лакты эпоксидті шайырлар өндірісінің ағынды суларының хлорид натрий шөгінділері

20

Стандартты емес хлорлы әк

21

Шифер өндірісінің қатты қалдықтары

22

Көмір, торф, тақта тас немесе тұрмыстық қалдықта жұмыс істейтін ЖЭО, қазандықтардың қождары

23

Ажарлау материалдары

  Әртүрлі сыныптағы
полигондарда көму үшін
қалдықтар түрлерінің тізбесіне
1 қосымша

      3-сыныпты Полигондарда көмуге арналған қалдықтар тізбесі

      3-сыныпты Полигондарда көмуге арналған қатты тұрмыстық қалдықтар.

№ р/т

Қалдық атауы

1

Қайта өңдеуге келмейтін, адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде үй шаруашылығында түзілетін коммуналдық қалдықтар

2

Қайта өңдеуге келмейтін, құрамы және түзілу сипаты бойынша коммуналдық қалдықтарға жақын өндіріс қалдықтары

  Әртүрлі сыныптағы
полигондарда көму үшін
қалдықтар түрлерінің тізбесіне
4-қосымша

      Тізбеге 5-қосымшада санамаланған компоненттердің кез келгенін қамтитын және тізбеге 6-қосымшада санамаланған, қауіпті болып табылатын қасиеттердің кез келгенін иеленетін қалдықтар тізбесі

№ р/с

Атауы

1

Фармацевтикалық, медициналық және ветеринариялық химиялық қосылыстар;

2

Сүректі консервациялау кезінде пайдаланылатын заттар;

3

Биоцидтер және фито-фармацевтикалық субстанциялар;

4

Еріткіштер ретінде пайдаланылатын заттардың тұнбасы;

5

Құрамында цианидтер бар тұздар;

6

Мұнай өнімдерін айдаудан, дистилляциядан немесе кез келген пиролитикалық процестен кейін алынатын шайырлы заттар (мысалы, текше қалдықтары);

7

Сия, бояулар, пигменттер, бояғыштар, лактар;

8

Шайырлар, латекс, пластификаторлар, желімдер;

9

Зертханалық тәжірибелерде алынатын, адамға және/немесе қоршаған ортаға әсері әлі белгісіз белгісіз (жаңа) химиялық заттар (мысалы, зертханалық тұнба);

10

Фотопленканы өңдеуге арналған химикаттар;

11

Полихлориднихдибензо-п-диоксиндер тобынан кез келген затпен ластанған кез келген материалдар;

12

Сабын, май немесе өсімдік немесе жануар тектес балауыз;

13

Еріткіштер ретінде пайдаланылмайтын галогенделмеген органикалық субстанциялар;

14

Құрамында металдар немесе металл қосылыстары жоқ Бейорганикалық субстанциялар;

15

Күл және / немесе қож;

16

Жер, құм, саз, оның ішінде жер қазу жұмыстары нәтижесінде алынған;

17

Құрамында цианидтер жоқ тұздар;

18

Металл үгінділер мен шаң;

19

Пайдаланылған каталитикалық материалдар;

20

Қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету жөніндегі операциялардан кейін алынған тұнба (мысалы, сүзгілермен жиналатын шаң);

21

Декарбонизациядан тұнба;

22

Ион алмасу колоннасынан тұнба;

23

Бактарды және/немесе жабдықты тазалағаннан кейін қалатын тұнба;

24

Ластанған жабдық;

25

2-қосымшада санамаланған компоненттердің кем дегенде біреуі бар ластанған контейнерлер (мысалы, қаптама, газ баллондары);

26

Аккумуляторлар мен батарейкалар;

27

Өсімдік майлары;

28

3-қосымшада санамаланған сипаттамалардың кез келгеніне ие тұрмыстық қалдықтарды селективті іріктеу кезінде алынған материалдар;

29

2-қосымшада санамаланған компоненттердің кез келгенін қамтитын және 3-қосымшада санамаланған қасиеттерге ие кез келген басқа қалдықтар.

