Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтік кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 24 қазандағы N 506 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 9 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4993 болып енгізілді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 12.11.2015 № 643 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтік кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 12.11.2015 № 643 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
      3. "Бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарының педагогикалық кеңесі қызметін ұйымдастыру туралы қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 392 бұйрығының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2000 жылғы 24 мамырда N 1137 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2000 ж., N 6, 233б. жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Ф. Қуанғановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы Білім    
және ғылым министрінің міндетін  
атқарушының 2007 жылғы 24 қазандағы 
N 506 бұйрығымен бекiтiлген    

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
ұйымдарының педагогтік кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік
қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар)

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 12.11.2015 № 643 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтік кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) педагогтік кеңесі (бұдан әрі - педагогтік кеңес) қызметінің тәртібін айқындайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 12.11.2015 № 643 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Педагогтік кеңестің міндеттері

      2. Педагогтік кеңестің міндеттері:
      1) білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің жағдайын, оқытушылардың кәсіби даярлық деңгейін, білім беру ұйымдарында білім алушылардың білімділігін, тәрбиелілігін және дамуын диагностикалау;
      2) білім беру ұйымдары дамуының, кәсіби шеберлігінің және әрбір оқытушы мен өндірістік оқыту шеберінің шығармашылығының кешенді нысаналы бағдарламаларын әзірлеу;
      3) сапалы оқу-тәрбие жұмыстары үшін білім беру ұйымы ұжымының күшін біріктіру;
      4) республика экономикасының даму перспективаларын, еңбек рыногының қажеттілігін ескеріп, кадрларды даярлаудың сапасын әрдайым жетілдіру үшін жағдайлар жасау;
      5) білім алушыларды тұлғалық бағытталған біліммен және тәрбиемен қамтамасыз ету;
      6) білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда құзіретті көзқарасты қалыптастыру;
      7) оқу-тәрбие процесінің нәтижелігі мен тиімділігі мониторингісінің нысандары мен әдістерін жетілдіру;
      8) білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы шығармашылық көзқарасты қамтамасыз ету болып табылады.

3. Педагогтік кеңестің құрамы

      3. Білім беру ұйымының педагогтік кеңесінің құрамына: білім беру ұйымын басқарушылар құрамы, барлық оқытушылар мен оқу-көмекші персонал, сондай-ақ негізгі кәсіпорындардың, мекемелердің өкілдері, білім алушылар және ата-аналар жұртшылығының өкілдері, сондай-ақ келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі кіреді.
      Педагогтік ұжым өкілдері жиналыста ашық дауыс беру арқылы сайланады (оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері ұсынған әрбір кандидатура бойынша).
      Педагогтік кеңестің мүшелігіне ата-аналарды білім беру ұйымының ата-аналар комитеті ұсынады.
      Ең жақсы практика жетекшілерінің қатарынан негізгі кәсіпорындардың, мекемелердің өкілдерін аталған кәсіпорындардың, мекемелердің басшылары ұсынады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 12.11.2015 № 643 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. Педагогтік кеңестің құрамы білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен оқу жылына бекітіледі.
      Білім беру ұйымының басшысы педагогтік кеңестің төрағасы болып табылады.
      Педагогтік кеңестің төрағасы жалпы басшылықты жүзеге асырады, мәжілістерде төрағалық етеді, қабылданған шешімдерді бекітеді.
      Педагогтік кеңес мүшелерінің қатарынан ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

4. Педагогтік кеңестің құқықтары

      5. Педагогтік кеңес:
      1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және құқықтық актілерді орындау бойынша іс-шараларды;
      2) оқу-тәрбиелік және әдістемелік жұмыстардың жағдайын, оқытудың барлық нысандары бойынша оқыту әдістерін жетілдіру мәселелерін, оқытудың жаңа технологияларын енгізуді (ақпараттық, модульді, тұлғалық бағдарланған және тағы басқалар);
      3) оқу - көмекші бөлімшелердің, бөлім жұмысының жағдайын;
      4) білім беру ұйымдарының оқу-материалдық базаcының дамуын жоспарлау мәселелерін;
      5) оқу-тәрбиелік және әдістемелік жұмыстарды жоспарлау мәселелерін;
      6) басшылардың, оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің, оқу-көмекші персоналдардың біліктілігін арттыру және біліктілік арттырудың жаңа нысандарын пайдалану мәселелерін;
      7) білім беру ұйымында жаңа мамандықтар мен пәндер бойынша оқытушыларды және өндірістік оқыту шеберлерін, оқытушылар құрамын даярлауды, жас мамандарды оқытушылық қызметке тартуды;
      8) басқарушы және педагогтік кадрларды аттестаттауға даярлаудың аттестаттау жүйесін және ұйымдастыруды жетілдіру;
      9) білім алушыларды қабылдау, бітірушілерді бітірту және жұмысқа орналастыру мәселелерін;
      10) білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау, дипломдық жұмыстарын (жобаларын) қорғауға даярлау және өткізу бойынша іс-шараларды;
      11) білім алушылардың өндірістік практикасын ұйымдастыру және өткізу мәселелерін;
      12) білім алушылардың тәртібінің жай-күйін, үлгермегені үшін, жатақханадағы ішкі тәртіп және тұру ережелерін бұзғаны үшін оқудан шығару мәселелері, сондай-ақ жеке жағдайларда білім алушыларды білім беру ұйымдарына қайта қабылдау мәселелерін;
      13) оқу - тәрбие процестерін компьютерлеудің жай-күйін;
      14) білім алушылар контингентінің сақталуын;
      15) білім алушылардың тұлғалық бағдарланған тәрбиесі мен білімінің мәселелерін;
      16) республиканың еңбек рыногының талаптарына және экономиканың дамуының перспективаларына сәйкес кадрларды даярлау мәселелерін қарастырады.
      6. Жеке жұмысшылардың біліктілігінің осы білім ұйымдарында орындалып жатқан жұмыстарына сәйкестігі туралы мәселелер, қажетті жағдайда, педагогтік кеңесте қарауға ұсынылады.
      Педагогтік кеңестің отырысында қызметі талқыланатын білім беру ұйымының қызметкерлері педагогтік кеңестің отырысына қатысуға құқығы бар. Отырыстың өту күні туралы қызметкерлерге кемінде жеті күн бұрын хабарланады.

5. Педагогтік кеңес жұмысын ұйымдастырудың тәртібі

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 12.11.2015 № 643 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Педагогтік кеңестің жұмысы оқу жылына әзірленетін жоспар бойынша өткізіледі, педагогтік кеңестің отырысында қаралады және білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі.
      8. Педагогтік кеңес білім беру ұйымының басшысы белгілеген мерзімде екі айда бір реттен кем емес жиналады.
      Педагогтік кеңестің отырысында талқыланатын мәселелер бойынша орындау мерзімі мен орындауға жауапты тұлғалар көрсетілген шешім шығарылады.
      9. Педагогтік кеңестің шешімі жай дауыс берумен қабылданады және білім беру ұйымының басшысы бекіткеннен кейін күшіне енеді.
      Педагогтік кеңестің төрағасы қабылданған шешімдердің орындалуын жүйелі тексеруді ұйымдастыруға және тексеру қорытындысын педагогтік кеңеске талқылауға салуға тиіс.
      10. Педагогтік кеңестің әрбір мүшесі кеңестің барлық отырысына қатысуға, оның жұмысына белсенді араласуға, жүктелген тапсырмаларды уақытылы және нақты орындауға тиісті.
      11. Педагогтік кеңестің отырысы хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға педагогтік кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды. Әрбір хаттамада оның нөмірі, кеңес отырысының күні, қатысқандардың саны, отырыстың күн тәртібі көрсетіледі. Талқыланатын мәселе бойынша сөйлеген сөздер мен қабылданған шешім анық және түсінікті жазылуы керек.
      Педагогтік кеңес отырысының хаттамасы білім беру ұйымдарының іс номенклатурасында үнемі сақталатын құжаттар болып табылады және білім беру ұйымдарының істерін қабылдау мен тапсыру кезінде акт бойынша тапсырылады.

Об утверждении Типовых правил организации работы педагогического совета организаций технического и профессионального, послесреднего образования

Приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 24 октября 2007 года N 506. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 ноября 2007 года N 4993

      Сноска. Заголовок в редакции приказа Министра образования и науки РК от 12.11.2015 № 643 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со  статьей 44 Закона Республики Казахстан "Об образовании"  ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Типовые правила организации работы педагогического совета организаций технического и профессионального, послесреднего образования.
      Сноска. Пункт 1 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 12.11.2015 № 643 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Департаменту технического и профессионального образования (Борибекову К.К.) представить в установленном порядке настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан.

      3. Признать утратившим силу приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 25 апреля 2000 года  N 392 "Об утверждении Правил об организации деятельности педагогического совета учебных заведений начального и среднего профессионального образования" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан от 24 мая 2000 года N 1137, опубликованный в Бюллетене нормативных правовых актов Республики Казахстан, 2000 г., N 6, ст. 233).

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Ф.Куанганову.

      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня его официального опубликования.

       И.о. Министра

Утверждены              
Приказом и.о. Министра       
образования и науки        
Республики Казахстан        
от 24 октября 2007 г. N 506   

Типовые правила организации работы педагогического совета
организаций технического и профессионального, послесреднего
образования (далее – Правила)

      Сноска. Заголовок в редакции приказа Министра образования и науки РК от 12.11.2015 № 643 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

1. Общие положения

      1. Настоящие Типовые правила организации работы педагогического совета организаций технического и профессионального, послесреднего образования (далее - Правила) определяют порядок деятельности педагогического совета (далее - педагогический совет) организаций технического и профессионального, послесреднего образования (далее - организация образования) в соответствии с Законом Республики Казахстан «Об образовании» от 27 июля 2007 года независимо от форм собственности и ведомственной подчиненности.
      Сноска. Пункт 1 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 12.11.2015 № 643 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  2. Задачи педагогического совета

      2. Задачами педагогического совета являются:
      1) диагностика состояния учебно-воспитательного процесса в организации образования, уровня профессиональной подготовки преподавателей, обученности, воспитанности и развития обучающихся организаций образования;
      2) разработка комплексно-целевых программ развития организации образования, профессионального мастерства и творчества каждого преподавателя и мастера производственного обучения;
      3) объединение усилий всего коллектива организации образования для качественной учебно-воспитательной работы;
      4) создание условий для постоянного совершенствования качества подготовки кадров с учетом потребности рынка труда, перспектив развития экономики республики;
      5) обеспечение личностно-ориентированного образования и воспитания обучающихся;
      6) формирование компетентного подхода в организации учебно-воспитательного процесса организации образования;
      7) совершенствование форм и методов мониторинга результативности и эффективности учебно-воспитательного процесса;
      8) обеспечение в организациях образования творческого подхода в организации учебно-воспитательного процесса.

  3. Состав педагогического совета

      3. В состав педагогического совета организации образования входят: руководящий состав организации образования, все преподаватели и учебно-вспомогательный персонал, представители базовых предприятий, учреждений, обучающиеся и родительской общественности, а также по согласованию входит представитель Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан.
      Представители от педагогического коллектива избираются открытым голосованием на собрании (по каждой кандидатуре, предложенной преподавателями и мастерами производственного обучения).
      Члены педагогического совета от родителей предлагаются родительским комитетом организации образования.
      Представители базовых предприятий, учреждений из числа лучших руководителей практик рекомендуются руководителями данных предприятий, учреждений.
      Сноска. Пункт 3 с изменением, внесенным приказом Министра образования и науки РК от 12.11.2015 № 643 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Состав педагогического совета утверждается приказом руководителя организации образования на учебный год.
      Председателем педагогического совета является руководитель организации образования.
      Председатель педагогического совета осуществляет общее руководство, председательствует на заседаниях,утверждает принятые решения. Из числа членов педагогического совета открытым голосованием избирается секретарь.

4. Права педагогического совета

      5. Педагогический совет рассматривает:
      1) мероприятия по выполнению нормативных правовых актов и правовых актов по подготовке кадров с техническим и профессиональным, послесредним образованием;
      2) состояние учебно-воспитательной и методической работы, вопросы совершенствования методов обучения по всем формам обучения, внедрение новых технологий обучения (информационных, модульных, личностно-ориентированных и другие);
      3) состояние работы отделений, учебно-вспомогательных подразделений;
      4) вопросы планирования развития учебно-материальной базы организации образования;
      5) вопросы планирования учебно-воспитательной и методической работы;
      6) вопросы повышения квалификации руководителей, преподавателей, мастеров производственного обучения, учебно-вспомогательного персонала, использование новых форм повышения квалификации;
      7) подготовка преподавателей и мастеров производственного обучения по новым специальностям и дисциплинам, преподавательского состава, привлечение молодых специалистов к преподавательской деятельности в организации образования;
      8) совершенствование системы аттестации и организации подготовки к аттестации руководящих и педагогических кадров;
      9) вопросы приема обучающихся, выпуска и трудоустройства выпускников;
      10) мероприятия по подготовке и проведению текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся, защиты дипломных работ (проектов);
      11) вопросы организации и проведения производственной практики обучающихся;
      12) состояние дисциплины обучающихся, вопросы исключения обучающихся по неуспеваемости, за нарушение правил внутреннего распорядка и проживания в общежитии, а также, в отдельных случаях, вопросы восстановления обучающегося в организации образования;
      13) состояние компьютеризации учебно-воспитательного процесса;
      14) сохранение контингента обучающихся;
      15) вопросы личностно-ориентированного воспитания и образования обучающихся;
      16) вопросы подготовки кадров в соответствии с требованиями рынка труда и перспектив развития экономики республики.

      6. На рассмотрение педагогического совета выносятся, в необходимых случаях, вопросы о соответствии квалификации отдельных работников, выполняемой ими работе в данной организации образования.
      Работники организации образования, деятельность которых намечается обсуждать, имеют право присутствовать на заседании педагогического совета.
      О дне заседания работники оповещаются не позднее, чем за семь дней.

5. Порядок организации работы педагогического совета

      Сноска. Наименование главы 5 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 12.11.2015 № 643 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Работа педагогического совета проводится по плану, который разрабатывается на учебный год, рассматривается на заседании педагогического совета и утверждается руководителем организации образования.

      8. Педагогический совет собирается в сроки, установленные руководителем организации образования, но не реже одного раза в два месяца. По вопросам, обсуждаемым на заседаниях педагогического совета, выносятся решения с указанием сроков исполнения и лиц, ответственных за исполнение.

      9. Решения педагогического совета принимаются простым голосованием и вступают в силу после утверждения их руководителем организации образования.
      Председатель педагогического совета должен организовать систематическую проверку выполнения принятых решений и итоги проверки ставить на обсуждение педагогического совета.

      10. Каждый член педагогического совета обязан посещать все заседания совета, принимать активное участие в его работе, своевременно и точно выполнять возлагаемые на него поручения.

      11. Заседания педагогического совета оформляются протоколом. Протокол подписывается председателем и секретарем педагогического совета.
      В каждом протоколе указывается его номер, дата заседания совета, количество присутствующих, повестка заседания. Ведется ясная и исчерпывающая запись выступлений и принятое решение по обсуждаемому вопросу.
      Протоколы заседаний педагогического совета являются документами постоянного хранения в номенклатуре дел организации образования и сдаются по акту при приеме и сдаче дел организации образования.