Тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың алдағы көтерілуі туралы реттеуші органға хабарлау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2007 жылғы 29 тамыздағы N 232-нқ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 20 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4942 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 12 наурыздағы N 91-НҚ Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009.03.12 N 91-НҚ Бұйрығымен.

      ------------------ Бұйрықтан үзінді ------------------

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың алдағы көтерілуі туралы реттеуші органға хабарлау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 29 тамыздағы N 232-НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. ...
      3. ...
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                 Н. Алдабергенов

      "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін) қызметтерге бағалардың алдағы көтерілуі туралы реттеуші органға хабарлау ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О. Есіркепов):
      1) бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркегеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін және оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Е.К. Құдайбергеновке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

                                    Қазақстан Республикасы Табиғи
                                   монополияларды реттеу агенттігі
                                             төрағасының
                                      2007 жылғы»29 тамыздағы
                                        N 232-нқ бұйрығымен
                                             бекітілген

Тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін) қызметтерге бағалардың алдағы көтерілуі туралы реттеуші органға хабарлау ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін) қызметтерге бағалардың алдағы көтерілуі туралы реттеуші органға хабарлау ережесі (бұдан әрі - Ереже)»"Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Ереженің мақсаты тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін) қызметтерге бағалардың алдағы көтерілуі туралы реттеуші органға хабарлау тәртібін айқындау болып табылады.

      3. Осы Ереже:
      жекеменшік нысандарына қарамастан, темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнайды, мұнай өнімдерін және газды тасымалдау, азаматтық авиация, порттар саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілеріне (бұдан әрі - нарық Субъектісі);
      жекеменшік нысандарына қарамастан, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізетін нарық субъектілеріне (бұдан әрі - бағаларын мемлекет реттейтін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізетін нарық Субъектілері).

      4. Осы Ереженiң мақсатында мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) реттеуші орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган;
      2) тауар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) - азаматтық айналымның объектісі болып табылатын мүлік.
      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

2. Тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін) қызметтерге бағалардың алдағы көтерілуі туралы хабарламаны ұсыну тәртібі

      5. Нарық Субъектілері және бағаларын мемлекет реттейтін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізетін нарық Субъектілері тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін) қызметтерге бағалардың алдағы көтерілуі туралы хабарламаны реттеуші органға отыз күнтізбелік күн бұрын жазбаша түрде береді.

      6. Тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін) қызметтерге бағалардың алдағы көтерілуі туралы хабарламаға:
      1) көтеру себептерін растайтын құжаттар (шикізат, материалдары, қызметтер құнының өсуін растайтын тиісті шарттардың көшірмелері);
      2) қызметтің әрбір түрі бойынша баға жобасы;
      3) бухгалтерлік теңгерім;
      4) қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп;
      5) еңбек және жалақы жөніндегі есеп;
      6) өндірістік - қаржы қызметі туралы есеп;
      7) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің болуы және олардың қозғалысы;
      8) тұтастай кәсіпорын және әрбір түрі бойынша жеке шығындар баптары бойынша таратып жаза отырып, бағалардың жобасын есептеу үшін қолданылатын табыстар мен шығыстар туралы жиынтықты деректер;
      9) еңбекақы төлеудің қолданылып отырған жүйесі туралы деректер;
      10) шикізат және материалдар шығысының қолданылып отырған нормалары, қызметкерлер санының нормативтері туралы деректер;
      11) егер бар болған жағдайда есепке алу саясаты;
      12) егер олар бар болған жағдайда инвестициялық бағдарламалар (жобалау);
      13) ағымдағы және күрделі жөндеуге және негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмысына бағытталған шығындардың жылдық сметасы;
      14) негізгі құралдар құнының өсуіне алып келетін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған шығындардың жылдық сметасы;
      15) негізгі құралдарды пайдалану мерзімін көрсеткен амортизациялық аударымдарды есептеу;
      16) негізгі құралдарды пайдалану мерзімін көрсеткен амортизациялық аударымдардың жиынтық есебі;
      17) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізудің жоспарланған көлемін растайтын құжаттар - ниет етілген хаттамалары, шарттар, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіру (жеткізу) көлемдерінің есебі, жобалық қуаттылығы және оны іс жүзінде пайдалану туралы деректер;
      18) дебиторлық және кредиторлық берешектің таратылып жазылуы қоса беріледі.
      Нарық субъектілерінің және бағаларын мемлекет реттейтін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізетін нарық Субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) баға түзу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      7. Реттеуші орган бағаны көтеру себептері туралы қосымша ақпарат сұратуға құқылы, ол нарық Субъектілері және бағаларын мемлекет реттейтін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізетін нарық Субъектілері тиісті сұрауды алған күннен бастап бес жұмыс күннің ішінде берілуге тиіс.

      8. Реттеуші орган тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) жаңа бағаларды қолданысқа енгізгенге дейін отыз күнтізбелік күн ішінде нарық Субъектілеріне және бағаларын мемлекет реттейтін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізетін нарық Субъектілеріне тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаны көтеруге дәлелді қорытындымен тыйым салуға құқылы.
      Тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) дәлелді қорытындыны алған күннен бастап нарық Субъектісі және бағаларын мемлекет реттейтін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізетін нарық Субъектісі тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) бағаны көтеру жөнінде іс-әрекетті тоқтатуға және осы іс-әрекеттермен тұтынушыға келтірілген залалдың белгіленген тәртіппен орнын толтыруға тиіс.

      9. Бағаларын мемлекет реттейтін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізетін нарық Субъектілері оларды тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) номенклатурасына енгізген күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) босатылатын бағалардың деңгейін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осы тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) босатылатын бағалар туралы ақпаратты тауарларға реттеуші органға ұсынады.
      Осыған байланысты реттеуші орган қосымша ақпарат сұратуға құқылы, ол нарық Субъектілері және бағаларын мемлекет реттейтін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізетін нарық Субъектілері тиісті сұрауды алған күннен бастап бес жұмыс күннің ішінде берілуге тиіс.
      Бұл ретте реттеуші орган бағаларын мемлекет реттейтін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізетін нарық Субъектісі тиісті сұрауды алған күннен бастап бес жұмыс күннің ішінде ұсынуға тиіс қосымша ақпаратты береді.

      10. Реттеуші орган тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) босатылатын бағалар туралы ақпаратты алған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген баға түзу тәртібіне сәйкес көрсетілген бағаларды төмендету туралы дәлелді қорытындыны бағаларын мемлекет реттейтін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізетін нарық Субъектісіне жолдауға құқылы.
      Дәлелді қорытындыда реттеуші орган көтеруге жол берілмейтін осы тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) бағаның шекті деңгейін көрсетеді.
      Бағаларын мемлекет реттейтін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізетін нарық Субъектісі тауарға (жұмысқа, қызметке) бағаны төмендетеді.

Об утверждении Правил уведомления регулирующего органа о предстоящем повышении цен на товары (работы, услуги)

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 29 августа 2007 года N 232-ОД. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 сентября 2007 года N 4942. Утратил силу приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 12 марта 2009 года № 91-ОД

       Сноска. Утратил силу приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 12.03.2009 № 91-ОД (порядок введения в действие см. п. 4 ).

      В соответствии с пунктом 3 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О конкуренции и ограничении монополистической деятельности", ПРИКАЗЫВАЮ :

      1. Утвердить прилагаемые Правила уведомления регулирующего органа о предстоящем повышении цен на товары (работы, услуги).

      2. Департаменту административной работы и анализа Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий (Есиркепов Е.О.):
      1) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан обеспечить его официальное опубликование в средствах массой информации и довести его до сведения структурных подразделений и территориальных органов Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий Кудайбергенова Е.К.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его официального опубликования.

      Председатель

Утверждены               
приказом Председателя Агентства   
Республики Казахстан по       
регулированию естественных      
монополий              
от 29 августа 2007 года N 232-ОД  

Правила уведомления регулирующего органа о предстоящем
повышении цен на товары (работы, услуги) 1. Общие положения

      1. Правила уведомления регулирующего органа о предстоящем повышении цен на товары (работы, услуги) (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О конкуренции и ограничении монополистической деятельности".

      2. Целью настоящих Правил является определение порядка уведомления регулирующего органа о предстоящем повышении цен на товары (работы, услуги).

      3. Настоящие Правила распространяются на:
      субъектов рынка, независимо от форм их собственности, занимающих доминирующее (монопольное) положение на товарных рынках в области железнодорожного транспорта, электро- и теплоэнергетики, транспортировки нефти, нефтепродуктов и газа, гражданской авиации, портов (далее - Субъекты рынка);
      субъектов рынка, независимо от форм их собственности, реализующие товары (работы, услуги) по номенклатуре, установленной Правительством Республики Казахстан (далее - Субъекты рынка, реализующие товары (работы, услуги), цены на которые регулируются государством).