  Әртүрлі сыныптағы
полигондарда көму үшін
қалдықтар түрлерінің тізбесіне
5-қосымша

      Тізбеге 6-қосымшада санамаланған қасиеттері болған кезде қалдықтарды қауіпті заттарға айналдыратын компоненттер

№ р/с

Атауы

1

Бериллий, бериллий қосылыстары;

2

Хром қосылыстары (VI);

3

Кобальт қосылыстары;

4

Никель қосылыстары;

5

Мыс қосылыстары;

6

Мырыш қосылыстары;

7

Мышьяк, мышьяк қосылыстары;

8

Селен, селен қосылыстары;

9

Күміс қосылыстары;

10

Кадмий, кадмий қосылыстары;

11

Қалайы қосылыстары;

12

Сурьма, сурьма қосылыстары;

13

Теллур, теллур қосылыстары;

14

Барий сульфатынан басқа барий қосылыстары;

15

Сынап, сынап қосындылары;

16

Таллий, таллий қосылыстары;

17

Қорғасын, Қорғасын қосылыстары;

18

Бейорганикалық сульфидтер;

19

Фторлы кальцийден басқа, фтордың Бейорганикалық қосылыстары;

20

Бейорганикалық цианидтер;

21

Келесі сілтілі металдар: литий, натрий, калий, кальций, қарапайым түрдегі магний;

22

Қышқылдың құрғақ қалдықтары;

23

Негізгі ерітінділердің құрғақ қалдықтары;

24

Фосфор: минералды фосфаттардан басқа, фосфор қосылыстары;

25

Карбонилді металдар;

26

Пероксид;

27

Хлораттар;

28

Перхлораттар;

29

Азидтер;

30

Полихлориднебифенилдер және / немесе терфенилдер;

31

Биоцидтер және фито-фармацевтикалық субстанциялар;

32

Креозот;

33

Изоцианаттар, тиоцианаттар;

34

Органикалық цианидтер (мысалы, нитрилдер);

35

Фенолдар, фенол қосылыстары;

36

Инертті полимер материалдарынан және осы қосымшада айтылған өзге де заттардан басқа, органогалогенді қосылыстар;

37

Хош иісті қосылыстар, полициклді және гетероциклді органикалық қосылыстар;

38

Алифатты аминдер;

39

Хош иісті аминдер;

40

Эфирлер;

41

Күкірттің органикалық қосылыстары;

42

Полихлоридті дибензофурандар тобындағы кез келген заттар;

43

Полихлориднихдибензо-п-диоксиндер тобындағы кез келген заттар;

44

Осы қосымшаның өзге тармақтарында аталмаған көмірсутектер және олардың оттегі, азот және/немесе күкірт қосылыстары.

  Әртүрлі сыныптағы
полигондарда көму үшін
қалдықтар түрлерінің тізбесіне
6-қосымша

      Оларды қауіпті заттарға айналдыратын заттардың қасиеттері

№ р/с

Атауы

1

"Тітіркендіргіш": теріге немесе шырышты қабыққа қысқа, ұзақ немесе бірнеше рет тию арқылы қабынуды тудыруы мүмкін коррозияға ұшырамайтын субстанциялар мен препараттар;

2

"Зиянды": ағза ішіне немесе теріге түскен кезде денсаулық үшін шектеулі қауіп-қатерге әкелуі мүмкін субстанциялар мен препараттар;

3

"Уытты": ағза ішіне немесе теріге түскен кезде аурудың ауыр, жіті немесе созылмалы қаупіне, тіпті өлімге әкеп соқтыруы мүмкін субстанциялар мен препараттар (оның ішінде уыттылығы жоғары субстанциялар мен препараттар);

4

"Канцерогендер": ағзаға немесе теріге түскен кезде қатерлі ісікке әкелетін немесе осы аурудың қаупін арттыратын заттар;

5

"Тератогенді": ағза ішіне немесе теріге түскен кезде тұқым қуалайтын кемтарлықтарға әкелетін немесе олардың қаупін арттыратын субстанциялар мен препараттар;

6

"Мутагендік": организм ішіне немесе теріге түскен кезде тұқым қуалайтын генетикалық ақауларға әкеп соғуы немесе олардың қаупін арттыруы мүмкін субстанциялар мен препараттар;

7

Оларды алып тастағаннан кейін жоғарыда аталған қасиеттердің кез келгеніне ие басқа субстанцияларды (мысалы, сүзгілерді) өзінен бөлуге қабілетті субстанциялар мен препараттар;

8

"Экотоксикалық": қоршаған орта элементі үшін дереу немесе кейінге қалдырылған қауіп төндіретін немесе тудыруы мүмкін субстанциялар мен препараттар.

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2021 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 361 Бұйрығына
қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Әртүрлі сыныптағы полигондарда орналастыруға арналған қалдықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 2 тамыздағы № 244-ө бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4897 болып тіркелген);

      2. "Әртүрлі сыныптағы полигондарда орналастыруға арналған қалдықтар тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 2 тамыздағы № 244-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 296 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15618 болып тіркелген);

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 335 "Әртүрлі сыныптағы полигондарда орналастыруға арналған қалдықтар тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 2 тамыздағы № 244-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 296 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17425 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады