"Техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтік кеңесі қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 қазандағы № 506 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 12 қарашадағы № 643 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 желтоқсанда № 12371 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтік кеңесі қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 қазандағы № 506 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4993 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2007 жылғы 30 қарашадағы № 184 (1213) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтік кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтік кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары бекітілсін.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтік кеңесі қызметінің үлгі ережесінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтік кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар)»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтік кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) педагогтік кеңесі (бұдан әрі - педагогтік кеңес) қызметінің тәртібін айқындайды.»;
      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редацияда жазылсын:
      «3. Білім беру ұйымының педагогтік кеңесінің құрамына: білім беру ұйымын басқарушылар құрамы, барлық оқытушылар мен оқу-көмекші персонал, сондай-ақ негізгі кәсіпорындардың, мекемелердің өкілдері, білім алушылар және ата-аналар жұртшылығының өкілдері, сондай-ақ келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі кіреді.»;
      5-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Педагогтік кеңес жұмысын ұйымдастырудың тәртібі».
      2. Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаменті (Д.Ж. Каленова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі                  А. Сәрінжіпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады