Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы N 38 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 28 маусымда тіркелді. Тіркеу N 4268. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 38 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.03.2015 № 38 (12.05.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін белгілеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ең төменгі резервтік талаптар туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күннен кейін қолданысқа енеді.
      3. Банктердің ең төменгі резервтік талаптарын айқындаудың бірінші кезеңі осы қаулы қолданысқа енгізілген аптадан кейінгі аптаның бірінші сейсенбісінен басталатыны белгіленсін.
      4. Осы қаулы қабылданған күннен бастап Қазақстан Республикасының осы қаулының қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      5. Зерттеу және статистика департаменті (Ақышев Д.Т.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне жіберсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2006 жылғы 27 мамырдағы   
N 38 қаулысымен бекітілген

  Ең төменгі резервтік талаптар туралы ереже

      Ең төменгі резервтік талаптар туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.09.21 № 290 (2012.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1. Ең төменгі резервтік талаптар.
Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері.
Банктің ең төменгі резервтік талаптарды есептеу үшін
қолданатын міндеттемелерінің құрылымы

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.09.21 № 290 (2012.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1. Ең төменгі резервтік талаптар – банктердің есеп айырысуға қабылданатын міндеттемелерінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) бекіткен құрылымына, сондай-ақ ең төменгі резервтік талаптардың орындалу шарттарына, оларды резервтеу тәртібіне және нормативтердің орындалуына бақылауды жүзеге асыруға сәйкес белгіленген банк міндеттемелері сомасының міндетті үлесі, оны банк өз кассасындағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша және Ұлттық Банктегі ұлттық валютадағы корреспонденттік шоттардағы ақша (резервтік активтер) түрінде қолдайды.
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.09.21 № 290 (2012.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Ең төменгі резервтік талаптарды айқындау үшін әрбір банк үшін ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері қолданылады.

      3. Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері - бұл тізбесі осы Ережеде белгіленген міндеттемелердің сомасынан пайызбен көрсетілген үлес.

      4. Банктің ең төменгі резервтік талаптарды есептеу үшін қолданатын міндеттемелерінің құрылымын (бұдан әрі – резервтік міндеттемелер) банктің 1 (бір) жылға дейінгі (қысқа мерзімді) және 1 (бір) жылдан астам (ұзақ мерзімді) ішкі және сыртқы міндеттемелері құрайды.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.09.21 № 290 (2012.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      5. Банктің ішкі қысқа мерзімді міндеттемелері – бұл банктің тізбесі осы Ереженің 1-қосымшасында айқындалған баланстық шоттарында көрсетілген резиденттер алдындағы міндеттемелері.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.09.21 № 290 (2012.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      5-1. Банктің ішкі ұзақ мерзімді міндеттемелері – бұл банктің тізбесі осы Ереженің 2-қосымшасында айқындалған баланстық шоттарында көрсетілген резиденттер алдындағы міндеттемелері.
      Ескерту. Ереже 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.09.21 № 290 (2012.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      6. Банктің сыртқы қысқа мерзімді міндеттемелері – бұл банктің тізбесі осы Ереженің 3-қосымшасында айқындалған баланстық шоттарында көрсетілген резидент еместер алдындағы міндеттемелері.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.09.21 № 290 (2012.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      6-1. Банктің сыртқы ұзақ мерзімді міндеттемелері – бұл банктің тізбесі осы Ереженің 4-қосымшасында айқындалған баланстық шоттарында көрсетілген резидент еместер алдындағы міндеттемелері.
      Ескерту. Ереже 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.09.21 № 290 (2012.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      7. Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен ішкі қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша, ішкі ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша, сыртқы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша, сыртқы ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша жеке-жеке белгіленеді.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.09.21 № 290 (2012.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      8. Банк белгілі бір күнге ең төменгі резервтік талаптарды мынадай резервтік талаптар сомасы ретінде:
      1) ішкі қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша резервтік талаптар нормативінің мәндерін белгілі бір күнгі банктің ішкі қысқа мерзімді міндеттемелерінің мөлшеріне көбейту арқылы есептелетін ішкі қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша;
      2) ішкі ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша резервтік талаптар нормативінің мәндерін белгілі бір күнгі банктің ішкі ұзақ мерзімді міндеттемелерінің мөлшеріне көбейту арқылы есептелетін ішкі ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша;
      3) сыртқы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша резервтік талаптар нормативінің мәндерін белгілі бір күнгі банктің сыртқы қысқа мерзімді міндеттемелерінің мөлшеріне көбейту арқылы есептелетін сыртқы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша;
      4) сыртқы ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша резервтік талаптар нормативінің мәндерін белгілі бір күнгі банктің сыртқы ұзақ мерзімді міндеттемелерінің мөлшеріне көбейту арқылы есептелетін сыртқы ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша есептейді.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.09.21 № 290 (2012.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      9. Банк резервтік талаптарды есептеген кезде негізгі борыш, сыйақы және олар бойынша мерзімі өткен берешек бойынша міндеттемелердің сомасы есепке алынады.

      10. Банк ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін есептеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтерді ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 105 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6772 тіркелген) сәйкес мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) электрондық тасымалдағышта Ұлттық Банкке ұсынады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкінің 2011.07.22 № 83 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      11. Мәліметтерді:
      1) филиалының саны оннан аспайтын банк, күн сайын (бұдан әрі - күн сайынғы мәліметтер) - есепті күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей (ай сайынғы есеппен бір мезгілде ұсынылатын айдың алғашқы есепті күндерін қоспағанда); ай сайын (бұдан әрі - ай сайынғы мәліметтер) - есепті айдың соңғы күнінен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей;
      2) он және одан көп филиалы бар банк күн сайынғы мәліметтерді - есепті күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей (ай сайынғы есеппен бір мезгілде ұсынылатын айдың алғашқы есепті күндерін қоспағанда) және ай сайынғы мәліметтерді - есепті айдың соңғы күнінен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкінің 2011.07.22 № 83 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

2. Банктің ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін орындау және оны резервтеу тәртібі

       Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.09.21 № 290 (2012.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      12. Банк ақшаны резервтік активтерге резервтік активтерді қалыптастыру кезеңіндегі резервтік активтердің орташа алынған мөлшері ең төменгі резервтік талаптарды белгілеу кезеңіндегі ең төменгі резервтік талаптардың орташа мөлшерінен кем болмайтындай етіп орналастырады.

      13. Резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі он төрт күнді құрайды және ең төменгі резервтік талаптарды белгілеу кезеңінде басталатын аптаның бірінші бейсенбісінен басталады және ең төменгі резервтік талаптарды белгілеу кезеңінде басталатын аптаның сәрсенбісінде аяқталады.

      14. Ең төменгі резервтік талаптарды белгілеу кезеңі он төрт күнді құрайды және аптаның бірінші сейсенбісінен басталады және ең төменгі резервтік талаптарды белгілеудің он төрт күндік кезеңінің соңғы дүйсенбісінде аяқталады.

3. Ең төменгі резервтік талаптардың орындалуын бақылау

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.09.21 № 290 (2012.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

      15. Банктің ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін орындауын бақылау олардың осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін орындау туралы ақпаратты Ұлттық Банкке ұсынуы арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.09.21 № 290 (2012.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      16. Банк банктің бірінші басшысы не оның орнындағы тұлға және бас бухгалтері қол қойған, банктің мөрімен куәландырылған ең төменгі резервтік талаптардың орындалуы туралы ақпаратты қағаз тасымалдауышта банктің резервтік активтерді қалыптастыруының есепті кезеңінің соңғы күнінен кейінгі бесінші күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.
      Банктің резервтік активтерді қалыптастыруының есепті кезеңінің соңғы күні айдың бірінші немесе соңғы жұмыс күніне сәйкес келген жағдайда, банк ең төменгі резервтік талаптар нормативтерінің орындалуы туралы ақпаратты банктің резервтік активтерді қалыптастыруының есепті кезеңінің соңғы күнінен кейінгі күнтізбелік жетінші күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.
       Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкінің 2011.07.22 № 83 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      17. Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері бұзылған кезде банк талаптар бұзылған сәттен бастап үш күнтізбелік күн ішінде Ұлттық Банкке Ең төменгі резервтік талаптар нормативтерінің бұзылу фактісі және себептері туралы хабарлайды және оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынады.
       Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының 2007.08.27.  N 101 (2007 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      18. Банк ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін бірнеше рет (екі және одан көп рет) бұзған жағдайда Ұлттық Банк нормативтерінің бұзылу себептерін белгілейді және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес банкке шектелген әсер ету шараларын немесе санкциялар қолданады.
       Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының 2007.08.27.  N 101 (2007 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      19. Банк Ережеге сәйкес талап етілетін ең төменгі резервтік талаптар нормативтерінің орындалуы туралы ақпаратты ұсынбаған, уақтылы ұсынбаған не шынайы емес ақпарат ұсынған, сондай-ақ осы Ереженің өзге талаптарын орындамаған жағдайда, Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес банкке шектеулі ықпал ету шараларын немесе санкциялар қолданады.
       Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкінің 2011.07.22 № 83 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      20. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

Ең төменгі резервтік  
талаптар туралы ереженің
1-қосымшасы       

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.09.21 № 290 (2012.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Банктің ішкі қысқа мезімді міндеттемелерінің тізбесі

Баланстық шот

Көрсеткiш атауы

2014

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары

2034

Қазақстан Республикасының Үкіметінен және Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарынан алынған қысқа мерзімді қарыздар

2038

Қазақстан Республикасының Үкіметінен және Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарынан алынған қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек

2064

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзiмдi қарыздар

2068

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар және қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен берешек

2201

Мемлекеттік бюджеттің ақшасы

2202

Кастодиан банктердің жинақтаушы зейнетақы қорларына және инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға ашқан ағымдағы шоттардағы инвестицияланбаған қалдықтары

2203

Заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары

2204

Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары

2205

Жеке тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдары

2206

Жеке тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары

2208

Жеке тұлғалардың шартты салымдары

2209

Жеке тұлғалардың карт-шоттары

2210

Сенiмгерлiк басқаруға қабылданған қаржы активтері

2211

Заңды тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдары

2212

Клиенттердiң тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары

2213

Жеке тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым

2215

Заңды тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары

2216

Клиенттердiң тазартылған бағалы металдардағы мерзiмдi салымдары

2219

Заңды тұлғалардың шартты салымдары

2221

Заңды тұлғалардың карт-шоттары

2223

Заңды тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым

2224

Клиенттердiң талап еткенге дейінгі салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек

2225

Клиенттермен басқа да операциялар бойынша мерзiмi өткен берешек

2226

Клиенттердiң мерзiмдi салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек

2228

Мерзiмiнде орындалмаған нұсқаулар

2232

Клиенттердiң шартты салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек

2237

Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес жiберушiнiң нұсқауларын сақтау шоты

2240

Клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету (кепiлзат, кепiлақы) ретiнде қабылданған ақшаны сақтау шоты

2552

Клиенттермен есеп айырысу

2701

Корреспонденттiк шоттар бойынша есептелген шығыстар

2703

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған қарыздар бойынша есептелген шығыстар

2706

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар және қаржы лизингi бойынша есептелген шығыстар

2707

Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепiлақы) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеуге байланысты есептелген шығыстар

2717

Клиенттердiң тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар

2718

Клиенттердiң ағымдағы шоттары бойынша есептелген шығыстар

2719

Клиенттердiң шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар

2720

Клиенттердiң талап еткенге дейінгі салымдары бойынша есептелген шығыстар

2721

Клиенттердiң мерзiмдi салымдары бойынша есептелген шығыстар

2723

Клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар

2726

Клиенттердiң карт-шоттары бойынша есептелген шығыстар

2727

Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыстар

2730

Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар

2731

Басқа да операциялар бойынша есептелген шығыстар

2741

Алынған қарыздар және қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2742

Талап еткенге дейінгі салымдар бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2743

Мерзiмдi салымдар бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2744

Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақы

2746

Шартты салымдар бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2747

Басқа банктердiң және клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2748

Ағымдағы шоттар бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2749

Басқа да мерзiмi өткен сыйақы

2755

Сенiмгерлiк басқаруға қабылданған қаржы активтерi бойынша есептелген шығыстар

2855

Құжаттандырылған есеп айырысулар бойынша кредиторлар

2891

Фьючерс операциялары бойынша мiндеттемелер

2892

Форвард операциялары бойынша мiндеттемелер

2893

Опцион операциялары бойынша мiндеттемелер

2894

Спот операциялары бойынша мiндеттемелер

2895

Своп операциялары бойынша мiндеттемелер

2899

Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша міндеттемелер


Ең төменгі резервтік  
талаптар туралы ереженің
2-қосымшасы       

       Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.09.21 № 290 (2012.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Банктің ішкі ұзақ мерзімді міндеттемелерінің тізбесі

Баланстық шот

Көрсеткiш атауы

2036

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған ұзақ мерзімді қарыздар

2066

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар

2067

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қаржы лизингi

2207

Жеке тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары

2217

Заңды тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары

2227

Алынған қаржы лизингi

2230

Алынған қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен берешек

2301

Айналысқа шығарылған облигациялар

2303

Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар

2306

Сатып алынған облигациялар

2745

Алынған қаржы лизингi бойынша есептелген шығыстар

Ең төменгі резервтік 
талаптар туралы ереженің
3-қосымшасы       

       Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.09.21 № 290 (2012.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Банктің сыртқы қысқа мерзімді міндеттемелерінің тізбесі

Баланстық шот

Көрсеткiш атауы

2012

Шетелдiк орталық банктердiң корреспонденттiк шоттары

2013

Басқа банктердiң корреспонденттiк шоттары

2014

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттары

2016

Басқа банктердiң тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары

2022

Шетелдiк орталық банктердiң талап еткенге дейінгі салымдары

2023

Басқа банктердiң талап еткенге дейінгі салымдары

2024

Басқа банктердiң талап еткенге дейінгі салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек

2044

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қысқа мерзiмдi қарыздар

2048

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздар бойынша мерзiмi өткен берешек

2052

Шетелдiк орталық банктерден алынған қарыздар

2054

Басқа банктерден алынған қысқа мерзiмдi қарыздар

2058

Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен берешек

2064

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзiмдi қарыздар

2068

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар және қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен берешек

2122

Шетелдiк орталық банктердiң мерзiмдi салымдары

2123

Басқа банктердiң қысқа мерзiмдi салымдары (бiр айға дейiнгi)

2124

Басқа банктердiң қысқа мерзiмдi салымдары (бiр жылға дейiнгi)

2125

Басқа банктерден бiр түнге тартылған салымдар

2126

Басқа банктердiң тазартылған қымбат металдардағы мерзiмдi салымдары

2130

Басқа банктердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылатын салым

2131

Басқа банктердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету (кепiлзат, кепiлақы) ретiнде қабылданған ақшаны сақтау шоты

2133

Басқа банктердiң шартты салымдары

2135

Басқа банктердiң мерзiмдi салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек

2138

Басқа банктердiң шартты салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек

2203

Заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары

2204

Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары

2205

Жеке тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдары

2206

Жеке тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары

2208

Жеке тұлғалардың шартты салымдары

2209

Жеке тұлғалардың карт-шоттары

2210

Сенiмгерлiк басқаруға қабылданған қаржы активтері

2211

Заңды тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдары

2212

Клиенттердiң тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары

2213

Жеке тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым

2215

Заңды тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары

2216

Клиенттердiң тазартылған қымбат металдардағы мерзiмдi салымдары

2219

Заңды тұлғалардың шартты салымдары

2221

Заңды тұлғалардың карт-шоттары

2222

Арнайы мақсаттағы еншiлес ұйымдардың салымдары

2223

Заңды тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым

2224

Клиенттердiң талап еткенге дейінгі салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек

2225

Клиенттермен басқа да операциялар бойынша мерзiмi өткен берешек

2226

Клиенттердiң мерзiмдi салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек

2228

Мерзiмiнде орындалмаған нұсқаулар

2231

Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2232

Клиенттердiң шартты салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек

2237

Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес жiберушiнiң нұсқауларын сақтау шоты

2240

Клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету (кепiлзат, кепiлақы) ретiнде қабылданған ақшаны сақтау шоты

2551

Басқа банктермен есеп айырысу

2552

Клиенттермен есеп айырысу

2701

Корреспонденттiк шоттар бойынша есептелген шығыстар

2702

Басқа банктердiң талап еткенге дейінгі салымдары бойынша есептелген шығыстар

2704

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша есептелген шығыстар

2705

Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингi бойынша есептелген шығыстар

2706

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар және қаржы лизингi бойынша есептелген шығыстар

2707

Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепiлақы) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеуге байланысты есептелген шығыстар

2708

Басқа банктердiң тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар

2712

Басқа банктердiң мерзiмдi салымдары бойынша есептелген шығыстар

2713

Басқа банктердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар

2714

Басқа банктердiң шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар

2717

Клиенттердiң тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар

2718

Клиенттердiң ағымдағы шоттары бойынша есептелген шығыстар

2719

Клиенттердiң шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар

2720

Клиенттердiң талап еткенге дейінгі салымдары бойынша есептелген шығыстар

2721

Клиенттердiң мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар

2722

Арнайы мақсаттағы еншiлес ұйымдардың салымдары бойынша есептелген шығыстар

2723

Клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар

2726

Клиенттердiң карт-шоттары бойынша есептелген шығыстар

2727

Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыстар

2730

Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар

2731

Басқа да операциялар бойынша есептелген шығыстар

2741

Алынған қарыздар және қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2742

Талап еткенге дейінгі салымдар бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2743

Мерзiмдi салымдар бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2744

Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақы

2746

Шартты салымдар бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2747

Басқа банктердiң және клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2748

Ағымдағы шоттар бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2749

Басқа да мерзiмi өткен сыйақы

2755

Сенiмгерлiк басқаруға қабылданған қаржы активтерi бойынша есептелген шығыстар

2855

Құжаттандырылған есеп айырысулар бойынша кредиторлар

2891

Фьючерс операциялары бойынша мiндеттемелер

2892

Форвард операциялары бойынша мiндеттемелер

2893

Опцион операциялары бойынша мiндеттемелер

2894

Спот операциялары бойынша мiндеттемелер

2895

Своп операциялары бойынша мiндеттемелер

2899

Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша міндеттемелер

Ең төменгі резервтік  
талаптар туралы ереженің
4-қосымшасы       

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.09.21 № 290 (2012.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Банктің сыртқы ұзақ мерзімді міндеттемелерінің тізбесі

Баланстық шот

Көрсеткіш атауы

2046

Халықаралық қаржылық ұйымдардан алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар

2056

Басқа банктерден алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар

2057

Басқа банктерден алынған қаржы лизингi

2066

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар

2067

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қаржы лизингi

2127

Басқа банктердiң ұзақ мерзiмдi салымдары

2207

Жеке тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары

2217

Заңды тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары

2227

Алынған қаржы лизингi

2230

Алынған қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен берешек

2301

Айналысқа шығарылған облигациялар

2303

Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар

2306

Сатып алынған облигациялар

2745

Алынған қаржы лизингi бойынша есептелген шығыстар

Ең төменгі резервтік  
талаптар туралы ереженің
5-қосымшасы       

      Ескерту. Ереже 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.09.21 № 290 (2012.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Нысан

Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін орындау туралы ақпарат
__________________________________________________________________
(банктің атауы)

Ең төменгі резервтік талаптарды белгілеу кезеңінің күні

Ішкі міндеттемелер

Ішкі міндеттемелер бойынша ең төменгі резервтік талаптар

Сыртқы міндеттемелер

Сыртқы міндеттемелер бойынша ең төменгі резервтік талаптар

Қысқа мерзімді

Ұзақ мерзімді

Қысқа мерзімді (2*n1)

Ұзақ мерзімді (3*n2)

Қысқа мерзімді

Ұзақ мерзімді

Қысқа мерзімді (6*n3)

Ұзақ мерзімді (7*n4)

1

2

3

4

5

6

7

8

9



















кестенің жалғасы

Ең төменгі резервтік талаптар (4+5+8+9)

Ең төменгі резервтік активтерді қалыптастыру кезеңінің күні

Резервтік активтер

Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттардағы теңгемен ақша қалдығы

Қолма-қол теңге

Резервтік активтердің жиынтығы

10

11

12

13

14











n1 - ішкі қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша резервтік талаптардың нормативі;
n2 - ішкі ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша резервтік талаптардың нормативі;
n3 - сыртқы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша резервтік талаптардың нормативі;
n4 - сыртқы ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша резервтік талаптардың нормативі.

Кестені толтыруға арналған түсініктеме:
2-10, 12-14-бағандарындағы мәндер тұтас мың теңгемен көрсетіледі;
2-10, 12-14-бағандарындағы 500-ге тең және одан аз мәндер нөлге дейін дөңгелектенеді,
500-ден көп мәндер мыңға дейін дөңгелектенеді.

Бірінші басшы __________________________
              (күні, қолы, аты-жөні)
Бас бухгалтер ___________________________
              (күні, қолы, аты-жөні)

Мөр орны

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2006 жылғы 27 мамырдағы 
N 38 қаулысына қосымша 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің күші жойылды 
деп танылған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ең аз резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" 2002 жылғы 3 тамыздағы N 300  қаулысы , нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1974 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2002 жылғы 21 қазан - 3 қарашада жарияланған.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ең аз резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" 2002 жылғы 3 тамыздағы N 300 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы N 173  қаулысы , нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3717 тіркелген, 2005 жылы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің "Қаржы Хабаршысы" және "Финансовый Вестник" ресми басылымдарының N 7 жарияланған.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ең аз резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" 2002 жылғы 3 тамыздағы N 300 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 17 қарашадағы N 146  қаулысы , нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 20 желтоқсанда N 3978 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2005 жылғы 1 - 15 желтоқсанда жарияланған.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады