Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 31.07.2018 № 1191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту: Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2011.06.21 № 230 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Жүйелі тіркеуді жүзеге асыру үшін халықты хабарландыру қағидалар бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 31.07.2018 № 1191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Әділет аумақтық органдары осы бұйрықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің төрағасы С.С. Әбішке жүктелсін.
4. Осы бұйрық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а. |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 246 бұйрығымен бекітілген |
Жүйелі тіркеуді жүзеге асыру үшін халықты хабарландыру қағидаларын
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 31.07.2018 № 1191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жүйелі тіркеуді жүзеге асыру үшін халықты хабарландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Тіркеуші орган жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы болып табылады.
3. Осы Қағида жүйелі тіркеуді жүзеге асыру үшін халықты хабарландырудың тәртібін белгілейді.
Жүйелі тіркеу құқықтық кадастрды жылжымайтын мүлікке бұрын пайда болған құқықтар (құқықтық ауыртпалықтар) туралы мәліметтермен толықтыру мақсатында жүзеге асырылады және есепке алу сипатында болады.
2- тарау. Хабарландырудың мақсаты және міндеттері
4. Халықты хабарландыру жүйелі тіркеуді жеделдету мақсатында құқықтық кадастрды жылжымайтын мүлікке бұрын пайда болған құқықтар (құқықтық ауыртпалықтар) туралы мәліметтермен толықтыру үшін жүзеге асырылады.
5. Хабарландыру жүйелі тіркеуді жүргізудің қажеттігін халықтың назарына жеткізу үшін талап етіледі.
3-тарау. Халықты хабарландыру тәртібі
6. Құқықтық кадастры жүгеге асырушы тіркеуші органдар халықты бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар, халық көп жиналатын орындарда ақпараттық сетндттерді орналастыру арқылы да хабардар етеді.
7. Халықты жүйелі тіркеудің қажеттігі турлаы хабарландыру мемлекеттік және орыс тілінде облыстық, республикалық маңызы бар, қалалық және аудандық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
8. Хабарландыруда мынадай мәліметтер:
1) жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі тіркеу үшін құжаттарды қабылдауды және беруді жүзеге асыратын органның орналасқан жері;
2) жүйелі тіркеуді жүргізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі қамтылуы тиіс.
9. Тіркеуші органдар халықты жүйелі тіркеуді жүзеге асыру қажеттігі туралы жылына кемінде екі рет хабарландырады.