      4. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) регулирующий орган - государственный орган, уполномоченный осуществлять государственное регулирование цен (тарифов) в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      2) товар (работы, услуги) - имущество, являющееся объектом гражданского оборота.
      Иные понятия и термины, используемые в настоящих Правилах, применяются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

2. Порядок предоставления уведомлений о предстоящем
повышении цен на товары (работы, услуги)

      5. Субъекты рынка и Субъекты рынка, реализующие товары (работы, услуги), цены на которые регулируются государством, уведомляют регулирующий орган в письменном виде за тридцать календарных дней о предстоящем повышении цен на товары (работы, услуги).

      6. К уведомлению о предстоящем повышении цен на товары (работы, услуги) прилагаются:
      1) документы, подтверждающие причины повышения (копии соответствующих договоров, подтверждающие повышение стоимости сырья, материалов, услуг);
      2) проект цен по каждому виду деятельности;
      3) бухгалтерский баланс;
      4) отчет о результатах финансово-хозяйственной деятельности;
      5) отчет по труду и заработной плате;
      6) отчет о производственно-финансовой деятельности;
      7) наличие и движение основных средств и нематериальных активов;
      8) сводные данные о доходах и расходах, применяемые для расчета проекта цен с расшифровками по статьям затрат в целом по предприятию и отдельно по каждому виду;
      9) сведения о применяемой системе оплаты труда;
      10) сведения о применяемых нормах расхода сырья и материалов, нормативах численности работников;
      11) учетная политика, в случае наличии;
      12) инвестиционные программы (проекты), в случае их наличия;
      13) годовая смета затрат, направленных на текущий и капитальный ремонты и другие ремонтно-восстановительные работы, не приводящие к росту стоимости основных средств;
      14) годовая смета затрат, направленных на проведение капитальных ремонтных работ, приводящих к увеличению стоимости основных средств;
      15) расчет амортизационных отчислений с указанием сроков эксплуатации основных средств;
      16) сводный расчет амортизационных отчислений с указанием сроков эксплуатации основных средств;
      17) документы, подтверждающие планируемый объем реализации товаров (работ, услуг) - протоколы намерений, договоры, расчеты объемов производства (поставки) товаров (работ, услуг), данные о проектной мощности и фактическом ее использовании;
      18) расшифровка дебиторской и кредиторской задолженностей.
      Порядок ценообразования на товары (работы, услуги) Субъектов рынка и Субъектов рынка, реализующие товары (работы, услуги), цены на которые регулируются государством, определяется Правительством Республики Казахстан.

      7. Регулирующий орган вправе запрашивать дополнительную информацию о причинах повышения цены, которая должна быть предоставлена в течение пяти рабочих дней с даты получения Субъектом рынка и Субъектом рынка, реализующим товары (работы, услуги), цены на которые регулируются государством, соответствующего запроса.

      8. Регулирующий орган, в течение тридцати календарных дней, до введения в действие новых цен на товары (работы, услуги) мотивированным заключением запрещает Субъектам рынка и Субъектам рынка, реализующим товары (работы, услуги), цены на которые регулируются государством, повышать цены на товары (работы, услуги).
      Со дня получения мотивированного заключения о запрете повышения цены на товар (работу, услугу) Субъект рынка и Субъект рынка, реализующий товары (работы, услуги), цены на которые регулируются государством, прекращают действия по повышению цены на товар (работу, услугу) и возмещают в установленном порядке ущерб, нанесенный потребителю данными действиями.

      9. Субъекты рынка, реализующие товары (работы, услуги), цены на которые регулируются государством, в течение пятнадцати календарных дней со дня включения их в номенклатуру товаров (работ, услуг), представляют в регулирующий орган информацию об отпускных ценах на данные товары (работы, услуги) с приложением документов, подтверждающих уровень отпускных цен на товары (работы, услуги).
      При этом, регулирующий орган вправе запросить дополнительную информацию, которая должна быть предоставлена в течение пяти рабочих дней с даты получения Субъектом рынка, реализующим товары (работы, услуги), цены на которые регулируются государством, соответствующего запроса.

      10. Регулирующий орган в течение тридцати календарных дней со дня получения информации об отпускных ценах на товары (работы, услуги), может направить Субъекту рынка, реализующему товары (работы, услуги), цены на которые регулируются государством, мотивированное заключение о снижении указанных цен в соответствии с порядком ценообразования, установленным Правительством Республики Казахстан. В мотивированном заключении регулирующий орган указывает предельный уровень цены на данный товар (работу, услугу), превышение которой не допускается.
      Со дня получения мотивированного заключения Субъект рынка, реализующий товары (работы, услуги), цены на которые регулируются государством, снижает цену на товар (работу, услугу).