Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.03.2015 № 38 (12.05.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Банктің ең төменгі резервтік талаптар нормативтерін орындау тәртібін жетілдіру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруы мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" 2006 жылғы 27 мамырдағы N 38 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4268 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережеде:
1-тармақта "өз кассасында қолма-қол теңге" деген сөздер "өз кассасында қолма-қол ұлттық және еркін айырбасталатын валюталар" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тараудың атында "нормативін" деген сөз "нормативтерін" деген сөзбен ауыстырылсын;
16-тармақта "бесінші" деген сөзден кейін "күнтізбелік" деген сөзбен толықтырылсын;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері бұзылған кезде банк талаптар бұзылған сәттен бастап үш күнтізбелік күн ішінде Ұлттық Банкке Ең төменгі резервтік талаптар нормативтерінің бұзылу фактісі және себептері туралы хабарлайды және оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынады.";
18-тармақта:
"бірнеше рет" деген сөздерден кейін "(екі және одан көп рет)" деген сөздермен толықтырылсын;
"алты күнтізбелік ай ішінде" деген сөздер алынып тасталсын;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Банк Ережеге сәйкес талап етілетін ақпаратты ұсынбаған, уақтылы ұсынбаған не шынайы емес ақпарат ұсынған, сондай-ақ осы Ереженің өзге талаптарын орындамаған жағдайда, Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес банкке шектеулі әсер ету шараларын немесе санкциялар қолданады.";
1-қосымшада:
жиырма үшінші жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
2216 |
Клиенттердің тазартылған қымбат металдармен |
";
отыз жетінші және қырық сегізінші жолдар алынып тасталсын;
2-қосымшада:
жиырма алтыншы жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
2126 |
Басқа банктердің тазартылған қымбат металдармен |
";
қырық төртінші жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
2216 |
Клиенттердің тазартылған қымбат металдармен |
";
жиырма бірінші, жиырма екінші, елу тоғызыншы, алпыс сегізінші және жетпіс тоғызыншы жолдар алынып тасталсын;
3-қосымшаның төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы және он бірінші жолдары алынып тасталсын.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Зерттеу және статистика департаменті (Ақышев Д.Т.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге,»"Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З. Айманбетоваға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы