Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.07.16 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құқықтық базаны»"Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына , " Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы " және " Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 106 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4468 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 13 желтоқсанда N 215 (1021) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесінде :
6-тармақта:
бірінші абзацтағы "Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензиясы қайтарылып алынған" деген сөздер "Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензиясынан айырылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацта:
"шетел валюталарымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензиясы 3 (үш) жылдан астам уақытқа қайтарылып алынған" деген сөздер "шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензиясынан 3 (үш) жылдан астам уақытқа айырылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
"айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензия" деген сөздер "шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензия" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақта:
бірінші абзацта:
"келіскенге дейін" деген сөздерден кейін "жарғының жаңа редакциясын, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
"немесе жарғының жаңа редакциясын" деген сөздер алынып тасталсын;
алтыншы абзацтағы "келісу" деген сөзден кейін "не жарғының жаңа редакциясын келісу" деген сөздермен толықтырылсын;
14-тармақта:
"филиалына" деген сөзден кейін "Ереженің 2-1-қосымшасымен белгіленген нысан бойынша өтінішті," деген сөздермен толықтырылсын;
"16-бабының 3) тармағында" деген сөздер "42-бабының 2-тармағының 6) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
"1)," деген цифр мен белгі алынып тасталсын;
15, 17 және 18-тармақтарда "айырбастау операцияларын" деген сөздердің алдында "шетел валютасымен" деген сөздермен толықтырылсын;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Уәкілетті ұйым "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу үшін Ұлттық Банктің филиалына өтініш жасайды.";
21-тармақта "7 (жеті)" деген цифр және сөз "10 (он)" деген цифрмен және сөзбен ауыстырылсын;
22 және 23-тармақтардағы "айырбастау операцияларын" деген сөздердің алдында "шетел валютасымен" деген сөздермен толықтырылсын;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) айырбастау пункті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4817 тіркелген, "Екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 56 қаулысымен белгіленген талаптарға, сондай-ақ мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
айырбастау пунктінің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс істеу бойынша даярлықтан өткен не қолма-қол шетел валютасымен кемінде 1 (бір) жыл жұмыс стажы бар кассирінің (кассирлерінің) болуы;
клиенттер үшін шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау туралы мәліметтер бар ақпараттық стендтердің болуы (кемінде биіктігі 40 см және ені 40 см болатын мөлшермен);
айырбастау пунктінің үй-жайында банкноталардың түпнұсқалығын айқындаудың кемінде мынадай 2 (екі) тәсілін қамтамасыз ететін, ақша белгілерінің түпнұсқалығын айқындауға арналған техникалық құралдардың болуы:
банкнотаны ультракүлгін сәулемен тексеру (қағаздың люминесценциясын және өзгені тексеру);
банкнотада магниттік белгілердің болуын тексеру.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Айырбастау пунктінің Ереженің 26-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келуін растайтын құжаттар ретінде мынадай құжаттар ұсынылады:
екінші деңгейдегі банктің кассирде қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша кәсіби даярлығының болуын растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе нотариат растаған көшірмесі не қызметкердің еңбек қызметін растайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттың (құжаттардың) көшірмелерін қоса бере отырып, кассирдің қолма-қол шетел валютасымен кемінде 1 (бір) жыл жұмыс стажын растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе нотариат растаған көшірмесі;
ақша белгілерінің түпнұсқалығын айқындауға арналған техникалық құралдардың сипаттамаларын айқындайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайдың дайындық дәрежесі туралы Ұлттық Банк филиалының тексеру актісінің және (немесе) қорытындысының көшірмелері.";
29-тармақта:
төртінші абзац "айырбастау операцияларын" деген сөздердің алдында "шетел валютасымен" деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші абзац "филиал туралы" деген сөздердің алдында "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әділет органдарында есептік тіркеуден өткен" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Банктің филиалы айырбастау пунктінің орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің филиалына мынадай құжаттарды ұсынады:
банктің филиалын есептік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әділет органдарында есептік тіркеуден өткен банктің филиалы туралы ереженің көшірмесі.";
30-тармақтың бірінші абзацы алынып тасталсын;
35-тармақта:
2) тармақшадағы "." деген белгі ";" деген белгімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) тиісті органның айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның орналасқан жерінің өзгеруі туралы шешімі қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жаңа деректемелерін көрсете отырып Ұлттық Банктің филиалына жазбаша хабарлайды.";
40-тармақтың екінші абзацы ", бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)" деген сөздермен толықтырылсын;
44-тармақтың 3) тармақшасында "айырбастау пункттерін" деген сөздер "шетел валютасымен айырбастау операцияларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
45-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайды тексеру актісінің және дайындық дәрежесі туралы Ұлттық Банк филиалы актісінің және (немесе) қорытындысының көшірмелері;";
3) тармақша алынып тасталсын;
46-тармақтың бірінші абзацы алынып тасталсын;
51-тармақтың он бірінші абзацында "корреспонденттік қатынасы" деген сөздерден кейін "және (немесе) инкассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша шарттық қатынастары" деген сөздермен толықтырылсын;
62-тармақта:
"(олардың филиалдары)" деген сөздер алынып тасталсын;
"нысан бойынша" деген сөздерден кейін ", бар болған кезде филиалдардың операциялары есепке ала отырып жиынтық түрде" деген сөздермен толықтырылсын;
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"66. Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкілетті ұйым берген лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды немесе одан айыруды Ұлттық Банктің филиалы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 1-тармағының б), з) және к-1) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырады.";
67-тармақта:
"қайтарып алынған" деген сөздер "айырған" деген сөзбен ауыстырылсын;
"айырбастау операцияларын" деген сөздердің алдында "шетел валютасымен" деген сөздермен толықтырылсын;
68-тармақта:
"қайтарып алынған" деген сөздер "айырған" деген сөзбен ауыстырылсын;
"айырбастау операцияларын" деген сөздердің алдында "шетел валютасымен" деген сөздермен толықтырылсын;
69-тармақта:
"7 (жеті)" деген цифр және сөз "10 (он)" деген цифрмен және сөзбен ауыстырылсын;
"айырбастау операцияларын ұйымдастыру үшін берілген лицензияны қайтарып алу туралы" деген сөздер "шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру үшін берілген лицензиядан айыру туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"облыстық" деген сөзден кейін "немесе қалалық" деген сөздермен толықтырылсын;
2-қосымшада:
"1. Жеке тұлғалар:" кестесі мынадай мазмұндағы тоғызыншы бағанмен толықтырылсын:
"
Жеке сәйкестендіру |
";
"2. Заңды тұлғалар" кестесі мынадай мазмұндағы тоғызыншы бағанмен толықтырылсын:
"
Бизнес-сәйкестендіру |
";
мынадай мазмұндағы 2-1-қосымшамен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасында
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын
ұйымдастыру ережесіне
2-1-қосымша
_______________________________
(Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің аумақтық филиалының
атауы) басшысы
_______________________________
(басшының аты-жөні)
Шетел валютасымен айырбастау операцияларын
ұйымдастыру үшін лицензия алуға
өтініш
____________________________________________________________________
(өтініш берушінің атауы)
Өтініш берушінің кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеушісі
бойынша коды _______________________________________________________
Өтініш берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)____________
Өтініш берушінің салық төлеушісінің тіркеу нөмірі __________________
Қазақстан Республикасының аумағында шетел валютасымен
айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензия беруді сұраймын.
Қоса берілген құжаттар:
1.
2.
3.
.....
Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы:
_____________________ ____________________________ ________________
(лауазымы) (аты-жөні) (қолы)
200___жылғы «"____" ___________ Мөр орны";
3-қосымшадағы "және орналасқан жері" деген сөздер алынып тасталсын;
4-қосымшадағы "және орналасқан жері" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Дюгай Н.Н.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Төлем балансы және валюталық реттеу департаментінен жариялауға өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға шаралар қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы